Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
потенциал.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

70. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына жалпы сипаттама:

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары кіреді. Аймақ Республиканың қиыр солтүстігінде Есіл, Тобыл, Обоған өзендерінің бассейінінде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай Солтүстік Қазастан 1300 км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 км-ге созылып жатыр. Басты өзені- Ертіс және оның екі саласы Есіл мен Тобыл. Іле көлдері–Құсмұрын және Сарықопа (Қостанай облысында), Ақмола облысында теңіз және Қорғалжын, Солтүстік Қазақстан облысында Шортан, Бурабай, Шағала көлдері.

71. Рекреациялық аймақ түсінігі. Солтүстік Қазақстанның рекреациялық аймақтары.

Рекреациялық аймақ - табиғатпен тікелей қарым –қатынас жасау процесінде адам өзінің дене және рухани қалпына келтіретін территорияларды айтады. Рекреациялық аймаққа елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiнде орналасқан, қорғалатын табиғат объектiлерi енгiзiлуi мүмкiн.

Солтүстік Қазақстан - рекреациялық аймақтың ландшафты климаттық жағдайлары туристік демалыстың әртүрлі түрін ұсынады автомобильді, велосипедті, су.

Көкшетау, Баян-Ауыл, Муялды рекреациялық аймақтары емделумен, демалысты ұсынады, Қорғалжың және Наурызым қорықтары ғылыми туризммен айналысушылар үшін қызығушылық туғызады.

72. Баянауыл ұлттық табиғи паркі:

Павлодар облысында индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз километр жерде орналасқан. Бұл Ұлттық Паркта өсімдік қабатының төрт түрі бар: орман, орманды дала, дала және шалғын. Павлодардың солтүстік-батыс жағында, Ертістің оң жағалауында әлемдегі бірегей орынның бірі-табиғат ескерткіш Гусиный Перелет бар. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. 

73. Бурабай курорты. Курорт потенциалын бағалау.

Өзінің әдемілігімен көлінің барымен, өсімдік және жануарлар әлемімен- «Қазақстан маржаны» деген атқа ие. Көкшетау қыратының орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр, оның максималды биіктігі- 947 метр (теңіз деңгейінен). Далалы ауданынан бірнеше жүз метрге жоғары көтерілген, массивті-кристалды жыныстардан құралған, үшкір шыңды өркештермен біткен, қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген бұл сілемдер тау ландшафтын құрайды. Күннің, судың, желдің әсерінен жер қыртысының тармағы миллиондаған жылдар бойы жұмбақ түрлерге айналды, бұл жерден жануар түріндегі, ертегідегі, кейіпкер түріндегі кейіптерді көруге болады.

74. Наурызым қорығы

Қостанай облысының Наурызым және Семиозер аудандарында Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 км-де орналасқан. Қорықтың қарағайлы орманын реликтілі деп санауға болады, себебі олар аз өзгерген түрде үшінші немесе төртінші кезеңнің басынан сақталып келеді. Наурызымның қайыңдары Ресейдікі секілді тік болмаса да, олар әдемі. Бұл ерекше түр-қырғыз қайыңы- Солтүстік Қазақстан эндемигі. Олар аз территорияны қамтып жатыр және әлемнің басқа еш жерінде кездеспейді. Наурызым қорығының нышаны- аққу