Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Norton Commander негізгі командалар Norton Com...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

14. Nc терезелерiн басқару

{Ctrl} + {0} - экраннан екi терезенi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {P} - жұмыс iстемей тұрған қосалқы терезенi алып тастау\қайтару. Егер курсор белгiлi бiр терезеде тұрса, ол терезе жұмыс iстеп тұрғаны деген сөз.

{Ctrl} + {U} - терезелердiң орындарын ауыстыру;

{Ctrl} + {F1} - сол жақ терезенi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {F2} - оң жає терезенi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {B} - NC төменгi менюдi алып тастау\қайтару;

{Ctrl} + {L} - ақпараттық терезенi енгiздiру;

{Ctrl} + {Q} - бiрнеше файлдардың мазмұнын тез қарап шығу;

{Ctrl} + {E} - алдыңғы команданы командалық қатарға шығару;

{Ctrl} + {Enter} - файл атауын командалық қатарға ауыстыру;

{Alt} + {F10} - каталогтар бұтағын экранға шығару;

{Alt} + {F7} - атауы бойынша файлды тез iздестiру.

15. Дискiлердi таңдау

Бiр дискiден екiншi дискiге ауысу үшiн келесi пернелердi басу керек:

{Alt} + {F1} - сол жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;

{Alt} + {F2} - оң жақ терезеде дискiлер тiзiмiн шығару;

Дискiлер тiзiмiн шығарған соң курсорды керектi дискетаға қойып Enter пернесiн басу керек.

16. Ақпараттық терезе

{Ctrl} + {L} пернелерiн басқанда көршi терезеде диск туралы толық мәлiмет шығарады.

17. Каталогтармен және бағынышты каталогтармен жұмыс iстеу.

Каталогты жасау. Каталогты жасау үшiн F7 функционалдық пернесiн басу керек, пайда болған жиекте каталог атын жазып, Enter пернесiн басу керек.

Каталогқа кiру. Кiргiмiз келген каталог атауына курсорды қойып Enter пернесiн басу керек:

Каталогтан шығу (подкаталогтан) ј-Home басып (курсор бiрiншi қатарға қойылады), Enter пернесiн басу керек.

Бағынышты каталогты (подкаталог) жасау. Бұл үшiн негiзгi каталогқа кiру керек, содан F7 пернесiн басып бағынышты каталог атауын жазамыз да Enter пернесiн басамыз.

Каталогты жою. Жойылатын каталог атына курсорды қойып F8 пернесiн басып курсорды All сөзiне ауыстыру керек (каталогты барлық бағынышты каталогтармен бiрге жою) және Enter пернесiн басады.

18. Каталогтармен бағынышты каталогтарды жасау және жою бойынша практикалық сабақ.

1) NC панелiнде де A: дискiсiн таңдау (Alt-F1, Alt-F2 пернелерiн басу)

2) Келесi үлгi бойынша каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасау:

Каталогтар мен бағынышты каталогтарды жасаған соң экранға каталогтар бұтағын шығарамыз (Alt-F10 пернесiн басу).

3) F8 функционалдық пернелердi пайдаланып каталогтарды жою.

19. Файлдармен жұмыс iстеу

19.1. Файлдар тобын таңдау

Norton Commander файлдар мен каталогтардың тобын таңдауға мүмкiндiк бередi, оның үстiнен кейбiр әрекеттер iстеуге болады: көшiруге, басқа каталогқа немесе басқа дискке көшуге, жоюға және т.б. Таңдап алынған файлдар мен каталогтар әдетте сары түспен белгiленедi. Бөлектенген соң терезелердiң астында бөлiнген файлдардың ортағ мүлшерi және олардың өлшемi жөнiнде мөлiмет шығады.

Файлды таңдау. Керек файлды таңдау үшiн оның атауына курсор қойып және Insert пернесiн басу керек, осы кезде файл атауы басқа түспен бөлектенедi. Файл атауының бөлектенуiн кетiру үшiн Insert пернесiн қайта басу керек.

Файлдар тобын таңдау. Каталогта немесе бағынышты каталогта бар барлық файлдарды таңдау үшiн сандық блоктағы (оң жақта) + пернесiн басу керек. Содан, экранда ** шаблоны пайда болады, ал осы кездегi каталогтың барлық файлдарынан таңдауға мүмкiндiк бередi. Егер шаблонды *.txt етiп ауыстырып Enter бассақ, онда .txt кеңейтуi бар барлық файлдар шықады.

Файлдардың бөлiнуiн тоқтату үшiн сандық (блоктағы) клавиатурадағы - пернесiн басады және файл атауының шаблонын көрсетедi және Enter пернесiн басады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]