Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Norton Commander негізгі командалар Norton Com...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

19.2. Файлдарды қарап шығу (f3 пернесi)

Текстiк және графикалық файлдарды қарап шығуға болады. Оны төмендегiдей iске асырамыз:

1) қарағымыз келген файлға курсор қояды;

2) F3 пернесiн басу керек;

3) қаралатын файл бойынша жылжу үшiн курсорды басқару пернелерi қолданылады;

4) қарап шыққан соң Esc пернесiн басу керек.

19.3. Жаңа файл жасау (Shift + F4 пернесi)

1) Жаңа файл туатын каталогқа (бағынышты каталогқа кiру керек);

2) Shift пернесiн ұстап тұрып F4 пернесiн басу керек;

3) Пайда болңан терезеде файл атауын жазып Enter пернесiн басу керек;

4) Экранда мәтiндiк редактордың жұмыстықалаңы пайда болады, онда текстi теруге болады;

5) Текстi терген соң F2 пернесiн басу керек – мәтiндi сақтау;

6) Esc пернесiн басу керек - редактордан шығу.

19.4. Файлдар мен каталогтарды көшiрiп басу (f5 пернесi)

Файлдарды көшiрiп басу үшiн керектi файлдар тобын бөлiп алып, екiншi панелге кiрiп каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, онда файлдар көшiрiлiп жазылады, содан кейiн F5 клавишi басылады, F5 басылған соң экран ортасында сұрау пайда болады. Көшiрiп басу кезiнде файл атауы өзгермесе, онда Enter пернесiн басу керек. Егер файлды жаңа атаумен көшiрiп басу керек болса, онда пайда болған сұрау жиегiнде файлдың жаңа атауын жазып Enter пернесiн басу керек. Каталогтарды көшiрiп басу. Егер F5 пернесiн басқанда таңдап алынған файлдар тобында қандай-да бiр каталог болса, онда NC осы каталогты және барлық соның iшiндегi файлдарды көшiрiп басады.

19.5. Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту және бiр-бiрiне жiберу (f6 пернесi)

Файлдар мен каталогтардың атауын өзгерту.

1) Курсорды файлге немесе каталогға қою керек;

2) F6 пернесiн басу керек;

3) Пайда болған сұрауда жаңа атауды жазып Enter пернесiн басамыз.

Файлды басқа каталогқа апару (файлдар тобын немесе бағынышты каталогты).

1) Бiрiншi терезедегi каталогқа (бағынышты каталогқа) кiру керек, осыған файлдар апарылады.

2) Екiншi терезеде басқаға апарылатын файлдар (бағынышты каталогтар) F6 пернесiмен бөлiнедi, содан соң Enter пернесiн басу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]