Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзін-өзі тану. Сессия-жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462 Кб
Скачать
☆

§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері

Айтылғанның бәрінен қандай да бір оқу орнында өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын қою мәдениетін, өзін-өзі тануды ұйымдастыру мәдениетін, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын таңдау мәдениетін дамытуға келіп тірелетіндігі түсінікті болып отыр. Алдын-ала «қалыптастыру» терминінің біршама шартты екендігін атай кеткен жөн. Қалыптастыру тұлғаға өзін өз бетінше құруға, өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру актілерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жағдайлар жасау деп түсінідіріледі (мысалға, мектепте өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу процестерін ынталандыру міндеттерін де, өзін-өзі тәрбиелеудің әдістеріне, амалдарына, құралдарын оқыту міндеттерін де шешуге мүмкіндік беретін атмосфераны қалыптастыру). Өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетін оқушылардың өз бетінше жасайтын іс-әрекеті ретінде бөліп көрсетуі үшін, өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың ең жалпы принциптері қандай екен? Мұндай принциптерге келесілерді жатқызуға болады.

Еркіндік принципі. Тек осы қағидалы жүзеге асырған кезде ғана оқу орнында өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктің пайда болуы үшін алғышарттар жасалады. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының еркіндігі өз дамуының және тұлғалық өсудің дербес жолдарын таңдау мүмкіндігінен тұрады, мұның әкімшілікке, ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушылардың өздеріне қатысы бар. Еркіндікке деген қажеттілік өзін тану және дамыту туралы және қатысушыларда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік пайда болатындығы туралы сөз айту қиынырақ. Әрине, мұнда еркіндік барлығына рұқсат берілгендік немесе оқытпау және оқымау мүмкіндігі ретінде емес, қоғам (бағдарламалар, стандарттар) белгілеген мақсаттарға қол жеткізе отырып, таңдау жасаудың, қоршаған адамдармен қатынасты өз мүдделеріне және қабілеттеріне сәйкес, бірақ басқаларға зиян келтірусіз құрудың объективті ұғынылған қажеттігі.

Жәбірлеусіз, дамытатын ортаны құру принципі. Егер педагогикалық үрдістің барлық субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу мәжбүрлеумен байланысты болса, еркіндік принципі жүзеге асырыла алмайды. Өзара әрекеттесудің өзі бір-біріне деген сенім, қабылдау, құптау, дербестік және бір-біріне шыдамдылық негізінде құрылатын жеке тұлғалардың гармониясы болған кезде ғана мүмкін болады. Егер осы принцип сақталатын болса, өзін-өзі еркін көрсету және өзін тану және дамыту үшін қолайлы атмосфера жасалады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі жетілдірудің пәрменді құралы ретінде қабылданатын болады.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына тұлғалық тұрғы принципі. Ол білім беру процесіне әрбір қатысушының әркімнің өзінің іс-әрекетінің: директор - әкімшілік іс-әрекеттің, мұғалім – сабақ беру іс-әрекетінің, оқушы – оқу іс-әрекетінің және т.с. субъектісі болып табылатындығының қарапайым фактісін мойындауын білдіреді. Тұлғалық тұрғы принципі әркімнің басқа адамдардан өзгеше қайталанбас тұлға болу, өзінің қажеттіліктеріне, көзқарастыраны, ұмтылыстары мен мүдделеріне, яғни, басқаша айтар болсақ, адамның нені қабылдайтындығына, не істейтіндігіне, аталған сәтте қандай міндеттер шешетіндігіне өзінің субъективтік тәжірибесіне ие болу құқығын танып, мойындауды білдіреді.

Тізіп көрестілген үш принцип өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру жағдайларын жасау үшін шекті ортақ болып табылады. Олардың шеңберінде оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасайтын кейбір жеке аспекттерді бөліп көрсетуге болады.

Олардың негізгісі болып педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы табылады. Өзін жүзеге асыратын, сабақтарда және басқа да мектептегі және мектептен тыс шараларда күш-жігерін аямайтын мұғалім балалардың өздерінің өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруында еліктеуге үлгі болып шығады. Мұндай жағдайларда балалардан талап етудің, оларға түсіндірудің қажеті жоқ. Мұғалім өзіңе қалай үнемі жетілуге, өзіңде бұрын болмаған қасиеттерді, білімдер мен ептіліктерді алуға болатындығының үлгісі. Керісінше, егер педагогтың өзі жетілмесе – бұл балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ерекше маңыз бермейтіндігінің көрсеткіші.

Енді мектепте өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың нақтылы түрлеріне көңіл бөлейік. Практика мектептегі тіптен төменгі мектеп жасынан бастап енгізіле алатын психология сабақтарының үлкен мүмкіндікке ие екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда психология бойынша тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересек мектепке дейінгілер үшін оқулықтар жазылғанын атай кету керек (мысалға, И.В.Вачковтың «Балдырғандарға арналған психология» оқу құралы қызығушылық тудырады). Психологияны оқып, білу өз өзінен қызықты, онымен қоймай, ол өз тұлғасына деген қызығушылықты арттырады, келесідей: мен кім болып табыламын? Қандай мүмкіндіктерге иемін? – деген сұрақтарға ойланып қалуға мәжбүр етеді, өзін-өзі тануға, өзін тану және дамытуға деген қажеттіліктерді айтарлықтай ынталандырады, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктерді өзекті ету үшін бастапқы негізді құрайды. Қазіргі уақытта біздің еліміздің әртүрлі аймақтарында психологияны факультативтік курс ретінде берудің талай тәжірибесі бар. Психологияны беруді құру мен ұйымдастырудың мысалы болып М.А. Подвойскаяның «Мектептегі психология сабақтары» оқу құралы табылады, мұнда 8-9 сынып оқушыларымен сабақтардың мазмұны ашып көрсетіліп қана қоймайды, сонымен қатар отандық психолог әйгілі пофессор C. М. Жақыпов., Ф.Бизақованың «Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар» атты оқу құралында психотүзету сабақтарының мазмұны, олардың мектеп жасына дейінгі балалар мен мектептегі оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп құрастырылған бағдарламалары айқын көрсетілумен қатар, авторлардың өткізілген сабақтарға қатысты бақылаулары, оның ескертулері келтіріледі.

Өзін тану және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған, әртүрлі жастағы балалармен арнайы сабақтардың тұтас циклдарын жасап шығаруға және енгізуге назар аударғымыз келеді.

Өзін тану және дамытуға ілесе жүру мәселелерін ашып көрсеткен кезде, біз осында өзін тану және дамыту бойынша мектеп оқушыларына арналған тұтастай курстар жасап шығарылған Г.К.Селевконың технологиясын көрсеткен де болатынбыз. 1-4 сыныптарда бұл «Этика бастаулары» курсы, бұл курстың міндеттері өзіне, өзінің ішкі әлеміне қызығушылықты ояту, өзін-өзі талдау мен өзін-өзі реттеудің бастапқы тәсілдеріне үйрету болып табылады; 5 сыныпта – «Өзіңді таны» (өзін-өзі тану мотивтері бекітіледі, оқушылар өзін-өзі жетілдірудің қажеттігін түсінуге әкелінеді); 6 сыныпта – «Өзіңді өзің жаса» (өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері дамытылады); 7 сыныпта – «Өзіңді оқуға үйрет (өзіне өзі білім беруге деген қажеттіліктер ынталандырылады); 8 сыныпта – «Өзіңді бекіт» (өзін-өзі бекітудің оптималды мотивациясы қалыптастырылады және өзін әлеуметтік жарамды тәсілдермен бекітуге қабілеттіліктер дамытылады); 9 сыныпта – «Өзіңді тап» (орталық ретінде өзін-өзі анықтау мотивациясын дамыту міндеті қойылады); 10 сыныпта – «Өзіңді басқар» (оқушылар өзін-өзі реттеу негіздерімен танысады, автономиялық пен дербестік көріністерін мотивациялау өзекті етіледі); 11 сыныпта – «Өзіңді жүзеге асыр» (өзін-өзі жүзеге асыруға мақсат қалыптастырылады). Аталған бағдарлама мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін өз бетінше дамыту және қалыптастыру жөніндегі іс-әрекетін қалайша ұйымдастыруға болатынының мысалы болып табылады (Г.К.Селевконың «Мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру жөніндегі құрал» кітабын қараңыз). Сірә, осылардың негізінде өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік қалыптасатын, өзін тану және дамытуға деген қажеттіліктерді ынталандырудың ең тиімді түрлерінің бірі арнайы әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Тренинг басқаша тәсілдермен шешілмейтін сан көптеген спецификалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, тренинг тобындағы жұмыс – бұл оқушылардың өз таңдауы, мұнда мәжбүрлеу жоқ. Екіншіден, тренинг нақтылы жағдайға қарағанда, жанға азырақ жарақат салатындай етіп қабылданатын, басқа қатысушылар тарапынан өзі туралы нақтылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, тренинг – бұл өзіңнің басқаларға қатынасыңды көрсету практикасы және өзіңді басқалардың қабылдау практикасы. Төртіншіден, тренинг өмірдің әртүрлі аспектілеріне: өткенге, қазіргіге және болашаққа қатысы бар нақтылы дағдылар мен ептіліктерді жасап шығаруға мүмкіндік береді.Аталған түрдің мүмкіндіктерінің осы тізімін жалғастыра беруге болады, ол шындығында да шексіз-шетсіз және оны жүргізу барысында жүргізуші, әдетте психолог қоятын нақтылы міндеттермен анықталады. Қазіргі уақытта осында психолог бар мектептерде және оқу орындарында тренингтер кең таралымға ие болды және тек қатысушылардың ғана емес, топ жетекшісінің де тұлғасының өзін тану және дамыту және қалыптасу процесіне оңтайлы әсерін тигізуде, яғни әдеттегі оқулар түрінде жүргізілетін дәстүрлі оқытуға осы жетіспей отырған, бірлескен өсу және өзгеру актілері байқалады. Тренинг сабақтарының тақырыптары әр алуан, дәл сол кезде қарым-қатынгас пен өзара әрекеттесу тренингтерімен қатар өзін-өзі тануға, өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған спецификалы сабақтар көбірек тарала бастауда.

Отандық психолог Г.А.Цукерман жасап шығарған тренингтердің тамаша сценарийін ұсынуымызға болады, мұнда өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту мәселелері жасөспірім жастағы балалар үшін ең қол жетерліктей және, ең бастысы, қызғылықты қарастырылған (Г.А.Цукерманның, Б.М.Мастеровтың «Өзін тану және дамыту психологиясы» кітабын қараңыз). Психологқа да, мұғалімге де пайдалы, өзінің алдына мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін қойған басқа да көптеген жете зерделеулер бар.

Оқушылармен өзін тану және дамыту бойынша психология сабақтарын, арнайы сабақтар, тренингтер және т.с. өткізу оқушылардың өзіне өзі білім берумен айналысуға, яғни олардың өзі туралы түсініктерін кеңейтулеріне, өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама құруларына көмектесетін әдебиет оқуға деген табиғи ниеттерін оятады. Қазіргі уақытта осыларда диагностикалық әдістемелер түсінікті түрде келтірілетін, өзін тану және дамыту бойынша жалықтырмайтын ұсыныстар берілетін, оқушыларға арналған талай оқу құралдары бар. Осылардың ішіндегі ең сәттілеріне Ю.М. Орлов жазған «Өзін-өзі тану және мінезді өз бетінше тәрбиелеу», А.М. Прихожан жазған «Жолы болмаушыға арналған психологиялық анықтамалық немесе Өзіңе деген сенімділікке қалай ие болуға болады» кутаптары және т.б. жатады. Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың ең пәрменді түрлерінің бірі психолог жүргізетін дербес кеңес берулер табылады. Осындай жұмыс кезінде оқушыларды толғандыратын мәселелерге ең тереңдей енуге жағдайлар жасалады, болуы мүмкін сәтсіздіктердің себептерін бірлесе іздестіру үшін алғышарттар туындайды өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің нақтылы жолдары белгіленеді. Оқушының психологпен әңгімесінің өзі өшпестей із қалдырады, өзінің қазіргі жағдайын ой елегінен өткізуге мәжбүрлейді, өзін-өзі оңды бағытта өзгерту тенденциясын ынталандырады. Егер де әр оқушыда осындай кездесу мүмкіндігі болса және ол қажетті психологиялық және психотерапиялық көмек алып отырса, көптеген мектеп мәселелері өз өзінен ғайып болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес нәрсе. Тіптен мектепте психолог болған күннің өзінде де (ал мұндай мектептер объективтік және субъективтік себептерге орай өте аз), барлық мәселелерді жалғыз өзі шешу оның қолынан келе қоймайды. Сондықтан мұндай мәселелердің ең көбі пәннен сабақ беруші мұғалімге немесе сынып жетекшісіне келеді. Ақыр нәтижесінде, әрбір оқушыға қаншалықты көмек және қолдау көрсетуге болатындығы осы мұғалімдерге, олардың психологиялық сауаттылығы мен оңды әсер етуге қабілеттілігіне байланысты болып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті ынталандыратын көмекші құрал ретінде педагогикалық ұжым мен мұғалім жүргізетін сыныптан тыс жұмысты атаған жөн. Егер мектепте мектеп оқушыларына психологиялық білім беру жөніндегі мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілмесе, ол көмекші құралдан негізгі құралға айналып шыға келеді. Сыныптан тыс іс-әрекеттің нақтылы бағыттары ретінде «Психологиялық кештерді», «Психологиялық Көңілділер мен тапқырлар клубын», «Психологиялық кроссвордтарды», «Қатынас жасау сабақтарын» және көптеген басқаларын айта аламыз. Бір жағдайларда сыныптан тыс жұмыс мектепте өткізілетін шаралар шеңберін табиғи түрде толықтырады және кеңейтеді, басқа жағдайларда - өзі өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, Мен және Басқаларды ашу жөніндегі негізгі іс-әрекет болып шығады. Көп нәрсе, әрине, педагогтың мүдделеріне, оның психология саласындағы эрудициясына, әртүрлі жастағы балалармен бірлесе отырып, осындай түрдегі іс-әрекетті жүргізуге дайындығына байланысты болып келеді. Өкінішке орай, психологиялық білім алудың, өзіне және басқаларға қызығушылық оятудың жалғыз ғана көзі, өзімен жұмыс істеуді бастаудың стимулы болып табылатын, балалармен сыныптан тыс дүркін-дүркін жұмыс жиірек жүргізіледі. Кей кездері бұл да жоқ. Сонымен, біз өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру – бұл ересектер тарапынан да, балалардың өз тарапынан да белгілі бір күш-жігерді қажет ететін күрделі процесс екендігін көрсетуге әрекет жасап көрдік. Идеалды вариантында өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін бүкіл мектеп деңгейінде тиісті жағдайлар қалыптасқанда, мақсатты бағытталған өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін алғышарттар жасалғанда, психология сабақтары, арнайы сабақтар, тренингтер, кеңес берулер, сыныптан тыс сабақтар жүргізілгенде қалыптастыруға болады. Басқаша айтар болсақ, өзін-өзі тәрбиелеу мотивациясының пайда болуына, өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы бағдарламасын, оны жүзеге асыру жолдары мен құралдарын таңдап алуға ықпал ететін бірегей педаггоикалық, зорлықшыл емес, өзін-өзі дамытатын орта құрылған кезде осындай болмақ. Үйреншіктілік, еркіндікті шектеу, мәжбүрлеу атмосферасы, өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеуге арнайы оқытудың болмауы, керісінше, өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерді шектеп тастайды, ал өзін-өзі тану мен өзін-өзі бекіту әлеуметтік жарамды емес немесе тіптен антиәлеуметтік жолдармен жүреді. Қорытындылай келе, өзін тану және дамытудың белгілі бір жас кезеңдерінде объективтік заңдылықтарға бағынышты екендігін атай кетуіміз керек. Көп нәрсе әлеуметтік қоршаған ортаға, әр баланың өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту процестеріне ілесе жүруге және қолдау көрсетуге өзіне міндеттер алатын ересектерге байланысты болып келеді. Өз бетінше өмір сүруге, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзінің Жер бетіндегі Адам борышын орындап шығуға алғышарттар жасайтын, тұлғаның өзін тану және дамыту мәдениетіне алып келетін өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті олардың осы процестерді қалайша ұйымдастыра алатындығына, өздерінің осы процестерге қаншалықты қосылғандығына байланысты болып келеді.

Қорытындылар

Өзін тану және дамыту, өзінің мәнісі бойынша субъективтік процестер бола отырып, солай болса да өзінің қалыптасуында белгілі бір объективтік заңдылықтарға бағынған.

Өзін-өзі тану өзінің физикалық Менін, әлеуметтік Менін бөліп көрсету, өзінің ішкі әлемін, өзі туралы тұтас түсінікті, өзінің тұлғасы туралы түсініктерді одан әрі жекешелендіре және тереңдете отырып, өзінің Мен-концепциясын ашу кезеңдерінен өтетін, далпы алғандағы сана-сезім шеңберінде дамиды.

Өзін тану және дамыту өзін тіршілік әрекетінің субъектісі ретінде ұғыну, өзінің тұлғалық қасиеттерін бекіту процестерінен басталады, өзін өзін тану және дамыту субъектісі ретінде ұғыну кезеңінен өтеді (қолайлы жағдайлар кезінде) және өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту актілерінде, өз өзін өмірлік жолының әртүрлі кезеңдерінде құруда жүзеге асырылады. Өзін тану және дамытудың өзіне тән қиындықтары болып: өзін тану және дамытудың мотивациялық негізінің, амалдары мен тәсілдерінің қалыптаспағандығы; сенімсіздік пен өз өзіне сенімділікті туындататын адекватты емес өзін-өзі бағалаулар, бұл өмірлік мақсаттарды қоюдағы қиыншылықтарға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға ниет етпеуге және т.б. себепкер болады.

Егер тұлғаға (оның қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінде) жағымдык ілесе жүру шеңберінде жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілетін болса, өзін тану және дамыту процестері тиімдірек және әлеуметтік-жарамды нормаларда өрбитін болады. Егер оқу орындарында ілесе жүру идеясына жүзеге асырылса және оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру өзін тану және дамытуға бағытталған болса, бұл өзара әрекеттесудің әрбір субъектісінің өзімен жұмыс істеуіне қолайлы алғышарттар жасайды, дербес өзін тану және дамытуды ынталандырады. Қазіргі таңда педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының өзін тануы және дамытуына бағдарланған, әр тұлғаның жағымды потенциалдық мүмкіндіктеріне сенімге негізделген гуманизм идеялары ең көзге түсерліктей етіп көрініс табатын талай арнайы технологиялар белгілі.

Осы оқу құралында мысал үшін К.Роджерстің тұлғалық бағытталған оқыту технологиясы, Г.К.Селевконың мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы және жәбірлемеу педагогика мен психология идеяларының негізінде өзін тануға және дамытуға ілесе жүру технологиясы қарастырылды. Өзін тану және дамыту барысында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен көмек көрсетудің кейбір нақтылы бағыттары ашып көрсетілді. Сенімсіз және өзіне тым сенімді балаларға, үрейлілікті бастан кешіріп отырған мектепке дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына көмек көрсету тәсілдері көрсетілген, ұйымдаспаған балалармен жұмыстың бағдарлары белгіленген, олардың кәсіптік өзін-өзі анықтауы кезеңінде мектеп оқушыларымен іс-әрекеттің спецификасы көрсетілген. Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өзін тану және дамыту құралы ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәнісі ашып көрсетілген, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің жалпы сипаттамасы берілген, оқу орындарының әртүрлі жас кезеңдерінде психологиялық-педагогикалық ілесе жүру және тұлғаға қолдау көрсету идеяларын жүзеге асыру арқылы өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері көрсетілген.

№ 53. Өзін- өзі жетілдірудің мақсаты. Тұлғалық өсу ұғымы

Өзін-өзі жетілдіру

Өзін-өзі жетілдіру – бұл, сірә, өзін тану және дамыту дың ең адекватты түрі болса керек. Ол адамның өзі (өз бетінше) жақсырақ болуға тырысатындығын, қандай да бір идеалға ұмтылатындығын, өзінде әзірге жоқ тұлғаның ерекшеліктері мен қасиеттеріне ие болатындығын, өзі игермеген іс-әрекет түрлерін игере бастайтындығын білдіреді. Басқаша сөздермен айтар болсақ, өзін-өзі жетілдіру – бұл тұлғаның дамуын, өз қасиеттері мен қабілеттерін саналы түрде басқару процесі. Идеал әдетте қол жеткізбейтіндей болғанымен және әр адамның оны өзінше түсінетіндігіне қарамастан, солай болса да, егер ол бар болса, дамуға деген тенденция өмірге ұғынғандық береді, оны толықтықпен, тқрақтылықпен және белгілікпен қанықтырады. Өзін-өзі жетілдіру әртүрлі жолдармен жүруі мүмкін: бір жағдайда - әлеуметтік маңызы бар қасиеттер мен ерекшеліктерге ие болу, басқа жағдайда - өмір мен іс-әрекеттің теріс тәсілдерін игеру. Тұлға кәсіптік құзыреттілікке ие болуда өзін-өзі жетілдірген кезде әңгіме істің бір жағы жайында, ұрлықшы шеберлігін шыңдаған немесе адамдарды пайдаланып қалу тәсіәлдерін жетілдіре түскен кезде – әңгіме мүлдем басқа туралы. Өзін-өзі жетілдірудің өзін-өзі бұзу деп аталатын, әртүрлі себептерге орай адам тұлғасының жақсаруына емес, идеалға қол жеткізуге емес, керісінше, деградация мен регресске, өзіне бұрынырақта тән болып келген жетістіктерін, жеке бас ерекшеліктері мен қасиеттерін жоғалтуға алып келетін арнайы күш-жігер жұмсайтын кері процесі де болуы мүмкін.

Бұл жерде біз көңілімізді негізінен алғанда өзін-өзі жетілдірудің тұлғалық өсу деп аталатын жағымды аспектіне аударамыз. Қазіргі психологиялық әдебиетте тұлғалық өсудің ерекшеліктерін, өзіндік келбетін, мақсаттарын баяндайтын тұжырымдамалардың орасан зор саны бар.

Парапсихологияда, эзотерикада (эзотерика – құпия білімдер) тұлғалық өсу рухани практика, асыл білімдерге ортақтасу есебінен сананы кеңейту ретінде қарастырылады. Амал-тәсілдер ретінде парапсихологиялық қабілеттерді: көріпкелдікті, телепатияны, телекинезді және т.б. оятатын арнайы техникалар қолданылады.

Психоанализде бұл үлкен еркіндікке (К.Юнг) қарай қозғалу; кемелдікке қарай қозғалу ретінде түсінілетін, тұлғалық басымдылық мақсатында өзіне орталықтанудан ортаны конструктивтік игеруге қарай қозғалу секілді түсінілетін, дербестікке немесе өзін тану және дамыту ға деген тенденция (А.Адлер).

Гештальттерапияда – ортаға тірек артудың өзіне тірек артуға және өзін-өзі реттеуге көшу (Ф.Перлз). Гуманистік психологияда тұлғалық өсу тұлғаның көбірек автономия, тәуелсіздік алуын, кемелдікке және психологиялық саулыққа (К.Роджерс) немесе жоғарырақ бола бастаған қажеттіліктерін дәйекті түрде қанағаттандыруға (А.Маслоу) ұмтылуды білдіреді.

Біз қабылдап та қойған талдау схемасын қолдана отырып, осы тұрғыларды талдап қорытуға әрекет жасап көрсек, өзін-өзі жетілдіруге, тұлғалық өсуге деген ұмтылыстың негізінде осының базасында өзін-өзі жетілдіру мотивтері (шекті болып өзін-өзі жүзеге асыру мотиві табылады), тұлғалық өсу мотивтері қалыптасатын тиісті қажеттілік жатқанын атай кеткеніміз жөн. Басқаша айтар болсақ, өзімізді осы өмірде ең толығырақ жүзеге асыру үшін, ал өзін-өзі жетілдіру арқылы өз тіршілігіміздің, өз өміріміздің мағынасын түсіну және оған ие болу үшін өз өзімізді жетілдіруіміз қажет болады, ал бұл болса өзін тану және дамыту дың жоғарырақ түріне - өзін-өзі танытуға тән болып келеді.

Өзін-өзі жетілдіру мақсаттары ретінде өзін-өзі бекіту мақсаттары – басқалардан кем болмау, басқалардан жақсырақ болу ғана емес және көбінесе олар емес, өзің болғаннан жақсырақ болу; өзің қол жеткізгенге қарағанда маңыздырақ нәтижелерге қол жеткізу мақсаттары көбірек көрініс табады.

Өзін-өзі жетілдіру тәсілдері де алуан түрлі. Олардың іс-әрекеттің алуан түрлерінде анықталуы мүмкін. Мысалға, жаңа білімдерге, іс-әрекеттің жаңа түрлеріне ие бола отырып, адам өз дамуында бір сатыға жоғары тұрады. Нақтылы мақсат – басқалармен кикілжіңге бармау мақсатын қоя отырып – және оған қол жеткізе отырып, ол да жаңа деңгейге көтеріледі.

Зиянды әдеттерден бас тарта отырып та, ол өз дамуында тағы да бір қадам жасайды. Бұл тізімді жалғастыра беруімізге болады. Мұны қалайша жасауға болады? Өзін-өзі жетілдіру амал-тәсілдері ретінде өзін-өзі тәрбиелеу амал-тәсілдері көрініс табады. Оларға өзімен өзі жарысу, өзін-өзі міндеттеу, өзіне өзі бұйрық беру және т.б. жатады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы сөз қозғағанда, біз бұларға тоқталатын боламыз.

Өзін-өзі жетілдірудің нәтижелеріне ең алдымен: өзіне, өзінің жетістіктеріне, өзіңнің өз талаптарыңа күшің жететіндігіне қанағаттанғандық; өмірге, іс-әрекетке, қоршаған адамдармен қатынастарыңа қанағаттанғандық жатады.

№ 54. Өзін- өзі тану - тұлғалық өсу факторы.

(бұл тақырып бойынша мардымды мәлімет жоқ, сондықтан өзіңіздің ойлау немесе сөйлеу шеберлігіңізді пайдалансаңыз оп- оңааааааай Р. S: Ақмарал)

Өзін тану және дамыту, өзінің мәнісі бойынша субъективтік процестер бола отырып, солай болса да өзінің қалыптасуында белгілі бір объективтік заңдылықтарға бағынған.

Өзін-өзі тану өзінің физикалық Менін, әлеуметтік Менін бөліп көрсету, өзінің ішкі әлемін, өзі туралы тұтас түсінікті, өзінің тұлғасы туралы түсініктерді одан әрі жекешелендіре және тереңдете отырып, өзінің Мен-концепциясын ашу кезеңдерінен өтетін, далпы алғандағы сана-сезім шеңберінде дамиды.

Өзін тану және дамыту өзін тіршілік әрекетінің субъектісі ретінде ұғыну, өзінің тұлғалық қасиеттерін бекіту процестерінен басталады, өзін өзін тану және дамыту субъектісі ретінде ұғыну кезеңінен өтеді (қолайлы жағдайлар кезінде) және өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту актілерінде, өз өзін өмірлік жолының әртүрлі кезеңдерінде құруда жүзеге асырылады. Өзін тану және дамытудың өзіне тән қиындықтары болып: өзін тану және дамытудың мотивациялық негізінің, амалдары мен тәсілдерінің қалыптаспағандығы; сенімсіздік пен өз өзіне сенімділікті туындататын адекватты емес өзін-өзі бағалаулар, бұл өмірлік мақсаттарды қоюдағы қиыншылықтарға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға ниет етпеуге және т.б. себепкер болады.

Егер тұлғаға (оның қалыптасуының әртүрлі кезеңдерінде) жағымдык ілесе жүру шеңберінде жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілетін болса, өзін тану және дамыту процестері тиімдірек және әлеуметтік-жарамды нормаларда өрбитін болады. Егер оқу орындарында ілесе жүру идеясына жүзеге асырылса және оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыру өзін тану және дамытуға бағытталған болса, бұл өзара әрекеттесудің әрбір субъектісінің өзімен жұмыс істеуіне қолайлы алғышарттар жасайды, дербес өзін тану және дамытуды ынталандырады. Қазіргі таңда педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының өзін тануы және дамытуына бағдарланған, әр тұлғаның жағымды потенциалдық мүмкіндіктеріне сенімге негізделген гуманизм идеялары ең көзге түсерліктей етіп көрініс табатын талай арнайы технологиялар белгілі.

Осы оқу құралында мысал үшін К.Роджерстің тұлғалық бағытталған оқыту технологиясы, Г.К.Селевконың мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы және жәбірлемеу педагогика мен психология идеяларының негізінде өзін тануға және дамытуға ілесе жүру технологиясы қарастырылды. Өзін тану және дамыту барысында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен көмек көрсетудің кейбір нақтылы бағыттары ашып көрсетілді. Сенімсіз және өзіне тым сенімді балаларға, үрейлілікті бастан кешіріп отырған мектепке дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына көмек көрсету тәсілдері көрсетілген, ұйымдаспаған балалармен жұмыстың бағдарлары белгіленген, олардың кәсіптік өзін-өзі анықтауы кезеңінде мектеп оқушыларымен іс-әрекеттің спецификасы көрсетілген. Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өзін тану және дамыту құралы ретіндегі өзін-өзі тәрбиелеудің мәнісі ашып көрсетілген, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің жалпы сипаттамасы берілген, оқу орындарының әртүрлі жас кезеңдерінде психологиялық-педагогикалық ілесе жүру және тұлғаға қолдау көрсету идеяларын жүзеге асыру арқылы өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері көрсетілген.

№55. Темперамент типтерінің ара-қатынасы және студенттік іс-әрекеттің табыстылығы (өзінің темпераментін мысалға ала отырып ашып көрсету)

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. [1]

Темпераменттер

  • Холерик

  • Флегматик

  • Сангвиник

  • Меланхолик

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады

№56. Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану. Өнерге деген эмоционалдық қатынас

«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" — адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем — "physiske" қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында "өнер" деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.б.) айтуға болады. Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:

  • көркем әдебиет,

  • музыка,

  • мүсін,

  • кескіндеме,

  • театр,

  • кино,

  • би,

  • сәулет өнері, т.б. түрлері бар.

Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды: 1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері, 2) мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері. 3) мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері. Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.

Қазіргі таңдағы көпетегн зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, арттерапияның, яғни, өнер арқылы терапия жүргізудің пайдалы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

  • Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

  • Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

  • Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Клиенттің жасап шығарған творчестволық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.

  • Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

  • Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің творчестволық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

  • Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

  • Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады.

Арттерапия өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады. Арттерапияны құрамды элементтеріне байланысты қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, кезектестіре жүйелі түрде қолдануға болады.Арттерапияны жеке адаммен немесе топпен өткiзуге болады. Арттерапевт арттерапияға қатысушыларды қажет құралдармен қамтамасыз етуi керек, олар: краска, қаламсап, қағаз, түрлi-түстi карандаштар т.б немесе қатысушыларға өздерiң әкелуге болады деп айтуға да болады. Арттерапия жүргiзер орын кең, ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арттерапевттiң атқаратын функциясы айтарлықтай қиын әрi ситуацияға байланысты ауысып отырады. Ол өнер мен творчествоның белгiлi бiр қағидаларын бiлiп, үйренген болуы тиiс. Өйткенi арттерапияны жүргiзiп жатқан кезде творчествоның, өнердiң белгiлi бiр техникалық қабылдауларын түсiндiрiп қана қоймай, оны iс жүзiнде көрсетуi қажет болады. Арттерапевт сурет творчествосымен өзi шұғылданып жүруi тиiс, ол оған көптеген процестердi анық сезiнiп, түсiнуiне көмектеседi. Арттерапевт қатысушылардың Әрқашанда ақыл-ойын, психикалық жағдайын, олардың жеке дара ерекшелiктерiн, дайындықтарын және өзге де факторларын есепке алып отырулары қажет. Арттерапия жүргiзер алдын ол қатысушылармен олардың проблемалары жөнiнде әңгiме қозғауы керек. Өйткенi қатысушылар арттерапевттi арттерапияға қатысушы топтың бiр мүшесi ретiнде қабылдаулары тиiс. Сонда ғана арттерапевттiң өтілетін сабаққа қатынасуы оларға бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауына керi әсерiн тигiзбейдi. Мұнда арттерапевт қатысушылардың эстетикалық дағдыларын дамытушы ретiнде қатысады. Арттерапиямен жұмыс iстеудiң бiрiншi этапы, ол қайшылықтарды жеңе бiлу болып табылады. Ол “lстей алмаймын деген комплекстi” жеңудiң бiрден - бiр жолы. Клиентті болып жатқан ситуацияға қызықтыру керек, сонымен қатар оның эмоциясы мен қызығушылығына, көзқарасына сәйкес, оны теоретикалық әңгiмеге тарта отырып, оған пайдалы әрi айналысатын жұмысына қажеттi ақпарат берiп отыруы керек. Жұмыстың ақпараттандыру этапы, ол – клиенттің өнердiң техникалық жақтарымен танысуы, яғни оған жалпы өнер туралы мағлұматтарды жеткiзуден тұрады. Бұл этапта әлеуметтiк-коммуникативтi характердiң сұрақтары шешiледi.Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып болғаны дұрыс. Зерттеу жұмысымызда қолданған арттерапияның құрамды элементтерінің бірі - ертегі терапиясы.Ертегімен терапия жүгізу - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның ең бір көне әдістерінің бірі және қазіргі заманғы ғылым тәжірибесіндегі жаңа, жас әдістедің бірі болып табылады. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді.Ертегі терапиясын жүргізудің негізгі ерекшеліктерінің бірі – клиент пен терапевттің жоғары деңгейде өзара әрекеттесуі. Психологиялық, мәдени, педагогикалық мәселелер адами, рухани құндылықтарға бағыттала, жекелік потенциялдарға сүйене отырып талқылынады. Ертегі терапиясын сол себепті адамның рухани жан дүниесіне үйлесе отырып тәрбиелейді деп айтады. Көптеген адамдар ертегі терапиясын балалармен ғана жүргізу керек деп айтады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалармен. Бірақта, психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді. Ертегі терапиясының жетекші идеялары болып:

  • өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік потенциалдарын сезіну;

  • оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;

  • қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;

- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету; - үндестік пен күшті сезіну. Жасөспірімдер мен ересектер ертегіге ене отырып, нақты жағдайда творчестволық конструктивті өзгерістің жаңа мүмкіндіктерін ашады және өзіне күш жинайды. Жасөспірімдер мен ересектер өздеріне жаңа ресурс аша отырып, өз өміріндегі оқиғаларға ауысады, аз-маз басқаша ойлай бастайды және оның конструктивті әлеуметтік моделіне кіріседі.Жасөспірімдер мен ересектерге ертегі терапиясының когнитивті және творчестволық аспектілер ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді немесе едәуір байытады. Қиялдың творчестволық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (творчестволық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.Ертегі терапиясымен әсер ету ертегінің бес түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік, дидактикалық, психокоррекциялық, психотерапиялық және медитативті. Әрбір жағдайда, әрбір кеңес беру кезіне сәйкес келетін ертегілер таңдалып алынады немесе арнайы құрастырылады. Бұл ертегі терапевтерінің оқыту тақырыбы болады. Әртүрлі образдағы ертегілер клиентке әртүрде ұсынылады: ертегіні талдау, ертегіні айтып беру, шығарма, қуыршақ дайындау, драматизация, сурет салу, ойындар, медитация және т.б. Психологиялық қызмет көрсету барысындаертегілерді қолдануға болады ма деген сұраққа біздің екі түрлі жауабымыз бар: жалпы және психологтарға арналған. 1. Ертегіні бәрі де жақсы көреді. Ертегіні мойындағысы келмейтін адамдардың өзі де жақсы көреді. Ертегіде бәрі де ертегідегідей ғажайып болады. Ертегіде мен туралы емес, әсіресе мен туралы, сіз туралы және ол туралы, біздің балаларымыз туралы деген сияқты жағдайлар кездеседі. Өз проблемаларымызды ертегі формасында көруіміз бен қабылдауымыз оңайырақ болады, она ауыр тимейді және көңіліміз де қалмайды. Ертегі кейіпкерлеріне әрбір жағдайдан шығып кету оңай, өйткені, ертегілерде бәрі де мүмкін болады. Кейіннен ойланып қарасақ, бұл шешімді өміріңдегі өзіңнің жағдайларыңа да қолдануға болады. Өйткені, ертегінің соңы әрқашан жақсы болып аяқталатыны барлығымызға мәлім. 2. Ертегі терапиясын жүргізу – психотерапияның адамға жарақат салмайтын, ауырсыну сезімін тудырмайтын түрі. Ертегінің көмегімен немесе оның әсер етуімен өмірлік қойылымдар құрылады және осы сәтсіз құрылған қойылымдардан адамды арашалап шығарып алу мүмкіндігі болғандықтан шығар

№57. Өзін-өзі тану – ерекше танымдық іс-әрекет.

Өзін тану дегеніміз не екен? Бір жағынан, «өзін тану» терминінің құрылымын негізге ала отырып, анықтама беру айтарлықтай оңай. Өзін тану – бұл өзін, өзінің потенциалдық және өзекті қасиеттерін, тұлғалық, зияттық ерекшеліктерін, мінезінің белгілерін, өзінің басқа адамдармен қатынастарын және т.с. тану үрдісі. Екінші жағынан, осыларға берілетін жауапты анықтамадан табуға болмайтын, өзін-өзі танудың маңызы, құрылымы, механизмдері туралы көптеген сұрақтар туындайды. Ежелгі Грекциядағы храмдардың бірінің қас бетінде қашалған дельфтік сәуегейдің: «Өзіңді- өзің таны» деген сөз саптауының әлі күнге дейін жұмбақ боп қалып отырғандығы және қандай да бір құпиямен жабылғаны тегіннен тегін болмаса керек.Көптеген адамдар үшін бұл фраза құпия болып табылмайды және олар мұны өзіңді-өзің тану керектігі жөніндегі императив (нұсқау) ретінде дәлме-дәл түсінеді. Егер олардан өз-өзін сипаттап берулерін өтінсек («Өзің туралы не білесің?»), сұрап тұрған адамның таңданысына, жауап сараң және өте жалпылама болып шығады, мысалы: «Мен ақылдымын, жақсымын, әділмін, басқалармен қатынас құра аламын». Кішкентай бала да өзі туралы шамамен осылайша жауап береді: «Мен жақсымын», «Мен үлкенмін» деп, ата-аналары айтқан сөздерді қайталайды. Білім алмаған, мәдениеті аз қоғамдарда өмір сүріп жатқан адамдардың өзін-өзі бағалауда және сипаттама беруде мүлдем қысылып-қымтырылып қалатындығын атай кеткен қызықты болар.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өздерін бағалап берулері сұралған, Орта Азия шаруаларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеген отандық психолог А.Р. Луриядан қызықты мәлімет табамыз. Көпшілігі сұрақты мүлдем түсінбеген, екінші біреулері, өздерінен не керек екенін ұғынған соң: «Мен туралы көршілерімнен сұраңыздар, олар менен жақсы біледі» деген. Мәдениеті жоғары және білімі бар адамды «Өзіңді-өзі таны» деген сөз саптауы қатты ойландырып-толғандырады, қайта-қайта философиялық жаңа сұрақтарды тудырады. Біз солардың бар-жоғы төртеуін қоймақпыз:

- Адам үшін өзін танудың мәні қандай?

- Өзіңде нені тану керек және нені танымау керек? (Өзін тану нысаны болып не табылады?)

- Адам өзін-өзі қалай, қалайша таниды? (Өзін танудың механизмдері, жолдары және амал-тәсілдері қандай?)

- Адам өзін таныды, әрі қарай не болады?

Одан арғы баяндау барысында осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз.

№58. Өзін-өзі танудың үрдіс ретіндегі заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Үрдіс - бір нәрсені дамытудағы жағдайлардың, құбылыстардың дәйекті алмасуы; тарырақ түсінігінде – белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін іс-әрекеттердің дәйекттілігі. Біз өзін-өзі тануды дәл осы екінші, тарырақ мағынасында қарастыратын боламыз: өзін-өзі тану – бұл осының нәтижесінде мақсатқа, яғни өзі туралы білімге, Мен бейнесіне, Мен-тұжырымдамаға қол жеткізілетін әрекеттердің жиынтығы және дәйектілігі. Өзін-өзі тану әрекеттердің дәйектілігі болып табылатындықтан, оның өзі спецификалы танымдық іс-әрекетті көрсетеді және, кез келген іс-әрекет секілді, мақсатардың, мотивтердің, тәсілдер мен нәтижелердің сипаттамасы арқылы баяндала алады.

Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың өзгешелігін көрсетуге болады. Сонымен, алдымен біз өзімізден қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын, мысалға, сенімсіздікті табамыз. Табу сәті өте маңызды, онсыз барлық одан кейінгі өзін-өзі тану мәнінен айырылады. кейде дәл осы табу ең күрделі сәт болып табылады, бізде осыған өзіміз көңіл тоқтатпайтын, талдау аясы етпейтін нәрсе көп. Кей кездері маңызы бар ерекшелік немесе сипаттаманы адам, оның оңды потенциалын пайдалану мүмкін емес болатындай, өте кеш табады. Дәл сол кезде өз бойымыздан қандай да бір тұлғалық ерекшелікті немесе жүріс-тұрыс сипаттамасын табу жеткіліксіз болады, оны санада бекіту, нығайту, одан арғы өмір барысында жоғалтып алмау қажет болады. Біздер, адамдардың белгілі бір ортасымен қарым-қатынас жасай отырып, жек көруді бастан кешіретін, бірақ оны келесі жағдайға дейін бекітпейтін, нәтижесінде – тиісті талдау жүргізіп, өзіміздің жек көрушілік шамамызды жалпы алғанда бағалай алмайтын жағдайлар болып тұрады.

[*Үрдіс (лат.) – алға жылжу]

Келесі қадам – бұл тұлғаның қандай да бір ерекшелігін, жүріс-тұрыс сипаттамасын, ептілігін, қабілетін және т.с. талдау. Талдау барысында қасиеттің құрылымы, оның басқа қасиеттермен өзара байланысы айқындалады, ал ең негізгісі, себеп-салдарлық байланыстар анықталады. Өз бойымызда сенімсіздікті тауып және бекітіп, нақтылы сұрақтар қоюымыз керек: менің сенімсіздігім неден көрініс табады? Мен оны барлық жағдайларда бастан кешіремін бе? Оның пайда болу себептері не болып табылады? Ол қандай басқа қасиеттермен (темперамент түрі, мейірбандық, рақымдылық және т.с.) байланысқан? Осы сұрақтарды реттілікпен қоя және оларға жауап бере отырып, біз өзіміздің сенімсіздігіміз және оның таралу шекарасы туралы түсінігімізді тереңдете түсеміз. Келесі кезең – оны қандай да бір қасиеттің өзіміз үшін жасаған кейбір идеалды бейнесімен, әлде жалпы қабылданған және өзіміз игерген үлгілермен салыстыра отырып, қандай да болсын қасиетті бағалаймыз. Аталған жағдайда біз өзімізді әртүрлі: өзімізді басқа адамдармен немесе нақтылы жақсы таныс адаммен салыстыра отырып, өте сенімсіз адам ретінде; тек белгілі бір жағдайларда көрініс табатын сенімсіздігі бар, орташа сенімсіз тұлға ретінде; сенімді адам, ал сенімсіздігі тек қана сындарлы, күтпеген жағдайларда көрініс табатын және, көбіне көп таза күйіндегі сенімсіздік ретінде емес, абыржушылық ретінде көрініс табатын адам ретінде бағалай аламыз. Және ақыр соңында, аталған қасиетті қабылдау немесе қабылдамау актісі келіп жетеді. Қабылдаған жағдайда біз өз сенімсіздігімізді Мен-тұжырымдаманың құрылымына енгіземіз, оның бар екендігіне байыппен қараймыз, одан позитив табуға тырысамыз, сенімсіздіктің көрініс табуын шектеу және болашақта өзіміздің бойымызда сенімділікті дамыту жөнінде міндет қоя аламыз. Бірақ біз сенімсіздікті қабылдамай, (санасыздық саласына) итеріп тастайтын, барша адамға сенімді адам екенімізді дәлелдеуге әрекет жасайтын, ал егер итеріп тастамасақ, онымен «күресе» бастайтын, жою бастайтын жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай күрес тек жағдайды, жалпы өз өзіміздің күйімізді нашарлатып, басқа адамдармен кикілжіңдерге ұласып кететін тұлғааралық кикілжіңдерді тудырады. Жалпы алғанда өзімен өзі күрес – бұл нонсенс екендігін, өзіңде бар ең қымбат нәрсемен, яғни өзіңмен күресуден жаман нәрсе жоқ екендігін айтқанымыз жөн. Сондықтан өзін-өзі қабылдау өнері – өзін-өзі тану актін аяқтай отырып, жаңа актіні – өзін-өзі жетілдіру актін (бұл туралы келесі тарауда айтатын боламыз) бастайтын үлкен өнер.

Сонымен, үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану – бұл өз бойынан қандай да болсын қасиеттерді, тұлғалық және жүріс-тұрыстық сипаттамаларды табу, оларды бекіту, жан-жақты талдау, бағалау және қабылдау. Өзін-өзі танудың ең ортақ заңдылықтары қандай екен? Оларға келесілер жатқызыла алады.

Танылғандық-танылмағандық дәрежесі. Көптеген жағдайларда өзін-өзі тану процесі үздіксіз сипатқа ие болып келеді және белгілі бір шекке дейін ұғынылмаған болып келеді. Адам жәй ғана өмір сүреді, оқиды, еңбек етеді, қарым-қатынас жасайды, өзімен өзі тоқтамайтын диалог жүргізеді (біздің бойымызда өзіміз оянғаннан бастап «көп сөйлей» бастайтын, ал кей кездері өзін ұйқыда жатқанымызда да көрсететін «көп сөйлегіш» өмір сүреді). Өмір сүруіміздің барысында басқа адамдар туралы фактілер, мәліметтер жинақталады, олар санның сапаға ауысуы заңының әсер етуіне орай күндердің бір күнінде ұғынылып, санада бекініп қалады, бірақ ұғынылмай қалып, біздің жүріс-тұрысымызды және өз өзімізді реттеу тәсілдерін анықтай отырып, ұғынылмаған қондырғы деңгейінде қызмет атқаруы да мүмкін. Мен-тұжырымдаманың айтарлықтай бөлігінің, әсіресе жоғары білімімен ерекшеленбейтін, рефлексияға бейім емес, яғни өз өзіне қатысты бақылаушы позициясына тұруға қабілетсіз адамдарда осылайша қалыптасатындығын атай кетуіміз қажет. Ұғынылған үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану мақсатты бағытталғандығымен сипатталады, яғни адам өзінің алдына арнайы мақсатты – бұл үшін өзін талдауға және бағалауға көмектесетін спецификалы амал-тәсіл, құралдарды пайдалана отырып, өзінің бойынан қандай да бір қабілетті, бейімділікті, тұлға ерекшелігін айқындауды қояды. Дәл осы жағдайда өзін-өзі тану ұғынылған іс-әрекетке айналып шығады және оның заңдарына бағынады. Адам өзінің өзін-өзі тануын іс-әрекетке неғұрлым жиірек айналдырып отырса, ол өзін соғұрлым жылдамырақ және тереңірек танып-біледі. Шындығына келсек мұнда, эмоционалдылықтың жоғары деңгейі, өзін-өзі қабылдамауы кезінде өзін-өзі тану өзі туралы объективті білімді емес, алуан түрлі кемшіліктерді, оның ішінде толыққандылық емес кемшілігін тудыратын өзін-өзі қазбалауды тудыратын, медальдың екінші қыры да бар.

Өмір жолының әртүрлі кезеңдеріндегі өзін-өзі танудың әртүрлі қанығушылығы бар. Біздің өміріміз тағдырды және өмірбаянды күрт өзгертіп жібере алатын тыныш және сындарлы кезеңдерден, оқиғаларға қанықпаған және қаныққан үзіктерден тұрады. Сондықтан өзін-өзі тану өмір оқиғаларға қаныққан, жауапты шешімдер қабылдау: оқу, жұмыс істеу орнын, жұбайды таңдау және т.с. қажет болған жерде белсенді бола бастайды. Салмақты шешім қабылдау үшін, адам тек жағдаяттарды, оның тағдырына қатысатын басқа адамдарды ғана емес, өз өзін де, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін де жақсы білуге тиіс. Бұл жағдайларда өзін-өзі тану, тұлғаға қысқа уақыт аралығында өзі туралы осыған дейінгі ұзақ жылдар бойы алмаған ақпарат алуға мүмкіндік бере отырып, белсенді міндет атқарады. Осы кезеңдердің көпшілігі психологияда жақсы танымал және зерттелген, бұған мыналар жатады: сәби өзін-өзі іс-әрекет субъектісі ретінде тани бастайтын, Меннің бастапқы әлеуметтік жүйесі қалыптасатын, өзі туралы мәлімдеуге, көрсетуге деген ниет пайда болатын 3 жас дағдарысы – атақты балалық «Мен өзімді!» еске алайық; бала өзін оқыту субъекті ретінде тани бастайтын және онда өзін оқушы ретінде бағалау қажеттілігі пайда болатын жеті жас дағдарысы; қайнап қызуы бойынша 3 жастағы дағдарыстан кем түспейтін жасөспірім жастағы дағдарыс. Жасөспірім өзінің Меніндегі көп нәрсені енді әлеуметтік қоршаған ортамен, құрбыларымен өзара әрекеттесу контекстінде ашады, ересек болу сезімі пайда болады, жүріс-тұрыстың балалық нормаларынан ересек нормаларға бағыт бұру процесі жүріп отырады. Ересек адамдарда да дағдарыстар бар, мысалға: отыз жас дағларысы; кемелденген жас дағдарысы; зейнеткерлік демалысына шығумен байланысты дағдарыс. Барлық осы жағдайларда өмірді қайта ұғыну, қалыптасып қалған Мен бейнесін бекіту, болашаққа өзін тану және дамыту келешегін анықтау жүреді, жетістіктер мен сәтсіздіктерді бағалау жүріп отырады.

Өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағандығы – бұл, сірә, ең қызықты заңдылықтардың бірі. Оған нақтылы өмірдің өзін-өзі танып-білу процесін басып озуы себепкер болады, адам туылып та қойды, өмір сүріп жатыр, онда тіптен өзінің физикалық Менін қоршаған әлемнен бөліп көрсету түріндегі өзін-өзі білуінің қарапайым актілері де қалыптасып қойды, ал өзін-өзі ол біршама кейініректе танитын болады. Дәл осы ересек адамға да тән, болмысында оның тұлғасы мен өмірі ол өз өзі туралы білетінге қарағанда байырақ. Танылмаған нәрсе, көрінбейтін дақ әрқашан да бар («Джогари терезесін» есімізге түсірейік). Сондықтан, тіптен осы саладағы зор қабілеттерге ие болып отырған адамдарға да, өз өзін толығымен танып-білу мүмкін. Мысалы, будда монахтары өмір бойы өзін-өзі танумен және өзін жетілдіру практикасымен айналысады, бірақ тек жалғыз Будда (принц Гаутама) ғана өз шегіне жетті. Кейбір адамдарда істің осындай жайы, егер олар өздерін танып біле алмаса, үміт үзу, өмірдің мәнсіздігі сезімін тудыруы мүмкін. Алайда істің шындығында істің мұндай жағдайы қалыпты үрдіс, аталған фактіні біз өлімнің болмай қоймайтындығын қабылдағандығымыздай қабылдай салу керек. Өз өзімізді толықтай тану емес, тереңірек және жан-жақтырақ тануға деген ұмтылыс маңызды, ал одан да маңыздырағы – өмірден, іс-әрекеттен танып-білінгенді, әсіресе өз тұлғасының мықты жақтарын адекватты пайдаланған. Өзін-өзі танудың жалпы заңдылықтарынан: танып-түсіну дәрежесінен, әртүрлі қаныққандықтан, түпкілікті аяқталмағандықтан өзге, оның тұтастай көрінісін толықтырып отыратын, өзін-өзі танудың кейбір спецификалық ерекшеліктері де бөліп көрсетіледі.

1. Өзін-өзі тану өз дамуында екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде өзін-өзі тану «Мен – өзгелер» жүйесінде жүзеге асырылады. Бір жағынан, ерте балалық шағынан бастап адам тұлғааралық қатынастар жүйесінде болады, басқа адамдар үнемі оны бағалап отырады, және өз еркімен және өз еркінен тыс ол осы бағалауларды басшылыққа ала, оларды қандай да бір дәрежеде қабылдай, бағалау тәсілдерінің өздерін игере бастайды. Екінші жағынан, алдымен ересектердің бағалауларын қайталай отырып, ал одан кейін осы бағалауларды өз бетімен тұжырымдай отырып, баланың өзі басқаларды бағалау тәжірибесіне ие бола бастайды. Осылайша ол өзара бағалаулар жүйесі арқылы өзін басқалармен салыстыруға үйренеді, біртіндеп өзінің Менін біле бастайды, онда өзі туралы бастапқы түсініктер, одан кейін өзінің басқалардан өзгешелігін түсіну арқылы Мен бейнесін құрудың алғашқы тәжірибесі қалыптасады. Екінші кезеңде өзі туралы білімдерді байланстыру енді адам әртүрлі уақытта, әртүрлі жағдайларда қалыптасқан өзі туралы дайын білімдерді пайдалана бастайтын «Мен-Мен» жүйесінің шеңберінде жүріп отырады. Мұнда ол енді өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелілігін, өзінің адамдармен өзара әрекеттесуінің ерекшеліктерін, өз тұлғасының ерекшеліктерін және жүріс-тұрыс сипаттамаларын талдай бастайды. Яғни өзін-өзі тану өз өзінде танылатынды табуға, бекітуге, талдауға, бағалауға және қабылдауға қабілетті дербес үрдіс ретінде жұмыс істей бастайды. Сөздің шындығы үшін бірінші кезеңнің өз потенциалын өмірдің соңына дейін сақтап қалатындығын атай кеткеніміз жөн, ол жай ғана екінші кезеңнің құрылымына етене енеді және өз мәнін жоғалтпайды.

2. Өзін-өзі танудың қарқындылығы, тереңдігі, негізділігі тұлғаның көптеген қалыптасқан қасиеттеріне, жекелей алатын болсақ, тұлғаның бағытталғандығын анықтайтын сипатқа ие қасиеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, оларға экстраверсия мен интроверсия жатады. Экстраверт – сыртқы әлемге бағыт-бағдар алған адам, ол осы әлеммен өмір сүреді, оның оқиғаларына қаныққан. Сондықтан оның сана-сезімі өзін сыртқы әлемнен тану саласында жүреді. Интроверт болса, керісінше, ішкі әлемге және оның оқиғаларына бағыт-бағдар алған, оған өзінің уайымдары, армандары, өз өзімен ішкі диалог маңызды. Оның өзін-өзі тануының өзінің ішкі әлемі саласында жүзеге асырылатындығы түсінікті де. Әрине, бұл дегеніміз экстраверт ішкі әлемді өз өзінен танып білуге, ал интроверт – өзін сыртқы әлемнен танып білуге қабілетсіз дегенді білдірмейді. Бұл жерде сөз адам экстраверсия-интроверсияға байланысты таңдап алатын басымдылықтар туралы болып отыр. Кейбір өзге де ерекшеліктер, оның ішінде мінез акценттелуінің әр алуан типтерінің өзін-өзі танудың өзіндік келбеті мен салаларына әсері туралы да осыны айтуымызға болады.

3. Әртүрлі адамдар өзін-өзі тануға әртүрлі қабілетке ие. Қабілеттер – бұл тұлғаның білімдерді, ептіліктер мен дағдыларды игеру жылдамдығы, тереңдігі, сапасы осыларға байланысты болып келетін, бірақ осы білімдерге, ептіліктерге, дағдыларға сыйыстырылмайтын қасиеттері.

Өзін-өзі тануға деген қабілеттер – бұл өз өзін жылдам, сапалы, жан-жақты және адекватты тануға мүмкіндік беретіндей тұлға сипаттамалары. Осы қабілеттердің дамуының әртүрлі деңгейіне орай адамдар бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді: біреулері өзін-өзі танумен үнемі айналысады, өзін жақсы және жан-жақты біледі әрі осы білімдерді өмірі мен іс-әрекетінде қолдана алады; екінші біреулер өзін-өзі танумен оқтын-оқтын айналысып отырады, олардың өзі туралы білімдері үзік-үзік және фрагментарлы болып келеді және ең бастысы, олардың өзі туралы түсініктері адекватты емес, яғни шындыққа сәйкес келмейді. Өзін-өзі бағалауы тым артық немесе төмен, өз өздерін ойлап тапқан және, осы себептерге орай, өздерінің әлеммен, әлеуметтік қоршаған ортамен өз қатынастарын дұрыс құруға қабілетсіз адамдармен біз жиі кездесіп отырамыз. Бірақ, кез келген қабілет секілді, өзін-өзі тану қабілетін дамытуға болады. Бұл үшін не қажет? Ең алдымен өзін-өзі танудың оңды мотивациясын қалыптастыру; өзін-өзі танудың негізгі механизмдерінің потенциалын – идентификация мен рефлексияны толығымен пайдалану; өзін-өзі танудың спецификалы тәсілдеріне – өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі талдауға, өзін-өзі үлгілеуге және т.б. үйрену; өзінің өзі танудың әртүрлі тәсілдерін: көркем әдебиет оқуды, психологияны зерттеуді, күнделік жүргізіп отыруды және т.б. пайдалану қажет.