- •§3. Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері
- •§ 3. Өзін-өзі таныту
- •§1. Өзін - өзі тәрбиелеу өзін тану және дамыту амалы ретінде
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті
- •§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері
- •§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
- •§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
Тұлға белсенділігінің қайнар көзі оның қажеттіліктері болып табылады. Кең мағынасындағы қажеттілік – бұл бірдемеге деген мұқтаждық, қажетсіну, ал тарырақ мағынасында – осыдан адамның өмір сүру жағдайларына тәуелсіздігі көрініс табатын жағдай, күй. Адам бисоциальды тірі организм болғандықтан, оның қажеттіліктері де биологиялық та, әлеуметтік те болуы мүмкін. Биологиялық қажеттіліктерге: суға, тамаққа, жылуға, ауаға, жыныстық серікке деген қажеттілік және көптеген басқалары жатады. Іргелі әлеуметтік қажеттіліктерге: еңбекке, танымға, қарым-қатынасқа, жетістіктерге және т.б. деген қажеттілік жатады.
Үрдіс ретіндегі өзін-өзі тану спецификалық белсенділік түрінің көрінісі ретінде келеді, демек, оның негізінде өзін-өзі танудағы қажеттілік деп атауымызға болатын қажеттілік жатыр. Өзін-өзі танудағы қажеттілік жалпырақ тұрғыдағы қажеттіліктің, дәл айтқанда танымға деген қажеттіліктің көрінісі болып табылады. Оны қанағаттандыру аясы ретінде әлем, қоршаған болмыс көрініс табады. Өте ерте кезден көрініс таба бастайтын және әу-бастан көрініс тапқан потенциалға ие болып келетін аталмыш қажеттілік қалыптасқандықтан ғана адам адам болып шықты. Танымға деген қажеттіліксіз еңбек те, қарым-қатынас та, оқу да мүмкін болмайды. Өзін-өзі танудың объекті адамның өзі, оның ішкі әлемі болып шыққан кезде танымға деген қажеттілік өзін-өзі тануға деген қажеттілік түріне ие болып шығады.
Мотив - іс-әрекетке нақтылы итермелеу, онда қандай да болсын қажеттілік көрініс табады. Мысалға алар болсақ, қарым-қатынас жасауға деген қажеттілік қарым-қатынас мотивін, еңбекке деген қажеттілік – еңбек іс-әрекеті мотивін, өзін-өзі тану қажеттігі – өзін-өзі тану мотивтерін белсенді етеді. Қандай да болсын мотивтің әсер етуімен адам іс-әрекеттің белгілі бір мақсаттарын қояды, іс-әрекеттердің тәсілдерін, амалдарын, реттілігін пайдалана отырып, оларға қол жеткізеді.
Мақсат – бұл болашақ нәтиженің бейнесі. Біз өзін-өзі танудың Мақсаттары туралы сөз қозғағанда, олар өте әртүрлі болуы мүмкін, барлығы да өзін-өзі тану барысында қол жеткізілетін болашақ нәтиженің қандай бейнесі көрінетіндігіне байланысты. Мақсаттар кең және тар, нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болады.
Өзін-өзі танудың шекті кең мақсаттарына жалпы алғанда өз тұлғасын танып білу және өмірлік мақсаттарды танып білу жатады. Өзін-өзі танудың мақсаты ретінде өзін тұлға ретінде, өзінің Мен-тұжырымдамасын тек сана деңгейінде ғана емес, санасыздық және санадан тыс (жоғарғы санасыздық) деңгейінде де танып-білуді қоятын адамдар кездеседі. Мұндай өзін-өзі тану, өмірдің барлық өзге мақсаттарын екінші орынға ығыстыра отырып, өзінен өзі өмірлік мақсатқа айналуы мүмкін. Қарапайым адам болса, өзін-өзі танудың түпкілікті аяқталмағанын интуитивті сезіне отырып, өзінің өз өзін тануын өмір сүру, жасампаздықпен айналысу, өзін тану және дамыту үшін жеткілікті нақтылы белгілі бір шеңберлермен шектеп отырады. Өзін-өзі танудың өзге кең мақсаты өмірлік мақсаттар болып табылады. Біздің әрқайсымыз өз өзімізге: мен өмірде неге қол жеткізгім келеді? Қандай кәсіпті таңдауым керек? Менің басшы болғым келе ме, қол астындағы адам болғым келе ме? Мен өз балаларымды қаншалықты және қалай тәрбиелеуге қабілеттімін? және т.с. сұрақтарды қоямыз. Өмірлік мақсаттарды айқындау, танып-білу өмірдің өзіне тұрақтылық, мақсатты бағытталғандық, ұғынылғандық береді. Дәл сол кезде өмірлік мақсаттарын ойланбайтын, ағыс бойынша жүзе беретін талай адам бар. Осының бәрі, әрине, олардың өмірін кедей етеді, оны ұғынылмаған, ал адамның жүріс-тұрысын – болжанбайтын етеді. Өзін-өзі танудың тар мақсаттарына біз үшін қазіргі сәтте өзекті бола бастайтын өзіндік Мен бейнесінің нақтылы мазмұны жатады. Тар мақсаттар координаталардың әртүрлі жүйелерінде қарастырылуы мүмкін, мысалға: біз өзіміздің зияттық мүмкіндіктерімізді немесе мінез ерекшеліктерімізді, зейіннің қасиеттерін немесе өзіміздің коммуникативтілігімізді танып-білеміз. Осы тізімді жалғастыра беруімізге болады, алайда өз тұлғамыздың нысандарының немесе іс-әрекет пен жүріс-тұрыс сипаттамаларымыздың тізімі емес, бүгінгі таңда тұлға үшін маңызды болып табылатын нәрсе маңызды. Егер біз кәсіпті таңдап алсақ, өзіміздің таңдап алған саладағы қабілеттерімізді бағалау маңызды болмақ. Егер біз адаммен танысқымыз және достасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативтік қасиеттерімізді, ұнай білуімізді, жақсы дос болу қабілетімізді танып-білу маңызды болмақ. Өзін-өзі тану мақсаттарын жүйелі қою да мүмкін болады. Ең кең таралған және праткикада кеңінен қолданылатын жүйелердің бірі: «Ниет етем» - «Істей аламын» - «Керек» деген жүйе болып табылады. Адам осы сұрақтарға – жақын және алыс болашақта неге қол жеткізгім келеді, менің мүмкіндіктерім қандай және осының барлығы социумның, қоршаған адамдардың талаптарына қаншалықты жауап береді – дегендерге анық та дәл жауап берген кезде ол өзін-өзі танудың шекараларын айтарлықтай кеңейте түседі.
Өзіміз атап кеткеніміздей, өзін-өзі танудың мақсаттары нақтылы және нақтылы емес, шынайы және жалған болып келеді. Нақтылы мақсат – біз өзімізде шындығында да барды табамыз және талдаймыз, нақтылы емес мақсат – біз өзімізде шындығында жоқ нәрсені бекітуге және өзімізден танып білуге әрекет жасаймыз.
Мысал. Кей адамдар оларда жоқ қабілеттерді табуға, оның үстіне талдауға және бағалауға әрекет етеді. Оларды өздерінен таба алмай, олар бұларды ойдан ойластырады, олардың бар екендігіне сене бастайды. Нәтижесінде өзін-өзі тануын жалған ізбен жібереді. Өзін-өзі тануды жалған ізбен жібере отырып, адам өзін-өзі толығымен ойдан жасайтын, жалған Мен-тұжырымдаманы құратын, осы бейнеге сәйкес өмір сүре бастайтын және, нәтижесі ретінде, болмыстан толығымен қол үзу, бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі, тұлғаішілік және тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуы жүретін жағдайлар болып тұрады. Осылайша, өзін-өзі тану мақсаттарының нақты еместігі және жалғандығы ақырғы нәтиженің – Мен бейнесінің және Мен-тұжырымдамасының нақты еместігімен және жалғандығымен етене қабысады. Адамды не нәрсе өзін-өзі танудың кең және тар, нақтылы және нақтылы емес мақсаттарын қоюға итермелейді? Әрине, осылардан тиісті қажеттіліктер көрінісін табатын мотивтер. Мұндай мотивтерді екі топқа: спецификалық, яғни өзін-өзі тану іс-әрекетінің өзінің негізінде жатқан және өзін-өзі танумен жанама түрде байланысқан спецификалық емес деп бөліп көрсетуге болады.
Спецификалық мотивтерге өз өзіне деген қызығушылық жатады. Қызығушылық – бұл эмоциялық боялған танымдық қажеттілік. Аталған жағдайда - эмоциялық боялған, өзін-өзі тануға деген қажеттілік. Өзіне деген қызығушылықты арттырудың бірнеше сатысын бөліп ажыратады:
білмекке құмарлық;
өзіне деген қызығушылықтың өзі;
өзін-өзі тануға деген құштарлық.
Білмекке құмарлық - өзіне деген қызығушылықтың бастапқы түрі - өзі туралы, негізінен алғанда адамға белгісіз емес, бірақ басқаларға белгілі болуы мүмкін екенді танып-білуге ұмтылыспен сипатталады. Білмекке құмарлық тұрақты сипатқа ие емес, яғни білмекке құмарлық қанағаттанғандықтан кейін-ақ ол ғайып болады, адамды басқа, одан да маңыздырақ мәселелер іліп әкетеді. Қолайлы жағдайлар болған кезде білмекке құмарлық өзіне деген тұрақты қызығушылыққа ұласып кетеді, ол өзін-өзі танудың күн өткен сайын жаңа мақсаттарын анықтай бастайды, өзін-өзі тану жөніндегі іс-әрекеттің шекараларын кеңейте түседі. Өзіне деген қызығушылық белгілі бір шекаралардан өткен, эмоциялық қызуға ие болған кезде, ол өзін-өзі тануға деген құштарлыққа айналады, адам осы құштарлыққа өз өмірінің айтарлықтай бөлігін арнайды.
Өзін-өзі тануға деген құштарлықтың теріс түсініктері болып өзінен ерекше бір, іс жүзінде болуы мүмкін емес нәрсені іздестіру мақсатымен соқыр сезімге ену үшін алкогольді, есірткіні, психологиялық заттарды пайдалану болып табылады.
Өзін-өзі танудың спецификалы емес мотивтеріне қалған мотивтердің барлығы жатады, оларды да өзін-өзі тану іс-әрекетін өрістету үшін маңыздылығы бойынша үш топқа бөлуге болады: Менмен байланысты мотивтер (мұнда осылардың негізінде біздер талдап шыққан қажеттіліктер жатқан өзін-өзі құрметтеу, Меннің тұтастығы мотивтері, өзіндік сәйкестікке қол жеткізу мотиві, өзін басқалар тарапынан тану мотиві жатады), өзін тану және дамыту мен байланысты мотивтер (атап айтар болсақ, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі өзектендіру мотивтері); іс-әрекеттің басқа түрлерінің мотивтері (қарым-қатынас, мәртебе, жетістіктер, таным, оқу мотивтері, моральдық мотивтер және т.с.) жатады. Олардың өзін-өзі тану мотивімен және өзін-өзі тану іс-әрекетімен өзара байланысу механизмдері шамамен алғанда бірдей. Өзін-өзі танудың дамыған мотиві барлық өзге мотивтердің қызмет етуіне қолайлы әсерін тигізеді. Өзіне деген қызығушылық өзін тану және дамыту мотивтерін ынталандырады. Өз кезегінде, айқын білінетін өзін тану және дамыту мотивтері өзін-өзі тануға деген қажеттілікті және спецификалық мотивті - өзіне деген қызығушылықты қалыптастыруға оңды әсерін тигізеді. Басқа мотивтер туралы да дәл осыны айтқан жөн. Мысалы, егер бұл сіңіріп алатын құштарлық болмаса, өзіне деген қызығушылық, қарым-қатынас мотивіне тиісті бояу бере отырып, басқа адамдарға деген қызығушылыққа да себепкер болады. Өзін-өзі тану мотиві әлсіз дамыған жағдайларда өзге, айқынырақ білінген мотивтер оны алмастырып, өзін-өзі тану іс-әрекетіне себепкер болады. Мысалы, тұлға қол жетуге деген айқын білінетін мотивке ие, бірақ өзіне деген қызығушылық көрініс таппаған
