Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі бухгалтерлік есеп магистратура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

  1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.- 544 бет.

  2. Бейсенбаева А.К. Туризмдегі бухгалтерлік есеп. 2007 жыл. Заң әдебиеті.

  3. Мырзалиев Б.С. және т.б. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 бет.

  4. Мырзалиев Б.С. және т.б. Бухгалтерлік есепті жүргізудін қазіргі әдістері. Практикум.- Алматы: Юридическая лмитератур, 2009.- 832 бет.

  5. Нұрсеитов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ Оқулық құралы.- Алматы, 2009

  6. Сейдахметова Ф.С. Казіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы.- Астана, 2008

  7. Толпаков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. 1,2 том- Қарағандыв: «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009.- 568 бет

  8. Құдайбергенов, Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқулық .- Алматы: Полиграфкомбинат, 2011.- 255 б.-

Қосымша әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 28.02.2007ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлікесеп пен қаржылықесептіліктуралы» Заңы- www.Законы.kz

2.Халықаралық қаржылық есеп стандарттары- www.Минфин.kz

  1. Тақырып Дебиторлық қарыз және басқа активтерді есепке алу.

Сабақтың мақсаты. Дебиторлық есептің анықтамасы, кәсіпорында дебиторлық борыштың пайда болуы оның есепке алынуы мен есептен шығарылуын білу

Дәрістің жоспары

1. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы.

2. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі.

3. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі.

Негізгі түсініктер: күдікті, резерв құру, FASB, есептелінген проценттер.

Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Дебиторлық борыш – деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындғы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

  • акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;

  • басқадай дебиторлық борыштар.

Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы №2 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы» - деп аталатын қаулысына сәйкес «Дебиторлық борыш иелік ету құқықтарымен қоса, заңды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Яғни, «дебиторлық борыш» - дегеніміз, бұл – иелік ету хұқын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады.

Мысалы: америкадағы FASB-пен (қаржылық есептің стандарттарын жасау бойынша құрылған кеңесі) сәйкес, дебиторлық борыштың активі маңызды үш сипаттамаға ие:

  • ол, ақша қаржаттарының тікелей немесе жанама өсуіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін (немесе басқа активтермен бірге) болашақтағы тиімділікті қамтиды;

  • активтер дегеніміз – шаруашылық субъектісі басқара алатын ресурстар болып табылады. Тиімділікке деген немесе потенцилдық қызметтерге деген хұқтар, заңды болуы немесе оларды алудың заңды дәлелдемелері болуы қажет.

Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борынштар ұзақ мерзімді активтердегі «Ұзақ мерзімді дебиторлық борынштар» бабына енгізілуі мүмкін.

2. Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін уақытылы есеп айырылыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі кездесетін белгі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау фактісі осы берешек соманың жабылмай қалатындығын білдірмейді. Төлем қабілетін бақылау жүйесінің қаншалықты жетілдіргеніне, сондай-ақ оның тиімділігіне қарамастан шаруашылық субъектінің несиеге сатылған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем төлемеген сатып алушылар әрқашанда табылады. Сатып алушылардың келісім-шартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күдікті қарыздар» - деп аталады.1290- «Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резервтер» - деп аталған бас шотының бөлімше шотында күдікті қарыздарға жататын резервтер сомасы есептелінеді.

Күдікті (күмәнді) қарыздарға – уақытысында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз өтелмеген дебиторлық борыштар жатқызылады. өтеу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар:

Біріншісі – тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар заңда қаралған төлемді талап ету мерзімі өткеннен кейін есептен шығарылады.

Екіншісі – резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындарды өтеу үшін алдын ала резервтік қор қарастырылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар «үмітсіз қарыз» - деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары күдікті қарыздарға жасалған резерв есебінен есептеп шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелінсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады: дебет 1290 – «Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резервтер» шоты, кредит 1210 – «Алынуға тиісті борыштар» шоты. Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінде танылады. Бұл жағдайда бухгалтердің есепте дебит ақша қаражаттары бөлімі шоттарының тиістісі (1030, 1010), кредит 6280-шоты түрінде жазу жазылады.

1290-шотында жинақталатын «Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резервтер» есебі №10 журнал-ордерде жүргізіледі. 1290-шотбойынша субъектінің бухгалтерлік есебінде мынадай корреспонденциялар жазылады:

- Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резерв құрылғанда 7210- «Жалпы әкімшілік шығындар» шоты дебеттелініп, 1290-шот кредиттелінеді.

Артық жасалған күдікті қарыздар резерв сомалары 7210-шотының дебеті, 1290-шотттың кредиті бойынша сторно етіледі (қызыл сиямен жазу арқылы алынып тасталады). Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз күдікті қарыз бойынша жасалынған резерв сомасы алынып тасталып көрсетіледі.

3. Шаруашылық субъектісіне басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептелінеді:

1420- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»,

1270- «Есептелінген проценттер»,

1250- «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы»,

2180- «Басқалары».

1420- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты субъектінің сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай ол тауардың құнына қосылып, оның бағасын көтереді. Сондықтан бұл салықты сатып алушылар төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, осы тауарлар сатушылардан түседі. Неғұрлым баға жоғары болса, соғұрлым салық сомасы да жоғары болады.

- Алынған тауарлар мен материалдық құндылықтар және орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн сомасына 2410-шот дебеттелініп, 2410, және тағы да басқа тиісті шоттар кредиттелінеді.

1270- «Есептелінген проценттер» - шотында субъектінің шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы сондай-ақ салынған инвистициядан алатын дивидендтерінің сомсы есептелінеді. Осыған байланысты 1270- «Есептелінген проценттер» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жзулар мына түрде жазылады:

- Жалдағы негізгі құралдар, алынған вексельдер, берілген пайымдар бойынша пайыздар есептегенде 1270-шот дебеттелініп, 6120-шот кредиттелінеді.

- Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына: 1010,1020,1030- шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1270-шот кредиттелінеді.

1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы» шотында жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға қарызға қызметтегі іс-жоспарлары және басқадай шығындары үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталынатын сомалар есептелінеді.

- Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі және қызметтегі іс-сапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға: 1250-шот дебеттелініп, 1010,1030-шоттарының тиістілері кредиттелінеді;

- Жұмысшыларға берілген зайым сомаларына: 1250-шот дебеттелініп, 1010,1030-шоттарының тиістілері кредиттелінеді;

- Есепті кезеңде жоғалған, бүлінген немесе іздеуге салынған жетіспеушіліктерге кінәлі тұлға табылып және оның төлеуге тиісті сомасына: 1250-шот дебеттелініп, 3520-шот кредиттелінеді.

- Есеп беруге тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта: 2710 2410, 1110, 1310, 1330-шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1250-шот кредиттелінеді.

Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшылардың алған қарыз сомаларының қайтарылуы ақша қаражаттары шоттарына келіп түскенде:

1030, 1010 және 3350- шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1250-шот кредиттелінеді.

- Есеп беруге тиісті тұлғалардың субъектінің есебінен шығарған шығындарының сомасына:

7110, 7210, 8110- шоттарының тиістілері дебеттелініп, 1250-шот кредиттелінеді.

- Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайталауға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:

1280- шот дебеттелініп, 1310-шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

- Банктегі шоттан қателесіп есептеп шығарылған сомаға:

1280- шот дебеттелініп, 1010,1030-шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

- Құны акцептелген, төленген тауарлы материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түскенде олардың жетіспеушілігі мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

1280- шот дебеттелініп, 2410-шот кредиттелінеді.

- Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдер мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

1280- шот дебеттелініп, 6280-шот кредиттелінеді.

Өз бетінше дайындалу сұрақтары

1. Дебиторлық борыштың есебі

2. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі

3. Жұмыскерлердің және жеке тұлғалардың борыштарын есептеу

4. Жал есебі брйынша борыштарды қарастыру