Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туризмдегі бухгалтерлік есеп магистратура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8. Магистранттардың өзіндік жұмысы үшін материалдар

1 Тақырып. Бухгалтерлік есеп пәні және әдістері

СОӨЖ жоспары.

  1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектілері.

  2. Бухгалтерлік есептің анықтамасы және оның міндеті.

  3. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау, экономикалық ақпараттың көзі ретінде бухгалтерлік есеп беру және оны қолданушылардың жіктелінуі.

  4. Бухгатерлік есепті жетілдіруге әсер ететін факторлар және Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі.

2 Тақырып. - Бухгалтерлік баланс.

СОӨЖ жоспары.

    1. Бухгалтерлік баланстың мазмұны.

    2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

    3. Бухгалтерлік баланстың айрықша ерекшілігі.

    4. Бухгалтерлік балансқа әсер ететін шаруашылық операцияларының мазмұны.

    5. ҚЕХС бойынша бухгалтерлік баланстыың мағынасы.

СОӨЖ меңгеруге әдістемелік нұсқалар

      1. Бухгалтерлік баланстың түрлерін жеке – жеке талдап қарастыру

      2. Шарушылық қаражаттары мен қорлану көздерінің тепе теңдігін талдап нәтижесін шығару.

      3. Шаруашылық операцияларының әсерінен бухгалтерлік баланстың өзгеруін қарастыру.

      4. ҚЕХС бойынша бухгалтерлік баланстың мазмұнын ашу

Ағымдағы банк шотына сатып алушылардан ақша келіп түсті, өткізілген тауар 20 мың теңге сомасында. Нәтижесінде бұл операция сомасы баб бойынша «Ағымдағы банк шоты» 20 мың теңгеге көбейді, ал баб бойынша «сатып алушымен есеп айырысу» 20 мың тенгеге азайды: сатып алушылар тауар қүнын төледі, сонда олардың қарызы азайды. Баланс сәйкестігі келесітүрде қабылдайды:

БАЛАНС СОМАСЫ

Актив мың тенге

Негізгі қаражат 3140.0

Тауарлар 738.0

Материалдар 548.0

Ағымдағы банк шоты 300.0

Сатып алушымен есеп айырысу 12.0

БАРЛЫҒЫ 4738.0

БАЛАНС СОМАСЫ

Пассив мың тенге

Жарғылық капитал 3346.0

Банк несиесі 754.0

Пайда 185.0

Жеткізушімен есеп айырысу 123.0

Еңбек ақы бойынша есеп айырысу 330.0

БАРЛЫҒЫ 4738.0

3 Тақырып. - Бухгалтерлік есеп шоттары.

СОӨЖ жоспары.

  1. Екі жақты жазу жүйесі.

  2. Бухгалтерлік шоттың маңыздылығы.

  3. Бағалау және калькуляциялау

  4. Аналитикалық және синтетикалық есеп.

  5. Айналым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі.

СОӨЖ меңгеруге әдістемелік нұсқалар

1. Екі жақты жазу бойынша қарастыру.

2. Бағалау бойынша есептер шығару.

3. Аналитикалық және синтетикалық шоттарды қарастыру.

4. Бухгалтерлік шоттың мазмұнын ашып көрсету.

2007 жылгы қаңтар айында орындалган шаруашылыц операциялар

Жабдықтаушы мердігерлерден 25000 (жиырма бес

мың) теңгеге материалдар сатылып алынды (әзірге

ақшасы толенген жоқ).

Ағымдағы банктік шотынан 50000 (елу мың) теңге банк

несиесі етелінді.

30000 (отыз мың) теңгенің материалдары ондіріске

босатылды.

Жабдықтаушы-мердігерлерге қарыз 65000 (алпыс бес мың) теңге банк несиесі есебінен өтелді.

Д-т: "Материалдар" шоты 25000 теңге

К-т: "Жабдықтаушы-мердігерлермен

есеп айырысу" шоты 25000 теңге

Д~т: "Банк несиесі" шоты 50000 теңге

К-т: "Ақшалар" шоты 50000 теңге

Д-т: "Аяқталмаған оңдіріс" шоты 30000 тенге

К-т: "Материалдар" шоты 30000 теңге

Д-т: "Жабдықтаушы-мердігерлермен

есеп айырысу" шоты 65000 тенге

К-т: "Банк несиесі" 65000 тенге