- •1 Тарау. Ақпараттық жүйе теориясы
- •1.2 Қазіргі замануи ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері
- •Индекстеу
- •1.3 Аутоматтандырылған жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі
- •2 Тарау. Ақпараттық теория негіздері және сигналдардың теориясының негiздерi
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы.
- •2.2 Жүйелік талдау.
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы
- •2.2 Жүйелік талдау
- •3 Тарау Аутоматтандырылған ақпараттық жүйелерді синтездеу әдістері
- •3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
- •3.2 Лингвистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету
- •3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
- •4.1 Ақпаратты ұсыну үлгілері
- •4.2 Деректер қоймасының өмірлік циклі
- •4.3 Ақпараттық жүйесін жобалау ерекшеліктері
- •4.4 Инфологикалық үлгілеудің əдістері
- •4.5 Қалыпты формалар (пішіндер) əдісі
- •5 Тарау. Ақпараттық жүйені қорғау теориясы
- •5.2 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- •5.3 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
- •6 Тарау. Ақпараттық жүйені кодтаудың негiздерi
- •6.1 Сигнал мен каналдың физикалық сипаттамасына сәйкестік
- •6.2 Хабарлама және байланыс каналдар қайнар көзінің статистикалық қасиетіне сәйкестік
- •6.3 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының моделі
- •6.4 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының өткізу мүмкіндіктері
- •6.5 Уақыт бойынша дискреттеу
- •6.6 Котельников теоремасы бойынша есептеулердің дәлдігін таңдау
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау.
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар.
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Ақпараттық жүйенің теориялық негіздері
3 Тарау Аутоматтандырылған ақпараттық жүйелерді синтездеу әдістері
3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
3.2 Лингвистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету
3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
Қазіргі жаңа технологияларды оқып - үйрену әдiстемесiне автоматты жобалаудың техникалық жүйесінің кешені жатады. Ол- ұйымдастыру-техникалық жүйе, автоматтандыру құралдарының кешенi болып табылады. Жобалаудың құралдар кешенің қамтамасыз етудiң бірнеше түрлерiмен жүзеге асырылады: техникалық, программалық, ақпараттық, математикалық, лингвистикалық, ұйымдастыру, әдiстемелiк.
Техникалық құралдар мәлiметтердi әзiрлеудi және мәндердi енгiзу, деректердi берудi, программалық деректердi өңдеудi, бейне және құжаттауды,мұрағаттық жобалық шешiмдердi жүзеге асыра отырып,ЭЕМ-да қолданылады. ЭЕМ желiсінің бiрiккен базасындағы конструкторлардың автоматты жұмыс сипатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Автоматты жобалаудың техникалық жүйесінің ең маңызды элементтерiнiң бiрi машиналық орындауы болып табылады,яғни қажеттi бағдарламаларының жиынтығы құрайтын программалық қамтамасыз ету жүйесінің қатарына жатады.
Программалық қамтамасыз ету- бұл ЭЕМ-нiң базасында басқару түрінде ұйымдастырылған жүйе. Автоматтандырылған жобалаудың ЭЕМ-нiң басқару жүйесiнiң құралдарымен басқарылған. Болашакта жобалаудың жеке есептерiнiң шешiмiн және қолданбалы программалардың жобалық процедураның орындалуын, машина бағдарламаларының жиынтығын, қажеттi ұсынатын пакеттерi үшiн қолданбалы программалардың кiтапханасын қарқынды жүзеге асырылуын зерттеп, қарастырылуда.
Программалық қамтамасыз ету жүйесі бағдарламалық жобалау процесінде кең қолдануда. Олар ЭЕМ-нің басқару жүйесiмен және қолданбалы программалардың пакеттерiмен бiрiгiп автоматты жобалаудың басқару жүйесінде бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Математикалық қамтамасыз ету математикалық әдiстер, үлгiлер және жобалаудың алгоритмінің жиынтықтығын құрайды.
Өйткенi қамтамасыз етудiң математикалық өңдеудің негiз болып табылады. Математикалық әдiс жобалаудың нақты есебiнiң және орнату шешiмiнiң әдiсiн анықтайды. Әдiстердiң жиынтығы жобалаудың әдiстемесiн құрайды. Математикалық әдіс теңдеулер, теңсiздiктердiң түрiндегi есептiң шартын ұсынады. Алгоритмдардік есептiң шешiм үшiн ұйғарымдардың жиынтықтарын құрастырады.
Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық құралдардың кешенін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.
Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:
басқару процестерін модельдеу әдістері;
басқарудың типтік есептері;
математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.
Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.
Жүйелік программалық қамтамасыз ету тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық құралдармен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.
Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.
Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.
Құқықтық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйені қалыптастырудың сатыларына мыналар жатады:
ақпараттық жүйе статусы;
персонал құқығы, міндеті мен жауапкершілігі;
басқару процестерінің жеке түрлерінің құқықтық жағы;
ақпаратты құру мен пайдалану реті және т.с.с.
Синтез түсінігі синтез есептері деп аталатын есептерді шешу процестеріне сәйкес келеді. Бұл есеп анализ есептеріне қарағанда қарама-қарсы жүйе құру кезінде өте маңызды: жүйе функциясы берілген, жүйе құрылымын табу болып табылады.
3.2 Лингвистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету
Лингвистикалық қамтамасыз ету жобалаудың тiлдік құралдарын бiрлестiредi: термин және анықтаулар, қысу және автоматты жобалаудың орындауы үшiн қажеттi мәтiндердiң жазуының әдiстерiн орындайды. Жобалаудың тiлiдік нышанда және жобалаудың объекттерiнiң сипаттамаларының құрастырылу ережесін сипаттайды.
Бiрiншi кезеңіңде автоматты жобалауларына ЭЕМ-нің басқару жүйесінің көрсетiлген программалау тiлдерiмен қанағаттандырылады. Автоматты жобалау үшiн жие қолданылатындары мыналар: Фортран, Турбопаскаль, Делфи және т.б.
Алдағы уақытта құрылымы арнайы тiлдер және олардын ішінде график және мәтiндiк мәлiмет түрінде желдіру деңгейі көрсетілсе, бұл сипаттаманың сақталуы тәуелсiз жобалаудың объектiлері туралы геометриялық және мәтiндiк мәлiметтердiң сипаттамасы үшiн қолданылатын ұсынысының оларды ара-арасында қарқынды жүзеге асырылғандығын көруге болады.Автоматты жобалауды дамыту үрдісі бойынша ЭЕМ мен адам арасында диалогтiк тiлде жаңа жүйенің бағдарламасынің нәтижесін көруге болады. Олар уақытпен кәдiмгi сөйлеу тiлдерiне бiртiндеп жақындатылып, ауыз екi сөздiң формасында жұғыса жүргізілді.
Ақпараттық қамтамасыз ету автоматты жобалаудың орындауы үшiн қажеттi мәлiметтердiң жиынтығы құрайды. Мәлiметтердiң санына техниканың дамытуы жетістігі туралы ғылыми мақала, болжамдар, зерттеу, авторлық куәлiк және патенттер, аяқталған жобалық өңдеулер, стандарттар, нормативтер жатады, яғни барлық конструкторларды,жаңа техниканың объекттерi өндей бiлуi жобалау процессiнде негiзге алуы керек.
Қазiргі ақпараттық қамтамасыз етуi автоматты жобалаудың барлық ақпараттық қорлар үшін, деректер қорына қамтамасыз ететiн бағытталған ақпараттық массив және программалардан тәуелсiзiнiң өзгерiстерін енгiзу жүргiзіледі. Жобалаудың iшкi жүйелеріне негiзгi жобалық процедуралар және операциялардың орындалуын, яғни объекттiнің сипаттамасы - жеке құжаттардың түрiндегi ұсынуға және басқаға бiр жобалық процедурадан сақтауға, iздестiру және мәлiметтiң берiлулерiн қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Дәл қазiргі таңда автоматты жобалаудың техникалық жүйесі iшкi жүйелердiң жұмыс iстеуде жүйесінде дүниелiк тәжiрибеде дәлелденуде. Олар авиақұрылыс, кеме салу, автомобиль шығару, станок жасауларда айрықша дамуы үстінде. АҚШ және Жапония елдерінде машина жасау бұйымдарының жартысы автоматтандырылған жобалаудың техникалық жүйесі арқылы жобаланады.Автоматты жобалау үшiн 200 жүйеден астам тұжырымдамалар жұмыс iстейді, яғни программалық және техникалық құралдармен, басқа жүйелермен бiрiктiру қабiлеттiлiктігі, өнiмдiлiк деңгейімен жобаланады.Түбегейлi жетiстiктер бiрi ретінде Ұлыбритания фирмаларын, Франция, Германия, Италия елдерін алуға болады. Бұл елдерде мемлекеттiк мекемелер,сонымен бiрге барлық шығындар 50% азаяды.
Бүгінгі күндерде автоматты жобалаудың техникалық жүйесінің кешені –ақпараттық жүйені жобалау объектілеріне жатады, функционалдық және қамтамасыз ету бөліктерінің дербес элементтерін немесе олардың кешендерін бағдарламалық түрде зерттеліп,автоматтандыру жүйелерімен қарастырылған .
Техникалық проекциялаудың әртүрлі аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын, деректер қорына қамтамасыз етуге, жобалаудың объекттерiнiң сипаттамаларының құрастырылу орындауға мүмкіндік береді. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болады. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды, кадрлардың қайта ұйымдастыруды, оптимистiк болжамдарды, жобалаудың техникалық жүйесін біршама жеңілдетеді,яғни қазіргі заман талабына сай жоғары деңгейдегі мамандарды компьютерлік бағдарламаларда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық құралдарының комплексі.
Техникалық құралдар кешені мыналарды құрайды:
кез келген модельді компьютерлер;
ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;
мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;
өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;
эксплуатациялық материалдар және т.б.
Құжатнамамен алдын-ала техникалық құралдар таңдап алынып, оларды эксплуатациялауды ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процестері безендіріледі. Құжатнаманы келесі үш топқа шартты түрде бөлуге болады:
жалпыжүйелік, техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды қосады;
арнайы, техникалық қамтамасыз етуді құрастырудың барлық сатылары бойынша әдістер кешенін құрады;
нормативті-анықтамалық, техникалық қамтамасыз ету бойынша есептеулерді орындау кезінде қолданылады.
4 тарау. Ақпараттық жүйені жобалау
4.1 Ақпаратты ұсыну үлгілері
4.2 Деректер қоймасының өмірлік циклі
4.3 Ақпараттық жүйесін жобалау ерекшеліктері
4.4 Инфологикалық үлгілеудің əдістері
4.5 Қалыпты формалар (пішіндер) əдісі
Деректер қоймасын жобалауға оның құрамы мен құрылысын, сыртқы ақпараттық қамтамасыздандыруын, деректерді өңдеу технологиясының үрдістерін, деректер қоймасын жасауға қажет деңгейдегі бағдарламалық қамтамасыздандыруын жəне де ұйымастыру-əдістемелік құжаттар мен қолданушыларға арналған нұсқауларды енгізу керек. Деректер қоймасын жобалау деп деректер қоймасының құрамын анықтау жəне оның ДҚБЖ құралдарын қолданып сипатын жасау.
