- •1 Тарау. Ақпараттық жүйе теориясы
- •1.2 Қазіргі замануи ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері
- •Индекстеу
- •1.3 Аутоматтандырылған жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі
- •2 Тарау. Ақпараттық теория негіздері және сигналдардың теориясының негiздерi
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы.
- •2.2 Жүйелік талдау.
- •2.1 Жүйе теориясының терминологиясы
- •2.2 Жүйелік талдау
- •3 Тарау Аутоматтандырылған ақпараттық жүйелерді синтездеу әдістері
- •3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
- •3.2 Лингвистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету
- •3.1 Программалық және математикалық қамтамасыз ету
- •4.1 Ақпаратты ұсыну үлгілері
- •4.2 Деректер қоймасының өмірлік циклі
- •4.3 Ақпараттық жүйесін жобалау ерекшеліктері
- •4.4 Инфологикалық үлгілеудің əдістері
- •4.5 Қалыпты формалар (пішіндер) əдісі
- •5 Тарау. Ақпараттық жүйені қорғау теориясы
- •5.2 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты
- •5.3 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері
- •6 Тарау. Ақпараттық жүйені кодтаудың негiздерi
- •6.1 Сигнал мен каналдың физикалық сипаттамасына сәйкестік
- •6.2 Хабарлама және байланыс каналдар қайнар көзінің статистикалық қасиетіне сәйкестік
- •6.3 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының моделі
- •6.4 Үздіксіз және дискретті байланыс каналдарының өткізу мүмкіндіктері
- •6.5 Уақыт бойынша дискреттеу
- •6.6 Котельников теоремасы бойынша есептеулердің дәлдігін таңдау
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау.
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар.
- •7.1 Кедергі тұрақтылық кодтау
- •7.2 Сызықтық топтық кодтар
- •Глоссарий
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Ақпараттық жүйенің теориялық негіздері
4.2 Деректер қоймасының өмірлік циклі
Деректер қоймасы жүйелерінің өмірлік циклі оның уақыт өте даму кезеңдерін сараптауға негіз болады. Деректер қоймасының өмірлік циклі жалпы жағдайда екі фазадан тұрады деп қарастыруға болады:сарапату жəне жобалау; іске асыру жəне қолдану. Осы мағынада аталған фазалар келесі кезеңдерден тұрады.
Жобалау кезеңдерінің ішіндегі ең қиын жəне де уақытты көп қажет ететін кезең – «Талаптарды сипаттау жəне сараптау» кезеңі болып табылады. Бірақта, бұл кезең өте маңызды кезең, себебі осы кезеңде жиналған мəліметтердің келесі жобалау кезеңдеріне тигізетін əсері өте зор болады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – барлық белгілі жəне болашақ пайдаланушылардың деректер қоймасына қоятын талаптарын жинастыру, олардың мазмұны мен деректерді өңдеу үрдістерін анықтау. Талаптарды сараптау əрекеті барлық пайдаланушылардың мақсаттарын жəне ұжымдағы ақпарат ағымдары туралы ұсыныстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Инфологиялық үлгілеу кезеңінің негізгі мақсаты, барлық пайдаланушылардың талаптарын біріктіру арқылы, ДҚБЖ-нен тəуелсіз ақпараттық құрылымды жасау. Алынған нəтиже, техникалық құрылғар мен ДҚБЖ-нен тəуелсіз болғандықтан, концептуалдық сызба деп аталады.
Логикалық жобалау кезеңі екі бөлшектен тұрады: деректер қоймасын жобалау жəне бағдарламаларды жобалау. Логикалық үлгілеу нəтижесінде белгілі ДҚБЖ қолдануға бейімделген деректер сипаты мен сызбасы жасалады. Логикалық сызба таңдап алынған ДҚБЖ-нің тілдерін қолдану арқылы істеледі. Бағдарламаларды жобалаудың негізгі мақсаты, ДҚБЖ-нің сұраныс тілінің мүмкіндіктерін қолдану арқылы пайдаланушылардың сұраныстарын іске асыратын бағдарламаларды жасау.
Физикалық жобалау кезеңі де екі бөлшектен тұрады: деректер қоймасының физикалық құрылымын жасау жəне сұраныстарды іске асыратын бағдарламалардың жұмыс істеу үрдістерін баптау. Нəтижесінде, қолдануға толық деңгейде дайын деректер қоймасының құрылымы жасалады.
Деректер қоймасын іске асыру кезеңінде алдыңғы кезеңдерде жасалған деректер қоймысының құрылымы мен бағдарламаларды қолдану арқылы деректер қоймасына пайдаланушылардың деректерін жүктеу. Бұл мəселені шешу үшін бұрынғыда қолданылып жүрген ақпараттық жүйелердегі деректерді жаңадан құрылған деректер қоймасының талабына сəйкес өзгертіп, оларды деректер қоймасына енгізу əрекеттерін іске асыру керек.
Жұмыс үрдісін сараптау жəне қолдау кезеңінде деректер қоймасының жұмыс істеу үрдістері туралы статистикалық мəліметтер жиналады жəне осы
мəліметтерді сараптау арқылы деректер қоймасының жұмыс істеу жылдамдығы мен тиымдылығын жоғарлататын əрекеттер жоспарланады. Деректер қоймасын қолдау деңгейінде орындалатын əрекеттер оның логикалық жəне физикалық бүтіндігін қамтамасыз етеді, жəне де əр түрлі іркілістерден кейін оны қайтадан жұмыс бабына келтіреді.
Өзгерту жəне бейімдеу кезеңінде деректер қоймасының жобасына жаңадан туындаған талаптарға сəйкес өзгерістер енгізіледі, жəне де алдыңғы кезеңде алынған нəтижелерге сүйене отырып деректер қоймасының құрылымына оның жұмыс істеу жылдамдығын жоғарлатуға бейімделген өзгерістер іске асырылады.
