Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казакша лекциялар( толык аударылмаган).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

Тақырып: «Автомобильдерді және оның агрегаттарын бөлшектеу және жуу, тазалау жұмыстары».

Жұмыстың мақсаты:

1. Бөлшектеу жұмыстарын ұйымдастыру.

2. Жуу-тазарту жұмыстарының маңызы.

3. Жөндеу обьектісін жуу және әртүрлі майлардантазарту.

4. Бөлшектерді қақтан, күйіктерден , коррозия мен ескі сырлардан тазарту.

1. Бөлшектеу – жөндеу обьектісін (автокөлік немесе оның аграгатын) құрамалы бірліктер мен бөлшектерге ажыратуға арналған операциялар жиынтығы.

Автокөліктер мен оның агрегаттарын жөндеу жұмыстары кезіндегі бөлшектеу жұмыстарының еңбексыйымдылығы барлық жөндеу жұмыстарының 10-15% құрайды, соның ішінде жұмыс күші 60% бұрандалы қосылыстарды шешуге кететін болса, 20% пресстеп қосылатын қосылыстарға кетеді.

Бөлшектеудің технологиялық үрдістері автокөлік жөндеу мекемелеріне бөлшектердің 70% жуығын қайтадан пайдалануға мүмкіндік береді. Жөндейтін мекмелер үшін жарамды бөлшектер өз бағасының 6…10% жуығын құраса, ал жөнделінген бөлшектер 30…40%, ауыстырылған бөлшектер 110…150% құрайды.

Бөлшектеуді ұйымдастыру негізі бойынша:

  • Стационарды(тұрақты);

  • жылжымалы (толассыз ) болады.

Автокөліктерді құрамалы бірліктерге стационарды бөлшектеу бір жұмыс орнында іске асады. Көліктердің агрегаттарын шешу стационарлы стендтерде жүргізіледі.

Мамандандырылған көлік жөндейтін мекемелерде жұмыстар толассыз жүргізіледі. Бөлшектеудің бұл әдісі артықшылығы төмендегідей:

  • арнайы посттардағы қайталанатын операцияларды жинақтау;

  • біртектес құрал-саймандарды пайдалану санын 30% жуық қысқарту;

  • технологиялық жарақтануды қолдану қарқынын 50%;-ға арттыру;

  • жұмысшылардың еңбек өнімділігін 20%.-ға арттырады.

Бөлшектеу аймақтарында механикаландыру төмендегідей жүргізіледі

  • бөлшектеу үрдісі ағындық әдіспен құрылады;

  • агрегаттар, құрама бірліктер алдын-ала тазаланып (майларда немесе әртұрлі лас заттардан) жуылуы тиіс;

  • агрегаттар мен құрама бірліктерді тасымалдау максималды түрде механикаландырылады.

Бөлшектеу жұмыстары негізгі және көмекші элементтерден тұрады.

Негізгі элементтерге бөлшектеу жұмыстарының басым бөлігіне жуық уақыта алатын бұрандалы немесе пресстеп қосатын қосылытарды шешу операцияларын жатқызылады.

Көмекші элементтерге ол тасымал жұмыстары, құрастыру, орнату, сондай-ақ өнімді және оның агрегаттарын бекіту жұмыстары жатады.

Автокөліктерді бөлшектеу арный және әмбебап стендтер мен құрал-жабдықтарды пайдалан отырып технологиялық үрдіс картасы бойынша жүргізіледі.

Автокөліктерді және олардың агрегаттарын бөлшектеу төмендегідей жүзеге асырылады:

  • ең бірінші қорғаушы мен жеңіл бұзылатын бөліктерін ағытады(электрқұрылғылар, отын және май жүретін шлангаларды және т. б.) содан кейін құрамалы бірліктерін (радиатор, кабина,қозғалтқыш) ажыратып оларды тазартуға жібереді.

  • Агрегаттарды (гидрожүйелер, электржабдықтар, отын аппаратуралары, пневможүйелер және т.б.)

2. Жөндеу обьектісін жуу-тазарту жұмыстары өз кезегінде жөндеу жұмыстарының сапасын арттырып, және жұмысшылардың жеке бас тазалағын қамтамасыз етіп, жұмыс өнімлігіне де оң әсерін тигізеді.

.

Жуу-тазалау жұмыстарын келесідей кезеңдерге бөлуге болады:

  • шассиді жуу;

  • Шешілген агрегаттарды жуу;

  • Бөлшектерді жуу және тазалау.

3. Жуу және майды кетіру жұмыстарының мәні майланған бөлшектердің беткі қабатын ластанған майтектес заттардан тазарту. Бұл үшін тазалау құралдарын және арнайы жабдықтарды пайдаланады(лабомид және каустика ерітіндісі мен кальциленген сода).

Бөлшектерді майдан тазартатын жуғыш ерітінділердің көптеген түрлері бар:

Компоненттер

Бөлшектерді жууға арналған ерітінділердің құрамындағы компоненттер, %

Шойын мен болаттан жасалған

Алюминий құймасынан жасалған

1

2

3

1

2

Кальциленген сода

5,50

-

10,00

-

1,00

Компоненттер

Шойын мен болаттан жасалған

Алюминий құймасынан жасалған

1

2

3

1

2

Каустикалықя сода

0,75

2,00

00,00

0,10-0,20

-

Тринатрий фосфат

1,00

5,00

-

-

-

Натрий нитраты

-

-

-

0,15-0,25

-

Сұйық әйнек

-

3,00

-

-

-

Хромчик

-

-

0,10

-

0,55

Иіс сабын

0,15

-

-

-

-

Бөлшектердегі асфальттан қалған қыртыстарды кетіру үшін ерітінділер мен аралсатырушы эмульсиялаушы құралдарды пайдаланады.).

Хлорланған

Ароматикалық

Шекті

тетрахлорэтилен, трихлорэтилен, хлорлы метилен, дихлорэтан

ксилол

Дизель жанармайы , керосин, бензин, Уайт-спирит

4. Бөлшектерді күйелерден, тұрып қалған қақтардын және коррозиялық заттардан механикалық, термохимиялық және құрамдасқан әдістермен тазартады.

Механикалық тазарту – металдан жасалған щеткалар, металический песок, гидропесконструйная обработка.

Термохимиялық әдіс – бөлшектерді сілтілі ерітіндіде тазарту.

65% - күйдіргіш натрий,

30% - азотқышқылды натрий,

5% - хлорлы натрий.

Тазарту жұмыстары үшін ОМ-944 және ОМ-5458 құрылғылары пайдаланылады.

Құрылғы 4 ваннадан тұрады:

1 – сілтілі ерітінді 5-10 мин. => лас заттардың еруі ;

2 – ағынды су => температураның түсуі, будың түзілулері күйе мен қақтардың жұмсаруына әсер етеді;

3 – қышқылмен жуу => бөлшек беттерінің тазаруы және қалдық сілтілерді бейтараптандыру=> фосфор қышқылы 85кг/м³ + хромды ангидрид

tº = 30±5 ºC;

Жалпы уақыты 20-25 минут.

Құрамдастырылған әдіс – ультрадыбысты, виброабразивті және электрогидравликалық әдісті қолдану.

Электр құрылғыларды тазалау үшін керосин мен бензин кейде ерітінділерді де пайдалануға болады:

8% минералды майлар;

1% күкіртті қышқылы;

Қақты тринатрийфосфат ерітіндісімен (3-5 кг/м³ сумен) және 8-10% тұзды қышқылмен кетіреді.бөлшектерді коррозиядан қорғау үшін 3-4 г/л техникалық уротропин қосады. Ерітіндінің температурасы 50-60 ºС, жуу уақыты 50-70 мин.

Ескі сырды каустикалық соданың (tº 80-90 ºС кезіндегі 80-100 кг/м³) сілтілі ерітіндісімен кетіреді. Тазарту жұмысының уақыты 60-90 мин. Содан кейін ваннада ыстық сумен шаяды.

Сырды әртүрлі ерітінділермен тазартады, тазарту уақыты 5-30 мин., шығын 0,15-0,25 кг/м².Ерітінді Р-4, № 646, 647.

Консервационды майлардан тазарту – лабомид 101 =>10 кг/м³, tº = 80-90 ºС.

Техникалық ластанулардан тазарту (шаң, жоңқа, майлағыш эмульсия) 0,4-0,6 МПа қысымда арқылы ведут в машинах струйного типа под давлением 0,4-0,6 МПа, тринитрофосфат или нитрат натрия (3-5 кг/м³), при tº = 75-85 ºС.

Жуу-тазалау жұмыстарының сапасы бөлшектердің лас қабатын толықтай тазалаумен бағаланады. Бақылау түрі визуалды түрде бөлшекті салфеткамен немесе арнайы қағазбен сүртіп тексеру арқылы және ультракүлгін сәуле түсіру арқылы бағаланады..

Сурак . Бөлшектерді іріктеу және ақауларын табу үрдісі