Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казакша лекциялар( толык аударылмаган).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

Тема: «Бөлшектерді іріктеу және ақауларын табу».

Жұмыстың мақсаты:

1. Бөлшектерді іріктеу және ақауларын табу үрдісі.

2. Бөлшектердің ақауын сипаттау.

3. Бөлшектредің ақауларына арналған техникалық шарттар.

4. Бақылау әдістері.

1. Бөлшектің ақауы дегеніміз бөлшек параметрлерінің жұмысшы сызбадағы немесе техникалық шарттардағы мөлшерінен әртүрлі шамада ауыткуын айтады.

Бөлшектің ақауын сырттай бақылау арқылы, сондай-ақ арнайы тексеруші құралдар мен жабдықтармен арқылы тексереді. Нәтижелері бөлшектерді әртүрлі түспен белгілеу арқылы белгіленеді:

  • жасыл – жарамды;

  • қызыл – жарамсыз;

  • сары – қалпына келтірді қажет етеді.

2. Бөлшектерде ең көп кездесетін ақауларға төмендегілер жатады:

  • бөлшек беттерінің өлшемдері мен геометриялық формаларының өзгеріске ұшырауы;

  • бөлшек арасындағы өзара орналасуы дәлдігінің өзгеруі;

  • механикалық зақымдану;

  • коррозиялық зақымдану;

  • бөлшек материалының физико-механикалық қасиетінің озгеру.

1) Бөлшек беттерінің өлшемдері мен геометриялық формаларының өзгеріске ұшырауы қажалудың әсерінен болады. Егер бөлшек біркелкі қажалмаса бөлшек беті әртүрлі конус тәрізді, сопақ күйгеі(цилиндрлер гильзасы және иінді білік) және т.б. геометриялық формаға ие болады.

2) Бөлшектер арасындағы өзара орналасуы дәлдігінің өзгеруіне жататын ақаулар: цилиндрлік беттердің және осьтердің, жазықтықтардың ара қашықтықтарының озгерісі, цилиндрлік беттердің осьтерінің сәйкес келмеуі. Бұл ақаулардың пайда болу себептері төмендегідей: жұмысшы беттердің әртүрлі желінуі; бөлшектерді дайындау барысындағы пайда болатын ішкі күштеулер әсері;

3) Механикалық зақымдануға пайдалану барысындағы шектен тыс жүктеулер, яғни құжат бойынша рұқсат етілген жүктеуден асырып жіберу) пайда болған ақаулар және т.б жатады. Сондай-ақ материалдың тозуы(жарық, сынық, ойықтардың пайда болуы және иілу, майысу жатады.

4) Коррозиялық зақымдану ол қоршаған ортаның металға химиялық немесе электрохимиялық әсеріненің нәтижесінде болады. Олар көбінде тегіс тотығулар түрінде кездеседі немесе бөлшектің кейбір жерлерінде дақ, тотық нәтижесінде ойылған қуыс түрінде байқалады.

5) бөлшек материалының физико-механикалық қасиетінің озгеру көбінесе серпімді созылатын немес иілетін өнімдерде кездеседі. Мысалы серіппелердің өз қатаңдық қасиетін жоғалтуы.

3. Бөлшектерді іріктеу және ақауларын табу кезінде Күрделі Жөндеудің нұсқаулығы бойынша техникалық шарттарға сүйене отырып жүргізеді. Бөлшектің техникалық шартын карт түрінде құрастырады, оның ішінде төмендегідей мәліметтер болады:

  • бөлшек туралы жалпы мәлімет;

  • пайда болуы мүмкін ақау түрлерінің тізімі;

  • ақауларды анықтау әдістері;

  • ақауларды жою тәсілдер туралы ұсыныс.

бөлшек туралы жалпы мәліметке:

  • ақаулардың орнасқан жері көрсетілген бөлшектің эскизі;

  • негізгі өлшемдер;

  • материал;

  • негізгі беттердің қаттылығы .

Осы мәліметтердің барлығын сызбадан алуға болады. .

4. Ақауларды анықтау тәртібі:

  • бөлшекетерді сырттай қарап шығу. Көрінетін жарық(трещина), иілуді ойықтарды визуалды түрде тексеру

  • материалдың физико-механикалық қасиеттерінің озгерісін және жұмысшы беттерінің өзгерістерін арнайы жабдықтарда тексереді;

  • көрінбейтін(жасырын) ақауларды бақылау( көрінбейтін жарықшалар);

  • жұмысшы беттердің геометриялық формаларын және өлшемдерін тексеру.

1) Жұмыс беттерiнiң өзара орналасқан жерiн бақылау:

  • білік мойыншаларының осьтерінің сәйкес келмеуін(ненсоосность) бақылау;

  • тесіктердің осьтерінің сәйкессіздігін бақылау

  • центраралық қашықтықтың арасын және тесік осьтерінің параеллель еместігін тексеру

  • жазықтыққа тесік осьтерінің перпендикуляр еместігін тексеру.

2) бөлшек материалының физико-механикалық қасиетінің озгеруі бөлшек металының қаттылығы мен тығыздығының өзгеруі нәтижесінде болады. Ақаулар серпімді созылатын немес иілетін (рессор, серіппелерде) өнімдерде кездеседі. бақылау әмбебап аспаптарда жүзеге асырылады.

3) Көрінбейтін ақауларды келесідей тәсілдермен анықтайды: сығымдау, сырлау, люминесценциялау, магниттеу, ультрадыбысты тәсілдер.

Сығымдау әдісін көбінесе іші қуыс бөлшектердегі жасырын ақауларды анықтау үшін қолданады. Оны сумен(гидравликалық) немесе ауамен(пневматикалық) сығымдау арқылы тексереді.

Сырлау әдісі сұйық бояғыштардың өзара диффузиялық қасиетіне негізделген.

Люминесценттік әдіс заттарға ультракүлгін сәулесін түсіруі арқылы тексеруге негізделген.

Ақауды магниттеу әдісімен анықтау ферромагниттік материалдардан (болат, шойын) жасалған бөлшектерді магниттеу арқылы жүзеге асырылады.

Ультрадыбыстық әдісте ультрадыбыстар металдан жасалған өнімдерден өтіп, соның ішінде ақаулардан да, кері шағылысуына негізделген.

4) Жұмысшы беттердің геометриялық формаларын және өлшемдерін тексеру әмбебап аспаптар мен өлшегіштермен тексеріледі. Мысалы: микрометрлер, индикаторлы нутромерлер, штангециркульдер және т.б..

№5