Зерттеудің екінші күні
Шыныны термостаттан аламыз және өскен колонияларды санаймыз. Санау алдында қараймыз тек қана 30-300 арасындағы колониялары бар шыныны санаймыз. Егер колония көп емес болса, онда құралсыз көзбен немесе лупамен санаймыз.
Егер колония көп болса арнайы микроб колониясын санайтын прибор арқылы санаймыз. (сур. 54).
Саналған колонияларды ерітіндіге көбейтеміз және зерттеу суындағы 1 мл-дегі микробтар санын анықтаймыз.
ІТТБ (БГКП) анықтау
ІТТБ болуы фекальді ластанғанын интенсивті көрсеткіші болып табылады. Сур. 54. Микроорганизмдер колониясын санайтын прибор.
Коли-индекс— 1 л судағы ішек таяқшасының саны
Коли-титр — ең аз мөлшерде ішек таяқшасының анықталуы.
Судағы ІТТБ анықтау мақсатында екі әдіс қолданылады: титрациялық (бродильді) және мембранды фильтр әдісі.
Титрациялық әдіс
Суды зерттеу үшін жинақталу ортасы — глюкозопептонды (ГПС) Эйкман индикатормен ортасы және бродильді трубка. Ортаны араластырып (10 рет) және қалыпты концентрациясында – 1мл суды егуге дайындаймыз.
Зерттеудің бірінші күні
Зерттейтін суды араласқан 100 мл 3 колбаға, 10 мл 3 колбаға және қалыпты концентрациядағы 1 мл ортаға егеміз – барлығы 333 мл. Еккен соң 37°С 24 сағат инкубация жасаймыз.
1 Коли-титр және коли-индекс — бұл бір көрсеткіштер, тек әртүрлі көрсетілген.
Зерттеудің екінші күні
Егілгендерді термостаттан аламыз және жақсылап қараймыз.
Егерде колба немесе пробиркада лайлану байқалса онда Петри шынысындағы Эндо ортасына бак. ілмек арқылы алып егеміз. Еккеннен кейін 370С термостатта инкубация жасаймыз.
Зерттеудің үшінші күні
Шыныны термостаттан аламыз. Күдікті колониялардан жұғын жасаймыз.
Егер де грам теріс бактериялар анықталса оларды оксидазалық активтілігіне сынама қоямыз. Оксидазаның оң сынамасы теріс жауап береді.
Оксидаза сынамасы. 1-әдіс: Эндо ортасынан 2-3 колонияны аламыз және оларды диметилпарафенилендиаминмен қаныққан сүзгі қағазының үстіне жағамыз. Реакцияның оң нәтижесі колониядан алып штрих жасаған сызықтың көгеруі.
2-әдіс: шектелген Эндо ортасындағы колонияның үстіне реактивті құямыз (қызыл колония— көгереді) (сур. 55).
Оксидазаның теріс сынамасы суда ІТТБ бар екендігін анықтайды. Бұл жағдайда стандартты (эмпирических) МЕСТ 16963—73 кестесі бойынша коли-индекс және коли-титр саналады. (см. табл. 54).
Бұл кесте арқылы ішек таяқшасы анықталған қандай көлемдегі комбинация болса да қарастырады.
Мембранды фильтр әдісі
Суды фильтрациялау үшін сиымдылығы 700-800 мл Гольдман воронкасын қолдануға болады.
Зерттеудің бірінші күні
Сүзгілеу Зейтца құралына монтирленген (смонтированного) және тазаланған воронканы орналастырып зерттеу суының көлемін құямыз. Насос арқылы қабылдау тамырында вакуум қалыптастырамыз (көбінесе суды №2 және №3 фильтр арқылы сүзеді). Сүзгілеу аяқталған соң отқа күйдірілп тазалаған пинцет арқылы фильтрді аламыз және Петри шынысындағы Эндо ортасына фильтрді жабыстырамыз, себебі фильтр бетіндегі микробтар қоректік ортамен ластануы үшін (бір шыныға 3-4 мембранды фильтрді орналастыруға болады).
Еккен соң 370С термостатта 18-24 сағат инкубация жасаймыз.
Зерттеудің екінші күні
Егілген шыныны термостаттан аламыз. Күдік колониялар болмаған жағдайда теріс қорытынды беріледі.
Санауға барлық қызыл және күлгін металдық жылтыры бар немесе жоқ колониялар жатады. Өскен колониялардан жұғындайындаймыз және Грам әдісімен бояймыз. (сур. 56).
Егер де грам теріс бактериялар анықталса оларды оксидазалық активтілігіне сынама қоямыз. Оксидазаның оң сынамасы теріс жауап береді. Егер оксидаза тестісі теріс болса онда жартылай сұйық глюкозалы орта және индикаторлы орта немесе ГПС бродильді трубкалы ортаға егеміз – себебі көмірсутегінің қышқыл мен газға дейін ыдырауын анықтау үшін. Қышқыл мен газ түзілген жағдайда коли-индекс саналады. Мысалы: Эндо ортасындағы барлық фильтрден 3 колония өсті, фильтр арқылы 300 мл су жіберілген.
Есептеу. 300мл— 3 колония
1000 мл — х
х = 10 коли-индекс 10
Ескертпе. Титрациялық әдіс нақты және суды алған бетте есептеуге болады. Мембранды фильтр әдісі экономичный және 2-күні нәтижесін береді.
