Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Суды ауа топ санитарлы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

Қоректік орталар

Кесслер ортасы. 1 л дистилденген суға 10 г пептон, 50 мл бұқаның өтін қосамыз. Қоспаны қайнатамыз 20—30 мин, марле (вата) арқылы сүземіз, 10 г лактоза қосамыз және көлемін 1 л дейін жеткіземіз. рН 7,4—7,6 жеткіземіз. 4 мл 1% генциан фиоле­тінің сулы ерітіндісін қосамыз. Қайнатылған ортаны колба және пробиркаға құямыз. 0,5 атм (112°С) қысымда 15 мин стерильдейді. Орта күлгін түсті.

Бақылау сұрақтары:

1. Қай уақытта топыраққа санитарлық-бактериологиялық зерттеу жүргізіледі?

2. Топырақтың санитарлық-бактериологиялық ана­лизінде анықталатын анықтамалар?

3. Топырақтан сынама алу қалай жүргізіледі?

4. Топырақтағы ІТТБ қандай әдіспен анықтайды?

Тапсырма

1. Топырақтан 1:10 ерітіндісінен бастап 1:100, 1:1000, 1:10 000 ерітінді дайындаңыз және сол ерітіндідегі топырақ сынамасының микроб санын анықтаңыз.

2. Оқытушыдан дайын топырақтан егілген Вильсон-Блер ортасын алып, С. perfringens титрін анықтаңыз. Колониядан жұғын жасаңыз, Грам бойынша бояыңыз. Жұғындағы С. perfringens микроскоп арқылы анықтап оқытушыға көрсетіңіз. Микроскоп қорытындысын дәптерге салып және жазыңыздар.

Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу

Қоршаған ортаның ішінде адамға әсер ететін факторлар ішінде ауа маңызды роль атқарады. Ғылым, ауа микрофлорасын зерттейтін ғылымды - аэро мик­робиология.

Ауа микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта емес, онда қоректік заттар жоқ және үнемі қозғалыста болады. Сондықтан көптеген микроорганизмдер ауада тез жоғалады. Ал, кейбіреулері осыған төзімді келеді, мысалы, туберкулез таяқшасы, клостридия спорасы, саңырауқұлақтар және басқалар, кейде ұзақ уақытқа дейін сақталады.

Қаланың ауасында микроорганизмдер көп, орман мен далаға қарағанда.

Микроорганизмдер саны жоғарлаған сайын азаяды. Мысалы, Москваның 500 м биіктігінде 1м3 ауасында 2-3 бактерия анықталған, ал 1000 м биіктікте – екі есе аз кездескен.

Ашық жерлерге қарағанда мекемелерде микроорганизмдер саны көп болады.

МЕСТ бойынша ауаны зерттеу әдістері жоқ. Бұрынғы уақытта көңілді гемолитикалық стрептококқа бөлді, оны жабық бөлмелердегі ауаның ластану көрсеткіші деп есептеді, себебі олар адамның мұрын қуысында кездеседі. Қазіргі уақытта ауадағы патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді анықтауға көп көңіл бөледі.

Ауаны санитарлық-бактериологиялық зерттеу жоспар бойынша жүргізіледі: ауруханада, операциялық, балалар мекемелерінде және т.б.

Санитарлық-бактериологиялық зерттеуде анықталады:

1. 1 м3 ауадағы жалпы микробтар саны.

2. 1 м3 ауадағы патогенді және шартты-патогенді микро­организмдер саны.

Ауадағы микроорганизмдерді анықтау үшін арнайы құралдар мен арнайы орталар қолданылады (диаг­ностикалық және дифференциальды-диагностикалық).

Ауадан сынама алу әдісі

Ауаны зерттеуге арналған негізгі екі әдіс бар: 1) седиментациялық—микроорганизмдердің механикалық жолмен түсуіне арналған; 2) аспирациялық — ауаны активті түрде соруға негізделген (бұл әдіс арқылы бактериялардың сандық және сапалық деңгейін анықтауға болады).

Седиментациялық әдіс

Петри шынысындағы ЕПА қоректік ортаны еденнен әртүрлі деңгейде горизантальді түрде ашып қоямыз. Әдістің негізі бактерияныңқоректік ортаның бетіне механикалық жолмен түсуі негізделген. Ауаның ластану деңгейіне байланысты Петри шынысын 10 – 20 мин қалдырамыз. Патогенді флораны анықтау үшін элективті орталар қолданады. Бұл кезде экспо­зиция уақыты 2-3 сағатқа созылады. Экспозициядан кейін шыныны жабады да лабораторияға жеткізіп онда 370С 24 сағатқа қояды. Келесі күні өскен колонияларды тексереміз. Бұл әдіс көбіне жабық мекемелерде қолданады.

Аспирациялық әдіс

Бактерия ұстаушы Речменскиидің. Жұмыс басында құралды стерильді содамен толтырамыз. Осы құрал арқылы аспиратормен ауаны сорамыз. Бұл уақытта құралда сұйықтық болады. Жұмыс соңында ауаны өткізген сұйықтықты сорып аламыз, Петри шынысындағы 0,1-0,2 мл ЕПА егеміз. Керек болған жағдайда мөлшерін көбейтіп (0,3-0,5 мл) элективті ортаға егеміз. Қабылдағышта қалған сұйықтықты жануарларды зақымдауға болады. (мысалы, зерттеу барысында вирустар немесе риккетсияны анықтау үшін және т.б.).

Дьяконов құралыда сұйықтық арқылы ауаны өткізіп бактерияны анықтауға негізделген.

ПАБ-1 құралы аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі ауаны бактериологиялық зерттеуге бағытталған. Ауадан сынама алу үшін оның жылдамдығы 125/150 л/мин болуы керек. Құралдың жұмыс негізі микроорганизмдерді қарсы зарядтағы электрод арқылы ұстауға негізделген. Бұл құралдың ауаны тез сору жылдамдығы және әртүрлі қоректік ортаға егіп патогенді және шартты-патогенді бактерияларды анықтау мүмкіншілігі жоғары (мысалы хирургиялық бөлімнен көкіріңді таяқшаны анықтау)

Кротов аппараты. Жұмыс принципі сорылған ауаның тікелей Петри шынысына түсуі. Аппарат үш бөліктен тұрады: ауадан сынама жинауға арналған өрмек (узла), ротаметр, механизмді қалыптастыратын электр бөлігі.

Ауаны зерттеу үшін жылдамдығы 4000-5000 об/мин айналатын желдеткіштің көмегімен құрал ауаны сорады және сол мезетте қоректік ортасы бар Петри шынысының бетіне тиеді. Ауа құрамындағы микроорганизмдер қоректік агардың бетіне қонады. Микроорганизмдердің толық әрі біркелкі таралуы үшін шыныны айналдырып отырамыз. Құралға ауа ауа өткіш трубка арқылы өтеді, ол ротаметрмен байланысқан, ол ауаның жылдамдығын көрсетеді.

Кротов аппаратының кемшілігі, электроэнергияны қажет етеді, сондықтан оны барлық жағдайда қолдану мүмкін емес.

Зерттеудің бірінші күні

Алынған сынаманы 370С 18-24 сағат термостатта қалдырамыз.

Зерттеудің екінші күні

Шыныны термостаттан алып өскен колонияларды санаймыз. Жалпы ауаның бактериальді ластанғанын анықтағаннан соң 1м3 ауадағы микробтарды есептеу.

Есептеу. Мысалы, 125 л ауаны 10 мин өткіздік, ал беткейінде 100 колония өсті.

1м3 ауадағы микробтар саны- 100x1000 =800

125

Алтын тәрізді стафилококкты анықтау үшін сарысулық тұзды агар қолданады. Егілгеннен соң 370С 24 сағат термостатта инкубация жасаймыз және 24 сағат бөлме температурасында қалдырамыз себебі пигментті анықтау үшін. S.aureus-ке күдікті колонияларды әрі қарай зерттейміз.

Балалар мекемелерінде ауаны салмонеллаға тексереді. Бұл үшін ауаны висмут-сульфитті агарға егеміз.

Жабық бөлмелерде эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша бактерия мен вирустарды анықтаймыз. Туберкулез қоздырғышын анықтау үшін ПОВ құралы қолданады, ал ортадан Школьников ортасы қолданады.

Бақылау сұрақтары

1 Ауа миркоорганизмдердің өсуіне қолайлы орта ма?

2. Қандай мекемелерде ауа микрофлорасын жоспарлы түрде тексереді?

3. Кротов аппаратының құрылысын айтыңыз.

Тапсырма

250 л ауа 10 мин өткізілді. 150 колония өсті. 1м3 ауадағы микробтарды анықтаңыз. Тапсырма

ЕПА ортасы бар 4 Петри шынысын алыңыз, еденнен әртүрлі деңгейде орналастырыңыз. 20 мин соң жауып, термостатқа қойыңыз. Келесі күні өскен колонияларды санап, ауаның ластанған деңгейін анықтаңыз.

11