- •1)Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •4)Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдері.
- •5)Дүниенің ғылыми суреті (нкм) және ғылыми революцияның тарихи түрлері.
- •11)Физика заңдарының классификациясы
- •13)Термодинаканың үш заңы. Энтропия ұғымы.
- •14)Электродинамикадағы эфир мәселесі
- •15)Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты туралы. Жарық кванты ұғымы.
- •16)Кванттік механика мен статистикалық механиканың негізгі концепциялары
- •17)Кеністік пен уақыт, материя туралы а.Эйнштейннің ілімі
- •18. Астрофизикалық және космологиялық концепциялар.
- •19. Кванттық физиканың негізгі концепциялары.
- •20. Эйнштейннің салыстырмалы теориялары.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар
- •24. Философия мен ғылым арасындағы байланыс
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •26.Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •27.Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •28.Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •29.Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •30. Кеңістік және уақыт туралы түсініктердің дамуы
- •31)Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •32)Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •34)Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •35)Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •36.Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау.
- •37.Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәнін беріңіз.
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •39. Әлемнің бейстационарлық моделіне сипаттама беріңіз.
- •40. Тіршіліктің генезисі мен эволюциясы мәселесін талдау.
- •41. Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланысты талдау.
- •43. Материяның атомдық концепциясына сипаттама беріңіз.
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •45. Термодинамиканың екінші бастамасы мен даму мәселесін талдаңыз.
- •46. Хх ғ. Вакуум концепцияларын талдаңыз.
- •47.Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.
- •48.Космологиядағы “құрдым” мәселесін талдау.
- •49.Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •50.Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғатына сипаттама беріңіз.
- •51.Толқындық функцияның физикалық мағынасын талдау.
32)Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
Біздің Әлемді қандай болашақ күтіп түр? Өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап ғалымдар Әлем эволюциясының модельдерін ұсына бастады. Сондай бір модель бойынша Әлемнің ұлғаюы оның қайтадан сығылуымен алмасады да, Әлемнің дамуы тоқтайды. Ал басқа бір болжам бойынша Метағаламның ұлғаюы бірнеше миллиард жылдардан кейін сығылуға алмасады, содан кейін қайта ұлғая бастайды. Үшінші бір гипотеза бойынша Әлемнің ұлғаюы мәңгі жалғаса береді.Осы үш гипотезаны талдай отырып, ғалымдар "біздің Әлемнің және басқа әлемдердің болашағы осы әлемдегі заттардың тығыздығына байланысты" деген үйғарымға келді. Егер біздің Әлем заттарының тығыздығы белгілі бір тығыздықтан, айталық, сындық тығыздықтан (1028 кг/м3) артық болса, онда біз жабық немесе циклді Әлемде өмір сүрудеміз. Ерте ме, кеш пе гравитация кеңеюді тоқтатып, Әлем сығыла бастайды. Галактикалар өздерінің жеке күйлерін сақтай алмайды, демек, жұлдыздар жарылады, сөйтіп, аспан жап-жарық болып жарыққа толады. Ақыр аяғында, барлық материя шарға жиналады, кезінде бәрі де осыдан басталған еді. Егер заттардың тығыздығы сындық тығыздықтан төмен болса, онда Әлем шексіз кеңейе береді. Барлық жұлдыздардың жарығы уақыт өткен сайын шашырайды. Сөйтіп, галактикалар қараңғыға сіңіп жоғалады. Әлемнің жарылыстан кейін пайда болғанын (реликтивтік сәуле шығару, галактикалардың алшақтауы, т.б.) дәлелдеумен қатар Әлемнің тығыздығын және оның массасын анықтау ғылымның казіргі даму сатысында өте қиын және әзірге шешілмеген мәселе. Сондықтан да біз қазір анық қандай Әлемде (жабық па, ашық па немесе циклді ме) өмір сүріп отырғанымызды анық айта алмаймыз.
33)Химияның негізгі концепцияларының мәнін талдаңыз.
Адамзат баласы ежелгі уақыттан бастап табиғатты басқарудың, ұзақ өмір сүрудің, байлық пен молшылыққа жетудің негізгі жолдарын химия ғылымымен байланыстырды. Мыңдаған жыл бойы философия тасын іздеудің өзі – осыны дәлелдейді.Адамзат химиямен екі түрлі формада байланыс жасайды. Біріншісі – химиялық процестер мен адамзаттың тіршілік етуі, адам баласы сусыз, оттегісіз, қоректік зат есебінде қолданылатын химиялық қоспаларсыз тіршілік етуі мүмкін емес.Бұдан басқа адамзат химиямен материалдық өндірісте байланысқа түседі. Ал бұның өзі табиғат пен қоғамдағы байланысты тудырады. Химиялық технология заттың ішкі белсенділігін пайдалана отырып, механикалық және органикалық дүниенің арасында аралық орын алады.Ежелгі уақыттан басталған химизациялау процесі ХХ ғасырда өз шыңына жетті.«Адамзат – табиғат» жүйесінде жасанды жолмен алынған, өңделген, өзгертілген заттар толыққанды, негізгі элементтерге айналды.Полимерлердің синтездеу заттардан қасиеттері жаңартылған материалдар алу мүмкіндігін ашты.Химияның зерттеу пәні мен мазмұнына сипаттама беруге тырысқан көптеген анықтамалар бар. Кейбір ғылыми әдебиеттерде химияны – элементтер мен олардың қосылыстары туралы ғылым деп атайды. Ал, екінші біреулерінде – заттар мен олардың айналым туралы, үшіншісінде – заттың сапалық өзгерісі туралы ғылым деп қарастырылады.Арситотель (б.э.д. 384-322 ж.) мен Эмподокл (б.э.д. 490-430 ж.) табиғатта кездесетін денелердің әр түрлілігі олардың қасиеттерінің: жылу мен суықтың, құрғақтық пен ылғалдың, жарық пен қараңғының тағы басқа тіркесіп келуі арқылы түсіндіріледі деп айтты. Кейінірек осы көзқарасты ортағасырлық алхимиктер де дамытты. Бұл кезеңде табиғат туралы білім жүйесін құраған – натурфилософия мен кәсіптік химия жеке-жеке дамыды.Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. ХХ ғасырдың өзінде биологиялық процестер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екедігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану тәжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты.
