- •1)Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •2) Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •3) Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •4)Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдері.
- •5)Дүниенің ғылыми суреті (нкм) және ғылыми революцияның тарихи түрлері.
- •11)Физика заңдарының классификациясы
- •13)Термодинаканың үш заңы. Энтропия ұғымы.
- •14)Электродинамикадағы эфир мәселесі
- •15)Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты туралы. Жарық кванты ұғымы.
- •16)Кванттік механика мен статистикалық механиканың негізгі концепциялары
- •17)Кеністік пен уақыт, материя туралы а.Эйнштейннің ілімі
- •18. Астрофизикалық және космологиялық концепциялар.
- •19. Кванттық физиканың негізгі концепциялары.
- •20. Эйнштейннің салыстырмалы теориялары.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар
- •24. Философия мен ғылым арасындағы байланыс
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •26.Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •27.Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •28.Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •29.Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •30. Кеңістік және уақыт туралы түсініктердің дамуы
- •31)Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •32)Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •34)Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •35)Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •36.Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау.
- •37.Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәнін беріңіз.
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •39. Әлемнің бейстационарлық моделіне сипаттама беріңіз.
- •40. Тіршіліктің генезисі мен эволюциясы мәселесін талдау.
- •41. Генетикалық информацияның биохимикалық мәнін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланысты талдау.
- •43. Материяның атомдық концепциясына сипаттама беріңіз.
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •45. Термодинамиканың екінші бастамасы мен даму мәселесін талдаңыз.
- •46. Хх ғ. Вакуум концепцияларын талдаңыз.
- •47.Космологиядағы антроптық принциптің мәнін талдаңыз.
- •48.Космологиядағы “құрдым” мәселесін талдау.
- •49.Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланысты көрсетіңіз.
- •50.Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғатына сипаттама беріңіз.
- •51.Толқындық функцияның физикалық мағынасын талдау.
49.Материя мен кеңістіктің геометриялық табиғаты арасындағы байланысты көрсетіңіз.
Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар. Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға математикалық (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды. Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский математикалық кеңістік пен ақырғы нақты физикалық кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады.Қайта өрлеу дәуірінде қиялдағы геометриялық фигуралар және олардың арақатынасы ретінде көрініс тапқан кеңістік ұғымы, атап айтқандакескіндеме өнерінің келешегі туралы ілімнің дамуына байланысты, алдыңғы қатарға шықты. Жаңа дәуір ғылымы мен философиясы схоластикалық дәстүрге қарама-қарсы бағытты ұстанды, кеңістік туралы бұрынғы түсініктерді жоққа шығарды. Спиноза тұрқылықты (протяженность) жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырды; оның пайымдауынша, мұнда адамның ақыл-ойы танып-білетін белгілі екі нәрсе ғана бар, олар: тұрқылық пен ойлау. Декарт та кеңістікті тұрқылыққа теңеді, оны ойлаумен бірге өздігінен бар тәуелсіз субстанция сипатындағы материяға ұқсастырды, яғни кеңістікті өзінің өмір сүруі үшін бірыңғай және жалғыз субстанция болып табылатын Құдайдан басқа ештеңеге мұқтаж емес мәңгі бар болу деп пайымдады. Декарттың түсінуінше, Құдай мен адамзаттың ақыл-ойы шексіздік пен шектілік сипатындағы рухани субстанция, ал күллі физика нақты нәрсені Декарт қозғалыс арқылы жекелеген бөлшектерге бөлінетін біртекті қашықтыққа жатқызады. Декарт физикалық заттардың кеңістігінен өзгеше басқа кеңістік бар деп мойындамады, сондықтан геом. нысандар нақ сол кеңістіктің өзінде орналасқан заттар ретінде қаралуға тиіс деп білді. Геом. кеңістікті физ. кеңістікке ұқсастыру Декарттың Галилейден кейін физикалық денені математиканың заты деп қарауына, дене субстанциясы туралы математикалық ғылымды, яғни механиканы жасауына мүмкіндік берді. Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мысалы, Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физикалық дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқанда Лейбниц, осы үшін сынға алды. Лейбниц кеңістікті денелерден бөлек, өздігінен өмір сүрмейді деп есептейді. Ол кеңістік ұғымы тек физикалық нысандардың қатар орналасуын ғана көрсетеді, шын құбылыстар мен заттардың да, ықтимал құбылыстар мен заттардың да қатынасы, өмір сүру реті ғана бар деп пайымдайды. Жаңа дәуірде кеңістік физикалық денелермен байланысқан объективті нәрсе ғана емес, сонымен бірге сананың немесе қабылдаудың жемісі ретіндегі субъективті нәрсе деп те қаралды. Соңғы түсінікті Т.Гоббс (1588 – 1679) ұстанды, оның пікірінше, кеңістік шын заттың қиялдағы бейнесі ғана. Джон Локк (1632 – 1704) те осы пікірде болды, оның ойынша, кеңістік субъективтік түсінік, заттарды сезімдік қабылдау арқылы алуға болады. Кант кеңістікті сезімділіктің ашық априорлық пішіні, яғни тәжірибеге дейінгі және тәжірибеге тәуелді емес, бірақ барлық тәжірибеге қажетті қатысушы пішін деп түсіндірді. Француз ғалымы А.Пуанкаренің (1854 – 1912) пайымдауынша, Евклид кеңістігінде мынадай қасиеттер бар: ол үздіксіз, шексіз, үш өлшемді, бір текті және изотропты (кеңістіктің қасиеттері бағытқа тәуелді емес).
