- •1.Дрозофила жұмыртқа клеткасының дамуына сипаттама беріңіз.
- •2.Гомеобокс және гомеодомен дегеніміз не? Түсініктеме беріп, мысал келтіріңіз.
- •3.Дрозофиланың даму сатыларына сипаттама беріңіз. Дрозофиланың ерте эмбриогенезін сипаттаңыз.
- •4.Дрозофиланың кеш эмбриогенезіне сипаттама беріңіз және мысал келтіріңіз.
- •5 Дрозофиланың даму сатыларына тоқталыңыз. Дамудың дернәсілдік кезеңіне сипаттама беріңіз.
- •6 Дрозофила эмбриогенезінің тотипотенттілігі және детерминациясы дегеніміз не, мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз.
- •7 Дрозофиладағы аналық дегеніміз не? Аналық гендерге сипаттама беріп, түсіндіріңіз.
- •8 Дрозофиладағы ұрықтың дамуына аналық генотиптің әсері. Ооциттің түзілуін және әсерін түсіндіріңіз.
- •10 Алдыңғы-артқы және дорсо-вентральды градиенттердің түзілуін бақылайтын гендерге сипаттама беріңіз және атқаратын қызметін көрсетіңіз.
- •9 Полярлы плазма және оның даму процесіндегі атқаратын негізі рөлін көрсетіп, сипаттаңыз.
- •12 Сегрегациялық гендер. Gap-гендеріне сипаттама беріңіз
- •13 Гомеозисті гендерді сипаттаңыз. Ant-c және bx-c гендер комплексіне жататын гендерді атаңыз және олардың атқаратын қызметін сипаттаңыз.
- •14 .Paire-rule–гендерін атаңыз және атқаратын қызметін көрсетіңіз.
- •15 .Дрозофиладағы сегментацияға жауапты полярлық гендерді атаңыз және атқаратын қызметін суреттеңіз.
- •16 .Сүтқоректілердің дамуындағы гомеобоксқұрамды гендердің рөлін сипаттаңыз.
- •17. Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың типтерін көрсетіңіз және сызба түрінде көрсетіңіз.
- •18 .Сүтқоректілер дамуының жалпы сипаттамасы және жыныс клеткалары, фолликулдардың пісіп-жетілуі.
- •19 Жынысты анықтаудың баланстық теориясын түсіндіріңіз және мысал келтіріңіз.
- •20 .Дрозофиладағы жынысты анықтау кезіндегі гендердің әсерін сипаттап, мысал келтіріңіз.
- •21. Дрозофиладағы жыныстың хромосомалық детерминациясы. Гинандроморфтар дегеніміз не және пайда болу себебін түсіндіріңіз.
- •24. Секірмелі және жасанды мутациялардың түрлері және себептерін түсіндіріңіз.
- •25.Дрозофиладағы гендер дозасының компенсациясы дегеніміз не және мысалмен түсіндіріңіз.
- •26.Мінез-құлық генетикасы. Дрозофиладағы және сүтқоректілердің мінез-құлқының генетикалық бақылануын сипаттаңыз.
- •27. Адамның психологиялық мінез-құлқының дамуының генетикалық бақылануын сипаттаңыз..
- •28. Гендер экспрессиясының молекулалық механизміне сипаттама беріңіздер.Транскрипция процесі және оның сатыларын атаңыздар.
- •29 .Днқ. Және оның түрлері атқаратын қызметі. Днқ қатталуын сипаттап, көрсетіңіз.
- •30. Дрозофиладағы көптік аллелизм гендеріне сипаттама беріңіз және түсіндіріңіз .
- •31. Адамдарда кездесетін нох гендерің қызметің сипаттап, мысал келтіріңіз
- •34. Жануарларда кездесетін hox гендерінің қызметін сипаттап, мысал келтіріңіздер.
- •35. Дрозофиладағы гендер дозалық компенсациясының сызбасын көрсетіңіз.
9 Полярлы плазма және оның даму процесіндегі атқаратын негізі рөлін көрсетіп, сипаттаңыз.
Кейбір ағзаларда, мысалы, асцидияларда жұмыртқа цитоплазмасының гетерогенділігін сыртқы денесі түстерінің əртүрлілік айырмашылығымен байқауға болады. Осы ағзалардағы гетерогенділік өте ерте, мысалы ацетилхолинэстераза белогының таралуына байланысты байқалады,мысалы, кейбір насекомдар, дрозофилада жұмыртқаның артқы полюсінде түзілетін РНҚ бай дəнді құрылым ретінде анық көрінетін, етсек цитоплазманың кез келген бөлігі жұмыртқаның полярлы плазмасы деп аталады. Осы цитоплазмаға түскен клеткалық ядро болашақ жыныс клеткасына бастама береді. Егер, полярлық плазма аймағын ультракүлгін сəулесі арқылы əсер етсек, сəулеленген жұмыртқадан дамыған клеткалар стерильді болады, яғни жыныс клеткаларынан айырылады. Полярлық плазманы бластоцитттердің əртүрлі бөліктеріне микроинъекциялау арқылы, кез келген аймақта жыныс клеткаларын түзуге болады. Полярлы плазма негізгі үш қасиетке ие: Полярлы плазма автономды қызмет етеді, яғни ұрықтың кез келген бөлімінде өзінің əсерін тудыра алады; Полярлы плазма спецификалық қызмет етеді, яғни клетканың тек бір ғана типін – жыныс клеткасын түзуге қабілетті; Полярлы плазма түрлік спецификалық емес, яғни бір түрдің полярлы плазмасын келесі бластоциттің басқа бір түріне микроинъекциялау арқылы жыныс клеткасын түзуге болады, бірақ мұндағы жыныс клеткалары өзіне тəн түрлік қасиеттерін сақтайды. Ооциттің полярлығы. Сонымен, жұмыртқа цитоплазмасының гетерогенділігі ооплазмалық сегрегациялану процесінің нəтижесінде түзіледі.
10 Алдыңғы-артқы және дорсо-вентральды градиенттердің түзілуін бақылайтын гендерге сипаттама беріңіз және атқаратын қызметін көрсетіңіз.
Жалпы градиеттердің түзілуінде өте маңызды ерекше гендердің екі жүйесін ажыратуға болады.Сонымен қатар,бірінші жүйе-гендердің анимальды-вегетативті градиенттердің түзілуін қамтамасыз етеді.Осы гендердің арасында қоректендіруші жасушаларда ана ағзаның гендері әсіресе,bicoid,exuperantia,swallow,nanos,pumilloдеп аталатын 5 ген өте белсенді күйде болады және олар жұмыртқаның алдыңғы-артқы градиенттерін қалыптастыратын жүйе болып табылады.bcd генінің а- РНҚ-сы жұмыртқаның алдыңғы жағында шоғырланып орналсқан.Ол шыбын денесінің алдыңғы бөлімдерінің дамуы үшін қажет. exuperantia,swallow гендерінің ақуыздары осы геннің өнімдерінің өз орнында,яғни жұмыртқаның алдыңғы полюсінде орналасуына қамтамасыз етеді.Егер осы екі геннің өнімдері болмаса, bcd өнімдерінің градиенттері жұмыртқаның ортасына қарай ығысып орналасады.Мысалы, exuperantia генінің мутациясы, bcd гендер гендернің біркелкі таралуына акеледі.swallow мутациясы bcd геннінің өнімдерінің негізінен жұмыртқаның алдыңғы жағында ал шамалы бөлігінің ооплазманың қалған бөліктеріне таралуына алып келеді екен.Жұмыртқаның артқы жағында nanos гені орналасқан.Оның өнімдері шыбынның құрсақ бөлімдері даму үшін қажет.Бұл ген hbгенінің әсерін тежейді екен. Nanos гендерінің өнімдерінің жұмыртқаның артқы жағынан құрсақ сегменттеріне жеткізілуі pumillіo генінің өнімдері арқылы жүзеге асады.Шыбын денесінің сегменттелген және сегменттелмеген бөлімдердің шекарасын анықтайтын да ген болды.Ол torso гені.Оның мутациясы ұрықтың сегменттелмеген терминалдыққ құрылымдарының болмауына алып келеді екен.Бұл геннің өнімдері ұрықтың барлық бөліктерінде синтезделеді,бірақ олар тек жұмыртқа полюстерінде ғана белсенді болады.Осы гендердің өнімдерін а-РНҚ, ақуыз молекулаларын морфогенездер деп атайды. Арқа-құрсақ градиенттерің бақылайтын гендер: Бұдан басқа ооциттерде арқа-құрсақ градиенттерінің қалыптасуын қадағалайтын да жүйе болып табылады.Ол фолликул жасушаларында қызмет ететін torpedo,pipo,nudel гендерінен құралған.Арқа-құрсақ градиенттерінің детерминациялануында toll-гені маңызды роль атқарады.Бұл геннің қызметі:Вентральды бөлік синтезіне қатысады.Сонымен қатар бұл ген доминатты болып келеді. Ол фолликул клеткаларында синтезделеді.
11. Сегментациялық гендердің классификациясын көрсетеңіз. Сегрегациялық және гомеозисті гендерге сипаттама беріп, суреттеңіз.
Сегментация гендері—сегменттердің саны мен олардың полярлылығын анықтайды. Сегменттердің полярлылығын анықтауда екі термин—сегменттердің алдыңғы және артқы сегменттерге бөлетін алдыңғы және артқы компартмент қолданылады. Сегментациялану дамудың шамамен 10-шы сағатында басталады. Сегментацияның алғашқы бастапқы сатысында морфологиялық белгілерді таңбалайтын парасегмент термині қолданылады. Парасегмент алдыңғы сегменттің Р бөлімінен және соңғы бөлімі келесі компартменттің А бөлігінен дамиды. Қазіргі кезде сегментацияға жауап беретін 30-дан астам ген белгілі. Көпшілік гендер рецессивті болып келеді.
Класс |
Локус |
Хромосома |
GAP гендері |
Kruppel Knirps Hunchback giant |
2 3 3 - |
P Paire-rule гендер |
Pairea Even-skipped Odd-slipped Barrel Runt Engraued hairy |
2 2 2 3 1 2 - |
С Сегментті ролярлы гендер |
Wingless Gooseberry Hedgelog Fused Patch Cibitus interruptus |
2 2 3 1 2 4 |
Егерде Gap гендері мутацияға ұшыраса бір-біріне жақын жатқан бірнеше сегменттердің бірлесіп түсіп қалуына алып келеді. Мысалы, Kruppel гені мутацияға ұшыраса, барлық таракальды және 5 абдоминальды сегмент болмайды, тек А6-А7-А8 дамиды. Paire-rule гендері мутацияға ұшыраса барлық сегменттер бұзылады, бұзылуы не тақ, не жұп сегменттерде болады. Мысалы, Even-skipped гені мутацияға ұшыраса, онда Т2, А1, А3, А5, А7 сегменттері қалыпты дамиды, ал қалғандары болмайды. Сегменттің полярлылығын бақылайтын гендер тобы мутацияға ұшыраса, онда сегменттер саны еш өзгеріссіз сақталады, бірақ 1 сегмент ішіндегі компартменттер бір-бірімен қосылып кетеді. Бұл сегментация гендері ретімен Gap гендері---> Paire-rule гендері----> Сегментті полярлы гендер болып синтецяальды бластодерма кезеңінде синтезделеді. Gap гендері және Paire-rule гендерінің көпшілігі ядролық белоктарда синтезделеді, олар транскрипциялық фактор ретінде қызмет атқарады. Гомеозисті гендер. Гомеозис терминін 120 жыл бұрын Бетсон ғылымға енгізген болатын, тура мағынасы—дененің бір бөлігінің екінші бір бөлігіне айналуы. Мысалы, насекомдардың антенналарының—аяққа айналуы. Гомеозисті гендер онтогенезде еш процесс түзбейді, тек эмбрионның даму барысында тек аймақтық өзгерістерге әкеледі. Қазіргі таңда гомеозисті гендерге 50-ден аса гендер жатады. Гомеозисті гендер мутацияға ұшыраса детерминация бұзылады. Егер осы ген мутацияға ұшыраса, бір сегментке көрші сегменттің белгісі дамиды. Қазіргі таңда гомеозисті гендерді 2 үлкен топқа бөледі: Antennapedia-Complex, bithorax-Complex. Antennapedia-Complex 3 хромосоманың 84 А,В аймағында орналасқан. Осы ген 350000 нуклеотид жұбынан тұрады. Вithorax-Complex 3хромосоманың 89Е-89Е-4 аймағында орналасқан. 200000 нуклеотид жұбынан тұрады.
Antennapedia-Complex |
bithorax-Complex- мутацияға ұшыраса, барлық абдоминальды және Т3 сегменті Т2 сияқты дамиды. |
||
Labial Proboscipedia Zerknult Bicoid Ama Deformed Sex comb reduced Fishi tarazu Antennapedia |
ultrabitorax |
intrabitorax |
|
Егер осы ген тобы мутацияға ұшыраса Т3 және А1 сегменті Т2 сияқты дамиды. |
Abdominal A |
Abdominal B |
|
Мут.ұшыраса іав2 А2-ң А1-ге іав3 А3-А2-ге, іав4 А4-А3-ке трансформацияланады |
Іав В 5,6,7-ге айналады. |
||
Labial гені мутацияға ұшыраса,төменгі ерінде аристің түзілуі, Proboscipedia гені мутацияға ұшыраса, төменгі ерінді сегменттің алдыңғы аяққа айналуы,
Deformed гені мутацияға ұшыраса, мандибулярлы сегмент мүлдем дамымайды, Sex comb reduced гені мутацияға ұшыраса алдыңғы кеуденің ортаңғы кеудеге айналуы, Antennapedia гені мут.ұшыраса, Т2 және Т3 сегменті Т1 сияқты дамиды.
