Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДАМУ ГЕНЕТИКА ЖАУАП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258 Кб
Скачать
☆

16 .Сүтқоректілердің дамуындағы гомеобоксқұрамды гендердің рөлін сипаттаңыз.

Гомеозистік гендер құрамына 180 жұп нуклеотидті ДНҚ тұратын гомеобокс кіреді.Гомеобокс-барлық тірі организмдерде кездесетін сегментация процесін бақылайды.Гомеодомен дегеніміз осы гендер арқылы (180 ж.н) түзілетін 60 а.қ тұратын белокты гомеодомен.Гомеобокс терминін Вольтер Теринг ұсынған. Гомеодоменнің негізгі қызметі транскрипцияны реттейтін факторлар болып табылады. Hox-гендердің 14 класы бар. Бұл 14 класс ұқсас бір немесе бірнеше ұқсас гендердің дупликациясы нәтижесінде пайда болып, мутацияланып жаңа қызметтерге ие болған деген тұжырым бар. Ішек таяқшасында Hox-гендерінің 4 класы,қоссимметриялы жануарларды олар 8,ал сүтқоректілерде 14 класс. Бұл гендердің қызметі бірдей.Олардың барлығы транскрипция факторы, яғни олардың негізгі қызметі басқа гендерді іске қосу немесе өшіру. Hox-факторларының жұмысы нәтижесінде қажетті белоктар синтезделеді. Соңғы жылдары Hox-гендерінің ДНҚ тізбегі көптеген жануарлардан табылды:Аннелид, жалпақ құрттар,тікентерілілер,нематод,буынаяқтылар,ланцетниктер,сүтқоректілер.Hox-гендері көп клеткалы жануарлардың дамуында маңызды рөл атқарады,олар эмбрионның алдыңғы-артқы осьтерін қалыптастырады. Xenopus амфибиясынан Эдди Робетис 1984 жылы бірінші Hox-генін бөліп алған. Омыртқалылардың 4 класы бір-бірінен қызметі бойынша ерекшеленеді,әсіресе HoxA және HoxD аяқтардың ось бойымен дамуын анықтайды.Hox-гендерінің негізгі ерекшелігі олар топтасып орналасады.Ген кластерлерінің өзгерісі көптеген бұзылыстарға әкеледі. Мысалы дрозофиланың мұндай гендеріне Antennapedia және bithorax гендері жатады.

А Аталуы

Х хромосома

гендер

НОXA (иногда HOX1) – HOXA

Х хромоосома 7

НОXA1, HOXA2, HOXA3, HOXA4, Н НОХA5, HOXA6, HOXA7, HOXA9, HOXA10, HOXA11, HOXA13

НОXB - HOXB

Х хромосома 17

HOXB1, HOXB2, HOXB3, HOXB4, HOXB5, HOXB6, HOXB7, HOXB8, HOXB9, HOXB13

НОХС - HOXC

Х хромосома 12

НОXC4, HOXC5, HOXC6, HOXC8, НOXC9, HOXC10, HOXC11, HOXC12, HOXC13

17. Жыныс генетикасы. Жынысты анықтаудың типтерін көрсетіңіз және сызба түрінде көрсетіңіз.

Табиғатта кездесетін көптеген тірі организмдердің арасындағы аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы шамамен тең, яғни 1:1 қатынасындай болады. Бұл 100 аналыққа 100 аталық сәйкес келеді деген сөз. Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауға қатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды. Сөйтіп, адам мен жануарлардың және өсімдіктердің хромосома жиынтығында аутосомалармен қатар жыныстық хромосомалар да болады. Олар Х және У деп белгіленеді. Соның ішінде Х хромосома аналықты, ал У хромосома аталықты анықтайды. Мұны дрозофила шыбыны мысалынан көруге болады.Дрозофиланың дене клеткасында болатын төрт жұп, яғни сегіз хромосоманың алтауы аутосомалар (жыныстық емес хромосомалар), ал бір жұбы жыныстық хромосомалар болып табылады. Аналық шыбындарда олар біркелкі болады, сондықтан шартты түрде ХХ деп белгілейді. Ал аталықтарда әркелкі болатындықтан ХУ деп белгілейді. Аталық организмде мейоздық бөліну нәтижесінде түзілетін Х және У хромосомалы гаметалардың мөлшері тең болатындықтан, ұрықтану нәтижесінде пайда болатын жыныстардың ара қатынасы да 1:1-ге тең болады. Түрлердің басым көпшілігінің дене клеткаларында жыныстық хромосомалар екі-екіден, яғни ХХ немесе ХУ болады. Тек кейбір түрлерде ғана жалғыз Х хромосома болады. Егер дене клеткасында жыныстық хромосомалар біркелкі ХХ болып келсе, ондай жынысты гомогаметалы, ал керісінше әркелкі — ХУ болса, гетерогаметалы деп атайды.

Әрі қарай жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде жынысты анықтауға аутсомалардың да қатысатындығы белгілі болды. Американдық генетик К.Бриджес дрозофиланың жыныстық белгісінің дамуы Х хромосома мен аутосомалардың ара қатынасына байланысты өзгеретіндігін байқады. Бұл жыныстың анықталуының теңгерімдік (баланстық) теориясына негіз болды. Ол бойынша Х хромосома мен аутсомалардың (А) ара қатынасы (Х : А) 1-ге тең болса 1(2 х : 2А) — аналық, 0,5-ке тең болса 0,5 (1Х : 2А) аталық жыныс дамиды. Егер жыныстық индекстің мәні 1-ден жоғары болса (3Х:2А) — 1,5 басым аналық, 0,5-тен жоғары болса (2Х:3А) —0,63 басым аталық болып шығады.