Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дерма экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

7.Пиоаллергидтер.Этиологиясы.Патогенезі.

Терең пиодермия нәтижесінде терінің екіншілікті қабыну процесі.Біріншілікті дамуы немесе ошықты кезеңінде медициналық емнің дұрыс жүргізілмеуі салдарнан дамиды.Олар жылдам және симметриялық түрде дамиды.Қызғылт түсті және формасы фолликульярлы папула, папула везикула,папулопустула(біріншілікті элементтер).Әлсіреу және дене темп жоғарылауымен сипатталады.5-7күннен кейін қайта қалпына келе бастайды.Диффузды созылмалы стрептодермия,микробты экземада пайда болады.Саусақтар мен табанда ұсақ көпіршіктер пайда болады.Пиоаллергидтер қозуы – қанға микробтың енуі немес басты пиогеннің әсерінен пайда болады.

8. Кебек тәрізді теміреткі.Этиологиясы.Патогенезі.

Кебекті немесе түрлі-түсті теміреткі.Қоздырғышы – pityrosporum orbiculare немесе Malassezia furfur.Көбінесе кеуде мен арқада,кейде мойында,иықтың үстінде,бастың шашты бөлігінде орналасады.Аурудың дамуына баста себеп – тершеңдік.

Теріде қызғыл-қоңыр түсті,беті қабыршақтанған ұсақ дақтар пайда болады.Үлкейе келе,бір біріне қосылып,шеттері иректелген ірі көлемді дақтар түзеді.Бұлардың үстінде ұсақ қабыршақтар пайда болады.Ауру бірнеше айға,жылға созылады. Күнге күйген адамдарда ауруға шалдыққан жердің терісі сау теріден өзгеше ағарып көрінеді(псевдорейкодерма).

9.Кебек тәрізді т. Клиникалық диагностикасы.Емі.Профилактикасы.

Диагнозын анықтау қиынға түспейді.Терідегі дақтарға иод ерітіндісіне анилин бояуын жаққанда зақымданған теріге бояу көбірек сіңеді.Бальзер сынағы мерездік лейкодермадан айырмашылығы:кебекті теміреткі дақтарныңы көлемі әртүрліжәне бір бірімен қосылып кетеді.Дақтардың бетін шыны затпен тырнағанда беті жаңқаланып түседі.Кебекті теіреткі бастың шашты бөлігінде орналасқанда оның диагнозын анықтау үшін Вуд шамы қолданылады:қараңғы бөлмеде Вуд шамының жарығын түсіргенде дақтар қызғылс сары немесе күңгірт түске боялады.

Емі.Зақымданған жерге 2% спирттегі иод ерітіндісін,нитрофунгин,басқа фунгицидті заттар жатады.Жайылған теміреткіде,натрий тиосульфатының 60% ерітіндісі мен тұз қышқылының 6% ерітіндісін жағу керек(Демьянович әдісі –«қотырды» қара).Ауру қайталамау үшін бірнеше апта бойы зақымданған ошақтарды 2% салицил қышқылының спирттегі ерітіндісімен немесе 5% Ac.hydrochlorici dilute ерітіндісімен күніне 1 реттен сүрту керек.10-20% күкірт майын, УКС, 20% бензилбензоатты пайдалануға болады.

10.Трихофития.Этиологиясы.Эпидемиологиясы.Клиникалық сипаттамасы.

 ТРИХОФИТИЯ қоздырғышының келесі түрлері белгілі: Trichophyton verrucosum - ірі қара малдарды, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton equinum -жануарлардың басқа түрлерін, Trichophyton gallinae - құстар мен сүт қоректілерді ауруға шалдықтырады.Сүт қоректілер трихофитиясы қоздырғыштарының морфологиялық және өсінділік қасиеттері. Саңырауқұлақ малдардың жүнінің сыртқы және ішкі жағын жарақаттап көбейеді. Қоректік орталарда қоздырғыш мицелияларының ұшында жеке немесе топтасып орналасқан артроспоралар, алейриялар, хламидоспоралар, микроконидиялар мен ұршық тәрізді макроконидияларды түзеді.

Трихофития қоздырғышы - аэроб, арнайы қоректік орталарда жақсы өседі. Сабуро агарында 26-28оС температурада 10-20 тәуліктен соң біркелкі, қатпарлы, субстратқа енген тарамдары бар колонияларды қалыптастырады (23-сурет).Құстар трихофитиясы (фавус - таз, тазқотыр) кезінде олардың терісі, қауырсындары, ішкі органдары зақымданады. Құстардың айдарында, сырғасында, тұмсық айналасында, ал мысықтар мен иттердің аяқтарында, тырнақтарында және басында сұрғылт-ақ түсті қабыршақтар (скутулалар) пайда болады.Құстар трихофитиясы қоздыр-ғыштарының морфологиялық және өсінділік қасиеттері. Trichophyton gallinae-ның жаңа өсінділердің мицелиялары жіңішке, ал ескі өсінділерінің мицелиялары жуан және жақсы сегменттелген болып келеді. Мицелияларының ұштарында бұғы мүйізіне немесе әтеш айдарына ұқсас тарамдары орналасқан. Патологиялық материалдардан дайындалғанпрепараттарда хламидоспоралар артроспоралары бар мицелияларын және көп жасушалы макроконидияларын кездестіруге болады. Сабуро агарында T.gallinae 4-5 күннен соң сұрғылт келген, ұсақ колонияларды түзеді. 10-12-ші күні колонияларының мөлшері 12 мм-ге дейін үлкейіп, беттері тегіс немесе қатпарлы болып, олардың түсі сарғылт-ақ, қызғылт немесе қызыл түске ауысады.

Негізгі көріністеріне:дөңгелек қызғылт сақинатәрізді дақтар,қышу,шаштың түбінің зақымдануы.Ол бастың алдыңғы бөлігінен басталып,қайызғақтар пайда болады.Асқынған жағдайда іріңді және инфекциялық қабынулар пайда болады.Негізгі қоздырғышы кішкентай балалардан жануарлар,іттер арқылы жұғады.

10. Эрозия (erosia) – тері бүтіндігінің үстірт бұзылуы. Эрозиялар әдетте, қуысты бөртпелер (көпіршіктер, іріңдіктер, ірі көпіршіктер) жарылғаннан кейін немесе дермада түзілген сіңбе (инфильтрат) дәнекер тканьның жоғарғы бөлігінде орналасқан қан және лимфа тамырларының жарақаттануынан эпидермистің қорегінің нашарлауы нәтижесінде пайда болады. Эрозиялар қызғылт не қызыл түсті болады, беті ылғалданып, суланып тұрады. Э.көлемі мен нұсқасы алдында болған терідегі өзгерістерге байланысты. Ірі көпіршіктерден кейін – эрозиялар аса көлемді және дұрыс шеңбер тәрізді немесе сопақша нұсқалы болып болып келеді. Олардың шетінде ірі көпіршектер қақпағының қалдықтарын байқауға болады. Ұсақ көпіршіктерден кейін майда, нүкте тәрізді эрозиялар (микроэрозиялар) қалады, ал кейде оларды тек бетінде көрінген ұйыма жалқық арқылы анықтауға болады. Майдалары бір бірімен қосылып кеткенде шеттері иректелген, көлемі үлкен эрозияларға айналады. Түйіншектердің үстінде пайда болған эрозиялар қалыпты терінің деңгейінен сәл көтеріңкі жатады (мерездік түйіншіктерде). Терінің үстірт жарақаты болғандықтан эрозиялар із қалдырмай жазылады.

11. Қабыршақ (Чешуйка squama) көзге көрінбегенімен қалыпты жағдайда терінің бетінен мүйізденген клеткалар тұрақты түлеп отырады. Көптеген тері ауруларында мүйізденген клеткалардан тұратын қабыршақтар көбейіп кетеді. Бұл процесс қабыршақтану деп аталады. Кейде қабыршақтар ұсақ болып келеді. Осындай нәзік, ұн тәрізді қабыршақтарды ұрпақты түлеу деп атайды. Кейде олар пластинка тәрізді болады – пластикалық түлеу. Кейбір дерматоздарда мүйізденген қабат өте көлемді түрде түлеуі мүмкін. Көбінесе қабыршақтар алдын ала дамыған патологиялық процесстің нәтижесі. Кейбір жағдайда түлеу өздігінше дамуы мүмкін, мысалы ихтиозда (балық қабыршағы сияқты). Табан микозында кездеседі. Қ. қалыпты мүйізді қабаттың көптеп түзілуінен (гиперкератоз) немесе патологиялық мүйізденген қабат түзілуінен болуы мүмкін. Соңғысы паракератоз деп аталады. Мұндайда гистологиялық зерттеуде эпидермистер дәнді қабаттың жоқтығын және мүйізденген пластинкаларда ядроның қабықтары сақталып қалғандығын көрсетеді. Мүйізденген қабат клеткаларының толыққанды дамымауынан паракератоз пайда болады деп есептеледі,. Паракератоз тек терідегі қабыну процесінің нәтижесі.

12. Қабық (корка, crusta) тері бетінде ұйыма жалқықтың, іріңнің және қанның кебуінен пайда болады. Бірінің үстіне бірі қабаттаса келіп, қалыпты терінің деңгейінен азды көпті жоғары жатуы мүмкін. Жаңадан қатқан қабықтар бос және оңай алынса, ескілері қатты болады. Ұйыма жалқық кепкенде қабық сары мыс түсті, іріңнен – жасыл сұр, ал қан қатқанда қара қоңыр түсті қабық пайда болады. Ұйыма қан, ірің аралас қабықтар да болады. Түсіне, көлеміне және нұсқасына қарап бірінші морфологиялық бөртпелер қандай болғанын анықтауға болады. Сары мыс түсті қабықтар үлкен көпіршіктер мен олардың кебуінен пайда болса, жасыл сұр қабықтар іріңдіктерден пайда болады. Ұйыма жалқық эпидермистің үстіне өтіп сіңіп, қабыршақтанады.

13. Жара (ulcus) – пат.процесстің нәтижесінде пайда болатын сіңбенің ыдырап, тері тұтастығының терең деңгейде бұзылуы. Жараның пайда болуына терінің іріңді қабынуы (сыздауық, эпидермо-дермалық іріңдіктер, абсцесстер), пролиферативтік және көбінесе өзіндік, арнайы қабыну (инфекциялық гранулема – төмпешіктер, гуммалар), қатерлі ісіктер (рак, саркома) себеп болады. Аурудың диагнозын анықтағанда алдымен жараның жиегіне назар аударған жөн, өйткені көбінесе осы жерде негізгі патологиялық процестің қалдықтары сақталып қалады; сонымен қатар ткандердің ыдырауына әкеліп соққан процестерді – іріңді қабынуды немесе некрозды көрсететін жараның түбіне, бөлінетін сұйықтықтың түр түсіне де көңіл бөлу керек. Мысалы: жараның жиегі жұмсақ, ісіңкі болса, айналасындағы тері қызарып ісіп тұрса, ірің шығып тұрса – бұл іріңді қабыну процесін көрсетеді. Инфекциялық гранулемалардың (мерездік гумма) ыдырауының нәтижесінде пайда болған жаралар анық шектеулі, тығыз сіңбелі, жан жағындағы тері көкшіл қызыл түске боялады. Жаралардың шетіндегі қабыну белгілерінсіз тығыз сіңбе қатерлі ісік туралы ойлауға мәжбүр етеді. Жара тыртықпен бітеді. Бірқатар тері ауруларында пайда болған жаралардан қалған тыртықтар соншалықты өзіндік сипат алып, осылардың негізінде аурудың диагнозын анықтау да мүмкін.

14. Жарық, жарылу (fissura, rhagades). Бұл тек қана эпидермистің, кейде дерманың да жоғары қабаттарының, сызықшы жарылуы. Ұзақ уақытқа созылған қабыну процесінің нәтижесінде терінің созылғыштық қасиеті жоғалғанда және мүйізденген қабат құрғақтықтан тартылғанда жарылып кетеді. Көбінесе терінің бүкпелерінде (құлақсырты, саусақарасы, шапта т.б.) пайда болады. Терең жарылулар өте ауырғыш және тез қанағыш келеді. Жарылулар мен тырналулар (экскориация) екінші дәрежелі емес, бірінші дәрежелі бөртпелер ретінде де кездесуі мүмкін.

15. Лихенификация (lichenificatio) – тері өрнегінің қалыптан тыс анық көрінуі арқылы оған шегрен түрін беретін өзгерісі. Зақымданған ошақтарда тері қалың, құрғақ, көбіне ұсақ кебекті қабыршақтармен жабылған. Терінің түсі қызғылт, не көгілдір қызыл немесе шұбар болып келеді. Л. теріні ұзақ уақыт қасып тітіркендіруден (нейродермит) нәтижесінде өздігінше дамиды, немесе әртүрлі қабынулық сіңбелердің фонында шығуы мүмкін (экзема, псориаз). Лих-ң негізінде акантоз жатыр, яғни емізікаралық өсінділері дермаға өте терең еніп тұруының, дерма емізіктерінің ұзаруының және дерманың жоғары қабаттарындағы созылмалы қабынулық сіңбелердің нәтижесі.

16. Тыртық (cicatrix) – тканьның ыдырауынан немесе бұзылуынан кейін пайда болатын терідегі жаңа ткань. Көлемі және нұсқасы алдында болған терідегі бөртпелерге сәйкес келеді. Басында тыртық қызғылт түстес болғанмен, соңынан ақ түске ауысады және көбінесе шетінде пигментті белдеуі болады. Түгелдей пигментті тыртық өте сирек кездеседі. Тыртықтың беті әдетте теп тегіс, тері өрнегі сақталмайды, кейде тегіс емес, салпыншақтары, кішкентай қалталары немесе көпіршелері болады. Тыртық айналасындағы терінің деңгейінде немесе сәл төмендеу жатады. Қалыпты терімен салыстырғанда тыртықтың концистенциясы тығыздау болуы мүмкін. Мұндай тыртықтар көбінесе қалыпты терінің деңгейінен жоғары жатады – олар гипертрофиялық немесе келоидтық тыртықтар деп аталады. Кейбірде тыртық өте жұқа, саусақпен қысқанда темекі қағазы тәрізді ұсақ қыртыстанып тұрады – семген (атрофиялық) тыртықтар.

17. Вегетация (vegetationes) зақымданған теріні кедір бұдыр көрсететін, әтештің айдарына ұқсайтын, қылшық тәрізді өсінділер. Вегетациялардың беті әдетте қалың мүйізденген қабатпен жабылған, кейде керісінше қызылшақаланып тұрады (эрозия). Бірінші жағдайда вегетациялар құрғақ, қатты, күлгін сұр түсті болып келеді. Эрозияланған вегетациялар жұмсақ, қызыл түсті, тез қанағыш келеді, бетінде ұйыма немесе ірің аралас сұйықтық бөлініп тұрады. Вегетация- тері емізіктерінің қалыптан тыс өсіп кетуі, кейде ағаш бұтақтарына ұқсап кетеді, әдетте бұл жағдайда эпидермистің тікенекті қабаты қалыңдайды, әсіресе емізікаралық өсінділері ұзарады (папилломатоз). Вегетациялар бірден өздігінше (сүйел) немесе түйіншектердің, эрозиялардың, қабынулық сіңбелердің бетінде пайда болуы мүмкін.

18. Терінің стафилококктық зақымданулары. Этиология, патогенез. Стафилококктар қоздыратын бірқатар тері аурулары пиодермиттер (іріңді аурулар) деп аталады. Олар өте көп тараған. Тері аууруларының ішінде бірінші орын алатындықтан олар жиі уақытша жұмысқа жарамсыздықтың себебі болып табылады. Стафилококктар барлық уақытта адам терісінде кездесетіндігі көптеген зерттеулермен дәлелденген. Бірақ көп жағдайда қауіпсіз түрлері басым келеді, ал қауіпті түрлері сау адамда тек 8-10% кездеседі. Стафилококкты пиодермитпен ауырған немесе ауырып жүрген науқастарда қауіпті стафилококктар көбірек (90%) кездеседі. Пиодермиттің дамуына бейімдейтін, ең көп кездесетін экзогендік факторларға жататындар:

  1. Терінің өте кірленуі, әсіресе жұмыс уақытында кәсіби түрлі жанармаймен, солидолмен (бензин, керосин) немесе шаң тозаңмен (цемент, көмір, әк т.б.)

  2. Микротравматизм (кесіп алу, тырналу, жәндік шағу, күйікте т.б.)

  3. Терінің ыдырауы, дымқылдығы

  4. Терінің қалыптан тыс мұздауы немесе ысуы

Эндогендік факторлардың ішінде арықтауды, әсіресе гиповитаминоз (A, C), жедел және созылмалы ауруларды, ішек улануын , зат алмасуының бұзылуын (әсіресе қант алмасуы), жүйке жүйесінің қажуын, вегетативті невроз, жергілікті қанайналымының бұзылуын айтуға болады.