Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дерма экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

Гонорея. Гонореяның лабороторлы диагностикасының әдістері.

Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.

Диагностикасы анамнез жинау, шағымдарын тыңдау, обьективті қарау, тексеруге материал алумен жүзеге асады.

Лабораторлы әдістер: бактериологиялық, серологиялық, топическая диагностика әдістері жүргізіледі.

- бактериологиялық әдіс грам әдісімен бояу арқылы гонококкты инфекцияны табуға болады;

-серологиялық әдіс Борде-Жангу реакциясына бағытталған. Яғни аурудың басталағ күнінен бастап 3-4апта нәтижесі оң болады және бұл көрсеткіш 10 жылдай сақталуы мүмкін.

- топическая диагностика әдісі қабынулық процестің локализациясын анықтауға бағытталған. Ер адамдарда екі шынылы ыдысқа Томпсон сынамасын, уретроскопия, еркектік бездің УЗИ жүргізіледі.

Екі шынылы сынама – ең қарапайым және қорытындыны нақты бере алатын әдіс болып табылады. Яғни бұнда зәрді алып зерттейміз, бірінші порцияда зәрдің қарайып, ал екінші порцияда зәр түсінің ағаруы оң нәтижені береді.

Уретроскопия ер адамдарда гонореяның тек созылмалы түрінде ғана қолданылады. Ал әйелдерге кольпоскопия, бимануальді тексеру, ректоскопия әдістері жүргізіледі.

Гонорея. Жалпы және жергілікті терапия принциптері.

Гонорея - бұл классикалық венереологиялық аурулардың ең кең таралған түрі. Гонорея басқа венереологиялық аурулар сияқты ең алдымен жыныстық жолмен беріледі.

Жалпы және жергілікті терапия принциптері.

Гонорея емінің сәтті өтуі дұрыс қойылған этиологиялық фактор мен уақытылы басталған емге байланысты. Жалпы емнің ұзақтығы аурудың сатысына және асқынуына байланысты болып келеді. Негізінен гонореяның өткір және жаңа (свежий) түрі амбулаторлық жағдайда антибиотикотерапия арқылы жүргізіледі. Ал егер созылмалы түрге немесе асқынға түрге ауысқан болса ем стационарда жүргізіледі. Этиотропты емнің құрамына: иммунотерапия, жергілікті емдеу және физиотерапия кіреді. Антибиотикотерапия жүргізбес бұрын гонореяның серологиялық реакцияларына аса көңіл бөлген жөн.

Антибиотикотерапия құрамына кіретін препараттар: цефтриаксон – 250мг бұлшық етке; ципрофлоксацин -500мг ішке; бензилпенициллин -600 000 ЕД бұлшық етке, кейінгі дозаны - 400 000 ЕДазайтып әр ЕД азайтып әр 3 сағат сайын салып тұру, емдеу курсы 3,4млн ЕД. Антибиотикотерапиямен емдеу курсының ұзақтығы 5-7 кунге созылады, осы күндер аралығында жақсы нәтиже беруі мүмкін. Асқынған жағдайда бензилпенициллинмен қатар аутогемотерапия жүргізіледі.

Бұдан басқада антибиотиктер қолданылады: Рифампицин, Цефалоспориндер, Азалидтер: азитромицин, рокситромицин, т.б

Гонореяның қоғамдық және индивидуальді профилактикасы.

Индивидуальді профилактиканы жеке адам өзі жүзеге асырады, яғни жеке бас гигиенасын сақтау, уақытылы тексеріліп жүру, уақытылы ем қабылдау,дәрігерлік консультацияларға барып тұру.

Ал қоғамдық профилактика ол дәрігерлер тарапынан іске асырылады, яғни гонореямен ауыратын науқас табылған жағдайда оны тез арада оңашалау, стационарға жеткізу, олмен қатынаста болған адамдарды уақытында табу, диагностика жүргізу, аурудан сауыққан науқасқа ай сайын консультация жүргізіп, тексерістен өткізіп тұру.

ВИЧ/СПИД. Этиологиясы. Эпидемиологиясы.

ВИЧ/СПИД – ретровируспен шақырылатын, адамның иммунды және нерв жүйесін зақымдайтын, екіншілікті инфекция мен қатерлі ісіктердың дамуына алып келетін қауіпті созылмалы инфекциялық ауру.

Этилогиясы. Қоздырғышы 1983 жылы идентификацияланған және адам иммунодефицитімен - ВИЧ деп аталынған (human immunodeficiency virus - HIV). Вирус ретровирус тұқымдастығына жатады. Көлемі 100 нм дей ядро. Ал ядроның құрамында РНК және негізгі фермент бар,ол ДНК клеткасының құрамын бұзады. Қазіргі таңда адам иммунодефицитінің антигендік қасиеті бар екі штамы белгілі, олар ВИЧ-1 және ВИЧ -2.

ВИЧ вирусы қоршаған ортаға төзімсіз, 56 С температурада 30мин ішінде күші жойылады, ал қайнатқанда 1-3мин өледі. Вирус сонымен қатар УФА сәулелеріне, радиацияға төзімді. Құрғақ күйінде ол сұйық орталарда (қан, сперма)бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Қанда вирус жылдар бойы, ал қатырылған спермада бірнеше ай сақталуы мүмкін.