- •1.Гидрофизика пәні және оның мақсаты
- •2. Гидрофизиканың дамуының қысқаша тарихы. Гидрофизиканың басқа аралас пәндермен байланыстылығы
- •3. Судың физикалық қасиеттері, құрылымының ерекшеліктері
- •4. Судың аномальдік қасиеттері
- •5. Судың бір күйден екінші күйге ауысу диаграммасы
- •6. Қардың сулық қасиеттері. Қар, мұз альбедосы
- •7. Мұздың физикалық және механикалық қасиеттері
- •8. Қардың физикалық қасиеттері
- •9. Судың араласу түрлері: конвективтік және динамикалық араласу
- •10. Су қоймаларындағы ағын және циркуляция
- •11. Су толқындары, олардың түрлері. Су толқының негізгі параметрлері, анықтау жолдары
- •12. Су объектілеріндегі су массалары. Су массаларының тұрақтылығы және типтері
- •13. Конвективтік жылу алмасу. Ньютон заңы
- •14. Жылу қозғалысының негізгі заңдары. Жылу қозғалысының жылу өткізгіштік жолмен атқарылуы
- •15. Күн радиациясының суға енуі және жұтылуы, Ламберт формуласы
- •16. Температуралық аймақ, температура градиенты, Фурье заңы
- •17. Өзендер мен көлдердегі су температурасының жылдық өзгерісі
- •18. Су қоймасының жылу балансы теңдеуі, құрамдас бөліктері
- •19. Көлдердегі жылу қорын есептеу. Ф.Форель, Хальбфасс, с.Д. Муравейский әдістері.
- •20. Су температурасының маусымдық өзгерісі. Көктемгі жылыну, жаздық қызу, күзгі салқындау және қыстық салқындау кезеңдері
- •21. Су бетіне түсетін жиынтық күн радиациясын есептеу. Су бетінің сәулеленуі (излучение). Стефан-Больцман заңы.
- •22. Жылу балансы теңдеуін құрайтын негізгі элементтерінің атқаратын рөлі және оларды есептеу әдістері. Су қоймасының жылу балансы теңдеуі
- •23. Буланудың физикалық мәні. Су бетінен буланудың негізгі факторлары. Су бетінен булануды бақылау жүргізу. Су әоймасы бетiнен булануды есептеу
- •1. Жалпы мәліметтер
- •24. Су бетіне түсетін жиынтық күн радиациясы, Савинов-Онгстрем, Кузьмин формулалары.
- •25. Аспаптар арқылы бақылау жүргізілмеген жағдайда су бетінен булануды есептеу әдістері
- •26. Булануды есептеудегі су балансы (теңдестігі) әдісі
- •27. Булануды есептеудегі жылу балансы (теңдестігі) әдісі
- •28. Булануды есептеудегі эмпирикалық формулалар
- •29. Булануды есептеудегі турбуленттік диффузия әдісі
- •30. Су объектілерінің салқындауы және мұздануы. Мұз қабатының пайда болу типтері
- •31. Мұз жамылғысының пайда болу жағдайлары, олардың типтері. Мұз бетінен булану және оларды есептеу әдістері
- •32. Мұз қалыңдығының өсу шарттары және мұз қалыңдығының өсуін есептеу әдістері
- •33. Су нысандарының мұз қату кезеңіндегі мұздық-термикалық режимі
- •34. Су қоймаларындағы судың араласу шарттары
- •35. Қар қабатындағы физикалық процесстер: режеляция, рекристаллизация, возгонка, сублимация
- •36. Конвекция және булану арқылы жылу алмасуды анықтайтын негізгі формулалар
- •38. Ағындының гидродинамикалық жылынуы. Су қоймасындағы жылу қорының өзгеруі
- •39. Су түбімен жылу алмасу.
- •40. Су массаларының тұрақтылығы және типтері
15. Күн радиациясының суға енуі және жұтылуы, Ламберт формуласы
Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы. Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді. Олардың 48%-ы спектрдің көрінетін бөлігінде (0,38 – 0,76 мкм), 45%-ы инфрақызыл сәуле (0,76 мкм), 7%-ы ультракүлгін сәуле (0,38 мкм) спектрінде жатады. Корпускулалық радиация негізінен 300 – 1500 км/с жылдамдықпен қозғалатын әрі түгелімен жер магнитосферасында тұтылып қалатын протондардан тұрады (концентрациясы 5 – 80 ион/см3, ал күн активтілігі артқанда, ол да артады). Күн радияциясы – Жер бетінде және атмосферада болып жатқан экзогендік процестер үшін бірден-бір энергия көзі болып табылады; әдетте оны жылулық әсері бойынша өлшейді. Оның жер бетіне келетін мөлшері уақыт бірлігінде 1 см 2 жерге түсетін калориямен өрнектеледі. Жер әр минут сайын Күннен 2,4·1018 кал сәулелік энергия алады.
16. Температуралық аймақ, температура градиенты, Фурье заңы
Су объектісінде жылу алмасу негізінен судың беткі қабаты арқылы жүреді. Судың және оның түбінің температураларының, сондай-ақ грунттық қоректену көзінің температураларының айырмашылықтары арқылы су объектілерінде су түбімен де жылу алмасу жүреді. Бірақ, су объектісінде жылу алмасудың жылдық өзгерісін анықтайтын шешуші фактор метеорологиялық жағдайлар болып табылады. Олардың жыл бойы және маусым ішінде өзгеруі су қабаттарында жылу алмасу қарқындылығын, жылу ағынының бағытын анықтайды. Жылдық циклмен қайталанып отыратын метеофакторлар су қоймаларының жылдық термикалық циклін қалыптастырады. Жалпы жағдайда су объектісінің жылдық термикалық циклін5 кезеңге(периодқа) бөлуге болады, олар:
көктемгі жылыну(нагревание), жаздық жылыну(нагревание), күздік салқындау (охлаждение), қысқы суыну(остывание) және қысқы жылыну(нагревание) кезеңдері. Жылдық циклдің әр кезеңі үшін су қоймаларындағы жылу ағымының өзіндік басымбағыты және соған сәйкес судың араласуының ерекше жағдайы, су температурасының вертикаль және аудан бойынша таралуы тән.
17. Өзендер мен көлдердегі су температурасының жылдық өзгерісі
Жылдық термикалық цикл
Су объектісіне жылудың түсуін және таралуын анықтайтын факторлар метеорологиялық, гидравликалық және морфологиялық болып бөлінеді.
Метеорологиялық факторлар судың беткі қабатынан және су түбінен жыл бойы, бір маусымнан екінші маусымға өткенде, сондай-ақ маусым ішінде жылу алмасуды анықтайды.
Гидравликалық және гидрологиялық факторлар механикалық энергияның бір бөлігінің жылу энергиясына түрленуін (су қабаттарының үйкелісі нәтижесінде) және жылынған немесе салқындаған сулардың су қоймасында таралуын туғызады. Олардың әрекет ету дәрежесі ағыстың жылдамдығы мен судың таралуымен, су объектісінің қоректену көзімен және ондағы су алмасу сипатымен анықталады және өзеннің ұзындығы бойымен немесе көл (бөген) аумағы шегінде күрт өзгеруі мүмкін.
Морфологиялық факторлар – жағалаудың сипаттамалары, су тереңдіктерінің таралу сипаты мен қазаншұңқырдың пішіні, су объектісіне келіп т‰скен жылудың араласу және таралу ерекшеліктеріне әсерін тигізеді.
Су объектісіндегі температуралық режимнің қалыптасуына судың минералдану дәрежесі ықпал етеді: су объектісінің минералдану дәрежесінің жоғары болып келуі жылыну және салқындау кезеңдерінде конвективтік араласуға өзіндік ерекше жағдай туғызады, сонымен қатар жылу сыйымдылығының кемуі су температурасының тәуліктік
өзгеру амплитудасын өсіреді және т.с.с.
