- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
- •Бактерияның жасуша қабырғасының құрылысы. Грам оң және грам теріс бактерияларға сипаттама.
- •Герпесвирустар. Жіктелуі. Қарапайым герпес вирусы: қасиеті, персистенциясы. Иммунитеті. Герпесвирустардың онкогенділігі. Герпесвирустық инфекцияның зертханалық диагностикалау принциптері.
- •Су қоймаларының сапробтылығына түсінік. Ағын судың биологиялық тазалану принципінде микробтардың ролі.
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
Су қоймаларының сапробтылығына түсінік. Ағын судың биологиялық тазалану принципінде микробтардың ролі.
Сапробтық
Су қоймаларының өздiгiнен тазаруы – бұл су қоймаларының өзін ластаушы жануар, өсiмдiк тектес органикалық субстраттардан және патогендiк микроорганизмдерден босау үрдістері.
Бұл үрдiс тек органикалық ластанудан кейін ғана дамиды. Бұл кезде сапрофитті су микрофлорасының тіршілік әрекеті белсенеді, нәтижесінде органикалық заттардың тез ыдырауына және әртүрлі бактериялардың санының азаюына алып келеді. Судың өздiгiнен тазаруы ластанған судағы органикалық заттардың құрамын және микроорганизмдердың болуын бастапқы қалпына келтіретін үрдістердің жиынтығы болып табылады. Су тоғандарының өздігінен тазаруға қабілеттілігі ондағы тұрақты микроорганизм түрлерінің болуымен байланысты.
Дегенмен биоценоздағы сандық және сапалық қатынастары тұрақсыз және құрамындағы органикалық заттарға, басқа шарттарға тәуелді өзгереді, яғни сапробтық қасиетіне байланысты.
«Сапробтық» термині (грекше sapros - шiрiген) органикалық заттардың әртүрлі мөлшері бар судағы тиiстi микроорганизмдердің дамуымен анықталатын, су қоймаларының ерекшелiктерінің кешенiн білдіреді.
Сапробтықтың шкаласы бойынша 3 аймақ ажыратылады:
1. полисапробты,
2. мезосапробты,
3. олигосапробты.
Полисапробты аймақ (қатты ластанған аймақтар) жеңіл ыдырайтын органикалық заттардың мөлшері көп болады, сондықтан микроорганизмдермен жеңіл сіңіріледі. Полисапробты аймақтарда оттегі мүлдем болмайды. Микробтар көптеп шоғырланған, түр сандары шектелген және көбіне анаэробты бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер тудыратын шiру және ашыту үрдістері. Бұл аймақтағы 1 мл судағы бактериялар саны милионннан асады.
Мезосапробты аймақ (орташа ластанған аймақ) тотығу үрдісі мен нитрификацияның басым болуымен сипатталады. Құрамында азоты бар қосындылар аммиакқа дейін ыдырайды, ол өз кезегінде нитриттер мен нитраттарға дейiн тотығады. Микроорганизмдердің жалпы саны 1 мл-де 100 мыңға жетеді. Сапалық құрамы әр түрлi. Нитриттейтiн бактериялардың саны басым болады.
Олигосапробты аймақ (таза су аймағы) өздiгiнен тазару үрдісінің аяқталуымен, аз мөлшерде органикалық қосылыстардың және минерализация үрдісінің аяқталуымен сипатталады. Микрофлора қалыпты су флорасына жақын. 1 мл суда бактериялар саны 10-нан 1000-ға дейiн болады. Су тазалықтың жоғары дәрежесiмен ерекшеленедi.
Сонымен, су қоймаларындағы судың біртіндеп және үздіксіз өздiгiнен тазару үрдістерi кезінде биоценоздардың бiртiндеп ауысы. Су қоймаларының өздiгiнен тазару үрдістерiне бірнеше факторлар әсер етедi. Негiзгi факторлардың бiрi су қоймаларының таза суына лас суларды қосу болып табылады. Су қоймаларындағы бактериялардың көбеюiн анықтайтын шешушi фактор - судың температурасы.
Су қоймаларындағы өздiгiнен тазару қарқындылығына микроорганизмдердің әртүрлі топтарының арасындағы оттегі және құнарлы заттар үшін күрес кезінде туындайтын бәсекелестік қарым-қатынасы әсер етеді.
Су қоймаларының биологиялық өздiгiнен тазаруы бактериялармен бірге көптеп түсетін фагтардың литикалық әрекетімен байланысты. Фагтардың әсер ету қызметі үшiн жоғары температура қажет.
Барлық аталған факторлар жиынтығы қатты ластанған су қоймаларының ластану көзінен алшақтаған сайын, уақыт өте судың тазаруына және гигиеналық қасиеттерінің жақсаруына алып келеді.
Судың санитарлық - микробиологиялық зерттелуi
Санитарлық - микробиологиялық зерттеуге жататын сулар:
1. орталықтандырылған су құбыры;
2. құдықтар;
3. ашық су қоймалары (өзен, көл);
4. хауыз бассейндері;
5. қалдық сулар.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Микробиология кафедрасы
MVI 2218 Микробиология, вирусология, иммунология пәні
