- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
- •Бактерияның жасуша қабырғасының құрылысы. Грам оң және грам теріс бактерияларға сипаттама.
- •Герпесвирустар. Жіктелуі. Қарапайым герпес вирусы: қасиеті, персистенциясы. Иммунитеті. Герпесвирустардың онкогенділігі. Герпесвирустық инфекцияның зертханалық диагностикалау принциптері.
- •Су қоймаларының сапробтылығына түсінік. Ағын судың биологиялық тазалану принципінде микробтардың ролі.
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
- •5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау
Курс 2
БИЛЕТ № 9
Бактерияның химиялық құрамы. Ферменттер
Парентеральді жолмен берілетін вирустық гепатиттер (гепатит В, С, D). Зертханалық диагностикалау принциптері. Эпидемиологиясы. Арнайы алдын-алуы.
Судың санитарлық жағдайын бағалау критериясы мен зерттеуге материал алу, тасымалдау және зерттеу әдістері.
Перзентханада стафилококкты инфекция бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдай туындады. Қандай санитарлы-бактериологиялық зерттеудің нәтижелерін эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау мен нақтылау үшін қолданылады?
Кафедра меңгерушісі __________________________ Ахметова С.Б.
Бактерияның химиялық құрамы. Ферменттер
Микрооганизмдердің химиялық құрамына су , ақуыз, нуклеин қышқылдары , көмірсулар,дипидтер, минералды заттар кіреді.
Су- бактериалды жасушаның негізгі компоненті , оның 80 пайызы салмағын құрайды.ол жасушаның құрылымды элеменнтерімен бос немесе байланысқан жағдайда болады. Спораларда судың мөлшері 18-20 пайызға дейін азаяды. Су көптеген заттар үшін еріткіш болып келеді, және тургорды қамтамасыз ететін механикалық маңыздылықты атқарады.плазмолиз-гипертониялық ертіндіде жасушаның суды жоғалтуы кезінде –проплазманың жасуша қабырғасынан ажырауы жүреді.
Ақуыз бактериялардың маңызды биологиялық қасиеттерін анықтап , 20 аминқышқылының бірігуінен тұрады. Бак-ң құрамына диаминопимелинді қышқыл кіреді, бұл адам мен жануар жасушасында болмайды.бак-ң құрамында құрылымды компоненнтерде болатын және метаболизм процесіне қатысатын 2000 әртүрлі ақуыз бар.
Бакт-ң нуклеин қышқылдары эукариотты жасушалардың нуклеин қышқылдарына ұқсас қызмет атқарады: ДНҚ молекуласы хромосома түрінде тұқымқуалаушылыққа жауап береді,рибонуклеин қышқылы ақуыздың биологиялық түзілуіне қатысады.
Бактерияларды ДНҚ негіздерінің жалпы санынан гунин мен цитозин қосындысымен молярлық пайыз арқылы сипатталады.
Бактериялардың көмірсулары қарапайым заттардан ж/е кешенді қосылыстардан тұрады.полиқанттар капсула құрамына жиі болады.кейбір жасуша ішілік полиқанттар қордағы қоректік заттар б.т.
Липидтер көбінесе цитоплазматикалық мембрана мен оның туындыларының құрамына кіреді,сонымен қатар бактерияның жасуша қабырғасында болады.липидтер цитоплазмада қордағы қоректік зат орнын атқаруы мүмкін.
Бак-ң минералды заттары жасушаны жаққанан кейінгі күлде п.б. көп мөлшерде фосфор,калий,натрий,күкірт,темір,кальций магний, сондай-ақ микроэлеменнтер т.б анықталады.
Ферменттер — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа болінеді:[1]
оксидоредуктазалар,
трансферазалар,
гидролазалар,
лиазалар,
изомеразалар,
лигазалар.
Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. fermentum – ашу; грек. en – ішінде, zim – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Кейін ашу үдерісі ашытқы клеткаларында ғана өтеді деген ұйғарым жасаған Л. Пастерге (1871), Либих ферменттер клеткалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол клеткада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді. Либихтің ғылыми көзқарасы М. Манассейна (1871), Бухнер (1897) зерттеулерінде эксперимент жүзінде дәлелденді. Клеткаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтерін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кейбір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды.
Ферменттердің қасиеттері
Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S·E → EP → E + P Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады: а) Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. 2-суретте көрсетілгендей, реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады. б) Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді. в) Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т.б.
Парентеральді жолмен берілетін вирустық гепатиттер (гепатит В, С, D). Зертханалық диагностикалау принциптері. Эпидемиологиясы. Арнайы алдын-алуы.
В гепатит вирусы. Вирусты гепатит – бауырдың зақымдануымен сипатталатын ,вирус гепатит В мен қоздырылатын жүйелі ауру.
Эпидемиологиясы.В гепатит кең таралған ауыр сырқаттардың бірі. Онымен 100 млн-даган адамдар ауырады. Негізгі таралу механизмі-парентальді. Ол хирургиялық операциялар,қан құю, шырышты қабықтың бүтіндігі бұзылатын манипуляциялар кезінде жұғады.вирусты В гепатит анадан балаға жүктілік,босану кезінде,сонымен қатар жыныстық қатынаста да жұғуы мүмкін,мұның негізінде пареэнтальды таралу жолы жатыр.
Микро-қ диагностикасы.Зерттеуге науқастың қаны алынып,одан вирус антигенін ж/е оған қарсы IgM ж/е IgG класының анти НВs, анти НВс,анти НВе антиденелерін анықтаймыз. Бұл үшін ИФТ,РИТ,ГАТР серологиялық реакциялары жүргізіледі. Молекулалық-генетикалық әдіс: ПТР ж/е бауыр жасушасының ,қаннан вирус ДНҚ-сын анықтауға мүмкіндік беретін ДНҚ гибридизация әдісі.
Емдеу. Иммундымодуляторлар,соның ішінде генетикалық гендік инженерия әдісімен алынған интерферон-реаферон.
Сақтандыруы.Бейспецификалық сақтандыру инъекция,қан құю,операция кезінде пареэнтальді жұғу жолынан сақтандыру, тасымалдаушыларды тауып,оларды донорлықтан шектеу, медициналық құралдардың бір реттік түрін қолдану.
Арнайы сақтандыру. Генетикалық инженерия әдісімен НВs антигенінен алынған рекомбинантты вакцина өңделген ж/е қолданылады.
Д гепатит вирусы.Қазіргі уақытта осы бір спиральді РНҚ вирус Д гепатит вирусы д.а.
Мик-қ диа-сы. Қан сарысуында,плазмада вирустың антигендері мен РНҚ, және вирусқа қарсы антиденелерді анықтайды. Вирустың РНҚ молекулярлы гибридизация ж/е ПТР көмегімен анықтайды. Вирус антигенін ИФТ,РИТ,иммундыблотинг көмегімен ажыратылады. Вирусқа қарсы антиденелерді ИФТ белгілі болады. Басқа вирустық гепатит қоздырғыштарымен салыстырып отырып вирустың ажыратылуы жүргізіледі.
Арнайы сақтандыру.В гепатит вирусына қарсы жүргізілетін егу Д гепатит вирусына да тиімді, себебі В гепатит вирусы мен Дгепатит вирусының маркерлері жаопы.
С гепатит вирусы.Мик-қ диа-сы. Қан сарысуында, плазмасында вирустың РНҚ молекулярлы гибридизация ж/е ПТР көмегімен анықтайды. Вирусқа қарсы антиденелерін ИФТ, иммундыблотингте анықтауы жүргізіледі.
Бейспецификалық сақтандыруы В гепатитына ұқсас. Арнайы сақтандырылуы өңделмеген.
Судың санитарлық жағдайын бағалау критериясы мен зерттеуге материал алу, тасымалдау және зерттеу әдістері.
Суды санитарлық -бактериологиялық зерттеу
Суды зерттеуге жатады:
1) орталықтандырылған;
2) әртүрлі типтегі құдықтар;
3) ашық су қоймалары (арық, өзен, теңіз);
4) жүзу бассейндері;
5) ағын сулар.
Ескертпе. Хлорланған судан сынаманы дехлораторлы флакон арқылы аламыз (гипосульфитпен).
Судан сынама алу. Ашық су қоймаларынан арнайы бөтелке арқылы немесе батометр арқылы аламыз. Сынаманы 10-15 см тереңдіктен алған дұрыс (беткейі атмосферамен үнемі байланыста болады) және қабақтан 1,5 м қашықтықтан алу керек (себебі су өзі шетіндегі микрофлорамен ластануы мүмкін). Су құбырларынан су алғанда сиымдылығы 500 мл стерильді флакон қолданады, мақталы-дәкелі қақпағы бар және қағаз қалпақпен жабылған.
Кранды алдын ала спиртке малынған тампонмен күйдіреміз, 10-15 минут суды ағызып қоямыз, содан кейін барып флаконға құямыз. Флакон толғаннан кейін стерильді пробкамен жабамыз.
Суды тарату орнында судан сынама алу тарту көзіне, тұрғындардың санына, қызмет көрсету зонасына байланысты. Орталықтан су құбырларын зерттеу стандартының әдістері (МЕСТ 18963—73)
1. Микроорганизмдердің жалпы санын анықтау (I мл суда 100 аспау керек).
2. Коли-индекс және коли-титрді анықтау (коли-индекс 3, коли-титр 333 және одан жоғары).
3. Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша патогенді микрофлораны зерттеу (патогенді микроорганизмдер байқалмау керек).
