- •1Сұрақ. Синтаксис пәні ,оның зерттеу нысандары мен салалары
- •12 Сұрақ. Баяндауыш
- •18 Сұрақ. Бірқұрамды сөйлем. Жақты сөйлем. Оның түрлері.
- •20 Сұрақ. Айқындауыш. Түрлері. Тыныс белгілері
- •22 Сұрақ. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;
- •Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;
- •1.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
- •33Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлем, грамматикалық табиғаты.
- •34 Сұрақ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.Әр түрі бір сұрақ
- •35 Сұрақ. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
22 Сұрақ. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі
Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дүрыс орналастыру. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Мысалы: Кейде сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып айтпағандықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: Ұзын мүйізді немістің қызыл сиыры жайылып жүр. Мұнда ұзын мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сөйлемнің басына шығып кеткендіктен, “ұзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы — немістің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр.
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыс-тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша — баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелерінің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматикаларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе, Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік” деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Бастауыштың жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:
1.Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер^ баяндауыш — кірісті. 2.Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы,Университетте оқып жүрген жігіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. 3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштың дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа). Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды и н в е р с и я дейміз.
Бастауыш кейде сөйлемнің ең соңында тұратын да орайы болады:
1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы:
— Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жауапты,— деді Әбдікәрім.
2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бастауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Үміт-тен айрылса, не болар еді адам? (С. Мүканов). Баяндауыштың үйреншікті орны — сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса,— көп өзгертпейді. Дегенмен, оған да инверсия жасауға болады: Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағынада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады. Жойылсын жауыздар! Жасасын сүйікті Отанымыз! (3. Шашкин). Толықтауыштардың сөйлемдегі қалыпты орны — баяндауыштың алды. Бұлардың да ол орнын басқа мүшелермен ауыстыруга болады. Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болмаса, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында келе бермейді.Келе жатыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа. Бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауышты күшті екпінмен, көтеріңкі дауыспен айту үшін, сөйлемнің басына, ал толықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баяндауышпен орын ауысқан толықтауыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды:
— Бар, осынымды айт дегендегі толықтауышты баяндауышпен орнын ауыстырып: Бар, айт осынымды! деуге болады.
Толықтауыштарға көбірек инверсия жасалатын сөйлем — диалогты сөйлем. Диалогты сұраулы сөйлемнің мазмұнына лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылған-дағысы.
— Кімді кутіп отырсың?
— Амантайды күтіп отырмын.
— Бұл ақшаны кімге берейін?
— Рабиғаға бере гой.
Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарға толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пы-сықтауыштар:
1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұканов).
Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов)
Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ
(С Мұқанов).
Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса, және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады: Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрын-дылау сияқты еді, қазірдөңгелек көзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуга бет алыпты (Ғ. Мұстафин).
23 сұрақ. Лепті сөйлем. Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.Лепті сөйлемнің жасалу жолдары: 1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма! 2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы:Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау 3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры! -Л е п т і сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдердің негізгі мағыналық топтары мыналар:1.Т а ң ы р қ а у:Қандай тамаша! Қандай ақылды адам! Тіпті, ғажап қарқын! (Ғ. Мұстафин). Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ. Сланов) . 2. Т а ң д а н у:— Пай-пай, мына аттың жүрісін-ай! 3. Қ а й ғ ы р у, қ о р қ у: — Апыр-ай, аман болғай-ак, та! (Ғ. Мүсірепов). 4. А я у, ж а н ы а ш у: –Ой, байғұс бала-ай’ Қарғадай баламды тағы шырылдатты-ау, қан ішер Майбасар! (М. Әуезов 5. Арман ету, көксеу: Әттең, осылардың бэрі де біздің ауылда өсетін болса! 6. Ө к і н у:— Қап, астықты кеше жинап алмаған екенбіз де! 7. Қорқу, сескену:— Ойбай-ай, ана бала құлайды-ау! (Т. Нұртазин).
Осы мысалдардан лепті сөйлемдердің мазмұны кісінің әр алуан сезімін, көңіл күйін білдіретінін аңғаруға болады
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ —Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:1. Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен жасалады; 2.Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі: 1.Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды. 2.Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.
Бұйрықты сөйлем - кимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрық мағынасы әр түрлі реңкте білдіріледі: егер бұйыру қатал талап мағынасында жұмсалса, дауыс көтеріңкі айтылады, ал өтініш, тілек мағынасында айтылса, бәсең айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады: Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше ренде білдіріледі. Осынысына орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады. . Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, Бұйрықты сөйлем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. Мысалы: - Сен мен не істесем, соны істе! - деді Ұлпан Ілынарга сыбырлап (Ғ.Мүсірепов).
2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, Бұйрықты сөйлем талап, тілек мәнінде айтылады. Мысалы: Қара көктің жал-құйрығы қара ғой, қаралы amосы болсын! - деді (М. Әуезов).
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғанса, Бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді. Мысалы: Орныңнан ары отырған бер отырушы, Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі (халық өлеңі). - Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші (Ғ. Сланов).
4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, Бұйрықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы: - Канта, түс аттан! Қапта тегіс! - деп Көтібақ, Топай, Торғай жігіттерін де тұтас айдап салды (М. Әуезов).
5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: Бүгіннен бастап олармен сөйлеспейсің (М. Әуезов).[1]
24-сұрақ. Сөйлемнің оқшау мүшелері – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемде ойды нақтылай түсіп, басқа сөздермен мағыналық қарым-қатынаста болады. Өзге мүшелермен қабыса, матаса, меңгеріле, қиыса байланыспай, оқшауланып тұрады. Оқшау сөздердің мағыналық белгілері оқиға желісінің кімге, неге арналғандығын (-Балақай, сурет сала білесің бе?), айтушының оған деген көзқарасын (-Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады), көңіл-күй, сезім толқынысын (-Апыр-ай, сөзің сүйектен өтті-ау!) білдіру мақсатында қолданылады. Оқшау сөздер мағыналық белгілері мен жасалу жолдарына қарай одағай, қаратпа, қыстырма сөздерге жіктеледі. Оқшау сөздер сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіндігі себепті олардан үтір немесе леп, сұрау белгілерімен дараланып тұрады. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар:жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды! Қыстырма сөз сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин). Жекіру одағайлары :Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )Ұсыну сөздері (мә, айда)Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт) Жануарға арнап айтылатын одағайлар Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:
түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"
қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!
жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!
ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс! Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:
а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);
ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);
б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.
Императивтік одағайлар Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:
а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.
Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Хош! Рахмет! Ассалаумағапайкүм! Хайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады
25. Атаулы сөйлем. Қазақ тілінде атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың құбылыстың атын білдіреді. Атаулы сөйлемде ешқашан да баяндауыш болмайды. Егер атаулы сөйлемге баяндауышты қосып айтсақ, ол атаулы сөйлем болудан қалады. Атаулы сөйлемде тұрлаусыз мүшелер, оның ішінде, әсіресе, анықтауыш кездесіп отырады. Ол атаулы сөйлемдегі ойды әсерлендіре, суреттей түседі. Атаулы сөйлем көркем шығармада адам портреті мен табиғат бейнесін суреттегенде жиі қолданылады. Атаулы сөйлемнің өзіндік белгілері: 1. Атаулы сөйлемде тұрлаулы мүшеден бастауыш қана болады. 2. Атаулы сөйлем мезгілді, мекенді және заттың, құбылыстың атын білдіреді. 3. Атаулы сөйлем жазушы тілінде ықшамдық, көркемдік нәр береді, сондықтан табиғатты, адам келбетін немесе басқа бір затты суреттеу үшін, жазушылар атаулы сөйлемді жиі қолданады. Негізгі мүше ретінде зат есім, сын есім, есімше(-ған-ген, -қан-кен, -тын-тін формалы), тұйық рай тұлғалы етістік жұсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Жаздың ыстығы-ай! Атаулы сөйлемдерге тиянақты синтаксистік форма беретін – интонация және контекст. Сөйлемге тән интонация алып, атаулы сөйлем дара, тиянақты форма алады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді мынадай үш топқа болуға болады: 1. Бейнелеу мағыналы атаулы сөйлемдер. Түн. Шалқыған ай. 2. Эмоциялы атаулы сөйлемдер. Күлуін! 3.Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. Қаңғыған неме! Өркенің өскір!
26-сұрақ. Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы,дамуы Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдер Қазан революциясынан бұрын да сөз болған.ьОлардың нағыз ғылыми дәрежеде зерттелуі-соңғы кездің жемісі. Құрмалас сөйлемдер, олардың түрлері,жасалуы туралы А.Байтұрсынов,С.Жиенбаев, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Қордабаев сынды ғалымдар едәуір үлес қосты. Олардың еңбектерінде құрмалас сөйлемдер әр қырынан зерттеліп, қазіргі қазақ тілінде оның теориялық мәелелері айқындалады. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден кейбір белгілеріне қарай ерекшеленеді. Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де қызметі жағынан бірдей. Екеуін де сөйлеудің бір бөлігі деп ұққан дұрыс. Құрмалас сөйлемдер өздерін құрайтын сыңарларымен ерекшеленеді. Құрмалас сөйлемдерді талдауда негізінен олардың қанша сөйлемнен құралатынын, әрбір сөйлемнің тиянақты, тиянақсыз баяндыауышы болатыны ескеріледі. Сол сияқты жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер бір-бірінен грамматикалық мағыналары жағынан да ерекшеленеді. Жай сөйлемдерде негізінен предикативтік, яғни жақ,модальдық жәнеуақыт жағы басым болса, құрмалас сөйлемдерде негізгі мәнге оларды құрайтын сөйлемдерге назар аударылды, соны айқындағаннан кейін,оның әрбір сөйлеміндегі жай сөйлем принципі басшылыққа алынады. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен тағы бір ерекшелігі- сөйлем санына байланысты десек, осының негізінде олардағы ой жай сөйлемдерге қарағанда күрделірек болады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемнен негізгі басты айырмашылығы: оны құрайтын сөйлемдердің өзара қарым-қатынасында. Егер салаласқа енген сөйлемдер шартты түрде тең дәрежеде болса, ал сабақтасқа енген сөйлемдердің бірінші сөйлемі екінші сөйлемге үнемі бағынышты дәрежеде келеді. Сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сыңарының баяндыуышы тиянақсыз формада айтылады. Есімше ,көсемше, түрлі шылаулардың қатысы арқылы жүзеге асады. Салалас құрмалас сөйлемде біріншіден, оның әрбір сөйлемі тең дәрежеде,2-ден әрбір сөйлемнің тиянақты баяндауыштары бар,3-ден оны құрайтын сөйлемдер бір-біріне бағынышты емес, олар бір-бірімен жалғаулықпен де жалғаулықсыз да байланысады. Жалпы салалас сөйлемдердің ішінде ең алдымен жалғаулықты түрлері алғаш қалыптасты да, ал жалғаулықсыз түрлері кейін қалыптасты, зерттелуі жағынан да сол іспеттес.
27-сұрақ. Құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихы. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис», Г.Г. Саитбатталовтың «Синтаксис сложного предложения в башкирском языке», К. Чонбашиевтың «Сложные предложения в русском и киргизском языке», Н. Нартыевтің «Строй сложного предложения в современном туркменском языке», сондай-ақ «Грамматика хакасского языка», «Грамматика татарского языка» т. т. еңбектерді атап өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдерінің зерттелу тарихы бізге дейін де кейбір еңбектерде арнайы сөз етілген. Мұны кеңестік кезеңде Қ.Есенов, Т.Қордабаев сынды ғалымдар қарастырып, құрмалас сөйлем зерттелуінің кезеңдеріне талдау жасаған . Қ.Есенов өзінің 1969 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер» атты еңбегінде құрмалас сөйлемнің біраз мәселелерін қамтып, зерттелу тарихына тоқталған. Ғалым кеңес өкіметі тұсындағы құрмалас сөйлемнің зерттелу барысын сөз ете отырып, оны үш кезеңге бөліп қарастырды:
1930-1940 жылдардың арасы;1940-1950 жылдардың арасы; 1950 жылдардан осы кезеңге дейінгі дәуір .Құрмалас сөйлем туралы қазақ тілінде айтыла бастаған алғашқы пікірлерді А.Байтұрсынов жазған «Тіл құрал» атты оқулықтан және оқу бағдарламаларынан кездестіруге болатындығын айтады. Құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын күрделі категория. Қ.Жұбанов құрмалас сөйлем деген атауды «күрделі сөйлем» дегенмен ауыстыруды да ұсынды, бірақ бұл термин сіңісе алмады».
28-сұрақ. Құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері. Кемінде 2 жай сөйлемнен тұрып, олардың құрылымдық және мағыналық бірлігінен тұратын сөйлем- құрмалас сөйлем. Жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де компоненттік қызметі жағынан тең болып келеді. Ал пайымдау жағына келгенде бұлар ажыратылады. Құрмаласта кемінде 2 пайымдау бар.
Негізгі белгілері: 1) Құрмаластың әрбір компоненті мейлі ол тиянақты болсын, мейлі тиянақсыз болсын, бәрібір 1 сөйлемдік мағынаға ие болуы, 1 ойды қамтуы керек; 2) Құрмалас компоненттің білдіретін мағыналары бір-біріне жақын, белгілі бір дәнекерлер арқылы ұштасып жататын күрделі ой болуы керек; 3) Құрм. Құрамына енетін әр компоненнт сөйлемге тән жалпы қасиетке ие болуы керек: а) коммуникативтік мән; ә) модальдылық сипат; б) предикативтік қатынас. 4) Құрм. Сөйлем бойында 2 түрлі интонация (тиянақты және тиянақсыз ұласпалы инт).
29-сұрақ. Салалас құрмалас сөйлем. Оған тән белгілер.
Салалас құрмалас сөйлем деп - компоненттердің тиянақты формаларда тұруы, өз бастауышымен қиысу арқылы түрленетін сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз. Салаласа құрмаласу деп, құрмалас құрамына енген жай сөйлемдердің бір-біріне бағынышты, тәуелді болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып құрмаласуын айтамыз. Салалас құрмалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер әрдайым іргелесе құрмаласып отырмайды, жай сөйлемдерді бір-бірімен салыстыра құрмаластырудың одан басқа да бірнеше тәсілдері болады. Олар:
