Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sintaxis_s_1201_ra_1179_taryna_zhauaptar.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆
  1. Жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе құрмаласуы;

  2. Жай сөйлемдердің жалғаулықтар арқылы құрмаласуы;

Құрмаласу тәсілінің осы аталған негізгі екі түріне сәйкес салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықты (мезгілдес: және, да, де, әрі; себептік: сондықтан, сол себепті, өйткені; қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда; кезектес: бірде, біресе, кейде; талғаулы: не, немесе, яки) және жалғаулықсыз (мезгілдес) болып бөлінеді.

30-сұрақ. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

7 түрі бар:

1.Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгіл ішінде я бірінен кейін бірі іле-шала болған немесе болатын іс-әрекет, жай-күйлері де, мезгілдік қатынасы жоқ, бірақ мағыналық жағынан өз ара ыңғайлас болып келетін біртектес жай-күйлерді де білдіреді.

Мезгілдес салалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да-де, және, әрі жалғаулықтары арқылы құрмаласады. Есік сықыр етіп ашылды да, рұқсат сұрап інісі кірді. Жалғаулықсыз: Далада жел соғып тұр, сiркiреп жаңбыр жауып тұр.

2)Себептес салалас сөйлем компоненттері бір-біріне себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлем. Себептес салалас сөйлемдер жасалу жолына қарай екі түрге бөлінеді: 1.Жалғаулықты Себептес салалас сөйлемдер, олар сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалады: Қарт оның не ойлап отырғанын сезген жок, сол себепті бұл екеуіне көз де салған жок (Ә. Әбішев). 2.Жалғаулыксыз Себептес салалас сөйлем. Оның компоненттері мағыналық үйлесімділігі және интонация тұтастығы негізінде жалғаулықсыз байланысады: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет емес, Қардың суы секілді тез суалар (

3)Қарсылықты салалас сөйлем Қарсылықты салалас сөйлемге компоненттерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылатын сөйлемдер жатады. Салалас құрмалас сөйлемнің бұл түрі бірақ, дегенмен, әйтсе де, өйткенмен, сөйтсе де, сонда да, солай бола тұрса да, солай болғанмен жалғаулықтары арқылы жасалады. Мыс., Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де, айтып көріңіз. 2. Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды (I. Жансүгіров)

4)Талғаулы салалас сөйлем Талғаулы салалас сөйлем компоненттерінде баяндаған әрекеттердің екшеліп, талғанып, әйтеуір біреуінің болатындығын немесе болу керектігін баяндайды. Бүгін не бұрқылдап боран соғаы, не қылапыттап қар жауады.

5)Кезектес салалас сөйлем Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әректтердің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Кезектес салалас сөйлем компонеттері бірде, біресе, кейде деген кезектестік жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мыс., Біресе бұлбұл нақышты, көп ырғақты «жиырма бесті» созады, бірде назды қоңыр, кең тынысты « Жанбота» шығады.

6) Түсіндірмелі салалас сөйлем— синтаксистік компоненттерінін алғашқысында айтылған іс-әрекет, оқиға желісінің мәні кейінгі компонентте сараланып, түсіндіріліп, ашылып отыратын кұрмалас сөйлем. Түсіндірмелі салалас сөйлемнін басты ерекшелігі — оның компоненттерінін жалғаулықсыз байланысып отыратындығында. Түсіндірмелі салалас сөйлемнін бірінші компонентінің баяндауышы ретінде сол, соншама, соншалық, сондай сияқты есімдіктер мен үстеу сөздер қызмет етіп, екі жай сөйлемді құрмаластырып тұрады. Мысалы: Атыстың күіитілігі сонша, күн күркіреп, жер солқылдағандан болып жатты

7) Салыстырмалы салалас сөйлем —синтаксистік компоненттеріндегі іс- әрекет, окиға желісі өзара салыстырыла айтылатын курмалас сөйлем. Салыстырмалы салалас сөйлем-екі түрлі әрекеттін жай-күйін, касиетін салыстыра баяндауға негізделеді, макал-мәтелдерде жиі кездеседі. Салыстырмалы салалас сөйлем жасалу жолына карай екі түрге бөлінеді: 1.жалғаулыкты Салыстырмалы салалас сөйлем. Ол — да, аі жалғаулыктары аркылы жасалады: Күіаққа жагар дәмді сөз бар да. қулақты сасытар татымсыз сөз бар (М. Иманжанов); 2.жалғаулыксыз Салыстырмалы салалас сөйлем Салыстырмалы мән олардын күра.мындағы сөздердін өзара үйлесе, салыстырыла жүмсалуынан туындайды: Бііген адом тауып айтады, білмеген адам қауып айтады (макал).

31 сұрақ. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем Құрмалас салалас сөйлемнің құрамына енген жай сәйлемдер бір-бірімен ешқандай жалғаулықсыз, іргелесе байланысады. Осыған қарамастан, жалғаулықсыз салаластар жөнінде кейбір қайшы пікірлер де кездеседі. “Қазак тілінің грамматикасы” жалғаулықсыз салаластарды байланыстырып тұратын төмендегі амал-тәсілдерді көрсетеді: 1) жай сөйлемдер мағыналарының бір-біріне байланысты, іліктес, сабақтас болып келуі арқылы; 2) интонация тұтастығы арқылы; 3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мүшенің) болуы арқылы;4) компоненттердің бір бастауышқа ортақтасып келуі арқылы; 5) белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы; 6) бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы; 7) компонент баяндауыштары қызметіндегі етістіктердің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы” '.

32 сұрақ. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер - кемінде 3 немесе одан да көп жай сөйлемдерден тұрып, компоненттері тең дәрежеде тиянақты тұлғада байланысқан салаластың түрі. Қазақ тілі білімінде бұндай сөйлемдер туралы алғашқы пікір айткан А.Байтұрсынұлы болды. Ахаң бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді. «Өрнекті сөйлем деп, құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнші оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталады." (1).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]