Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
90 Атомка 90.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

11.Спектрлік сызықтардың изотоптық ығысуы.

Сутегі атомы мен сутегі тәрізді иондардың жиіліктері үшін формулалар мына түрге келеді

,

мұндағы MH және MZ – сутегі және сутегі тәрізді ион ядроларының массалары. MZ>MH болатындықтан, сутегі атомы спектріндегі сызықтар мен сутегі тәрізді ион спектріндегі бұларға сәйкес сызық-тардың дәл келмеуі тиіс.

Сызықтардың осы сияқты ығысуы сутегі атомының изотоптарында да байқалуға тиіс.

Сутегінің изотоптары дейтерий мен тритий. Дейтерий атомының ядросы – дейтрон-протон және нейтроннан тұрады. Тритий атомының ядросы – тритон-протон және екі нейтроннан тұрады.

Әр түрлі изотоптар ядроларының массаларындағы айырмашылық бұлардың шығару спектрлеріндегі сызықтардың бір-біріне қатысты ығысуын туғызады. Сызықтардың осы ығысуы изотоптық ығысу деп аталады.

Бұл ығысу болмашы ғана. Мәселен, дейтерий үшін

.

Демек ,

мұндағы MD2MH, m<<MH.

Сонда жиіліктер айырмасы мынаған тең болады:

.

Жиіліктердің осы айырмасы тәжірибеде сенімді түрде расталған.

Сызықтардың осы ығысуы бойынша изотоптардың массасын есептеуге, ал сызықтардың интенсивтіктері бойынша изотоптардың мөлшері жөнінде қорытынды жасауға болады. Сызықтардың ығысуы арқылы заттың изотоптық құрамын талдау әдісі іс жүзінде кең түрде қолданылады.

Спектроскопияда спектрлік термдер және энергия деңгейлері көлденең сызықтармен, ал бұлардың араларында болатын көшулерді стрелкалармен бейнелеу қабылданған. Жоғарғы деңгейлерден төменгілерге бағытталған стрелкалар сәуле шығару сызықтарына, ал кері бағыттарда жүргізілген стрел-калар – жұтылу сызықтарына сәйкес келеді

Бор теориясы сілтілік металл атомдары спектрінің дублеттік сипатын түсіндіре алмады. Бор теориясы шеңберінде сутегі атомынан кейінгі қарапайым атом-гелий атомы теориясын құруға жасалған әрекеттер сәтсіз болды.

Сонымен Бор теориясы кейбір деректерді дұрыс түсіндіргенімен, бірқатар басқаларын түсіндіруге жарамады. Зат бөлшектерінің тол-қындық қасиеттері ашылғаннан кейін, классикалық механикаға сүйенген Бор теориясы, атомдық құбылыстардың бір ізді теориясының жасалу жолындағы өтпелі кезең ғана бола алатындығы түсінікті болды.

12.Шредингер теңдеуі. Стационарлық күйлер. Квантталу

Зат бөлшектерінің толқындық қасиеттері жайындағы де Бройль идеясын дамыта келе, австрия физигі Э.Шредингер өзінің атақты теңдеуін ұсынды (1926). Осы теңдеу әр түрлі күш өрістерінде қозғалатын бөлшектің толқындық функцияларын табуға мүмкіндік береді. Шредингер теңдеуі былай жазылады:

, (1)

мұндағы m – бөлшек массасы, i – жорамал бірлік ( ), U – бөл-шектің потенциалдық энергиясы, – Лаплас операторы. (1) теңдеуінен толқындық функцияның түрін U функция, яғни түптеп келгенде бөлшекке әсер ететін күштердің сипаты анықтайтындығы шығады.

Шредингер теңдеуі қорытылып шығарылмайды. Оны бастапқы негізгі ұйғарым деп қарастыру керек. Шредингер теңдеуінің дұрыстығы теория нәти-желерінің эксперимент деректерімен толық үйлесуімен, және де практикада қолданыс тапқан, мысалы, мазерлерде, лазерлерде, жартылай өткізгішті қондырғыларда және т.т. көптеген болжаула-рымен расталады.

Стационарлық күйлер. Кванттық теорияда ерекше рольді стационарлық күйлер атқарады, бұларда барлық бақыланатын физикалық шамалар уақыт өткенде өзгермейді.

-функцияның өзі негізінде бақыланбайды. Стационарлық күйлерде ол мына түрге келеді

, (2)

мұндағы ( ) – функция уақытқа тәуелді емес.

-функция осылай өрнектелгенде w ықтималдық тығыздығы тұрақты болып табылады. Шынында да

, (3)

яғни w ықтималдық тығыздығы уақытқа тәуелді емес.

Стационарлық күйлердегі ( )-функцияны табу үшін (2) өрнекті (1) теңдеуіне қоямыз, сонда мына теңдеу шығады:

. (4)

Бұл теңдеу стационарлық күйлер үшін Шредингер теңдеуі деп аталады. (1) теңдеуін Шредингердің жалпы теңдеуі дейді.

Бұдан былай тек (4) теңдеуімен істес боламыз және ол мына түрде жазылады:

. (5)

Шредингер теңдеуі берілген күйдің толқындық функциясын табуға, демек кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде бөлшектің болу ықтималдығын анықтауға мүмкіндік береді.

Квантталу. Квантталудың табиғи және жалпы принципі

Бордың теориясында квантталу жасанды түрде ендірілген болса, Шредингер теориясында ол өзінен-өзі шығады. Осы шарттарға сәйкес барлық кеңістікте ( )-функция шектелген, бір мәнді, үздіксіз болуы тиіс. Бұл дифференциалдық теңдеудің ізделіп отырған шешіміне қойылатын әдеттегі математикалық талаптар болып табылады.

Осы шарттарды қанағаттандыратын шешімдер Е энергияның кейбір мәндерінде ғана мүмкін болады екен. Бұларды меншікті мәндер деп, ал энергияның осы мәндерінде (5) теңдеуінің шешімдері болып табылатын ( )-функциялары Е-нің меншікті мәндеріне сай меншікті функциялар деп аталады. Квантталудың табиғи және жалпы принципі осы.

Е-энергияның меншікті мәндері тиісті стационарлық күйлерге сай энергияның мүмкін мәндері ретінде қабылданады. Е-энергияның осы мәндері дискретті немесе үздіксіз энергетикалық спектр түзіп дискретті (квантталған) немесе үздіксіз болуы мүмкін.

Осы теңдеуді тұжырымдап, Шредингер оны бірден сутегі атомына қолданды. Сонда энергия деңгейлерінің спектрі үшін Бордың теория-сында алынған спектрмен дәл келетін, демек, бақылау нәтижелерімен дәл келетін спектр алды.

Релятивтік емес механикада динамиканың негізгі теңдеуі (Ньютонның 2-заңы) қандай роль атқаратын болса, Шредингер теңдеуі кванттық теорияда сондай роль атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]