Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроба №13,14,15.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Кб
Скачать
☆

2. Қызамық қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.

Қызамық – қысқа мерзімді дене қызбасымен, майда-дақты экзантемамен (бөртпе шығумен), генерализацияланған лимфоаденопатиямен ж/е жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталатын вирустық жедел жұқпалы ауру. Таксономиясы. Тұқыдастығы: Togaviridae; Туыстастығы: Rubivirus. Инфекция көзі – клиникалық белгілері айқын н/е симптомсыз жұқтырған адаммдар. Вирус ауалы-тамшылы, транспланцентарлы (анасынан ұрыққа) жолмен ж/е де инфицирленген заттармен жанасқанда жұғады. Ауру дене қызбасының дамуымен, бөртпе шығумен, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен, буындарының ж/е б.е/ң ауыруыен сипатталады. Миробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар: қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысы, ликвор, ұрық тіндерінен алынған сынамалар. Вирусты бөліп алу (индикациялау): ауыспалы жасуша дақылдарына (Vero, Hela т.б.) жұқтыру (түйіндақтар түзілуі, ЦПӘ, ГАР б/ша анықтау). Идентификациялау: БР, ГАТР, РИФ. Серологиялық диагноз қою: КБР, ГАТР, БР, ИФТ, ПТР. Ауру барысында антиденелер титрінің 4 есе ж/е одан да жоғары көбеюі, ж/е де ауырып тұрғанын IgG-ді н/е жақын арада науқастанғанын көрсететін IgМ-ді спецификалық антиденелерді анықтаудың диагностикалық маңызы бар. Осындай антиденелерді жүкті әйелдерде анықтаудың маңызы ерекше орын алады. Жаңа туылған нәрестелердің I-жартыжылдығында вирусқа қарсы жоғарғы деңгейде спецификалық IgМ-ді табу ж/е II-жартыжылдығында IgG-ді анықтау – құрсақішілік инфекциямен зардаптанғанын көрсетеді. Емдеуі – симптоматикалық. Алдын-алуы. Спецификалық профилактика мақсатында әртүрлі вакциналар қолданылады. Моновакциналар: Meruvax -2 – қызамыққа қарсы вакцина. Рудивакс – қызамық вирусының аттенуацияланған штамынан дайындалған тірі вакцина (Франция). Эрвевакс – қызамық вирусының аттенуацияланған (тірі) штамынан дайындалған вакцина (Ресей). Қызамықтық аттенуацияланған модифицирленген тірі вакцина (Индия). Ассоциацияланған вакциналар: Паротит – қызылша – қызамықтықвакцина –ММR II (АҚШ). Паротит – қызамықтық вакцина (MR-Vax-2). Қызылша – паротит ж/е қызамыққа қарсы вакцина. Приорикс – паротит қызылша – қызамыққа қарсы аттенуацияланған штамнан дайындалған вакцина (Англия). Вакцина енгізілгеннен кейін иммунитет 20 жыл бойы сақталады. Қызамыққа қарсы егу 12 айлық ж/е 6 жаста жүргізіледі. Вакцинаның 2 дозасынан кем алған 13 жастағы қыздар арасында қызамыққа қарсы егуді қайталайды.

3. Топырақ жұқпалы аурулардың берілуші негізгі факторы. Топырақтың өзіндік тазалану үрдісінің санитарлық-гигиеналық маңызы.

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б. элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериалар, саңырауқұлақтар, мүктер (саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді. Топырақтың 1 грамында бактерия саны -10 млрд. жасушаға жетеді. Топырақ беткейінде УК-сәулелері, құрғақшылық т.б. факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.

Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3 - 4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.

Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдығына және т.б. байланысты.Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН-ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдықта, 25-450 С температурада дамуға қабілетті.

Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas, Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк –жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Топырақ - Bacillus және Clostriclium туыстастығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac. мegaterium, Bac. subtilis және т.б.), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың минералдануына қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum ).

Ішек бактериялары (тұқ. Enterobacteriaceae) – ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары – нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, оның санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұрғысында) .

Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.

Қарапайымдылар мөлшері 1г топырақта 500-500000-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қөректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді

Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты.

Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шартәрізді, және таяқша бактериялар, клостридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер мөлшері көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорганизмдер өте аз. Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақтылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б. байланысты болады.

Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені өңдеу (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б.) қолданылады.