- •Билет № 13
- •1. Қоректік орталар. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қоректік орталадың жіктелуі.
- •2. Қызамық қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
- •3. Топырақ жұқпалы аурулардың берілуші негізгі факторы. Топырақтың өзіндік тазалану үрдісінің санитарлық-гигиеналық маңызы.
- •Билет№14
- •1. Бактериялардың қоректенуі. Қоректену типтері.
- •2. Қызылша қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
- •3. Ауаның санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері. Епм ауасын санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •1. Бактерияның тыныс алуы. Бактерияның тыныс алуы типі б/ша жіктеу. Мысал
- •Билет№15
- •2. Аденовирустық инфекция қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
- •3. Қоғамдық мекемелер, тұрғын үй ауасы ж/е атмосфералық ауа микрофлорасы. Ауаның санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері.
2. Аденовирустық инфекция қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
Аденовирустарды алғашқы рет 1953ж У.Роу балалардың бадамша безінен ж/е аденоидтарынан (с/тан аденовирустар д.а)ибөлініп алынған. Қазіргі кезде олардың 90-нан астам серотиптері белгілі, тек қана 49 серотиптері адамдарға патогенді болып табылады. Таксономиясы. Тұқымдастығы: Adenoviridae. Туыстастығы: Mastadenovirus (адамдардың С аденовирусы). Aviadenovirus (құстардың А аденовирусы). Atadenovirus (қойлардың Д аденовирусы). Siadenovirus (түйетауықтардың В аденовирусы). Инфекция көзі – аденовирусты инфекциялардың жедел н/е латентті түріне шалдыққан науқастар. Инфекция ауалы-тамшылы жолмен беріледі, кейбір жағдайда жанасу жолымен де берілуі ықтимал. «Ішектік» аденовирустар нәжіспен бөлініп, фекальді – оральды жолмен таратылады. Аденовирустар көбінесе 6 айдан 2 жасқа дейінгі балаларда ауру қоздырады. Инкубациялық жасырын кезеңі 4-5 тәулік. Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын заттар: мұрын-жұтқыншақ шайындысы, конъюктивалардың бөліндісі, нәжіс, қан, т.б. Вирусты бөліп алу – біріншілік н/е диплоидты жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ б/ша индикациялайды). Идентификациялау – ГАТР, ИФТ, РИТ, КБР. Серологиялық диагноз қою – КБР, БР, ГАТР. Жедел диагноз қою – ЭМ, ИЭМ, РИФ, ИФТ. Емдеуі. Симптоматикалық ж/е лейкоцитарлық интерферон, дезоксирибонуклеаза ферменті, теброфен ж/е оксолин қосылған көз жақпалары қолданылады. Алдын алуы. Жалпы медициналық сақтану шаралары. Спецификалық профилактика яғни вакцина егу шектелген. Өйткені, жиі кездесетін серологиялық варианттарынан әлсіздендіріп дайындалған тірі вакциналарды кең қолдану адам жасушаларында қатерлі ісіктік трансформация қоздыруы мүмкін. АҚШ-та әскери адамдардың арасында аденовирусқа қарсы тірі вакцина нәтижелі қолданыла бастады.
3. Қоғамдық мекемелер, тұрғын үй ауасы ж/е атмосфералық ауа микрофлорасы. Ауаның санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері.
Ауа микрофлорасы топырақ және су микрофлорасымен өзара байланысты. Адамдар мен жануарлардың сілекей тамшыларымен және тыныс жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шар тәрізді және таяқша бактериялар, костридиялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар мен вирустар табылады. Күн сәулесі және басқа факторлар ауа микрофлорасының жойылуына әкеледі. Үлкен қалаларда ауада микроорганизмдер көп, ал ауылды жерлерде аз кездеседі. Әсіресе орман, тау, теңіз үстінің ауасында микроорганизмдер өте аз.Микроорганизмдердің көпшілігі жабық бөлмелер ауасында болады, ондағы микроб тығыздығы бөлменің уақытылы тазаланып жиналуына, жарықтану деңгейіне, бөлмедегі адамдар санына, желдету жиілігіне және т.б байланысты болады. Ауадағы микроб тығыздығын азайту мақсатында бөлменің ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен (фильтрлеу) бірге жүргізеді. Сонымен бірге аэрозольді дезинфекция және УК сәулемен бөлмені (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда т.б. ) қолданылады.
Ауаны зерттеудің сандық микробиологиялық зерттеу әдісі тұндыру (седиментация), аспирация немесе фильтрация принциптеріне негізделген.
Седиментациялық әдіс. Қоректендіретін агары бар екі Петри табақшасын 60 минут бойы ашық күйде қалдырады содан соң термостатта 370С-да инкубациялайды. Нәтижелерді екі табақшадағы колониялардың жалпы санымен бағалайды: егер 250-ден аз колония табылатын болса ауа таза деп есептеледі, 250-500 колония орта дәрежеде ластанған, 500-ден көп колония ластанған деп есептеледі.
Аспирациялық әдіс. Ауаның микробтық өлшемін анықтайтын нақтырақ әдіс. Ауаның дақылдандырылуы құралдар кӛмегімен жүзеге асырылады. Кротов құралы қоректендіретін Петри табақшасын жауып тұратын плексигластық пластинаның жіңішке тесігінен белгілі бір жылдамдықпен ауаны өткізіп тұрады. Инкубациядан кейін термостатта микробтық өлшемді мына формула бойынша санайды: x =a*1000/V мұнда a-табақшадағы өскен колониялардың саны; V-құралдан өткен өткізілген ауаның көлемі, л; 1000-ауаның болуға тиіс көлемі,л.
Жалпы микробтық саны. Ауаның ЖМС 1м³ көлемінде колония түзүші бірліктің саны (қоректік агар бетіне дақылдандырылған және 24сағат бойы 37°С градуста немесе бӛлме температурасында инкубациланған колониялар санын есептейді).
Саңырауқұлақтар бар болуы. ауадағы ашытқы және зең саңырауқұлақтарының барлығын 96 сағат Сабуро ортасында 22-28°С инкубациялап анықтайды.
Ауаның микробтың санын анықтау үшін қоректендіретін агар қолданылады, гемолитикалық стрептококктарды анықтау үшін-генциан фиолет қосылған қанды агар, күдікті колонияларды қанды агарға қайта егу мен екіншілік микроскоптау арқылы жүреді. Staph. aureus-ті сарыуызды-тұзды агарға ауаны дақылдандыру арқылы анықтайды.
Орталар құрамы. Генциан-виолетті қанды агар:2% қоректендіретін агар мен 5-10% жылқының дефибринацияланған қанымен, қоян немесе қойдікімен. Сарыуызды-тұзды агар: 2% қоректендіретін агар 10% натрий хлориді, 20% сарыуыз өлшемі. Ауаны зерттеу үшін өзге де құралдар қолданылуы мүмкін (Дьяков, Речменский, Киктенко, ПАБ-1, ПОВ-1), оларда ауаның белгілі бір көлемі сұйықтықтар мен фильтрлерден өткізіледі, сосын қоректік орталарға өлшеніп дақылдандырылады. ПАБ-1 және ПОВ-1 қолдана отырып ауаның үлкен көлемдерін өлшеп, патогенді бактериялар мен вирустарды анықтайды. Патогенді және шартты-патогенді бактериялардың-ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштары (стафиллококктар, көк іріңді таяқша мен өзге де грам теріс бактериялар), міндетті анықталынуы-қазіргі уақытта стационарлардағы ауаны тексеруде қолданылады: хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық,т.б. Ауруханаішілік стафиллококктық этиологиясы бар инфекциялар анықталған жағдайда оның көзі мен таралу жолдарын табу үшін зерттелінеді: қоршаған орта объектілерінен бӛлінген және науқастар мен күтүші персоналдан фаготиптену жолымен бөлінген стафиллококктар идентификацияланады.
