- •3.Еңбек қорғау пәнің объектісі.
- •9,Өндірістегі тергеп тексеру түсінігі
- •16,Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •17.Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер
- •18.Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптары
- •21.Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
- •23.Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметі
- •24.Жоспарлы тексеруге себеп болатын жагдайлар
- •28.Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері
- •27.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
- •30.Еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының қызметі
- •32.Жазатайым оқиғаларды дұрыс,уақытылы тергеп-тексеруімен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •33.Оқиғаларды тергеп тексеруді жузеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •34.Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер
- •35.Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі.
- •36 .Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі.
- •37. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұымдастырушы негізгі актілер.
- •38, Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік түрлері
- •39,Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі
- •40,Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда,келтірілген зиянды өтеу тәртібі.
- •41,Камелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі,
- •42,Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
- •44,Жеке еңбек дауларын қарау тәртіптері:
- •45, Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істеитін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.
23.Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметі
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға міндетті.
24.Жоспарлы тексеруге себеп болатын жагдайлар
25.Тексеруді жүргізетін тұлғалар. ҚР Еңбек кодексінің 325 бабына сәйкес жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
26. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жузеге асырушылыр Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
2) мемлекеттік еңбек инспекциясының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - мемлекеттік еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары жатады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға міндетті.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторына теңестіріледі және осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
