- •3.Еңбек қорғау пәнің объектісі.
- •9,Өндірістегі тергеп тексеру түсінігі
- •16,Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
- •17.Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер
- •18.Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер талаптары
- •21.Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
- •23.Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметі
- •24.Жоспарлы тексеруге себеп болатын жагдайлар
- •28.Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің принциптері мен негізгі міндеттері
- •27.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
- •30.Еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының қызметі
- •32.Жазатайым оқиғаларды дұрыс,уақытылы тергеп-тексеруімен есепке алынуын бақылау тәртібі
- •33.Оқиғаларды тергеп тексеруді жузеге асыратын комиссияның құрылу тәртібі
- •34.Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер
- •35.Еңбек нормаларының сақталуын тексеру тәртібі.
- •36 .Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі.
- •37. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұымдастырушы негізгі актілер.
- •38, Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік түрлері
- •39,Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі
- •40,Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда,келтірілген зиянды өтеу тәртібі.
- •41,Камелетке толмағандардың еңбегін қорғау тәртібі,
- •42,Еңбек саласындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
- •44,Жеке еңбек дауларын қарау тәртіптері:
- •45, Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істеитін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.
30.Еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының қызметі
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушінің алдында қызметкерлердің қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты құқықтарын қорғайды, келісімдер, ұжымдық шарттар жасауға және жұмыс берушінің жұмыс орындарында еңбек және қауіпсіздік техникаларының қалыпты жағдайларын жасауын бақылауға қатысады.
Жұмыс берушінің келісімдерде, ұжымдық шарттарда көрсетілген еңбекті қорғауға қатысты міндеттемелерін орындауын тексереді, тексеріс қорытындылары бойынша лауазымды тұлғалардың атына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар жасайды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын, келісімдер мен ұжымдық шарттардың еңбекті қорғауға қатысты ережелерін бұзған, өндірістегі сәтсіз жағдайларды және кәсіптік ауруларды жасырған қызметкерлерді және ұйымның басқа да лауазымды тұлғаларын жауапқа тарту туралы талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну.
Комиссияның өндірістегі сәтсіз жағдайларды, кәсіптік ауруларды зерттеу, ұйымдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың алдын алу, мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін ұйымдағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайларын кешенді тексеру жұмыстарына қатысады.
Еңбек жағдайларының өзгеруіне, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың бұзылуына, келісімдер мен ұжымдық шарттардағы еңбекті қорғауға қатысты міндеттемелердің орындалмауына, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қатысты еңбек шарттарына байланысты еңбек дауларын қарастыру жөніндегі комиссияға қатысады.
Бекітілген ережелерге сәйкес жұмыс орындарын аттестациялау, қайта жаңартудан және модернизациядан кейін өндірістік объектілерді және өндіріс құралдарын сынақтан өткізу және пайдалануға қабылдау, жаңа техника мен технологияларды орнату жөніндегі комиссия жұмысына қатысады.
Заңнама талаптарына және салалық нормаларға сәйкес қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылайды.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды іске асыру барысында инспектор мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен өзара байланыс жасайды.
Қызметкерлерден және ұйымның басқада лауазымды тұлғаларынан инспекторға жүктелген қызметтерді орындауға қажетті ақпаратты және түсініктемелерді қағаз жүзінде алады.
Инспектор қызметкердің денсаулығына немесе өміріне қауіп туғызатын жағдайлар туындаған жағдайда қалыптасқан жағдайды жою немесе берілген учаскедегі жұмыстарды тоқтату бойынша шаралар қабылдау үшін жұмыс жетекшісіне хабарлауы тиіс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі істерді қарау барысында сот үдерістеріне қатысады.
Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және өз ұсыныстарын енгізеді.
31.Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп тексеру қызметі Өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі.
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді:
төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
6. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
