- •1. Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау
- •«Қ. Әбдіғұлов» атындағы өк-ның пайдалылығын талдау
- •3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
- •3.1 Өндірістегі ысыраптың алдын алу-тиімділік кепілі
- •3.2 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін арттыру
- •1 Жылда келіп түскен нқ құны
- •3.3 Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары
«Қ. Әбдіғұлов» атындағы өк-ның пайдалылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі меншік капиталының сомасының өсуімен сипатталады; ең алдымен негізгі қалыптасу көзі ретінде негізгі, инвестициялық қаржылық, төтенше жағдайдан болатын пайда табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда ауылшаруашылық кәсіпорыны алынған өнімнің барлығын өткізбейді. Оның бір бөлігі (тұқым, фураж, өңдеуге арналған шикізат) өндірілген мақсаттарда қолданылады.
Меншікті өндірістегі өнімдерді тиімді пайдалануға бір жағынан, өсімдік және мал шаруашылығы саласының кеңеюуіне, 2-ші жағынан өндірістің тауарлығының өсуі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығы байланысты.
Кәсіпорынның пайдалылығы кәсіпорын жұмысының тиімділігін, әр түрлі бағыттағы қызметтің табыстылығын көрсетеді.
2 - кесте. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-да атқарылған қызмет түрлері бойынша өнім көлемі мен қызметтердің орташа тізімдік саны
Шаруашылық түрі |
2013 ж. |
2012 ж. |
||
өндірілген өнім көлемі, м.тг. |
қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам |
өндірілген өнім көлемі, м.тг. |
қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам |
|
-ауылшаруашылығы |
35666 |
259 |
27220 |
195 |
- өсімдік шаруашылығы |
23097 |
163 |
11835 |
95 |
- мал шаруашылығы |
12509 |
96 |
10210 |
83 |
- өнеркәсіп |
6175 |
17 |
5175 |
17 |
Ауылшаруашылық өнімін өндіру көлеміне өнімді өткізу көлемі, яғни халықтардың азық-түлікпен қамтамасыз ету дәрежесі, ал өнеркәсіптің шикізатпен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Өнімді өндіру көлеміне сондай-ақ оның өзіндік құны, пайда сомасы, пайдалылық деңгейі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлемділігі және басқа да экономикалық көрсеткіштер байланысты. Сондықтан кәсіпорын қызметінің нәтижелерін талдауда ең алдымен ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемін зерттеуден бастау қажет.
3 - кесте. 2013 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өндіру және оны өткізу көлемі
Өнім түрлерінің атауы |
Өткізілген өнім көлемі, ц |
Өнімнің өзіндік құны, м.тг. |
Өткізілген өнімнен түскені, мың тг |
Жалпы табыс (4 бағ. – 3 бағ.) |
Дәнді дақылдар барлығы: - бидай - арпа |
3805 3740 65 |
3965 3904 61 |
4000 3994 6 |
+35 90 -55 |
Майлы дақылдар барлығы: - соя |
3875 3875 |
9630 9630 |
9861 9861 |
+231 +231 |
Қант қызылшасы |
13365 |
4090 |
4413 |
+323 |
Картоп |
326 |
413 |
296 |
-117 |
Жем |
2181 |
793 |
730 |
-73 |
Барлығы: |
23552 |
18891 |
19300 |
+409 |
4 – кесте. 2012 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өндіру және оны өткізу көлемі
Өнім түрлерінің атауы |
Өткізілген өнім көлемі, ц |
Өнімнің өзіндік құны, м.тг. |
Өткізілген өнімнен түскені, мың тг |
Жалпы табыс (4 бағ. – 3 бағ.) |
Дәнді дақылдар барлығы: - бидай - арпа |
5754 5336 418 |
3304 3095 209 |
5002 4625 377 |
+1698 +1530 +168 |
Майлы дақылдар барлығы: - соя |
259 |
388,5 |
6142 |
+2257 |
Қант қызылшасы |
19784 |
6924 |
9374 |
+2450 |
Картоп |
1087 |
1033 |
1365 |
+332 |
Дән қалдықтары |
87 |
17 |
53 |
+36 |
Шөп |
2891 |
434 |
753 |
+319 |
З/масса |
500 |
32 |
60 |
+28 |
Барлығы: |
30362 |
12132,5 |
22409 |
+10276,5 |
2013 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өткізу көлемі сәйкесінше 6810 центнерге (30362-23552), сәйкесінше өнімді өткізуден түскен түсім 3109 мың тенге кеміген. Нәтижесінде жалпы табыс 9867,5 мың тенгеге азайған.
5 - кесте. 2012 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің мал шаруашылығының өткізілген өнімдерінің және өткізілген өнімнен түскен түсім көлемі
Өнім түрлерінің атауы |
Өткізілген өнім көлемі, ц |
Өнімнің өзіндік құны, м.тг. |
Өткізілген өнімнен түскені (ҚҚС-сыз), мың тг |
Жалпы табыс (4 бағ. – 3 бағ.) |
1. Сүт |
5996 |
10793 |
12838 |
+2045 |
2.КРС |
242 |
- |
1415 |
+1415 |
3.Қой |
143 |
- |
1096 |
+1096 |
4.Түйе |
24 |
- |
272 |
+272 |
5.Жылқы |
3 |
- |
43 |
+43 |
6. Сиыр еті |
65 |
520 |
536 |
+16 |
7. Қой еті |
29 |
232 |
213 |
-16 |
8. Түйе еті |
3 |
24 |
21 |
-3 |
9. Жылқы еті |
5 |
40 |
40 |
- |
10. Жүн |
58 |
292 |
856 |
+564 |
Барлығы: |
6568 |
11901 |
17330 |
+5429 |
6 - кесте. 2013 ж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің мал шаруашылығының өткізілген өнімдерінің және өткізілген өнімнен түскен түсім көлемі
Өнім түрлерінің атауы |
Өткізілген өнім көлемі, ц |
Өнімнің өзіндік құны, м.тг. |
Өткізілген өнімнен түскені (ҚҚС-сыз), мың тг |
Жалпы табыс (4 бағ. – 3 бағ.) |
1. Сүт |
4340 |
10736 |
10757 |
+21 |
2.КРС |
- |
- |
- |
- |
3.Қой |
- |
- |
- |
- |
4.Түйе |
- |
- |
- |
- |
5.Жылқы |
- |
- |
- |
- |
6. Сиыр еті |
85 |
828 |
808 |
-20 |
7. Қой еті |
28 |
237 |
200 |
-37 |
8. Түйе еті |
3 |
34 |
30 |
-4 |
9. Жылқы еті |
1 |
13 |
11 |
-2 |
10. Жүн |
58 |
292 |
745 |
+453 |
Барлығы: |
4515 |
12140 |
12551 |
+411 |
Өндірістік кооперативтің 2013 ж. мал шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемі 2053 ц-ге кеміген, яғни ірі қара және ұсақ мал есепті жылы өткізілмеген. 2013 ж. өткізілген өнімнен түскен түсім де сәйкесінше, 4779 мың тенгеге, жалпы табыс 5019 мың тенгеге төмендеген.
7 - кесте. 2012-2013 жж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК өндірілген және өткізілген астық өнімдерінің көлемін талдау
Өнім түрлері |
2012 ж. |
2013 ж. |
Өзгерістер (+,-) |
|||
Өндіріл-гені,ц |
Өткізіл- гені,ц |
Өндіріл-гені,ц |
Өткізіл-гені,ц |
Өндір, ц |
Өткіз. ц |
|
Дәнді дақылдар барлығы: - бидай - арпа |
9847 3296 |
5336 418 |
6750 1472 |
3740 65 |
-3097 -1824 |
-1596 -353 |
Майлы дақылдар барлығы: - соя |
388 |
259,4 |
4524 |
3875 |
+644 |
+1281 |
Қант қызылшасы |
19784 |
19784 |
14850 |
14850 |
-4934 |
-4934 |
Картоп |
2200 |
1087 |
2753 |
326 |
+553 |
-761 |
Жем |
22068 |
2891 |
20520 |
2181 |
-1548 |
-710 |
Шөп (табиғи) |
2400 |
- |
2090 |
- |
-310 |
- |
Жемге жүгері |
41900 |
500 |
27172 |
- |
-14728 |
500 |
Астық қалдықтары |
549 |
- |
- |
- |
-549 |
- |
Шөп дайынд. |
32946 |
- |
- |
- |
-32946 |
- |
Барлығы: |
135378 |
23552 |
80131 |
25037 |
-58739 |
-7573 |
2012-2013 жж. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК өндірілген көлемінен өткізілген астық өнімдерінің көлемі аз. 2004 ж. өнім өндіру 58739 ц-ге, ал өткізілген өнім көлемі 7573 ц-ге азайған.
Кәсіпорынның
табысын талдау және деңгейі мен серпінін
талдау үшін № 2 «Табыстар мен шығыстар
туралы есеп» нысанының мәліметтері
негізінде жүргізіледі
.
Есепті кезеңдегі жалпы қаржылық нәтиже есеп беру нысандарына ашып көрсетіледі және өнімді өткізуден, негізгі қорларды, материалды емес активтерді, басқа мүліктерді өткізуден түсетін таза табыстың алгебралық қосындысы ретінде болады.
8 - кесте. Табыс көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
Ауытқу |
|
Абсолюттік (+,-), мың тенге |
Салыстыр-малы, % |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түсетін табыс |
54463 |
49444 |
-5019 |
-9,2 |
2. Өткізілген өнімнің өз құны |
52243 |
38374 |
-13869 |
-26,5 |
3. Жалпы табыс |
2220 |
11070 |
8850 |
498,6 |
4. Кезең шығындары |
1480 |
2154 |
674 |
45,5 |
5. Негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) |
740 |
810 |
70 |
9,5 |
6. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (зиян) |
– |
– |
– |
– |
7. Салық салуға дейінгі қызметтен түсетін табыс (зиян) |
740 |
810 |
70 |
9,5 |
8. Салық салудан кейінгі қызметтен түсетін табыс (зиян) |
666 |
729 |
63 |
9,5 |
9. Таза табыс (зиян) |
666 |
729 |
63 |
9,5 |
13-кестеден көріп отырғанымыздай, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен түсім 5019 м. тенгеге, яғни 9,2 %, ал өнімнің өзіндік құны сәйкесінше 26,5% немесе 13869 м теңгеге кеміп отыр. Нәтижесінде жалпы табыс 8850 м. теңгеге артып отыр, яғни 2013 жылы 11070 м. теңгені құраған.
«Қ. Әбдіғұлов» атындағы ӨК-ның кезең шығындары 2012 ж. 1480 м. тг құраса, 2013 жылы 21,54 м. тг құраған, яғни 674 м. тг немесе 45,5 %-ға артқан. Шығындар баптарының артуы табыстың төмендеуіне әкеледі. Негізгі қызметтен түсетін табыс 2012 ж 740 м. тг құраса, 2013 жылы 710 м. тг мөлшерінде пайда тапқан, яғни 70 м. тг немесе 9,5 %-ға артқан .
Кәсіпорынның таза табысы 2012 жылы 666 м. тг-ні құраса, 2013 жылы 729 м.тг, яғни 63 м.тг, немесе 9,5 %-ға артқан. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен, осыған сәйкес жалпы осыған сәйкес жалпы табыстың табыстың 2012 жылмен салыстырғанда 8850 м. тг болуымен түсіндіріледі. Бұл кезең шығындарының, яғни жалпы және әкімшілік шығындарының, өткізу бойынша шығындардың сәйкесінше өткен жылғымен салыстырғанда артқы есебінен болып отыр.
Есепті кезеңдегі таза табыстың құрылымындағы өзгерістер келесі кестеде келтірілген.
9 - кесте. Таза табыстың құрылымы
Көрсеткіштер |
2012 г |
2013 г |
Ауытқу |
|||
м.тг |
% |
м.тг |
% |
м.тг |
% |
|
1. Салық салуға дейінгі қызметтен түсетін табыс (зиян) |
740 |
100 |
810 |
100 |
70 |
9,5 |
- негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) |
740
|
100
|
810
|
100
|
70
|
9,5 |
- негізгі емес қызметтен түсетін табыс |
– |
– |
– |
– |
– |
– |
2. Салық салғаннан кейінгі табыс (зиян) |
666 |
х |
729 |
х |
63 |
9,5 |
3. Таза табыс |
666 |
х |
729 |
х |
63 |
9,5 |
Кәсіпорынның негізгі қызметінен түскен табыс көлемі артқан, негізгі емес қызметтен түскен табыс мөлшері берілмеген.
Будан кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсаруын, қаржының тұрақтылығын көруге болады.
Өнімді өткізуден түсетін таза табысты факторлық талдау.
Ауыл шаруашылық өнімін өткізуден түсетін табыс үнемі мына факторлардың әсерінде, ықпалында болады: өнімді өткізу көлемі, өнімнің құрылымы; өткізілген өнімнің сату бағасы; шикізат, материал, отын, электрэнергиясының тарифтері, тасымал шығындары, материалды және еңбек ресурстарының шығындарының деңгейі.
Өнімді өткізуден түсетін табысқа факторлардың әсерінің формальды есебін келтірейік.
10 – кесте. Факторлар бойынша табысты талдау
Рет № |
Көрсеткіштер |
2012 ж |
Нақты өткізілген ауылшаруашылық өніміне өткен кезең бойынша |
2013 ж |
1 |
Өнімді өткізуден түсетін түсім, м.тг |
54463 |
51210 |
49444 |
2 |
Өткізілген өнімнің толық өзіндік құны, м. тг. |
53 797 |
35134,1 |
43736,5 |
3 |
Өнімді өткізуден болатын таза табыс |
666 |
690 |
729 |
Өндірістік қызметтің табыстылық (рентабельділік) деңгейі немесе шығындардың орнын толтыру деңгейі жалпы кәсіпорын бойынша 3 бірінші ретті негізгі факторларға байланысты: өткізілген өнімнің құрылымдық өзгерісіне оның өзіндік құны мен өнімді өткізудің орташа бағасының өзгерісі.
Өндірістің пайдалылығы (пайдалылығы) жалпы немесе таза табыстың өткізілген өнімнің шығындарының сомасына қатынасымен анықталады:
немесе
( 7 )
мұндағы Прп - өнімді өткізуден түскен табыс;
Чрп – таза табыс;
Зрп - өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар
Пайдалылық көрсеткіштерінің деңгейі мен серпініне өндірістік-шаруашылық факторларының жиынтығы әсер етеді: өндірісті ұйымдастыру мен басқару деңгейі; капитал құрылымы, өндірістік ресурстарды пайдалану дәрежесі, өнімнің сапасы, көлемі, құрылымы, әртүрлі қызмет түрінен түсетін таза табыс, оларды пайдалану бағыттары.
11 - кесте. «Қ. Әбдіғұлов» атындағы ӨК-нің пайдалылық көрсеткіштеріне талдау
№ |
Көрсеткіштер |
Есептеу формуласы |
Мәні |
Өсу қарқыны |
|
2012 ж. |
2013 ж. |
||||
1 |
Кәсіпорын активтерінің пайдалылығы |
Таза табыс х 100 Кәсіпорын активтері-нің орташа шамасы |
0,67 |
0,82 |
0,15 |
2 |
Сату көлемінің пайдалылығы |
Жалпы табыс х100 Сатудан түскен түсім |
4,1 |
22,4 |
18,3 |
3 |
Өндірілген өнімнің пайдалылығы |
Таза табыс х100 Сатудан түскен түсім |
1,2 |
1,5 |
0,3 |
4 |
Меншік капиталының пайдалылығы |
Таза табыс х100 Меншік капиталы-ның орташа құны |
0,85 |
1,02 |
0,17 |
5 |
Негізгі капитал пайдалылығы |
Таза табыс х100 Негізгі капиталдың орташа шамасы |
0,99 |
1,21 |
0,22 |
6 |
Өндірісітің пайдалылығы |
Таза табыс х100 Өткізілген өнім шығыны |
1,24 |
1,49 |
0,25 |
«Қ. Әбдіғұлов» атындағы ӨК-ның 2012-2013 ж.ж. пайдалылық деңгейін талдау нәтижесін қорытындылай келсек, кәсіпорын мүлкінің пайдалылығы (пайдалылығы) 2012 ж. 9,19% болса, 2013 ж. 6,12 %, яғни 2013 жылы 3,07 %-ға кеміген; меншік құралдарының пайдалылығы 2012 ж. 2249,7 %-ды құраса, 2013 ж. меншік құрамының шығындылығы 2405,2 %-ды құраған. 2013 жылы кәсіпорынның меншік капиталы -422,8 м.тг-ге кері көрсеткішіне ие. Бұл жылы қарыз капиталы есебінен активтеріне (мүліктерін) қаржыландырып отырғанын байқаймыз. 2012 жылы таза табыс мөлшері 2,3 % болса, 2013 жылы зиян мөлшері 1,3 %-ды құраған. Ал, өндірістің пайдалылығы, яғни өнімді өндіру және оны өткізуге кеткен шығындардың орнын толтыру (жабу) деңгейі бойынша таза табыспен есептегенде 2012 жылы 2,59 % немесе жалпы табыс бойынша 141,0 % болса, 2013 жылы өндірістің зияндылығы 1,4 %, ал өндірістің пайдалылығы жалпы табыс бойынша есептегенде 79,4 %-ды құраған .
