Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби қаз. қдс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306 Кб
Скачать
☆

Адам ағзасы - біртұтас құрылым

Қазақ халқы адам денесіндегі он екі мүшенің сау болуына, олардың дұрыс калыптасып өсуіне көп көңіл бөлгендігі бұрыннан белгілі. Адам мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, он екі мүше кұрайды.

Бірінші топқа - бас және оның бөліктері (маңдай, төбе, шүйде, самай, шықшыт және жақ сүйектері), сондай-ақ алдыңғы ми сыңарлары, ортаңғы, аралық, сопақша ми және мишық жатады;

Екінші топқа- көз және оның қосалқы мүшелері;

Үшінші топқа- мұрын (танау тесіктері, иірімдері, кеңсірік, түктері)

Төртінші топқа- ауыз (тіс, тіл, таңдай, көмей, бөбешік, сілекей бездері) т.б.

Бесінші топқа- құлақ (құлақтың қалқандары және ішкі мүшелері);

Алтыншы топқа- кеуде, омыртқа жотасы, қабырғалар (жүрек, өкпе және бұлардың қосалқы мүшелері);

Жетінші топқа- бауыр және талақ немесе көкбауыр;

Сегізінші топқа- бүйрек және зәр шығару мүшелері;

Тоғызыншы топқа- асқорыту мүшелері жатады;

Оныншы топқа- жыныс мүшелері;

Он бірінші топқа- иық белдеуі;

Он екінші топқа- жамбас белдеуі.

4-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.

Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы

Дәрумендерді ағза, негізінен, тағамның құрамында сіңіреді. Әсіресе, дәруменнің бай көзі - өсімдіктер. Сонымен қатар, кейбір дәрумендер адам ағзасында жаңадан да пайда болады. Бірақ жануарлармен салыстырғанда адам ағзасы дәруменді синтездеу қасиеті өте нашар дамыған. Өйткені адам эволюциялық даму жолында дайын дәрумені бар тағамдарды жиі қолданғандықтан, бұл қасиетінен біртіндеп айрыла бастаған.

С дәрумені солтүстік жақта өсірілген картоп пен помидорда көбірек болатыны белгілі. Жас көкөністер мен жемістер піскенде дәрумендер біртіндеп көбейіп, әбден піскен соң қайтадан азаятыны анықталған. Әріресе, көкөністер мен жемістерді жинап, оларды ұзақ сақтау кезінде дәрумендер азая түседі екен. Белгілі бір ылғал мен температураны, ауаны сақтамаса және арнаулы ыдыс болмаса мұндай азаю процесі өте тез жүреді. Сол сияқты, тағам дайындау кезінде де жоғары температураның әсерінен дәрумендердің көбі жойылып немесе азайып кететінін білеміз. Өте күрделі органикалық қосылыстар болғандықтан, дәрумендер тез тотығады. Бұл процестерді мыс, темір және т.б. ауыр металдардың тұздары тездете түседі. 25-40 градустың арасындағы жылылықта оттегінің мол қатысуымен немесе күн сәулесінің әсерінен бұл процесс өте тез жүреді. Тағамның құрамындағы кейбір ферменттерде тотығу процесін жылдамдатуға себеп болады. Әсіресе, А, В1 және С дәрумендері ете тотыққыш келеді. Бұларға қарағанда В2, РР, Е және Р дәрумендері тотығуға төзімдірек.

Сонымен, тағамның құрамындағы дәрумендерді тотығудан сақтау үшін, негізінен, мынадай шаралар колдану керек: ауадағы оттегінің, жоғары температураның, ылғалдың, күн сәулесінің әсерін барынша азайту қажет;

Көкөніс тағамдарының құрамындағы тез тотыққыш ферменттерді азайту үшін, оларды аздаған уақыт жоғары темпратурада кептіріп буға ұстау немесе қайнаған суға батырып алу керек. Бірақ мұны А және С дәрумендеріне қолдануға болмайды: себебі олар жойылып кетуі мүмкін;

5-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.