- •Қазақтың тұңғыш дәрігерлері
- •Қазақ медицинасының атасы – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы
- •Адам ағзасы - біртұтас құрылым
- •Дәрумендер және олардың тамақта сақталуы
- •Салауатты өмір салты
- •Адам қаңқасы, оның зақымдануы
- •Тірек-қимыл жүйесі, оған қатысты мүшелердің аурулары
- •Асқорыту жүйесі, асқазан аурулары
- •Жүрек- қан тамырлар жүйесі
- •Тыныс алу жүйесі
- •Қанның құрамы
- •Жүйке жүйесі және оның аурулары
- •Жұқпалы аурулар
Тірек-қимыл жүйесі, оған қатысты мүшелердің аурулары
Сүйектің өсуі мен дамуы өте күрделі, оны гормондар мен дәрумендер реттейді. Сүйекте минералды заттардың алмасуы, сілтілі фосфотаза ферментіне байланысты. Сүйек ұлпасының қызметі күшейген кезеңде, мысалы, сүйек сынғанда, мешел ауруымен және түрлі сүйек ауруларымен ауырған кезде, бұл фермент көп болады. Дені сау адамның сүйегінде «коллаген» деп аталатын ақуыз және минералды заттар да болады. Егер сүйек құрамында ақуыз бен минералды заттар жетіспесе, сүйек сынғыш келеді. Сүйектің мұндай қасиеті гормондардың түзілу өзгерістеріне де байланысты. Сүйек ауруларын тек дәрігер ғана емдей алады. Тек қимыл мүшелерінің ауруларын емдейтін медицина ғылымының бөлімін ортопедия дейді. Біздің елімізде толып жатқан емханалар бар. Онда туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл ауруларын хирург - ортопед дәрігер емдейді.
Артрит (буын қабынуы). Артрит - (грек тілінен аударғанда буын деген мағынаны білдіреді) буын ауруы. Артрит болған адамның буыны сырқырап ауырады. Кейде ол қызарып, ісінуі де мүмкін. Артрит бір ғана буында немесе бірнеше буында болуы мүмкін.
Емі: Артритке себеп болған жұқпалы ауруды дәрі-дәрмекпен, хирургиялық, физиотерапиялық тәсілдермен және курортта жату арқылы емдеулер жүргізу.
Бруцеллез (сарып). Бруцеллез негізінен жануарлар арасында кездесіп, олардан адамға жұғады. Бұл аурудың қоздырушысын Брюс 1886 жылы Мальта қазбасы деп аталатын аурудан өлген солдаттың көк бауырынан бөліп алған. Кейін осы қоздырушылар бруцеллалар деп аталған. Олардың үш түрін ажыратады. 1. Қой-ешкі бруцеллезін коздырушы; 2. Сиыр бруцеллезін қоздырушы; 3. Шошқаларды зақымдайтын түрі. Адамдарда негізінен бруцеллалардың бірінші түрі кездеседі (93,3 %). Инфекция көбінесе ауру малдың сүтін немесе сүт өнімдерін, етін пайдаланғанда жұғады. Мал шаруашылығымен айналысатын кісілерге, мал мамандарына бруцеллез жарақаттанған тері және шырышты қабаттар арқылы да өтуі ықтимал. Осы мамандар үшін бруцеллез кәсіптік ауру қатарына жатып, шопандардың 25-100%, ветеринария қызметкерлерінің 20-65%-да бруцеллез инфекциясы табылады.
8-билет
Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.
Асқорыту жүйесі, асқазан аурулары
«Ас - адамның арқауы» деп дана халқымыз айтқанындай, адам негізгі энергия көзін астан алады. Сондықтан дұрыс тамақтанып, тамақтану кестесін сақтау ас қорыту жүйелеріндегі көптеген аурулардың алдын алуға көмегін тигізеді.
Асқазанның шырышты қабығында тамақпен бірге түсетін әртүрлі улардан, микробтардан, антигендерден қорғайтын механизмдер бар. Олар екі топқа бөлініп қаралады:
1. Иммунологиялық; 2. Бейиммунологиялық механизмдер.
Қорғаныстың ерекше түріне асқазан эпителиінің жиі жаңарып тұруы да жатады.
Арнайы емес төзімділік факторларына лизоцин, нитерферон, комплемент, фагоцитоз, ас қорыту лейкоцитозы кіреді. Осылайша асқазан кілегей қабатында өте күрделі, бір-бірімен тығыз байланысты қорғаныс жүйелері бар. Демек асқазан ауруларының пайда болуы осы жүйелердің бұзылуы мен немесе оның тұқым қуалаушы әлсіздігімен байланысты.
Гастрит деп асқазанның қабынуын айтады. Ол жіті немесе созылмалы түрде өтеді. Жіті гастритті этиологиясына қарап сыртқы және эндогенді деп екі топқа бөледі.
1. Сыртқы әсерден дамитын гастриттер көптеген химиялық, физикалық, механикалық, биологиялық факторлардың, дәрі-дәрмектердің, асқазанның шырышты қабығына тікелей әсері нәтижесінде дамиды. Мысалы: тамақтан уланғанда асқазанға улы инфекциялар түскенде, өте ыстық немесе өте салқын тамақты жегенде, қышқылдар, сілтілер әсерінен дамитын гастрит жіті қабыну түрін алады.
2. Ішкі себептерден туындайтын гастриттерге әртүрлі инфекцияларды (іш сүзегі, дизентерия, туберкулез, дифтерия т.б.) уремияда, аллергияда немесе қан айналымының бұзылуына байланысты дамитын түрлері жатады. Морфологиясы бойынша жіті гастриттер: 1) талаураған, 2) геморрагиялық, 3) фибринді, 4) іріңді, 5) некрозды гастриттер деп бөлінеді.
Созылмалы гастриттер ересек адамдардың арасында ең көп тараған (олардың тең жартысында, тіпті, одан да көбірек кездесетін) сырқат. Созылмалы гастриттер асқазан шырышты қабығының созылмалы қабынуымен, оның физиологиялық регенерациясының бұзылуына байланысты дамитын атрофиясымен, секреторлы және моторлы қызметтерінің өзгеруімен сипатталады.
9-билет
Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.
