Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆

39 Нарық қызметтері

Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:

- Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;

—Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;

—Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ, бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;

- Реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді; Шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін — өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциялданады.

40 Нарықтық қатнат субъектісі мен объектісі.

Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар — жеке азаматтар.

ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар — ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар,колхоздар, фермерлер, агрокешендердер және т.бКөтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі — жабдықтаушы(жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобил және шина жасайтын заводтар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі — коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметгік жағдайларда мүмкін болады.6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

занды, ресми нарықтар;занды емес, «көлеңкеленген» нарықтар, т.б.Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:игіліктер мен қызметтер нарығы;өндіріс құралдарының нарығы;ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;құнды қағаздар нарығы;

жұмыс күші нарығы.Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара өсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

41Нарықтық инфрақұрылымы. Нарықтың механизм мазмұны Нарықтық инфрақұрылым (орыс.Рыночная инфраструктура) – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі.

Оның құрамы:ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.

Нарықтың 5 негізгі механизм элементтері бар:1 өндірушілер мен тұтынушылар2 меншіктің жеке аралас нысаны3 баға4 сұраныс пен ұсыныс

5 бәсеке