- •1.Экономикалық теорияның пайда болуы және дамуы
- •6 Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері
- •8 Позитивті және нормотивті экономикалық ғылым.
- •15 Қоғамдық өндірістің құрылымы.
- •16 Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- •33.34 Ақшаның пайда болуы, мәні және теориясы
- •39 Нарық қызметтері
- •40 Нарықтық қатнат субъектісі мен объектісі.
- •42 Нарықтық экономика артықшылығы мен кемшілігі
42 Нарықтық экономика артықшылығы мен кемшілігі
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.Нарық кемшіліктері:Экономикалық тұрақсыздық Монополияланған құрылымдар пайда болады. Жұмыссыздықтың болуы Бай, кедей деп бөліну Әлеуметтік жағдайдың күрделенуі Нарық артықшылықтары:
Таңдау еркіндігі Мемлекеттің араласуы шектеулі Бәсекелестік Еркін баға белгілеу Сапасынның жақсаруы Жаңа техника мен технологияларды пайдалану
43 Нарықтың құрылымының жіктелуі. Нарықтық экономика элементтері Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас); шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен; осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен
1 Нарықты құрылымы жағынан жіктеу 2 Нарықтың түрлері бойынша жіктеу 3 Нарықты сегменттеу 4 Пайдаланған әдебиет
Нарықты құрылымы жағынан жіктеу Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді. Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады: 1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:
игіліктер мен қызметтер нарығы; өндіріс құралдарының нарығы; ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
құнды қағаздар нарығы; жұмыс күші нарығы. Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара өсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады: өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы; халық тұтынатын тауарлар;
азық-түлік тауарлар нарығы; шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары. Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді. 3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады: аймақтар ішіндегі; аймақаралық; республикалық; республикааралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар. Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді. 4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
монополиялық; олигополиялық; салааралық нарықтар. Нарық экономикасының бірінші элементі Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементі
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші элементі Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк. нарық экономикасының төртінші элементі
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық экономикасының бесінші элементі Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады. Нарықтың маңызды элементтері Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді: маржиналдық (шекті) талдауға; балама тандау шығындарына;
экономикалық рационалдыққа.
44.Бәсеке мәні және түрлері.Бәсеке- нарықтық шаруашылық субьектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты бақталастықтық немесе күресі.Түрлері; жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке.Жетілген бәсеке-бұл бірнеше мың сатушылардан құрылатын бәсеке.Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады. Жетілмеген бәсеке-бұл таза бәсекенің кем дегенде бір шартты орындалатын бәсеке түрі.Оның 3 түрі бар;Монополия – тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.Олигополия- бірнеше (3- тен 5- ке дейін) ірі фирмалар билейтін нарық.Монополистік бәсеке- біртекті емес, бірақ ұсақ тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.
45.Жетілген бәсеке-бұл бірнеше мың сатушылардан құрылатын бәсеке.Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады. Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады.
46.Жетілмеген бәсеке және оның түрлері.Жетілмеген бәсеке-бұл таза бәсекенің кем дегенде бір шартты орындалатын бәсеке түрі. Түрлері;Монополия – тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.Олигополия- бірнеше (3- тен 5- ке дейін) ірі фирмалар билейтін нарық.Монополистік бәсеке- біртекті емес, бірақ ұсақ тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.
47.Монополияға қарсы заңдылық.Бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.3. Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізу;4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру. АҚШ -та монополияға қарсы 3 заң қолданылады:1.Шермэн заңы (1890)- бұл заң сауданы құпия монополияларға бір салада жалғыз үстемдік етуге баға жөніндегі келісімге келуге тыйым салынады.2.Клейтэн ( 1914)- өткізу саласындағы шектеу іс-әрекетіне баға алушыларына, бірігудің кейбір түрлеріне тыйым салынады.3.Робэлсин–Пэтмин(1936)- сауда саласындағы істерді шектеуге тыйым салынады.
48.Сұраныс заңы.Сұраныс қисығы.Сұранысқа әсер ететін факторлар.Сұраныс заңы- тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.Сұраныс қисығы-белгілі бір уақыт аралығындағы әр түрлі бағамен тұтынушының сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.Сұранысқа әсер ететін факторлар;бағалық және бағалық емес факторлар.Бағалық фактор-тауар бағасының төмендеуі,сұраныс деңгейін жоғарлатады,ал бағасының өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді. Бағалық емес факторларға мыналар жатады;тұтынушының ақшалай табыстары,тұтынушының таңдауы мен талғамы,тұтынушының құрамының өзгеруі,нарық көлемі ,яғни алмастыратын және толық құрайтын тауар көлемі.
49.Ұсыныс заңы.Ұсыныс қисығы.Ұсынысқа әсер ететін факторлар.Ұсыныс заңы-баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс.Ұсыныс қисығы-өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін қисық.Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді: Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.Бірін-бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
50.Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.Нарықтық тепе-теңдік. Сұраныс дегеніміз- адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Ұсыныс дегеніміз- сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы.
51.Икемділік мәні.Сұраныс пен ұсыныс икемділігінің коэффициенті.Икемділік деп – бір айнымалының екіншісіне байланысты өзгеру реакциясының шамасы, яғни айнымалының сырт әсерлеріне жауап беру қабілеттілігі.Икемділік коэффициенті табыстың сұранысқа әсерімен анықталады. E№d = ∆Q4/Q : ∆L/L бұл жерде Ed - сұраныс икемділігінің табысқа байланысты коэффициенті; е - сатып алушылардың табысы.Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэфициентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан, сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегеліп отырған сұраныс функцияның факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар: бағалық икемділік коэффициенті;табыстық икемділік коэффициенті; Сұраныстың бағалық икемділігі.Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті ( Ep ) заттың бағасы 1% — ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстьың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған таардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.Ep(S) – баға 1 процентке өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсететін шама.Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:дәл қазіргі кезең; қысқа кезең;ұзақ мерзімді кезең 1>EP(S)>06, икемсіз ұсыныс. Ep(S)>1, ұсыныс икемді.
52.Сыртқы сауда саясаты-сыртқы сауда мен халықаралық төлемдерді мемлекеттік реттеумен байланысты экономикалық саясат бағытын, яғни белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі; экспорт пен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда саясатының бір ұшқары жағдайы еркін сауда саясаты, екінші жағдайы автаркия саясаты болуы мүмкін. Осы ұшқары жағдайлардың арасындағы түрлі дәрежедегі қолдампаздық орын алады, ол валюталық бақылаудың, тарифтік және бейтарифтік реттеудің көмегімен іске асырылады. 53.Капитал мәні.Ақшаның капиталға айналуы. Капитал - бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал - жабдықтарымен ақшалай жинақтары.Нарықтық капиталға көшкен кезде капитал сөзі жиі айтылатын болады, бірақ капитал деп кез келген ақшаны айтады. Қандай да бір капитал болмасын өз қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы егер ақшалар тауар айырбасын Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе онда олар бұл бір жерде айналым қызметін орындайды.Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін көп болса, онда ақшалар капитал бола алады.Ақша ретінде және айналым ақша капитал ретінде алғашқыда бірінен тек біркелкі емес айналым түрінде өзгешеленеді.Ақшаның капиталға айналуының басты шарты ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңаша құнды жасауға қабілетті, одан да көп өзінің бай тұрғысынан құнды жасайды. Сондай тауарға жұмыс күші тауары жатады.
54.Кәсіпкерлік капиталдың(қордың) айналымы және шенбер айналымы.Кәсіпкерлік капитал дегеніміз инвестор белгілі бір мерзімге өнім өндіру үшін берілетін капитал. . Айналмалы капитал бір шеңбер айналымында толық тұтынылады және кәсіпкерге әрбір шеңбер айналымынан кейін қайтарылып отырады. Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады. Кәсіпорын капиталы бір мезгілде үш түрде болуы тиіс: ақша, өндіргіш және тауар формасында. Капиталдың шеңбер айналымы – бір функционалдық формадан (ақша, өндірістік, тауар) басқа формаға жүйелі түрде айналатын және алғашқы формасына қосымша өндірілуімен қайта оралатын үздіксіз капитал қозғалысы. А-Т...Ө...Т-А . Бірақ капитал қозғалысы бір қозғалыспен шектелмейді, қайталана береді. Капиталдың ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс процесі капитал айналымы деп аталады.
55.Негізгі капитал (қор).Физикалық және табиғи тозу.Амортизация.Негізгі қор деп – өндірістік процесске көп жыл қатарынан, бірнеше қайтара қатыса отырып, өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге, тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес заттар кіреді. Біріншіге жататындар – өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және де басқа материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорға – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған қор жатады.Физикалық тозу — еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың матералдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.
56.Айналмалы капитал және оның құрылымы.Айналмалы капитал бір шеңбер айналымында толық тұтынылады және кәсіпкерге әрбір шеңбер айналымынан кейін қайтарылып отырады.Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады. Айналмалы капитал бір шеңбер айналымында толық тұтынылады және кәсіпкерге әрбір шеңбер айналымынан кейін қайтарылып отырады.Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады .Өндірістік капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.
57.Инвестиция және оның түрлері. Инвестициялар – бұл пайда табу мақсатымен ел ішіндегі салаға немесе шетелге мемлекеттің немесе жеке капиталдың ұзақ мерзімге салынуы. Инвест.2 бағытта пайдаланылады;нақтылы инвестиция-материалдық активтерге қаржы жұмсау,қаржылық инвестиция- құнды қағаздарға қаржы жұмсау құрылымы бойынша. Инвестиция: а) Жалпы инвестициялар – тозған негізгі капиталды ауыстыруға кеткен шығындарды да қамтыған капитал жұмсалымының барлық мөлшері; б) Таза инвестициялар – жалпы инвестициядан амортизацияны алып тастағандағы инвестициялар; в) Тікелей кәсіпорынға салынған инвестиция; г) Портфельдік инвестиция – пайда табу мақсатымен инвестициялардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқа да құнды қағаздарды сатып алуы.
58. Кәсіпорын нарықтық экономиканың субьектісі ретінде. Нарықтық экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Нарықтың шешуші бір сипаты – қор рыногы. Нарықтық экономика дамыған елдерде кәсіпорындар өзіне инвестицияға керекті қаржыны қор рыногына акция шығарып, оны сатып табады. Өз кезегінде осы акцияны әртүрлі қаржы қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру қорлары) және жеке адамдар сатып алады.
59. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері.Ұйымдық- құқықтық форма заңды түрде ұйымнан кәсіпкерлік қызметке жатады. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен арастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирма аралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрлері бар:шаруашылық серiктестiк; акционерлiк қоғам;өндiрiстiк кооператив; шаруа қожалықтары; жеке (дара) кәсіпкерлік. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер. Акционерлiк қоғам- өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады.
60. Кәсіпкерлік мәні,ортасы және факторлары.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері.Кәсіпкерлік-бұл меншіктік және қарыздарға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызмет көрсету үшін осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру.Кәсіппен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. . Кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларға мыналар жатады: өндіріс ресурстары,өндірісті қалыптастыру мен дамыту,кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру,нәтижесінде пайда табу. Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі мынадай 4 кезеңнен тұрады: 1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея құндылығының өзектілігімен протенциалды зерттеу; 2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар нарық сегментін сипаттайды: өндірістік, қаржылық, маркетингтік және басқа да жоспарлар жасайды, 3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық, еңбек, өндірістік және басқа ресурстар көздерінің тиімділігін қарастыру,4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару – бұл кезенде басқару стилі құрылымды ұйымдастыру, женіске жету факторларын анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың жою жолдарын қарастыру және бақылау. Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: өз еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы, белсенді ізденіс, серпінділік (динамика), мобильдік(жұмылдыру) 61.ҚР-ғы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері;проблеммалары және даму бағыты. Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның формациясының негізі болып табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін қалыптастырады. Осы секторда ұлттық ресурстардың негізгі массасы шоғырланған. Құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-499 адамға дейін «орта» және персоналдар саны 500-ден жоғары болса «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.
62.Өндіріс шығындары мәні және маңызы. Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.Қоғамдық өндіріс бұл өнім өндірісіндегі қоғамдық қажетті еңбек( тірі және затталған) шығындардың жиынтығы.Карл Маркс өндіріс шығындарын нақты өндіріс процесін қарады.Ол бағаның тауар құнының айналасында ауытқуын сұраныс пен ұсыныс арасындағы әсер етуін есепке алмай,талдады.Қазіргі кезде консепцияны зерттеген А.Маршалл,Миллер,Дж.Роберсон,олар Карл Маркс ілімін есепке ала отырып,өндіріс шығындарының кәсіпорын өнімінің санына тәуелді және тәуелсіз деп бөлді.Осының салдарынан тұрақты және өзгермелі өндіріс шығындар ұғымы пайда болды.
63. Өндіріс шығындарының негізгі түрлері; Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат. Тұрақты шығындар (FC) - өнім көлеміне байланысы жоқ шығындар. Тұрақты шығындарға жататындар;кәсіпорындардың қызмет жасауын қамтамасыз ету шығындары,салықтар.қарыз пайызын төлеу,қорғау актісі,өндіріс тоқтаған кезде құрал-жабдықтармен қызмет жасау шығындары.Өзгермелі шығындар (VC) – өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар.Оларға;шикізат,материалдар,жұмысшылардың жалақысы ,электр қуатты,жанармай,жылу,отын,тасымалдау шығыны және т.б.Жалпы шығындар (ТС) бұл тұрақты (FC) және өзгермелі (VC) шығындардың қосындысы. (ТС) = (FC+ (VC).Орташа шығындар – бұл бір данаға шыққан шығындар. Олар бөлінеді: орташа тұрақты (AFC=FC/Q, мұнда Q -өнім саны ), орташа өзгермелі (AVC=VC/Q), орташа жалпы (ATC=TC/Q немесе ATC=AFC+AVC) шығындарға.Шекті шығындар (МС) – бұл шығындар өнім өндірудің ең жоғары көлемін анықтау үшін қолданады. Олар өндіріс көлемі бір өлшемге өскенде (кемігенде) жалпы шығындардың өсуі (кемуі), яғни қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. MC=dTC/dQ, мұнда: dQ - өнім көлемінің өзгеруі.Бухгалтерлік шығындар – бұл есепке алынған айқын шығындар. Экономикалық шығындар – бұл айқын (бухгалтерлік шығындар) мен айқын емес шығындардың қосындысы.
64.Пайда кәсіпкерліктің факторлық табиғи ретінде. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. 65.Өндіріс факторлары және факторлы табыс.Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында пайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті ресурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі.
66. Еңбек өндіріс факторы ретінде және жалақы еңбектің бағасы ретінде. Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жалақы-еңбек құнының ақшалай өлшемі. ҚР-ның аралас әлеуметтік бағытталған рыноктың экономикаға көшу кезінде минималды деңгейдегі еңбек ақының мемлеке кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді. Жалақыны диференциалау және оның принциптері.Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және аясына қарай өзіндік ерекшілігімен айқындалып, ал бес принцпке негізделген: 1)еңбектің күрделігі. Күрделі біліктілікті еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс; 2) еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істегендер жалаұыны көп алуы қажет; 3) еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады; 4) экономикалық аудан мен аймақтың табиғи-климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты; 5) жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты. Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді.
67.Жалақы мәні және түрлері. Жалақы - еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға көшукезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғары деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып,қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Жалақы екіге бөлінеді: негізгі және қосымша; Негізгі — бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына мыналар кіреді: жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы; қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме; жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйксесіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал – сайман мен жабдықтың икемсіздігі); кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы; ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар; мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы; түндегі жұмыс үшін қосымша ақы; жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелген жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер: балаларын тамақтандырушы аналарын жұмысындағы үзіліс уақытына төлем ақы; жасөспірімдердің жеңлдік сағаттарына төлем; мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем; негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем; пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы; шыққанда берілетін жәрдем ақы.
68.Капитал өндіріс факторы ретінде және процент капитал иесінің факторлы табысы ретінде. Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Нарықты экономика несиеге берілген кез-келген ресурстарға процент түрінде ақы төлеуді қатаң талап етеді. бірақ практикада процент қарыз капиталының бағасы ретінде қарастырылады. Қарыз капиталы капитал – меншік иесі, өзіндік қозғалыс түрі бар ерекше тауар, оның иесіне өндіріс саласына қатыспай-ақ қосымша құнның бір бөлігін процент түрінде иемдену мүмкіндігін береді. Қарыз берушінің қолында қарызға берген капиталы үшін төлем қарыз процент түрін қабылдайды. Қарыз проценті қосымша құнның ерекше формасы. Өндіріс немесе сауда қызметін істеуші қызмет иесі, қарыз ала отырып, ақша иесіне алынған соманың белгілі бір бөлігін процент түрінде төлейді. Қарыз проценті қосымша құнның бір бөлігі, оның кәсіпкерлер қарыз берушіге беруге міндетті. Қарыз капиталынан түскен пайда екі бөлікке бөлінеді: капитал иесінің иемденетін проценті мен қарыз алушы иемденетін кәсіпкерлік табыс. Қарыз процентінің белгілі дәрежесі немесе нормасы бар. Процент нормасы қарыз капиталына алынған жылдық табыс сомасының, қарызға берген капитал сомасына қатынасы. Қарыз капиталын пайдаланғаны үшін төлем процент нормасы арқылы көрініс алады. Процент нормасы қарыз капиталынан алынған жалдық табыстың бүкіл қарыз капиталына қатынасымен өлшенеді. Егер, қарызға берген капиталды 100 мың доллар деп ұйғарсақ, ал осыдан жылдық табыс 6 мың доллар болады, онда процент нормасы - 6 процентке тең. Қарыз проценті белгісіз өлшем, оның орта пайда нормасымен байланысты болатыны, соңғысы ең жоғарғы шек, әдетте, қарыз проценті одан асып кете алмайды. Бұдан шығар қорытынды, пайда нормасының төмендеу тенденциясының орын алуымен, процент нормасы да төмендейді.Процентінің нарықтық экномикада атқаратын қызметі үлкен. Жаңа классиктердің пікірінше: процент капиталды пайдаланудың әрқилы варианттарын таңдап алудың маңызды құралы; процент ставкаларын салыстыру, ресурстарды рационалды бөліп, капиталға ең пайдалы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайды. процент ставкасы ұзақ мерзімді жоспарда тұтынуға деген бейімділікті жеңіп, ұқыптылық, үнемділікке ынталандырады.
69. Пайда кәсіпкерліктің факторлы табысы ретінде. Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы.Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды.
70.Өндірушінің шығындарды минималдау және табысты максимум заңдалуы.Өндіріс шығындары тауарды дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.Қоғамдық өндіріс бұл өнім өндірісіндегі қоғамдық қажетті еңбек( тірі және затталған) шығындардың жиынтығы.Карл Маркс өндіріс шығындарын нақты өндіріс процесін қарады.Ол бағаның тауар құнының айналасында ауытқуын сұраныс пен ұсыныс арасындағы әсер етуін есепке алмай,талдады.Шекті шығындарды өлшеу қажеттілігі кемімелі қайтарым заңының әрекетінен туындайды;оның мәні мынада;өзгермелі фактродың әр қосымша бірлігі біршама кезеңнен бастап алдыңғы өнімге қарағанда,өнімнің жалпы шығарылу үстемін азайтды.
71.Ұлттық экономика жүйе ретінде.Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері. Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады.Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді. Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;инфляция мен инфляция қарсы саясат;экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;экономикалық дамудың циклдары.
72.Қазақстан Республикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары. Макроэкономикалық саясат — экономиканы тиісті деңгейде ұстау, оның тұрақты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттің экономиканы реттеуге бағытталған іс-әрекеті. Мақсаттары - өндірістің дамуын ең жоғары деңгейге жеткізу; толық жұмыспен қамту; нарық жағдайында бағаның тұрақтылығын сақтау; импорт пен экспорттың тепе – теңдігі; валюталық курстың тұрақтылығы. Құралдары – фискалдық, ақша несие, табыс саясаттары және сыртқы – экономикалық саясат. Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер;ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;инфляция мен инфляция қарсы саясат;экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;экономикалық дамудың циклдары; ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
73.Жер рентасы және оның түрлері. Рента (фр. rente — табыс әкелу) — жерді‚ мүлікті‚ мәміледен түскен капиталды меншіктенуші алатын‚ иеленушіден қосымша шығын мен күш-жігерді талап етпейтін табыс. Жерді пайдалануға беруден алынған табыс — жер рентасы‚ берілген қарыздан алынған табыс — капиталдан алынған пайыздар‚ т.б. Мүлікті меншіктенуші бұл ретте рантъе деп аталады.Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік түрлері бар. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты. Шаруашылықты қарқынды жүргізу нәтижесінде қосымша қаржыдан дифференциалдық ІІ рента туындайды. Ол, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі қоғамдық және жеке баға айырмашылығынан да туындайды. Абсолюттік Жер Рентасы жерге деген жеке меншікке байланысты. Орташа пайдадан артық алынған қосымша құн абсолюттік рентаны алу көзі болып табылады. Ауыл шаруашылығы айналымына кірмейтін жерден де Жер Рентасы алынады. Оларға: тау-кен өнеркәсібі пайдаланып отырған жерден түсетін рента; құрылыс учаскелерінен түсетін рента, т.б. жатады.
74.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;ЖҰӨ,ЖІӨ,ТҰӨ,ҰТ.Жиынтық ұлттық өнім-бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.Оның 2 түрі бар;наминалды,нақты. Жиынтық ішкі өнім-бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссыз белгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.Таза ұлттық өнім-жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.Ұлттық табыс-1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.
75.Табыстар мен шығындардың макроэкономикалық айналым үлгісі.Табыс дегеніміз-жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын игіліктерінен қызмет алу үшін тағайындалған және белгілі уақыт ішінде алынатын ақша қаражатының жиынтығы.Шығындар – бұл өнім өндіру процесінде өндіріс факторларын сатып алуға кеткен ақшалай қаражат. Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі—макроэкономикалық үлгілер. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге,экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі.
76. Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы. Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді.
77.Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлері. Халықаралық экономикалық қатынастардың формалары: 1) Халықаралық сауда; 2) Халықаралық несие; 3) Өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы; 4) Халықаралық ғылыми – техникалық байланыстар; 5) Экономикалық интеграция; Әлемдік нарық бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы. Әлемдік нарық өзінің ұзақ уақыт даму барысында, халықаралық еңбек бөлінісінің белгілі бір деңгейімен және өндірісті интернационалдандырумен сипатталатын бірсыпыра кезеңдерден өтті. Солардың ішінен келесілерді бөліп көрсетуге болады:1.Нарықтың пайда болу кезеңі. Әлемдік нарық капитализм дамуының мануфактуралық сатысындаXVI ғасырда пайда болып, алғашқы беттегі капитал жинақтау процесінің шешуші факторларының біріне айналды. Оның туындауы, жас еуропалық буржуазияның сауда және орталық өктемдігін жүргізумен, теңізде жүзу мен құрлықтағы қатынас құралдарының жылдам дамуымен ажырағысыз байланыста болды.2.XVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіптік төңкерістер барысында жүзеге асырылған, жетекші капиталистік елдердің ірі машиналары өндіріске өту кезеңі. Ірі өнеркәсіп іс жүзінде капитализмнің әлемдік нарығын қалыптастырады; 3.Имперализм сатысындағы әлемдік нарықтың даму кезеңі әлемдік сауданың өсуімен сипатталады.1896-1900 жылдардағы өнеркәсіп өнімдерінің әлемдік экспортының 4/5-нен астамы Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Францияның және Германияның үлесіне тиді. Капиталды сыртқа шығару әлемдік нарықты дамытудың анықтаушы факторына айналды; 4.Капиталистік нарық жалпыға бірдей болуды тоқтатқан, әлемдік соғыстан кейінгі нарықтың даму кезеңі;5.Бұрынғы социалистік елдер әлемдік саудаға қатыса бастаған XXғасырдың 90-шы жылдарымен байланысты жаңа кезең. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанды егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзінің 160-тан астам елі мойындады. Минералды ресурстарға бай Қазақстан шетел капиталын өзіне тартып, 250-дей біріккен кәсіпорын құрылды. Соңғы үш жылда (2002, 2003, 2004) инвестицияның келуі өсіп, 182 доллардан асып отыр, адам басына шаққанда.Өнеркәсібі дамыған елдермен (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея т.б.) халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жүзеге асуда. Осындай игі істер АСЕАН елдерімен, әсіресе – Индонезия, Малайзия, Сингапурмен жасалуда. Ынтымақтастық Таяу және Орта Шығыс елдерімен дамуда. Оларға: Түркия, Иран, Сауд Аравиясын жатқызамыз. Ресей, Өзбек, Қырғыз елдерімен, экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның экономикалық қатынаста болуы үлкен стратегиялық мүдделілікті байқатады. 78. Халықаралық сауда теориялары. Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі–халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.Әлеуметтік географиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.. Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады. 79.ЖІӨ және ЖҰӨ-ді есептеу тәсілдері.Жиынтық ішкі өнім-бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссыз белгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.Оны есептеу кезінде трансферттік төлемдер мен өндірістік емес мәмілелер кірмейді.Жиынтық ұлттық өнім-бұл материалдық және материалдық емес өндіріс пен жеке адамдар табысының сомасы немесе 1 жыл ішінде елде өндірілген барлық дайын өнім мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.Оның 2 түрі бар;наминалды,нақты. ЖҰӨ-ді 3 әдіс бойынша есептеуге болады; ұлттық экономиканың барлық саласындағы қосымша құн бойынша,шығындар бойынша, табыстар бойынша.
80.Ұлттық есептеу жүйесі.Ұлттық байлық және оның құрылымы. Ұлттық есеп-шотты жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады.Ұлттық есеп-шотты жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылады және оның түпкі қортындысы тұрғындардың әл - ауқат деңгейін көрсету болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуге неокласикалық мектептің өкілдері.У.Джевонс (1835-1882жж.) пен Л.Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен С.Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек сіңірді. Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіліктер санасына жатады және мемлекеттік экономикалық даму деңгейінің айнасы деп болады.Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани иліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам иеншігінде болады.Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді.а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;б) материалдық реезрвтер мен сақтандыру қоры;в) айналым қоры ,г) тұрғындар мүлкі.Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай-ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің Республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82 %-ауыл шаруашылығы жүйесі жатады.Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи иісліктер 11 мың өзен, 7 мыққан астам көп су қоймалары бар. Минералды ресурстар ұлттық табыстық төрттен үшін құрайды.
81. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап . Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономика – тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым.
82.Экономикалық өсу түрлері,қарқыны және факторлары. Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары. Мақсаттары - өндірістің дамуын ең жоғары деңгейге жеткізу; толық жұмыспен қамту; нарық жағдайында бағаның тұрақтылығын сақтау; импорт пен экспорттың тепе – теңдігі; валюталық курстың тұрақтылығы. Құралдары – фискалдық, ақша несие, табыс саясаттары және сыртқы – экономикалық саясат.
83.ҚР-ның экономикалық өсу шарттары мен факторлары. Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Қазіргі таңда экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін айтады. Яғни , өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі талдаудың пәні болып табылады.Экон-лық өсуді есептеу екі жолмен жүргізіледі: жалпы ұлттық өнімнің пайыздық жылдық өсуі қарқынымен және осы көрсеткіштердің халықтың жан басына шаққанда өсуімен есептеледі.Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті немесе интенсивті типі негізінде дамиды.Экстенсивті типте өнім шығаруды екі есе арттыру үшін жұмыскер саны және және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.Ал интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экон –лық өсу бірқатар факторларға байланысты:-табиғат ресурстарының саны мен сапасына; -еңбек ресурстарының саны мен сапасына;-капитал ресурстарына ; -қолда бар технологияға.
84. Экономикалық өсу факторлары. Қазіргі таңда экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін айтады. Яғни , өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі талдаудың пәні болып табылады.Экон-лық өсуді есептеу екі жолмен жүргізіледі: жалпы ұлттық өнімнің пайыздық жылдық өсуі қарқынымен және осы көрсеткіштердің халықтың жан басына шаққанда өсуімен есептеледі.Экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты: табиғат ресурстарының саны мен сапасына;еңбек ресурстарының саны мен сапасына;капитал ресурстарына; қолда бар технологияға.
85.Жиынтық сұраныс.Жиынтық сұранысқа әсер ететін факторлар. Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтар, кәсіпорындар және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің графиктегі көрінісі.Жиынтық сұраныстың бағалық және бағасыз факторлары. Бағалы факторлар АД сызығын өз бойымен жылжуына әкеледі, сөйтіп жиынтық сұраныс көлемін өзгертеді. Бағалы факторларға жататындар: 1) Байлық эффектісі (Пигу эффектісі) – бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азйғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі), АД азаяды (өседі); 2) Пайыз мөлшерінің эффектісі (Кейнс эффектісі) – бағалар өскенде ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшері өседі, содықтан АД қысқарады. 3) Айырбас курсының эффектісі (Манделл – Флеминга эффектісі) – бағалар төмендегенде, ақшаға сұраныс азаяды, пайыз мөлшері төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, экспорт өседі, АД өседі. Жиынтық сұраныстың (АД) бағасыз факторларына жататындар: 1) Тұтыну шығындарының өзгеруі (тұтынушылардың табыс деңгейі, олардың келешекте өзгерістерді күтуі, тұтынушылардың қарызы, салықтар); 2) Инвестициялық шығындардың өзгеруі (пайыз мөлшері, инвестициядан пайда күту, кәсіпорындар салықтары, өндірістің күш – қуатының артуы); 3) Мемлекет шығындарының өзгеруі; 4) Экспорт пен импорт шығындарының өзгеруі. Бағасыз факторлар әсерінен АД қисығы орнынан жылжиды (оңға - өсуі; солға - азаюы).
86. Жиынтық ұсыныс.Жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторлар.Жиынтық ұсыныс (AS) – бұл бағаның мүмкін болатын деңгейінде қоғамда жалпы ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Жиынтық ұсынысқа (AS) әсерін тигізетін бағасыз факторлар: өндіріс ресурстар бағаларының деңгейі, нарықтың құрылымы, өнімділік, құқық – заңдылық нормалардың өзгеруі. Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді. 1) Қысқа мерзімде көлденең сызық – кейнсиандық сызық деп аталады. 2) Аралық сызық. 3) Ұзақ мерзімде тік сызық классикалық сызық деп аталады.
87.Макроэкономиканың тепе-теңдік және циклдік дамуы. Макроэкономикада тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап . Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономика – тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым. Экономикалық цикл – нарықтық экономиканың бір дағдарыстан екінші дағдарысқа жылжу кезеңі; ол іскерлік белсенділіктің (өндіріс көлемінің, табыс және жұмыспен қамтылу деңгейінінің, қаржы және сауда қызметінің) ауытқуымен сипатталады. Кезеңділік нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігі болып табылады.Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.Дж.Китчиннің қысқа толқындары» 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. 2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» 10 жыл Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. 3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты 4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» 40-60 жыл Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. 5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен материалдарға байланысты. 6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты.
88.Жұмыссыздық мәні және оның түрлері. Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі, ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі . Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады. Түрлері; Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.
89. Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары. Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады. Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекеттердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Жұмыссыздықтың зардаптары: жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды. 2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады. 3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. 90.ҚР-ның еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Еңбек рыногі –бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның ұүны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногі – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек рыногында айқын көрінді. Осындағы салық құрылымнда екі тенденция байқалады: ауылшаруашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады. Рынокта сұрыным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді.Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек рыногын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік-экономикалық табиғаты мен оның өндіріс құрал-жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту керек. Еңбек рыногындағы тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс көмегімен бекітіледі. Еңбекке деген сұраныс мөлшері жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезінде фирмалар нарықтық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранысты төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңдекке сұраныс артады. Жұмыс күшіне деген ұсыныс нақты байланысқа іс-әрекет етеді.Қазіргі кезде еңбек нарығын және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары келесідей:жұмыспен қамту деңгейінің төмендету бойынша шаралар;әлеуметтік көмекті қажет ететін, әсіресе ауылдық жердегі тұрғындардығ жекелеген тораптарын жұмыспен қамтуды ұйымдастыру;қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру және қолдау;еңбек нарығындағы жжағдайдағы ескере отырып жұмыссыздарды кәсіби дайындау және қайта дайындаудың икемді жүйесін ұйымдасдастыру;қоғамдық жұмысшыларды ұйымдастыруды жетілдіру;жұмыспен қамтудың аймақтық проблемасын шешуде жергілікті атқарушы органдардың ролін жоғарлату;жұмыспен қамту сұрақтары бойынша мәліметтің ақпараттық ббазасын жетілдіру;инвестициялық бағдарламаларды жасау кезінде еңбек нарығындағы жағдайдағы ескере отырып қосымша жұмыс орындарын ашу;жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті органдар қызметімен жұмыс берішілер, қоғамдық бірлестіктердің жұмыспен қамтуды реттеуде бірігуі.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу органдары жұмыспен қамтуды реттеу жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.ҚР-ғы еңбек тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сферасында мелекеттік саясатты жүргізетін және басқаруды жүзеге атқаратын атқарушы биліктің республикалық органы болып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табылады.
91.Инфляция мәні,себептері, түрлері. Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.Инфляцияның себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Инфляция типтері: 1) ашық – бағаның тұрақты көтерілуі; басыңқы – тауардың жоғалуы. Басыңқы ифл-да бағаны мемлекет реттейді.Ашық ифл-я 3 белгі б/ша жіктеледі: бағаның өсу қарқыны; әр түрлі тауар топтары б/ша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы;инфляцияның күтілуі және алдын – ала болжануы. 2)Сұраныс инф-я:сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі сұраныс жағынан бұзылады.Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады.Бұдан жинақталған сұраныс артық болады. Бұл бағаның өсуіне итермелейді.Ұсыныс инф-я: өндіріс шығынының өсуіне б/ты бағаның өсуі. Бұның салдары: жалақының өсуіне ж/е энергия мен шикізатқа бағаны көтереді. 2006 жылғы қаңтар – шілдеде ҚР-да инфляция деңгейі 5,1% болды.
92. Инфляцияның экономикалық- әлеуметтік зардаптары..Инфляцияның зардаптары:Жағымды: Экономикаға біркелкі инфляция пайдалы: ақша жиынының өсуі –іскерлік белсенділік-инвестициялардың өсуі-экономикалық өсу.Жағымсыз - Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуі: жеке жинақ ақшаның нақты құндылығының төмендеуі, ағымдағы табыстардың құлдырауы.Кәсіпкерлік қызмет деңгейінің төмендеуі.Капиталды өндірістің нақты саласынан айналым саласына шығару.Экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтеді.Ұзақ мерзімді инвестцияларға ынталандыру жойылады.Ақша-несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады.Экспорт азайып, импорт өседі.Мемлекет қарызы көбейеді.Валюталық дағдарыс күшейеді.Халықтың рухани жағдайы нашарлайды.Мемлекеттің инфл-ямен күресу әдістері тікелей ж/е жанама болады.Ақша бірлігінің төлем қабілеттілігін тікелей реттеу.Инфляция бұрынғы нарықтық экономика дертінің орнына келгендей болды, бұл дерт әлсіздене бастады. Инфляция ақша айналымына тән болды: Ресейде – 1769 жылдан 1895 жылға дейін (1843-1853 жылдарды есептемегенде); АҚШ – тәуелсіздік үшін соғыстың кезеңінде 1775-1783 жж. және 1861-1865 жылдардағы Англияның азамат соғысы жылдарында және ХІХ ғасырдың басында Наполеонмен соғысында, 1789-1791 жылдардағы Франциядағы француз революциясы кезеңінде, әсіресе инфляция жоғары қарқынға Германиядағы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жетті. Бұл кезде 1923 жылды күзінде айналындағы ақша массасы 496 квинтиллион маркаға жетті, ал ақша бірлігі триллион рет қонсызданды.Осы жоғарыда келтірілген тарихи мысалдар инфляцияның осы заманның баламасы болмағанын дәлелдейді, яғни ол бұрынғы кезде де орын алды.Ақша ежелгi заманда пайда болды. Инфляция – ғасыр бойы қалыптасқан мәселе. Көптеген мемлекеттер инфляция кезiнде экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Батыстағы инфляция ол құнның өсуi деген мағынаны бiлдiредi.
93.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты;кейнстік және монетарлық үлгілер. Инфляцияга қарсы саясат — инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.Дефляциялык, саясат-мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.Кірістер саясаты — бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. Мемлекеттің инфл-ямен күресу әдістері тікелей ж/е жанама болады.Ақша бірлігінің төлем қабілеттілігін тікелей реттеу Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады ж/е келесі құралдарды қамтиды:1. Несиелерді бөлу ж/е оларды реттеу;2. Тарифтер мен бағаларды реттеу;3. Жалақы шегін реттеу;4. Сыртқы сауда мен валюта курсын реттеу;Жанама әдістерді елдің Орталық банкі келесі құралдардың көмегімен жалпы ақша массасын реттеу арқылы жүргізеді:1.Ақша эмиссиясын реттеу;2.Пайыздық есептік мөлшерлемені реттеу;3.Міндетті резервтеу талаптарын реттеу;4.Ашық бағалы қағаздар н.арығындағы операцияларды реттеу. Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді. Монетарлық саясат өзге құрамдас бөліктерден басқа ұлттық валюта бағамына - төмен (арзан ақшапар) және жоғары (қымбат ақшалар) - ықпал жасау бойынша шаралар жүргізуді кіріктіреді. Кейнстік үлгі. XX ғасырдыц 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында Дж. Кейнстің «Жұмыспен камту, пайыз, ақшаның жалпы теориясы» еңбегі жарық көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сұраныстың жеткіліксіздігі тұракты құбылыска айналатындығы және номиналды жалақының да, пайыз койылымының да төмендеуі жұмыссыздықты жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды. Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сұранысты төмендетеді де, жағдайды одан әрі қиындатады. «¥лы дағдарыс» тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі пайыз қойылымының өзі де кажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныста ұлғаймайды. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара -мемлекеттің экономикаға араласуы. Сонымен, Дж. Кейнс мемлекеттің экономикалық процестерге белсенді қатынасу қажеттілігін негіздеді. Экономикалық жағдайда мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын сақтаушы және қорғаушы «түнгі күзетші» рөлінен алшақтауы кажет. Ол белсенді түрде бюджет, қаржы - несие, әлеуметтік саясатты жүргізуі керек. Сонымен, өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде нарық басым рөл атқарады деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді.«Нарықтың қуатты колына» жаңа серпін беретін косымша бір күрделі құрылымның кажеттігін уақыт дәлелдеді. Мұндай кұрылымның рөлін мемлекет атқара алады. Мәселе, мемлекеттік араласудың оптималды шекарасын анықтау нарық заңдарын толығымен және тиімді пайдалануға жол ашады. Осы жағдайда қоғам ұлттың дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық базаға ие болады. Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құруға мүмкіндік береді, сол кезде «мемлекет баскару еркіндігін сақтайды, әрі ұлгайтады, сонымен катар үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына айналмауын қадағалайды». Дж. М. Кейнстің тұжырымдамасы экономиканы мемлекеттік реттеудің ұзақ мерзімдік тәжірибесінің негізі болды. Бұл тұжырымдама әр түрлі елдерден өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты және сол елдердің өзіндік ерекшеліктеріне сай қолданылады. Кейнстік реттеу үлгісінің негізгі сипаттарына токталайық: Біріншіден, мемлекеттік бюджет арқылы кайта бөлінетін ұлттық табыс үлесінің жоғары болуы, мысалы, ол Жапонияда-34,2%, АҚШ-та- 37,6%, Батыс Еуропа елдерінде- 50% және одан жоғары, бұл жерде үлестің өсу беталысы байкалып отыр. Екіншіден, мемлекеттік және аралас кәсіпорындар негізінде ұйымдастырылған кең ауқымды мемлекеттік кәсіпкерліктің пайда болуы. Үшіншіден, экономикалық конъюнктураны тұрактандыру, кезеңдік ауытқуларды болдырмау және өсу мен іске тартылудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін кең түрде несие-ақшалай және бюджеттік-қаржылық реттегіштерді пайдалану. Кейнсиандық үлгіні экономиканы реттеу мәселелері жөнінде біркелкі теория деп санауға болмайды. Осы теорияның негізінде үш бағыты бар: солшыл (либералдық), консервативтік және неоклассикалық.. Солшыл кейнстік бағыт бүгінгі экономиканың қайшылықтарынан құтылуды қоғамдық мақсат үшін мемлекеттің шығындарын тұрғын үй құрылысына, денсаулық сақтауға, әлеуметтік сақтандыруға, жол салуға, сонымен қатар, фермерлердің, ұсақ кәсіпкерлердің табыстарын, жұмыскерлердің жалақысын өсіруге жұмсалатын шығындарды өсірумен байланыстырады. Консервативтік бағыт бар үмітті экономикаға мемлекеттік реттеудің, пайданы барынша жоғарлату арқылы және экономиканың консервативтік құрылымын сақтау аркылы, жүрілуінің қажеттігіне артады. Неоклассикалық бағыт бойынша, тиімді несиелік-ақша және фискалдық саясат арқылы халықтың әр түрлі топтар табыстарының дәрежесін белгілеу, инвестициялық саясатты үйлесімге келтіру, прогрессивтік салалық құрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттің экономикалық процестерге микро және макро дәрежеде кірісуін қажет етеді.
94. ҚР-ның бюджет саясаты. Бюджет саясаты - заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар бюджеттік қатынастарды дамыту бағыттарын айқындаумен және оларды азаматтың, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін пайдаланудың нақты жолдарын әзірлеумен байланысты жүзеге асырылатын шаралар мен қабылданатын шешімдердің жиынтығы. Бюджет саясатының мазмұны алуан қырлы және оны әзірлеу кезеңдерінің тізбектілігін ғана емес, сонымен бірге оның атқарымдық және уақыттық жақтарын да қамтиды. Мемлекеттің қаржы саясатының бір бөлігі ретінде Бюджет саясаты экономикалық саясаттың түп қазығы, ұйытқысы және мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Нарық жағдайында бюджет саясаты — мемлекеттің қоғамдық өндіріске экономикалық ықпал етуінің негізгі бағыттарын айқындаудың басты тұтқасы. Бюджет саясатын әзірлеуге заң шығарушы (өкілдікті) және атқарушы органдар қатысады. Қазіргі Қазақстанның конституциялық құрылымы бойынша бюджет саясатын әзірлеуде Қазақстан Республикасының Президентіне басымдық беріледі, ол өзінің жыл сайынғы жолдауында бюджет саясатының ағымдағы жылға арналған және келешектегі негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындап береді. 95.Экономиканың циклдық дамуының мәні және себептері.Экономикалык дамудың циклдік себептері:1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын-ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын-ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе-теңсіздігі;3.бәсекелестік – экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;4.өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен-ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т - А- Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуы негіз болып саналмайды. Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады. Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай-ақ өзінің кредиторымен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды. Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды. Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық тәртіп, жоғары экономикалык конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне әкеледі.Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса, екінші – субъективті, ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы, стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады. Өйткені олар: қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу, нарық бәсекесі шеңберінде ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрессивті дамытушы болып саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге көтереді.н қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.
96. Экономикалық цикл кезеңдері және түрлері. Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: 1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. 2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі. 3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді. 4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы: 1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады. 2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады. 3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады. Жандану фазасының сипаттамасы: 1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді. 2. Инвестициялар өседі. 3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды. 5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3. Тауарлардың бағасы өседі. 4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі. 5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады. Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. . Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б. Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.
97.Мемлекеттік реттеудің әдістері.Экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл ұлттық экономиканың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралардың жиынтығын пайдалану. Бұл ретте мемлекет ұдайы өндіріс пропорцияларында прогрессивтік ілгерілеуді, адал бәсекелестік үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге экономика субъектілері заңнаманы сақтаған жағдайда нарықтық қатынастардың келеңсіз әлеуметтік және экономикалық салдарға жол бермеуге тиіс.Көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің елдің экономикалық тыныс-тіршілігінің белгіленген объектілеріне ықпал ету әдістерімен теңестіреді.Мемлекет ықпал ететін объектілерге экономиканың тікелей бастапқы буындары (әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар), нарықтың құрылымы, сондай-ақ нарықтық механизм қамтамасыз етпейтін немесе қанағаттанғысыз қамтамасыз ететін қоғамдық ұдайы өндірістегі жағдайлар, процестер мен қатынастар жатады. Мемлекеттің ең басты экономикалық функциясының бірі - халық әлеуметтік жағынан біршама тең болған жағдайда өндірушілердің, жеткізушілер мен өнімді (қызмет) тұтынушылардың арасындағы заңды әрі тиімді өзара қарым-қатынастар орнату мақсатында ұлттық экономика жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық базаны құру.Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде нарықтық өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеуішті ұштастыру қарастырылады.Мемлекеттік реттеуіш - бұл мемлекеттік биліктің нормативтік-құқықтық құжаттардың негізінде экономикалық қызметті реттеу жөніндегі әдістері мен құралдары. Мемлекеттік реттеуіштер елдің экономикалық міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың іс-әрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге әлеуметтік мақсаттарға (әлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге бағытталуы мүмкін. Негізгі мемлекеттік реттеу құралына әлеуметтік жәрдемақы, санкция, стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады Реттеудің екі типі бар: ол экономикалык, (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық еңбекке ақы телеу бөліктерімен) және әкімшілікреттеу. Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-каржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте — қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер): салықта—тура және жанама салық салу: валюта-қаржыда—сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар — қаржылық реттеудің негізгі нысандары.Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады..
98.Ақша агрегаттары. Ақша массасы — жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
99.Бағалы қағаздар түсінігі және жіктелуі. Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады. құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады. Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:1)Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.2)Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:1) Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.4) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары — олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.
100. Бағалы қағаздар түрлері. Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:1)Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.2)Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:1) Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.4) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары — олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.
101.Қор биржалары және қор операциялары. Қор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары,мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады. Қор биржалары туралы сөз болғанда, адамдардың көп-шілігі оларды акциялардың биржалық курсының күрт тербе-лістерімен, бағалардың шарықтауымен және құлдырауымен, алаяқтық пен алыпсатарлықпен байланыстырады. Әрине, биржалық курс қатты ауытқуы мүмкін, бірақ бұндай өзгерістер өте сирек кездеседі. Көбінесе курстың күрт өзгеруі акция ұстаушыларының көңіл-күйіне байланысты, ал ол өз кезегінде елдегі жалпы экономикалық жағдайға және нарықтың оптимистік және пессимистік күйіне ықпал ететін жекелеген төтенше оқиғаларға байланысты болады. Бұған биржаны кінәлау жайсыз, ауа райын болжаушыны кінәлаумен бірдей.Құнды қағаздармен жасалатын операцияларға қатысатын делдалдардың арасында «аюлар» мен «бұқаларды» бөліп көрсетеді. Төмендетуді ойлайтын биржалық алыпсатарлар («аюлар») өзінде әлі жоқ акцияларды мәміле жасасқанда белгіленген курс бойынша мерзімге сатады және мәміле мерзімі біткенге дейін барынша төмен курспен құнды қағаздарды сатып алуға және жедел мәміле шартында белгіленген барынша жоғары бағамен сатуға үміттенеді. Жоғарылатуды ойлайтын делдалдардың(«бұқалар») керісінше құнды қағаздарды курстың жоғарылауы күтілетін мерзімге сатып алады және кейіннен оларды табысты сатуға үміттенеді.
102.Ақша-несие жүйесінің негізгі мақсаттары,құралдары. Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісінеэкономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:1.Рестрикциялық ақша-несие саясаты;2.Экспанцондық ақша-несие саясаты.Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейінарттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):ашық нарықтағы операциялар;міндетті резервтік талаптар;несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
103.Несие мәні,қызметтері және түрлері. Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.Несиенің қызметтері:қайта бөлу;айналыс шығындарын үнемдеу;айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;капиталдың шоғырлануын жеделдету;ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Несие түрлері – бұл белгілі – бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі – бір қасиеттерге ие оның бір түрі. 1. мерзімдері бойынша:а) қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін );ә) орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін );б) ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары );2.несиелеу объектілері бойынша:а) негізгі қорларға берілетін несие;ә) айналым қорларына берілетін несие;3.несиелеу әдістері бойынша:а) қалдық бойынша несиелеу;ә) айналым бойынша несиелеу;
104.Ұлттық банк және оның қызметтері. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр.Соған сәйкес, барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржыұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;несие беру;депозит қабылдау;төлем жүйесін ұйымдастыру;валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;төлем балансын құрастыру.Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі:Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:Банктер;Сақтандыру ұйымдары;Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;Жинақтаушы зейнетақы корлары.Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.
105.Коммерциялық банктер және олардың қызметтері. Коммерциялық банктердін негізгі атқаратын қызметтері:ақша қаражатын шоғырландыру және тарту; несие беру, шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; төлем құралдарын шығару;бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруын ұйымдастыру;сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст операциясын жүргізу); клиенттерге кеңес беру.Коммерциялық банктердің ерекше кызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, егер клиент банкке 10 мың долл. Салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты. Келесі мысал, Банк қарыздарға 10 мың долл. Сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді делік. Онда шаруашылыктағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.
106.ҚР-ның банк жүйесі.Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі тура- лы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесісінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шыгарады, оның міндеті — ұлттық валютаның — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. Үлггық банкінің міндеттері, қызмет қағидаты, қүкықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау).
107.Қаржы және қаржы жүйесі. Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.
108.Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері мен зардаптары. Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.Бюджет тапшылығы инфляция басылғаннан кейін ел экономикасының шешуші проблемалары бола бастайды. Бюджет тапшылығы сөз жок, инфляция, дағдарыс, жұмыссыздық сияқты«жағымсыз экономикалық категориялар» деп аталатындарға жатады, алайда олар экономикалық жүйенің ажырағысыз элементтері болып табылады. Бюджетті әзірлеу кезінде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының балансына тепе-теңдігіне жету болып табылады. Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Жалпы түсінікте кірістердің шығыстардан асып түсуі бюджет артығын - профицитті, ал шығыстардың кірістерден асып түсуімемлекеттік бюджеттің тапшылығын құрайды.Қазақстанда Бюджеттік кодекске сәйкес, бұл ұғымдарға нактыланған түсінік берілген: бекітілген, нактыланған және түзетілген республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы (профициті) олардың борышының негізгі сомасын өтеу сомасынан шегеріп тастағандағы қарыз алу сомасына тең. Теріс белгімен алынған шама республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы, оң белгімен алынған шама - профициті болып табылады.
109.Салықтар,оның түрлері және қызметтері. Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:1. реттеушілік;2. фискалдық;3. қайта бөлу.Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттікбюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Салық түрлері;Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді.Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады ( мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады.Жанама салықтардың негізгі түрлері:Үстеме құнға салынған салы акциздер ( тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар).Мұрагерлік салық.Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.Дамыған елдердегі салық салу тәжірбиесіне сүйенсек салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізінен табыс салығы адамдардың және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогресивтік салық салу және үстем құнға салынатын салық құрайды.Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс деп және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады. Индивдуалдық табыс салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын салым болып табылады. Заңды тұлғаларға табыс салығы - корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық.
110.Мемлекеттің фиксалды саясатының маңызы мен түрлері. Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджеттік (мемлекеттің шығыстары) және салықтық саясатты жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, өңірлердің үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаражаттарға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктерін ескере отырып, экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:1) мемлекет шығыстарының көбеюі;2) салықтардың төмендеуі;3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:1) мемлекет шығыстарының азаюы;2) салықтардың көбеюі;3) бұл бағыттардың үйлесуі.Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті рыноктық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы үдерістеріне аз араласуын ұйғарады.Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, ягны кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс- әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің әр түрлі фазаларында салықтық алынымдардың сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салықтық түсімдер төмендейді.
111.Салық жүйесі және оның элементтері.Лаффер қисығы. Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатадыСалық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.Салық көзі – салық салынатын табыс.Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады. Лаффер қисығы.Салық реттеудің селективтік тарамдарымен қатар, мемлекет салық механизмін шаруашылық конъюктурасына жалпылама ықпал ету үшін кең қолданылады. Мысал ретінде 80-і жылдардың басында өкіметке Р.Рейганның әкімшілігі келісімінен кейін жалпы экономикалық конъюктураны ынталандыру мақсатымен салықтарды елеулі төлемдену үшін жүзеге асырған ірі масштабты шараларды атап өтуге болады. Американдық экономист Лаффердің есептеулері осы бағдарламаның теориялық негізін құраған.Лаффердің дәлелдеуі бойынша салықтың төмендеуінің нәтижесінде экономикалық өсу және мемлекет табыстарының өсуі орын алады (Лаффердің қисық сызығы). Корпорациялардың табыстарына салық статистикаларының тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады. Ғылыми технткалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді төмендетеді. Осының нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Профессор Лаффер бастаған Американдық экономистердің теориясы дәлелі бойынша табыс салығы ставкасы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың өскерлік белсенділігі күрт төмендейді.
112.Нарықтық экономикадағы табыстар.Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Табыс - жалақы, зейнетакы, рента, жәрдемақы, алимент, қаламақы түрінде алынған кез-келген ақша сомасы. Белгіленген календарлық кезең ішіндегі ақшалай түсімдердін ағысы.
113.Табыстарды бөлудегі теңсіздік.Лоренц қисығы.Табысты бөлудегі теңсіздік - жеке бағасына байланысты жанұяға кіретін материалдық игіліктер мен ақшалай табыстарды санағанда, әр жанға байланысты шығынды есептепгендестатистикалық түрде анықталатын табысқа байланысты дифференциация. Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
|
|
|
|
115.Валюта.Валютаның ауысымдылығы.Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржыоперациялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша),[1]мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді. Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы,Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.
116.Валюта бағамы және оның түрлері. Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мешекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.Валюталық бағамның қажеттігі:1.тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.2.дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;3.фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;Валюта бағамы әр түрлі елдер ақша бірліктерінің арақатынасы. Бұл арақатынас олардың сатып алу қабілеті арқылы анықталады. Сырт қарағанда ақша айырбасына қатысушыларға валюта бағамы бір елдің ақша бірлігінің екінші елдің ақша бірлігіне шаққандағы «бағасы» іспеттес көрінеді.акциялардың,облигациялардың, басқа да бағалы қағаздардыд сатып алу жэне сату құны. Қағаз ақшаның бағамы оның алтын валюта немесе басқа елдер валютасыбойынша сипатын көрсетеді. Валюта айырбасы ұғымы мұндай еркiн аударынғыштық оның мiнездемесiмен байланған. Валютаның еркiн алмастырылатынының дәрежесiмен валюталық операциялардың мемлекеттiк реттеуiн тетiкпен анықталады. Егер резиденттерге және резидент еместерге бұл валютаның елiнде валюталық мәмiлелердiң жүзеге асыруына шектеу қандай болмасын қолданбаса валютаны еркiн айналысқа түсетiн деп атайды. Жартылай еркiн аударылатын айырбастау операцияларының кейбiр түрлерiне шектеу және регламенттеулер жұмыс iстеген немесе бұл операциялардың кейбiр қатысушылары үшiн елдердiң валютасы болып есептеледi.Еркiн аударынғыштық сайып келгенде — бұл валютаның қабiлеттiлiгi басқа валюталарғаеркiн ауысып кетсiн және валюталық нарықтарда ұлттық валютаға керi. Валюталық бағамының бақылауда деңгейiне екi курстердi бекiтедi:Дүкеншi бағамы.Сатып алушының бағамы.Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді: Ұлттық валюталық жүйе;Дуниежүзілік валюталық жүйе;Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
117.Төлем балансы және оның құрылымы. Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; “көзге С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц.көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі төлемдерді қамтиды); капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді). Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады.
118.ҚР-ның әлемдік шаруашылыққа ену мәселелері.Экономиканың салалық құрылымы – бұл қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі өндірістің жағдайымен сипатталатын, сапалы түрде шаруашылық жүргізуші бірліктердің бірыңғай топтарының жиынтығы. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, салааралық байланыстарды жасаудың базалық салалары болып саналады.Әлемдік нарық – ұлттық нарықтың, мемлекеттер арасындағы шекаралардың, сыртқы экономикалық қызметтердің, әлемдік бағалардың ықпал ететіндігімен ерекшеленеді. Әлемдік нарық пен сыртқы сауда тығыз байланысты.Халықаралық валюта – несиелік қатынастар дербестікке ие бола отырып, экономика мен саясаттың дамуына ықпалын тигізеді және сонымен бір мезгілде олар бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Халықаралық валюта түріндегі барлық операциялар валюта бағамы негізінде жүзеге асырылады.Экономикалық және басқа сипаттағы себептермен туындаған, еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге бір жылдан аса мерзімге қоныстану процесі жұмыс күштері көші – қоны болып табылады. Жұмыс күштерін орналастыру (МОТ) халықаралық көші-қоны жөніндегі ұйыммен реттеледі.ҒТР – дың дамуымен байланысты әрбір мемлекет өнімдерді әлемдік өндіріс нарығына шығару мен бәсекелестікте озып шығу үшін жаңа технологияларды жасауға тырысады. Әрбір ел технологияны ұлттық шеңберде ұстап тұруға ұмтылады.Тауарлардың, капиталдардың, жұмыс күштерінің әлемдік нарығымен қатар әлемдік шаруашылықтың бір бөлігі болып саналатын қызмет көрсетудің әлемдік нарығы өмір сүреді. Тауарлардан қызметтердің өзгешілігі — өндіріле отырып бірден сатылумен байланысты, сондай-ақ сауда саласына қарағанда мемлекет арқылы көбірек қорғалған.
119.Өмір сүру деңгейі және оның көрсеткіштері. Адамның өмір сүру ұзақтығы — бұл бір жылы туған адамдар тобының орташа өмір сүру ұзақтығын көрсететін көрсеткіш. Бұл жағдайда әр жастағы адамдар тобындағы өлім деңгейі бір қалыпты қалады. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 2013 жылы халық саны 17 миллионға жетеді десе, әлем демографтары 2100 жылы жер бетінің тұрғындарының барлығы 100 жасайтын болады деп болжайды. Ресейде өмір сүру көр-сеткіші Орта Азия елдерімен салыс-тырғанда төмен болып шықты. Ресейде орта есеппен өмір сүру көрсеткіші 61.3 жас, ерлерде - 56.1, әйелдерде - 66.4 жас. Ал Қазақстанда орташа көрсеткіш- 68,4 жас. Жапонияда орта есеппен алғанда өмір сүру көр-сеткіші 82 жасты құрайды. АҚШ-та, Солтүстік Европада өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетуге жақындады, ал халықтың көп бөлігі СПИД індетіне шалдыққан Африка елдерінде өмір сүру орташа көрсеткіші 36 жастан аспайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы дерегі бойынша ең көп адам өлімі 1999 жылы болған . 1999 жылы дүниежүзінде адам өлімі 56 миллионға жетсе, оның ішінде 5 жасқа жетпеген балалар 10,5 миллион болыпты. ВВС дерегіне сүйенсек, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мамандары өмір сүру көрсеткішінің орташа деңгейін анықтаудың жаңа жүйесін жасап шығарған. Бұрын осы демографиялық көрсеткіш халықтың өмір сүрген жалпы саны және өлім болған күнмен анықталатын. Ал бүгін ғалымдар адамның сау бол-ған және ауырған уақыттарды салыстыра отырып, өмір сүру көрсеткішінің деңгейін халық денсаулығының шынайы көрінісіне негізделе айқындайды. Жер шарының жақсы аймақтар тұрғындары өмірінің 9%-ын ауырып өткізсе, жағдайы нашар аймақтарда бұл көрсеткіш 14%-ға дейін жетеді. Өмір сүру көрсеткішінің төменгі деңгейі мына елдерде:Сьерра-Леоне - 25.9 жас, Нигерия - 29.1 жас,Малави - 29.4 жас жыл, Замбия - 30.3 жас , Ботсвана - 32.3 жас, Уганда - 32.7 жас, Руанда - 32.8 жас, Зимбабве - 32.9 жас , Мали - 33.1 жас, Эфиопия - 33.5 жас. АҚШ-та, Солтүстік Европада өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетуге жақындады, ал халықтың көп бөлігі СПИД індетіне шалдыққан Африка елдерінде өмір сүру орташа көрсеткіші 36 жастан аспайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы дерегі бойынша ең көп адам өлімі 1999 жылы болған . 1999 жылы дүниежүзінде адам өлімі 56 миллионға жеткен, оның ішінде 5 жасқа жетпеген балалар 10,5 миллион болды. Өмір сүру көрсеткшінің жоғары деңгейі мына елдерде: Макао-84.33 жас, Андорра-82.67 жас, Жапония-82.07жас,Сингапур-81.89 жас, Сан-Марино-81.88 жас, Гонг Конг-77жас, Австралия-81.53 жас,Канада-81.16 жас,Фрнция-80.87,Швеция-80.74 жас, Швейцария-80.74жас, Гернси-80.65жас, Израель-80.61жас, Исландия-80.55 жас, Ангилья-80.53 жас. Ұлыбритания осы тізімде 36-орында, АҚШ 46-орында, көршілес Ресей болса 167-орында тұр. Ресейде орта есеппен өмір сүру көрсеткіші 61.3 жас, ерлерде - 56.1, әйелдерде - 66.4 жас. Ал Қазақстанда орташа көрсеткіш- 68,4 жас, Қазақстан 152-орында. Ресей өмір сүру көрсеткіші бойынша Орта азия елдерінен артта қалып отыр. Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 2013 жылы халық саны 17 миллионға жетеді деп болжайды. Ал әлем демографтары 2100 жылы жер бетінің тұрғындарының барлығы 100 жасайтын болады дейді. Себебі, қазір бүкіл дүниежүзі ғалымдары геронтология ғылымына ерекше көңіл бөліп, қар-таюдың алдын-алуға барынша күш салуда. Мысалы, соңғы кезде тәжірибе жүргізілетін зартхана жануарлары екі есе ұзақ өмір сүреді екен. Сонымен қатар тБҰҰ 2011жылдың қазан айында жер бетіндегі халық саны 7 миллиардқа жетеді деп болжаған еді. Өмір сүру көр-сеткіш деңгейі бойынша Қазақстан Орта азия аймағында Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан кейін 4-орында тұр. Орта Азияда экономикалық жағынан көшбасшы еліміз неге тек 4-орында деген сұрақ туындайды. БҰҰ ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда ана мен бала өлімі Орта азия аймағы бойынша ең төменгі деңгейде болғанымен, ішімдікке салынғандар саны өте көп. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы көрстекіші ерлерде 63,5 жас болса, әйелдерде 73,2 жас. Ер мен әйел адамдардың өмір сүру ұзақтығы арасында 10 жыл. Басқа елдерде бұл көрсеткіш 4-5 жылмен шектеледі. Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйымдарға аймақ бойынша нақты шынайы дерек беретін Қазақстан ғана екен. Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі туылу деңгейі өсіп келеді, ал өлім көрсеткіші бір қалыпты. Ең көп өлім тіркелген уақыт 1999 жылы болды. Сол өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 65 жас еді, қазір 68,4 жас. Қазақстанда әр аймақта өзіне тән ерекшелік бар. Мысалы, еліміздің оңтүстік өңірлерінде адам өлімі солтүстік өңірлерге қарағанда төмен. Жалпы алғанда Қазақстан халқының саны өсіп келеді, тек республика деңгейінде ғана емес. Шетелдегі қандастарымыздың саны өсу үстінде. Жалпы алғанда Орта азия аймағындағы жағдай біршама жақсараған. Осындай пікірмен БҰҰ да келіседі. БҰҰ-ның мәліметіне сүйенсек, Орта Азия аймағы бірнеше көрсеткіштер бойынша жағдайы жақсарған. Мысалы, Орта Азия елдерінде әйел теңдігі және ана мен бала денсаулығы жақсарған. Саясатпен айналысатын әйелдер саны да өскен. Парламенттегі әйел депутаттардың орны 2000 жылы 7% болса, 2011 жылы 16%-ға жеткен. Ана мен бала өлімі көрсеткіші төмендеген. Әйел денсаулығына ерекше көңіл бөлініп, ана мен бала денсаулғы жақсарған. Дегенмен де, Орта азия аймағында әлі шешімін таппаған проблемалар баршылық. Негізінен жоқшылықпен күрес айқын же-тістіктерге жеткен жоқ, АҚТҚ (ВИЧ) жаңа жағдайларының тіркелуі және ауыз су мәселесі. Орта Азияда ауыз су тапшылығы болуы мүмкін деген болжам айтылып келеді. Бүгінгі күнде аймақта ішкі сулардың 56% пайдаланылады. Егер суды пайдалану 60%-ға жетсе, аймақтағы сулар халықтың сұранысын қанағаттандыра алмауы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан демограф ғалымдар да бірінші кезекте халықтың санын көбейтуді емес, өмір сүру сапасын көтеру туралы айтады.
120.Халықты әлеуметтік қорғау. Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру мәселелерінің арасында халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені әлеметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық деңгейлерде: республикалық, аймақтық, еңбек ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелігі мен кешендігі ерекше маңызды.Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Сондықтан қазіргі кезде Елбасының соңғы жолдауында Қазақстан әлеуметтік экономикаға нысандауы тиіс деп белгіледі. Сөйтіп, әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге кабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.Қоғамның әлеуметтік араласуын күшейту және ондағы қарама-қайшы процестерді дамыту әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесін жасауды қажет етеді, ол мына процестердің дамытылуына негізделетін болуға тиіс:1) адамның өндірістегі, бөлу мен тұтынудағы құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер түрлерін сақтау және оның меншікті, одан алынатын табысты иелену құқығы, меншік түрлеріне еңбек ақысының сараланған ең төменгі мөлшерін алу құқығы, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқығы, ақшалай табысты индекстеу механизмі сияқты жаңа түрлерін қалыптастыру;2) халықтың экономикалық тұрғыдан ең осал топтарына көп балалы және толық емес отбасыларына, зейнеткерлерге, уақытша жұмыс істемейтіндерге, студенттерге, қызметкерлердің төмен жалақы алатын топтарына әлеуметтік қолдау көрсету.Басты кепілдіктердің бірі әрбір еңбеккердің белсенді және өнімді еңбек етуі үшін жағдайлар жасау кепілдігі болуға тиіс, оның өзі шаруашылық жүргізуші кез келген тұлғаға экономикалық қызметпен және кәсіпкерлікпен шұғылдану бостандығының берілуін көздейді.
