- •2014-2015 Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
- •1 Мектепалды даярлық сыныптарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •2 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •2.2 «Математика» білім саласы
- •2.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •2.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •2.5 «Өнер» білім саласы
- •2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •2.6 «Технология» білім саласы
- •3 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •3.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •3.2 «Математика және информатика» білім саласы
- •3.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •3.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •3.5 «Өнер» білім саласы
- •3.6 «Технология» білім саласы
- •3.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •4 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •4.2 «Математика және информатика» білім саласы
- •4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •4.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •4.5 «Технология» білім саласы
- •4.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •5 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
- •6 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
- •7 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері
- •8 Оқу үдерісінде сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары
- •9 Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
- •10 12 Жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
- •12 Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің дайындық жұмыстары бойынша ұсынымдар
- •2015-2016 Оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі
- •2014-2015 Оқу жылында қазақстан республикасының
- •Жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді
- •Жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін
- •Оқытудың ерекшеліктері туралы
- •010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» бо, 15-қабат.
2.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Дүниетану
Пәннің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
- туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
- оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
- күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
- «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
- танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
- картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;
- тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
- танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
- бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
- адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
- жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
2014-2015 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің 2-сыныпқа енгізілуіне байланысты «Дүниетану» пәнінің апталық оқу жүктемесі: 1-2 сыныптарда аптасына 1 сағатпен оқытылады; 3-4-сыныптарда аптасына 2 сағатпен оқуды жалғастырады.
2.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Өзін-өзі тану
Пән әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Пәннің мақсаты: оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту; өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу; қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Пәннің міндеттері:
- оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
- өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
- өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
- адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
- әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көпқырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
- белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
- күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту ерекшелігі: оқушының өзіндік бейімін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде ретінде дамыту. «Өзін-өзі тану» пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4-сыныптарда төрт негізгі бөлімді қамтиды:
1) Өзін-өзі тану бақыты;
2) Адами қарым-қатынасқа үйренейік;
3) Адам болам десеңіз ...;
4) Әсемдік әлемінде.
Оқыту үдерісі оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарды қалыптастыруға, өз- өзіне, қоғамға қызмет етуге бағытталған.
Оқу жүктемесі: аптасына 1 сағаттан: 1-сыныпта 33 сағатты, 2-4-сыныптарда 34 сағатты құрайды.
