- •1.Педагогикалық анимация пәніне кіріспе
- •3. .«Аниматор» сөзінің анықтамасы
- •4. Бос уақытты ұйымдастыру
- •5. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
- •7. Кино өнері
- •8. Драматургияның жанрларын ата
- •15. Мелодрама, водевиль, фарс,мюзикл, трагикомедия жанрларының
- •17.Қазақ драматургиясының бүгінгі өкілдері.
- •18.Актер, режиссер, декорация терминдерінің анықтамасы
- •20.Қақтығыс, әрекет ұғымдарының
- •22. Аниматордың басты міндеттері
- •23.Эпизод-көпірше мен эпизод
- •25.Ойын – бос уақыт құрылымы ретінде
- •26.Думанды ойын формалары
- •28.Бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер.
- •29.Бос уақытты ұйымдастыру түрлері және міндеттері мен ерекшеліктері.
- •30.Бос уақыт инфраструктурасы жайлы орыс ғалымдарының пікірі.
5. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
Бұқара — халықтың басым көпшілігі дегенді білдіретін ұғым. Әлеуметтік тұтастықтан дараланып шыққан азшылық пен біркелкі қалың топтың өзгермелі бірлігін құрастырады. А. Тойнби кез келген өркениетте шығармашыл азшылық, ішкі және сыртқы пролетариат бар дейді. Бұқара ұғымы көптеген жағдайда элита, басқарушы топ, ақсүйек, жетекші тәрізді әлеум. сипаттамаларға қарсы мағынада қолданылады.. А.П.Сейтешев берген анықтама бойынша, әдіснама - бұл жоғары педагогикалық білім беру үдерісін және кұбылыстарды зерттеуге арналған кілт. Өзгертуге жетілдіруте немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудын ұстанымдарын айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы
6. Қазақ халқының ұлттық мерекелері.Қазақтар көктемгі күн мен түннің теңелуін Жаңа жылдың басы - Наурыз мерекесін атап етеді. Наурыз парсының «новруз» «жаңа күн» деген сөзімен мағыналас. Ол — бағзы заманнан келе жатқан қасиетті мереке. Бұл күні ұрыс-керіс, соғыс атаулы тоқтатылады. Бұрын бір-бірімен ренжісіп қалған адамдар қайтадан татуласады, өткен-кеткен өкпе-реніштердің бәрі де кешіріледі. Өркім өз үйлерін тәртіпке келтіреді, сыпырып, тап-таза етіп қояды. Адамдар сәнді киініп, бір-бірін кұттықтайды, қонаққа аралап, өмірден өткен ата барады. Ақсақалдар үй-үйді -бабаларға, аруақтарға, марқұм болғандарға арнап құран бағыштайды. Әйелдер ежелден келе жатқан салт бойынша құрамында жеті түрлі тағамдық зат бар наурыз көжені мол етіп пісіреді. Одан көрші-қолаң, туған-туыстар мен үлкен-кішілер және үйге келген қонақтар түгел дәм татады. Жастар бір-біріне ескерткіш сыйлықтар ұсынады. Бұл күні ұлттық ойындар мен спорт жарыстары өткізіледі. Қазақтарда наурыздан өзге қымызмұрындық, соғым басы, сүндет тойы, тоқым қатар сияқты басқа да толып жатқан мереке-тойлар болған. Құрбан айт (Араб тілі: عيد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā, Урду тілі: بقرعید) – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.[1]
Әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Аллаһның бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим Пайғамбардың сүйікті баласы – Исмаил болуы керек болды. Не әкесі, не баласы қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Ораза айт (араб.: عيد الفطر — 'ид әл-фитр) — ораза ұсталатын Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мейрамы. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды. Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады
