- •1.Педагогикалық анимация пәніне кіріспе
- •3. .«Аниматор» сөзінің анықтамасы
- •4. Бос уақытты ұйымдастыру
- •5. Бұқаралық көпшілік шараларды ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
- •7. Кино өнері
- •8. Драматургияның жанрларын ата
- •15. Мелодрама, водевиль, фарс,мюзикл, трагикомедия жанрларының
- •17.Қазақ драматургиясының бүгінгі өкілдері.
- •18.Актер, режиссер, декорация терминдерінің анықтамасы
- •20.Қақтығыс, әрекет ұғымдарының
- •22. Аниматордың басты міндеттері
- •23.Эпизод-көпірше мен эпизод
- •25.Ойын – бос уақыт құрылымы ретінде
- •26.Думанды ойын формалары
- •28.Бос уақыттағы мерекелер мен салт-дәстүрлер.
- •29.Бос уақытты ұйымдастыру түрлері және міндеттері мен ерекшеліктері.
- •30.Бос уақыт инфраструктурасы жайлы орыс ғалымдарының пікірі.
20.Қақтығыс, әрекет ұғымдарының
Анықтамасы."Қақтығыс" ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің текетірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Бұның өзі әрекеттің тікелей процесі, мұнда қарсы тұрушылықтың шынайы фактілері бар. "Дағдарыс" және "қақтығыс" ұғымдары қоғамдық өмірде әлеуметтік практиканың өзара байланысты кезеңдерін бейнелейді. Қақтығыстың негізі жағдайдың дағдарыстығы болып табылады. Дағдарыс саяси қатынас субъектілерін белсендіре түсіп, олардың текетірестеріне әкеліп соқтырып, қақтығысты тудырды. Сондықтан да қақтығыстың өткірлігі дағдарыстың дамуына, оның пісіп-жетілу дәрежесімен тікелей байланысты. Дағдарыстар тәрізді қақтығыстарды да көріну сфералары бойынша жіктеуге болады: экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникааралық және т.б. Дегенмен осылардың барлығы әлеуметтік қақтығыстардың әрқилы формалары болып табылады, өйткені қақтығыстарда әрекет етуші, қақтығысушы субъектілер өздерінің экономикалық, саяси, құқықтық, діни, этникалық және басқа да мүдделерін түсінетін және олардың үстемдігі мен жүзеге асуына ұмтылатын адамдар. Қақтығыстар саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттері нәтижесінде шешіледі. Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.
Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.
Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады
21.Акт, эпизод, ремарка ұғымдарының анықтамасы Ремарка[1], ескертпе (франц. remargue — ескерту, белгілеу) — пьесада кейіпкерлер бейнесін ашып көрсету мақсатында қолданылатын қосымша түсінік сөз. Ремарка кейіпкерлердің жасына, мінез-құлқына, түр-тұлғасына, қимыл-қозғалысына, киім киісіне, көңіл-күйіне, дауыс ырғағы ерекшеліктеріне қатысты. Заттық әлемнің адам психологиясын ашудағы әсерін А.Н. Островский, А.П. Чехов, Б.Шоу, Т.Уильямс туындыларынан байқауға болады. Әрбір кейіпкердің мінез-құлық ерекшелігіне тән түсінік беру арқылы оның өзгеге ұқсамайтын, айрықша кескін-кейпін елестету мүмкіндігі туады. Ремаркада актіге, көрініске, эпизодқа қатысты, оқиға өтетін жер мен қоршаған ортаға, негізгі оқиғаға байланысты жайларға нақты сипаттама беріледі. Ремарканың мән-мағынасы драм. шығарманың жанры мен стиліне сәйкес келеді. Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді. Эпизод сюжеттің негізгі компоненттеріне сәйкес келуі мүмкін, бірақ көбіне сюжет компоненті эпизодта өрістемейді, керісінше, бірнеше эпизод беріледі (оқиға бірнеше Эпизодтан тұруы мүмкін). Эпизод кейіпкер характерін ашып, оқиғаны ширата түседі Акт – анықтамалы – ақпараттық құжат. Ол – бірнеше лауазымды адамның қатысуымен белгілі бір факті не болған нақты оқиғалар мен жағдайларды (тәркілеу, тұрмыстық құндылықтарды өткізіп – қабылдау, істерді , құжаттарды жою, апат актілері) растап бекіту барысында әзірленеді. Актіге оны жасаушылардың пікірлері, ойлары (тексеру, зерттеу, ревизия жасау, бір затты сынақтан өткізу акті) жазылады.
