- •Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
- •19 Ғасырдағы социологиядағы маңызды бағыттардың бірі марксизм болды, оның негізін Карл Маркс (1818-1883) қалады.
- •Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
- •Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
- •Девиация және әлеуметтік бақылау.
- •Қолданбалы әлеуметтану
- •2. Социологиялық зерттеу әдістері
- •Сұрақтарды жіктеу
- •Білім беру әлеуметтануы
- •Саяси әлеуметтану
- •Экономикалық әлеуметтану
- •2. Некелесу себептері мен сапасы, отбасының қызметі мен оның құрылымы туралы қоғамдық пікірлерге талдау жасау. Неке келісімшартының әлеуметтік қыры.
19 Ғасырдағы социологиядағы маңызды бағыттардың бірі марксизм болды, оның негізін Карл Маркс (1818-1883) қалады.
К.Маркс адамзат тарихын тауар өндірісі қалай жүзеге асырылғанына байланысты кезеңдерге бөлуге болады деп есептейді. Өндіріс тәсілі әр формацияның экономикалық сипатын аңықтайды. Өндіріс жүйесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар Маркс тұжырымдамасында қоғамдық процестерді түсіндіруде шешуші роль атқарды. Экономикалық ұйымдасудың кез келген типінде өндіріс құралдарына ие болатын және өзіне жұмыс істейтіндердің тағдырын шешетін үстем тап болады.
Экономикалық принцип бойынша қоғамды таптарға бөлу- Маркс теориясының методологиялық негізі. Ол адамзаттың дамуы – бір қоғамдық эконосикалық формациядан екінші прогрессивті түріне өтіп отыратын, обьективті және заңды табиғи- тарихи процесс. Марксизмде төменгідей қоғамдық- экономикалық формациялар көрсетіледі: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік.
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
1.Қоғамның жүйелік ұғымдары мен принциптері
2.Қоғамды функционалдық тұрғыдан зерттеудің негізгі принциптері
3.Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері.
4.Әлеуметтік жүйелер әлеуметтік статустардың иерархиясы ретінде
«Қоғам» термині әр түрлі мәнге ие, сондықтан көптеген тәсіл арқылы топтастырылады.Бұл - өте кен және икемді ұғым, ол еркше әлеуметтік құрылымды да, мәдени – тарихи және саяси жүйені де, бір мүддеге біріккен адамдарды да және т.б. Білдіруі мүмкін. Тар мағынада алғанда қоғам – құрылымдық және генетикалық тұрғыдағы: a)қатынас типі (тек, түр, т.б.) немесе ә)белгілі бір тұтастықтың салыстырмалы түрде алғандағы дербес элементі (аспектісі, сәті).
Қоғам кез келген тарихи дәуірге, кез келген санды топқа немесе адамдардың кез келген бірлестігіне қатысты.Адамның қоғамда өмір сүретіндігін сезіну әлеуметтік ғылымдардың ұзақ уақыт дамуы процесінде өтті.Антикалық дәуірде адам тұрмысы мемлекетпен теңестірілді,сондықтан Аристотель үшін адам дегеніміз – «саяси жануар»,ол саяси қатынастар – қатынастың ең жоғары типі.Аристотель әлеуметтік байланыстардың басқа да құрылымдарына назар аударады.Мысалы,ол достық қатынас туралы оның (достықтың) достасқан адамдар арасындағы жоғары игілікке негізделген өзара қатынастың жоғары түрі дейді.
Ол достықтың пайдаға негізделген не қанағатқа негізделген болуы мүмкін екенің атап көрсетеді.Бұдан байқағанымыздай,Аристотель отбасылық (туыстық) және мемлекеттік баиланыстарды достықтың ерекше түрі деп бағалайды.
Достықтың мұндай түрінде,Аристотельше,табиғи құқық қалай жүзеге аспақ,өйткені достық сол заттарға және әділқазылық сияқты сол адмдардың арасында болады,өйткені әділет пен достық барлық қауымдастықта болады:достық-бірдей еркін және осы мағынада бір-біріне тең адамдар арасындағы байланыс.
Жаңа кезеңнің әлеуметтік қағидаларында қоғам мемлекетпен теңістірілді, сондықтан осы уақыт оқымыстылары (Гоббс,Локк,Дидро және т.б.) «табиғи күй», «бәріне қарсы бәрінің соғысы» туралы айтады, одан шығудың жолы-қоғамдық келісім шарт (яғни азаматтардың өзінің арасындағы келісім), ал оны сақтаудың кепілі-мемлекет.
Адамзат идеясы ретіндегі тамырын тарихи дамудан алған қоғам идеясы И.Кантта уақыт кеңістігінде адамзатты тәрбиелеу процесі ретінде көрінеді. Гегель адамзат қоғамын жеке (мүліктік және т. б.) мүдделер саяси ретінде мемлекеттен бөледі.
Қоғам дамуының заңды және прогрессивті сипаты туралы Канттың көзқарасы қызығушылық тудырады. Оның ойынша, қоғам өз дамуында биологиялық, сондай-ақ астрономиялық заңдарға, яғни космос заңдарына, аспан денелері мен планеталар қозғалысына сүйенеді. Ол сондай-ақ қоғам дамуына климат пен халықтың нәсілдік құрамының әсері туралы да жазды. Бірақ, Конттың пікірінше, қоғам дамуына басты әсер ететін-сананың дамуы ретіндегі интелектуалды эволюция. Позитивизмнің негізгі бабы-адам санасының алғашқылығы және оның қоғам дамуына шешуші ықпал жасайтындығы. Мұнда ол интелектуалды эволюцияның көрінісі ретінде ғылымға ерекше роль бөледі.
Құрылымның өзгеруі эволюциялық сипатта, «әлеуметтік үндесу» заңына бағына отырып жүреді. «Әлеуметтік үндесу» заңына қайшы келетіндердің бәрін, мысалы таптық күресті Конт ақылға сыйымсыз нәрсе деп бағалайды. Ол қоғам дамуындағы әлеуметтік секірістерді жоққа шығарады. Қоғамдық көріністерге баға берудің жоғары формасы «Махаббат-принцип, тәртіп-негіз және прогресс-мақсат» принципіне сүйенді.
О.Конт үшін әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның бірлігі-
Индивид емес, отбасы. Осында, отбасында ғана, адамдар бірлігі үстемдік етеді. Конт қоғамды функционалды жүйе ретінде санады, бұл жүйеге отбасы, топтар, мемлекет енді, олар-әлеуметтік организмнің бөліктері және өз қызметтерін атқарады. Мысалы, Контта саяси басқару дегніміз- оның көп қызметінің бірі ғана және ең негізгісі болғанына қарамастан, қоғам бірліктерінің бөлінуіне қарсы әрекет етуге бағытталады.
Француз социологы Э.Дюркгейм қоғамды дербестіктен жоғары «ұжымдық санаға» негізделген рухани шындық ретінде қарады. Неміс оқымыстысы М.Вебердің ойынша, қоғам-әлеуметтік әрекеттерді, яғни басқаша адамдарға негізделген әрекеттердің өнімі болып саналатын адамдардың өзара әрекеті.
Америқандық социолог Т.Парсонста «әлеуметтік әрекеттерді» қолдады, ол қоғамды байланыстырушы бастама нормалар, құндылықтар және т.б. болып саналатын жүйе деп санады.
Егер, мысалы, Маркстік дәстүрді қолданып, қоғамның өзінің экономикалық ресурстарын қолданатынын және басқаратынын ескере отырып топтастырсақ, қоғам құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік (кеңестік), коммунистік болып бөлінеді.
Егер дінді басшылыққа алып топтастырсақ, онда оны: мұсылмандық, христиандық, және т.б. қоғам деп болеміз.
Қазіргі социология барлық типологияны бір синтетиқалық үлгіге біріктіре отырып қолданады. Оның авторы ретінде американдық социолог Даниел Беллды (1919ж. туған) санайды. Ол бүкіләлемдік тарихи үш сатыға бөледі: индустрияға дейінгі, индустриялды және постиндустриялды (лат.industria-әрекет; мұнда:өндіріс).
Индустрияға дейінгі қоғам үшін дамудың шешуші факторы ретінде ауыл шаруашылығы алынады, сондықтан оны аграрлы қоғам деп атайды.
Индрустриалды қоғамда дамудың негізгі факторы-басында корпорациясы не фирмасы бар өндіріс.
Постиндустриалды қоғам жоғары технологияны, теориялық білімді сиппатайды. Жеке меншік әлеуметтік теңсіздіктің белгісі ретінде өз мәнін жояды. Шешуші фактор білім және білім беру деңгейі болып саналады, сондықтан бұл қоғамды ақпараттық деп те атайды.
Қоғамның қазіргі синтетиқалық үлгісі конвергенция (лат.convergo-жақындаймын, ұқсаймын) процесін ескереді, адамзат қоғамының дамуы барасында экономикалық , саяси, мәдени, идеологиялық және т.б. айырмашылықтар біртіндеп жойылып, ұқсастықтары арта түседі.
Бұл процестерді өз кезегінде американдық социологияның негізін қалаушы түбі ресейлік ғалым Питирим Сорокин (1889-1968) көріп, сиппатап жазған. Конвергенция теориясын жасай отырып, П.Сорокин адамзат өзінің әлеуметтік дамуы барысында капитализмнің бұлыңғыр жақтарын да, кеңестік жүйеден алған тоталитаризмді де жеңеді. Конвергенцияның негізі құндылықтар, құқық, саяси, өнер, уақыт, ғылым жүйелерінің жақындығы болып саналады деп есептейді ғалым. Ақырында конвергенция интегралды социомәдени типтің қалыптасуына әсер етеді, қоғамның бұл типі «көптеген жағымды құндылықтарды біріктіреді және әр типтегі айтулы ақаулардан арылтады» (П.Сорокин).
Жерге берік те ұзақ бейбітшілік болуы мүмкіндігіне сенген П.Сорокиннің идеялары бүгінгі күні де көкейтесті болып отыр. Өзінің «Соғыс себептері және бейбітшілік шарттары» атты еңбегінде ол төмендегідей шарттарды ұсынады:
қазіргі мәдени құндылықтардың көбін негізгі түрде қайта қарау және қайта бағалау;
барлық мемлекеттерге, халықтарға және қоғамдық топтарға барлығын айырмашылықсыз біріктіретін негізгі нормалар мен құндылықтар жүйесін шын мәнінде тарату және енгізу;
соғыс пен бейбітшілікке қатысты барлық мемлекеттердің егемендігіне шектеу қою;
барлық мемлекеттік кикілжіңдерді шешуге міндеттеу және мәжбүрлеу құқығы бар жоғары халықаралық үкімет мекемесі.
П.Соркин адамзаттың басты тарихи міндеті шындықты, әсемдік пен қайырымды шектеусіз жасау, жинақтау және жетілдіру болып саналады деп есептеді.
Социологиялық әдебиеттерге қоғамды ерігі мен санасымен ерекшкленетін, белгілі бір мүдде мен қөңіл-күйінің әсерімен әрекет жасайтын адамдардың тарихи дамуының жиынтығы ретінде қарау туралы көзқарас кеңінен тараған. Адамдардың мүддесі мен қажеттіліктері әр түрлі болуына байланысты адам оны қанағаттандыруға өмір бойы ұмтылады, сондықтан қоғам өмірі тоқтап қалмайды, керісінше үнемі өзгеріп, дамып отырады.
Кез келген қоғамды түсіну, оны сипаттау оған тән құндылықтар жүйесіне ену арқылы ғана мүмкін болады. Әлеуметтік құндылықтар-жетуге тиісті мақсаттар бойынша қоғам не әлеуметтік топтар бөлген пікірлер мен осы мақсатқа жеткізетін негізгі жолдар мен құралдар. Әлеуметтік құндылықтар сол қоғамға тән салт, дәстүр, әдет-ғұрыптың әсерінің нәтижесінде қалыптасады.
Дәстүр дегеніміз-жиі қайталанатын сол қоғам үшін мінез-құлықтың басым типі, белгілі мағынада-типтік болып саналатын құбылыс. Қатаң мағынада алғанда дәстүр туралы тек ол автоматты, уақыт бойынша кенеттен берілсе ғана айтуға болады. Дәстүр-алдыңғылардан қалған мәдени мұра.
Осылайша дәстүр белгілі бір қауым-отбасы, әлеуметтік қабат, тап, қоғамдық ұйым не партия берілген ел азаматтары шеңберінде ұзақ уақыт бойы берілетін ұйымдасқан көптеген идеялар мен мшнез-құлықтар ретінде анықталуы мүмкін.
Кез келген дәстүр жеке тұлғаға байланысты болса да, адамның жақсыз сақтайтын әрекетінің практикасы мен формасы салт болып есептеледі.
Әдет-ғұрып дегеніміз-моральдік мәні бар салт. Бұл санатқа берілген қоғамда болатын және адамгершілік бағамнан жоққа шығаруы мүмкін адамдардың мінез-құлық формалары енді.
Телефон (пошта) сияқты қатынас арналарына да секемдікпен қарайды. Телефон қоңырауы әңгімені,шай ішуді,теледидар көруді және т.б. орынсыз үзеді. Сонымен бірге ойлануға,жауапты салмақтап беруге мүмкіндік бермейді. Ағылшын қонағының қонақ қабылдайтын бөлмеден басқа бөлмелерді көру мүмкіндігі сирек. Атлантиканың арғы бетіндегілер үшін мақтаныш болып есептелетін алтындалған су крандары бар дөңгелек ванналарды қонаққа көрсете қоймайды.
Ағылшын көшелерінде таныс емес адамдармен сөйлесу, жабысу,бетаныс кісімен әңгімелесуге ұмтылу,ағылшындардың ойынша,әдепсіздік қана емес, кей жағдайларда қылмыс ретінде есептеліп,жауапқа тартылуы мүмкін.
Бұл жағынан ағылшындар дәстүр бойынша сырын жайып сала бермейтін жапондықтарға ұқсас. Бірақ жапондықтар жабық орындарды ұнатпайды. Жақын уақыттарға дейін жапон тұрғын үйлерінің есігі құлыптанбады. Жапон қонақ үйінде бөлме кілті деген ұғым жоқ немесе терезе сияқты жылжымалы бөлгіштерге ілмек болмайды. Батыс үлгісіндегі мейманханаларда да жапондықтар өз нөмірін көбіне ашық ұстайды.
Ағылшындар мен жапондықтармен салыстырғанда,ТМД тұрғындары мысалы,Ресейде бұрынғы салт-дәстүрден бас тарту басымырақ,бірақ олар да бұрынғыны сақтауға тырсады. «Жұмбақ жанды орыстар» туралы айтқанда,ресейліктер орыс ақыны Тютчевтен: «Ресейді ақылмен түсіну мүмкін емес,аршынмен өлшеу де мүмкін емес,артықшылығы оның сонда жатыр-тек Ресейге сену керек» деген өлең жолдарынан үзінді келтіргенді ұнатады. Ресей халқының ерекшелігіне жауап іздеуге тырысқан зерттеушілер оны (ерекшілікті) ел тарихи мен жағрапиясынан табады. Шынында да Ресей-алып өлшемді ел.
Тағы да бір назарда ұстайтын факторлар-дін мен мәдениет. Мұнда да ресейліктердің ұлттық мінездемесі жатыр.
Зерттеушілер халық өміріндегі мерекелерге де назар аударады. Олар сондай-ақ ұлттық мінез ерекшілектері туралы да хабар береді. Ресейдегі көптеген мерекелердің ежелден тарихи бар. Мысалы,»қысты шығарып салу». Ертеректе бұл мейрам көктемгі жер жырту жұмысына өтуді білдірген,діни сипаттаға ғұрыптар да орындалған. XVI ғасырдан бастап мереке «масленица» деп аталды,өйткені,бұл күндері майға құймақ пісірілетін еді. 7 күн бойы шексіз сауық-сайранмен мерекеленетін. Мерекеде сабаннан алабажақ киім киген әйел пішінде қарақшы жасады,оған бау,моншақтар тақты. Қарақшыны отқа жағып,қыздар күн,көктем,жаңа егіс туралы ән айтады. Бұл салттың мәні-қыс көктемнің келуіне кедергі жасамауы керек.
Ұлттық ерекшіліктер барлық халықтарда бар. Әрбір зерттеуші оны өзінше көріп,ашуға тырысады. Социология ғылымы қоғамды әр түрлі әділ-тәсілдермен зерттейтіндігімен де тамаша. Социологиялық білім қоғамға едәуір ықпал етеді. Социологтардың жұмысы адамдардың қоғамдық құбылыстарға қатынасын өзгертуі мүмкін,қолданыстағы әлеуметтік саясатты бағалауға жәрдемдеседі,шешім қабылдау үшін ақпараттар жинайды. Қоғам әлеуметтік ғылымдарды дамытуға мүдделі болуы тиіс,өйткені бұл ғылымның зерттеу өрісінде кез келген қоғам организімнің өмір сүруіне қажетті аса маңызды мәселелер жатыр.
