Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аида,Меруерт,Айнур.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆

3. М. Жұмабаев шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

Мағжан Жұмабаев та ауыз әдебиеті үлгілерін аса бағалы рухани байлығымыз ретінде бағалап, оны сақтауға, қастерлеуге ерекше мән береді. «…Бірақ, талайлар ұмытылып қалды деп қанша өкінгенмен, әлде болса да ауызда аман қалған әдебиетіміз талай елдердің ауыз әдебиетінен бай. Әлі де болса ауыз әдебиетіміз, бір елдің жазба әдебиетіне негіз болуға жарарлық. Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетін негіз қылуға міндетті. Негізі берік өз еліміздің әдебиеті боламын десе, өзіміздің ауыз әдебиетімізге қайтуға міндетті», — деген Мағжан пікірінен жаңа дамып келе жатқан қазақ әдебиетінің алдына нақты, қомақты да сындарлы міндет қойғанын көреміз

4. Жазушы еңбегіндегі білім мен танымның орны

Талант және тәлім-тәрбие қаламгер шығармашылығындағы басты орын алатыны сөзсіз. Жазушының қоғамдық тұлғасын, кескін-келбетін, оның сенімі, білімі мен өмірлік тәжірибесі айқындайды. Өмірдегі белсенділік қана жазушыға өмірлік процестерді терең жан-жақты білуін қамтамасыз етеді.Психологиялық тұрғыдан мәдениетті адам тұрақты даму процесінде оның санасы барлық жағынан үздіксіз өзгеріп отырады. Үздіксіз даму процесі адамның шығармашылық қызығушылығының өсуіне әкеледі. Жазушы бір шығармадан кейін екіншісін жазып қана қоймайды, ол шығармашылық кезеңдерді басынан кешіреді. Қаламгер бір шығармадан екінішісіне өткен сайын түсінік-танымын тереңдете түседі.

5. Дулат Исабековтың шығармашылық портретін жасау

Қалам ұстаған адам болған соң: «Мынадай тақырыпта әңгіме жазсам. Кейіпкерлерім жеткізетін ойдың салмағы анадай болса екен», – дегенді күні бойы санаңа сақтап жүресің ғой. Бірақ: «Ұлттың қасиетін, болмысын осылай етіп берейінші», – деп ойламаймын. Өйткені, шынайы ұлттың жазушысы үшін кейіпкер – сол жазушының өзі. Өзі болған соң да жұртының мінез-құлқын жақсы біледі. Соны көркем шығармаға арқау етіп, кісі иланатындай бере алады. Айналаңдағы күнде көріп жүрген құбылыстарды қарапайым да көркем тілмен беріп, әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген құнды дүние жазуға неге болмасқа. Ұлтын сырттай білетін, тонның ішкі бауындай араласпаған жазушысымақтар шикі, дүмбілез бірдеңелерін жұртқа ұсынып жатады. Сәтсіздік те содан басталады. Сырттай тон пішкен, өмірдің өзін нақ суреттемеген соң, әрине, шығарма өміршең болмайды. Халықтың тұрмыс-тіршілігін білмеген адам қалай жанды кейіпкер сомдай алсын.

6. Ш.Айтматов шығармаларындағы мифтік сарындар

Қазіргі және бұрынғы әлемнің айшықты суреттемелерін шебер бейнеле- ген Шыңғыс Айтматов түркілік символдардың өзіндік мағынасын дәл көрсете біледі. Дәстүр тағылымы нұрландырған «құдіретті аналық-Бұғы» бейнесі эстетикалық халық талғамын, жаратылыс сезімін баб-бабымен бойына сіңіріп, қырғыз жұртының ұлттық ыстық табын қаз-қалпында мөлдіретіп жеткізіп, жал- пы адамзаттық керемет қадір-қасиетке ие болған.

Аналық-Бұғы екі сәбиді – «адамзат ұрпағының қос нәрестесін» тұтқиыл төнген қатерден, ажал аранынан арашалап қалады. Сұсты Енесай жағалауынан аман-есен алып шығып, тұңғыш рет таулы өлкенің жомарт мейірімімен табысты- рады. Мейірімді, дана аналық-Бұғы адамдарға өмір сыйлаған өзімен – Табиғатпен осы қандас, бауырластық сабақтастықты ешқашан естен шығармауды өсиет ет- кен».

7. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерімен байланысы, ерекшелігі

Әдеби шығармашылыққа үйрету пәнін үйренуге қажетті пәндер: Әдебиеттануға кіріспе, Әдебиет теориясы, Шетел әдебиетінің тарихы, орыс әдебиетінің тарихы, тіл білімінің негіздері, эстетика, мәдениеттану, әдебиет теориясы.

8. Қалихан Ысқақовтың шығармашылық портретін жасау

9. Ғ.Мүсірепов тіл тазалығы хақында

10. Шығармашылық еңбектің шығу тегі туралы

Жалпы шығармашылық пен шығармашылық еңбек- адамзат баласының рухани мәдениеті мен өнерінің, қоғамдық санасы мен көркемдік танымының айрықша түрі. Шығармашылық еңбектің шығу тегі, ол туралы теориялар ұлы ғұламалардың еңбектерінде (Аристотель, әл- Фараби, Э. Тейлор, Д. Фрезер, Г. Плеханов және т.б. ) қарастырылады.

Бүкіл әлем шеңберінде қарастырсақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, байырғы Вавилонның “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны, үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3-2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе эстетикалық ұғымға көше берген. Алғашқы күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактаттар ретінде Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдар) “Поэтикасын” атауға болады. “Поэтика” - өз кезінде біршама жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның маңызы мен мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығармашылықтың композициясы келелі сөз болады. Мұнда өнер туындысының көп жайларын, әсіресе, характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, анология т.б. жайлар туралы айтылуы әлі күнге дейін маңызын жойған емес.