- •1. Әдеби шығармашылық пәнінің мақсаты мен міндеттері
- •2. Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық портретін жасау
- •3. М. Жұмабаев шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері
- •5. Дулат Исабековтың шығармашылық портретін жасау
- •6. Ш.Айтматов шығармаларындағы мифтік сарындар
- •11. Оралхан Бөкеевтің шығармашылық портретін жасау
- •12.Т.Әлімқұловтың «Жазушылық оңай ма?» мақаласынан түйген ойыңыз
- •13. Көркем шығармашылық еңбек пен ғылыми шығармашылық еңбек
- •15. Қ.Жұмаділов «Соңғы көш» романының жазылу тарихы
- •14. Төлеген Айбергеновтың шығармашылық портретін жасау
- •16. Әдеби шығармашылық еңбек, оның түрлері
- •17. Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық портретін жасау
- •18. І.Есенберлин романдарындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
- •19. Жазушы еңбегінің ерекшелігі
- •20. Роллан Сейсенбаевтың шығармашылық портретін жасау
- •21. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романының жазылу тарихы
- •22. Жазу үдерісіндегі тілдің көркемдік бейнелеу құралдарының орны
- •23. Қадыр Мырза Әлінің шығармашылық портретін жасау
- •24. Х.Есенжанов «Ақ Жайық» романының жазылу тарихынан
- •25. Қаламгердің қоғамдық тұлғасын анықтайтын факторлар
- •26. Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылық портретін жасау
- •1. М.Әуезовтің «Қилы заман» повесі және тарихи шындық
- •2. Жазушының дүниетанымын қалыптастырушы негіздер
- •8. Жазушы еңбегі және әдеби мұра
- •9. Марат Қабанбайдың шығармашылық портретін жасау
- •10. Ә.Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар»романының жазылу тарихынан
- •11. Жазушы еңбегі және тарихи шындық
- •12. Шерхан Мұртазының шығармашылық портретін жасау
- •13. С.Сматаев «Қара таудың басынан көш келед...», «Елім ай» романының жазылу жайы
14. Төлеген Айбергеновтың шығармашылық портретін жасау
Төлеген Айбергенов өз шығармаларында өмір шындығына терең зер сала отырып, содан өз өлеңдеріне өзек боларлық сыршыл сезім, туған жерге деген сүйіспеншілік, заман тынысы, махаббат иірімдерін көңіліне тоқып, ақындық шабытпен жырлап, терең өрнектей білді. Сондықтан да ақын лирикасы өмір шындығын нақты бейнелейтін көркем туындыға айналып, оқырман жүрегіне жол таба алды.
О, адамдар, біргемін мен сендермен,
Ықыласыңа ешнәрсені теңгермен.
Сендер менің бақытымның бұлағы
Сендер менің дарыныма жел берген, — деп өзі жырлағандай, туған халқының шаттығы мен қасіретін, өз замандастарының ұлылығы мен кішілігін, асыл арманы мен таза махаббатын, күш-жігері мен ерен еңбектерін ғана жырлауды мақсат еткен, соны өзіне бақыт санаған гуманист, нәзік жанды сыршыл ақын екендігін оның кез келген өлеңдерінен көруімізге болады. Ақын отыз жыл ғұмыр кешіп, том-том етіп өлеңдер жазған жоқ, оның бар өлеңін жинағанда бір кітаптан аспайды. Дегенмен оның әрбір өлеңі бір томға татиды. Себебі оның әрбір өлеңінен оқырман қауым өз сырын, өз сөзін, өз сезімін, тебіренісін, өмірге деген құштарлығын сезінеді.
Төлеген Айбергенов лирикасы — өмір шындығын сол бір табиғи қалпында бейнелейтін көркем шежіре. Оның өлеңдері өмірдің өзінен алынған көркем туындылар деп қарау әбден орынды болар еді. Төлеген Айбергенов — өзін толғандырған тақырыбының ішіне бойлай еніп, оны ұтымды, жаңа бейнелеулер арқылы әсерлі етіп, шеберлікпен бейнелей беретін сезімтал ақын. Оның лирикасының басты тақырыптары — өз заманының әуендері, халқымыздың ерлік істері мен еңбек адамдарының сыр-сипаты, туған жерге деген сағыныш, сүйіспеншілік, халықтар достығы, махаббат, ана тақырыбы, ұлы тұлғалар жайлы толғаныстар.
Ақын қай тақырыпқа барса да, салғырт қарамаған, бар жан-тәнімен ақтарыла айтқан. Кішігірім дүниенің өзінен үлкен-үлкен ойлар түйіп, оны шын ақындық шеберлікпен, бейнелі тілмен, сезімтал жүрекпен бейнелей берген. Оның өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, өмірдің алуан-алуан сырларымен қабысып жатқан нәзік лирика басым түсіп жатады. Өлеңдерінде өз басының тіршілігімен, өзі арқылы бүкіл елдің, халқының өмірімен, сол сияқты бүкіл адамзаттың арман-мүддесімен біте қайнасып жатады. Ақын бойындағы бар қасиеттер, қуаныш, сағыныш, махаббат, достық, мұң, өмірге деген құштарлық, бәрі де ақынның жеке басын күйттеуден тумайды, бүгінгі дәуірдегі жалпы адамға, адамзатқа тән шындықтан туады. Осылардың бәрін өлеңіне сыйғыза отырып, ақын заман үнін, жырын бүгінге арнайды, келешек ұрпаққа жеткізеді.
15. Қ.Жұмаділов «Соңғы көш» романының жазылу тарихы
"Соңғы көш” – адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-келбетінің шежіресі. "Соңғы көш” – ғасырлар бойы аузынан "тәубасы” мен "қанағаты” түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша жұртқа гуманизм мен шынайы демократияның жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін” бет жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы; "Соңғы көш” – қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері, несін жасырайық, қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген ұлы дала тұрғындарының айнасы. "Соңғы көш” – табиғи тазалығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен – көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы.
