Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Filosofia.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270 Кб
Скачать
☆

9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.

Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ аяғы – б.з. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), басқалармен салыстырғанда өте жоғары саналатын грек мәдениетінiң элементтерi, Рим жаулаған тайпалар мен халықтардың тұрмысына және әдет-ғұрпына белсендi түрде ене бастауы. Римнiң өзi де эллиндiкке айнала бастады. Оның себебi, грек пен латын мифологиясы мен дiнiнiң ұқсастығы зор едi. Жаңа эллиндiк дүниеде жүздеген алуан түрлi тайпалар мен халықтардың дәстүрi, дiнi, наным, табыну салты, көптеген тiлдер араласып кеттi, осының салдарынан ежелгi грек тәртiбi өзiнiң ерекшiлiгiн жоғалтып, көлеңкеде қалды. Бұл кезеңнiң негiзгi тақырыбы - ырық, бостандық, мораль және сүйiспеншiлiк; бақыт және өмiрдiң мәнi, ғарыштың құрылымы, адам мен әлемнiң мистикалық әрекеттестiк өзара қатынасы болды. Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, ал философияның орталық мәселесi ─ этика болды. Философияның мақсаты ─ көбiне дұрыс әрекет арқылы бақытқа жетуi болып түсiнiлдi. Адамдардың араласуы, өзiнiң кiм екенiн және әлемдегi орнының бар екенiн бiлудi қажет еттi. Этикалық мәселелер сондықтан, табиғат iлiмiмен байланысты талданылады

Эллиндiк кез (б.з.д. IҮ – б.з. Ү ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).

11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.

Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары түрған тылсым күш - Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. Бұл Ортағасырлық философияға тән.

Патристика - I-VIII ғғ. Христиандық ілім, христиандық дін догматтарын сақтайтын «шіркеу әкелерінің» апологетикасы.[1] Патристика кейiнгi антикалық және орта ғасырлық қоғамның эстетикасының құрылуына үлкен үлестi қосты. Патристикалық философияның негізгі мақсаты - христиан дінінің қағидаларын белгілі бір жүйеге келтіріп, оған философиялық тірек жасауда болды. Ертедегі Грек философиясындағы ерікті ой-елегі патристикада аян идеясына келіп тіреледі. Яғни, философияның мақсаты – Библияның негізгі қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп тіреледі.

Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.

Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]