- •3 Ежелгі Үнді философиясы ортодоксальды және ортодоксальды емес ағымдар
- •1 Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер
- •3 Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі.
- •4.Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері.
- •5.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық оның негізгі мектептері мен бағыттары.
- •6.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
- •17 Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
- •8 Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі. Сократ, Аристотель Платон
- •11.Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм. Патристика және Схоластика.
- •9.Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философияның негізгі мектептері.
- •12.Орта ғасыр философиясындағы номинализм жән реализм. Өкілдерінің философиясы
- •15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
- •16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
- •17.Жаңа заман философиясындағы материализм мен идеализмнің ерекшеліктері.
- •18.Ағартушылық дәуір философиясы және оның идеологиясы
- •19, Классикалық неміс философиясындағы Гегель диалектикасы Кант агностоцизмі
- •20. Классикалық неміс философиясындағы диалектикалық әдіс пен идеалистік жүйе.
- •21Л.Фейербахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм және гуманизм
- •27.Өмір философиясы. А. Шопенгауэр, ф. Ницше.
- •28.Фрейдтің психоанализ теориясы.
- •29.Діни философия. Неотомизм. Персонализм.
- •30.Прагматизм. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен жаңалықтары: структурализм, герменевтика,
- •31.Экзистенциализмдегі рухани бостандық пен жауапкершілік мәселелері.
- •32.Постмодернизм философиясындағы түйінді ойлар
- •33.Феноменология
- •34. Герменевтика
- •35. Орта ғасыр христиан философиясы: ф.Аквинский а. Августин
15.Қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм және гуманизм.
Қайта өрлеу дәуірі – философия тарихында маңызды орынға ие бола отырып, өндірістік қатынастардың, сауда-саттықтық дамуы, феодализмнің құлдырауы, қалалардың өркендеуі, шіркеу беделінің төмендеуі, білім дәрежесінің жоғарлауы, ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы сияқты өзіндік ерекшеліктерімен құнды.
Қайта өолей дәуірі философиясының негізгі белгілері:
--антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
--шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу).
--кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар
аудару;
--Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну;
--тұлғаның алғашқы қатарға қойылу;
--әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.
Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.
16.Ғылыми революция және таным тәсілдері: эмпипризм мен рационализм.
Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды
Рационализм (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық
2. гносеологиялық
3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.
Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.
