Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЕОМОРФОЛОГИЯ опорник каз напечатан.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

1. Жер қыртысының құрылысы.

Жер қабығының ішкі құрылысына байланысты оны екі континенттік және мұхиттық

түрлеріне бөлінеді.

Континенттік түрі үш қабаттан құралады:

1. Шөгінді қабаты (5-20км),

2. Гранитті-гнейсті қабаты (10-30км),

3. Габбро- базальтты (5-40км).

Конрад шекарасы.

Ал мұхиттық тегі шөгінді (1,5-2км)6 кейде вулканогенді шөгінді және базальтты (4-8км)

қабаттардан тұрады.

2. Жер қыртысының химиялық құрамы.

Жер қыртысының (16км тереңдікке дейінгі аралықты қамтитын) химиялық құрамы жөніндегі

алғашқы ғылыми еңбектін авторы американ ғылымы Ф.Кларк (1889) болды. Ол өз еңбегіне әр

түрлі тау жыныстарының алты мыңға жуық үлгілерін талдай отырып, олардың құрымының

арифметикалық орта шамасын есептеп шығарды.

В.Е. Ферсман Ф.Кларктын зор еңбегін өте жоғары бағалай отырып, жер қыртысында

кездесетін химиялық элементердің орта шамасын «кларк мөлшері» деп атауды ұсынады.

Кларк мөлшері - жер қыртысында кездесетін химиялық элементердің орта шамасы.

Біздің елімізде жер қыртысың химияляқ құрамын зерттеу жұмыстарымен айналасқан көптеген

ғалымдардың ішінде В.И. Вернардский, А.Е. Ферсман, А.П. Виноградов, А.А. Ярошевский

есімдерін ерекше атап өтуге болады.

Жер қыртысының жалпы құрамы (процент есебімен)

Химиялық элементер А.П.Виноградов

бойынша(1962)

А.А. Ронов пен А.А.

Ярошевский бойынша (1976)

Оттегі 47,00 46,50

Кремний 29,50 25,70

Алюминий 8,05 7,65

Темір 4,65 6,24

Кальций 2,96 5,79

Натрий 2,50 1,81

Калий 2,50 1,34

Магний 1,87 3,23

Кестеде берілген сегіз элемент жер қыртысында кездесетін барлық химиялық элементердің 98%-

ің құрайды. Бұлардаң басқа (Родонов, Ярошевскийдің санағы бойынша) жер қыртысында: Ті -

0,52%, С-0,46%, Н-0,16%, Мп-0,12%, S-0,11% шамасында кездеседі, ал қалған барлық

элементердің үлесіне -0,37%-і тиеді.

Ал А.Ферсман (1930) мен американ геохимигі Б.Мейсон (1978) жердің жалпы құрамын өзінше

анықтайды.

Жердің химиялық құрамы (процент есебімен)

Химиялық элементтер А.Е. Ферсман бойынша. (1930) Б. Мейсон бойынша (1978)

Оттегі 27,71 29,50

Темір 39,76 34,60

Кремний 14,53 15,20

Магний 8,69 12,70

Күкірт 0,64 1,93

Никель 3,46 2,39

Кальций 2,32 1,13

Алюминий 1,79 1,09

Басқалары 1,10 1,49

Жердің жалпы құрамын жер қыртысының құрамымен салыстырғанда, ауыр элементердің, әсірісе

темір мен никельдің мөлшері Жердің жалпы құрамында көп екендігін байқауға болады, Яғни бұл

жердің ядро қабатында ауыр элементердің көп болатындығын көрсетеді.

Минералдардың құрамы.

Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр

түрлі физикалық химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физикалық

қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда көпшілік жағдайда

кемінде екі элементтен құралған табиғи қосындылар. Кейбір минералдар жеке элементер түрінде

де кездесет. Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі кездеседі.

Минералдар аморфты және анизотропты түрінде кездеседі.

Аморфтық (пішін сіз деген мағынада) қатты заттардың құрамындағы бөлшектер ретсіз

орналасқандықтан, физикалық қасиеттері әр бағытта бірдей болады. Осындай минералдарды

изотопты (тең қасиетті) дейді.

Анизотроптық (грекше «анизотроп»— бірдей қасиетті емес) - дегеніміз параллелды бағытта

бірдей қасиеттері болады, ал бағыты параллелды болмаса қасиеттері біркелкі емес. Осындай

минералдарды полиморфизм (көп пішінді деген мағынада) тобына жатқызады.

Минералдардың жіктелуі.

1. Жеке элементер (саф кессекті) (алтын, планина, күміс, алмас, графит, мыс, күкірт),

2. Сульфидттер (күкіртті қосындылар) ( галенит, сфалрит, борнит, халькопирит, пирит,

арсенопирит),

3. Галоидті қосындылар (галит, сильвин, карналит, флюорит),

4. Тотықты және гидрототықты тобы (кварц, диаспор),

5. Карбонаттар ( сидерит, кальцит, доломит, малахит, азурит),

6. Сульфаттар ( ангидрит, гипс, барит),

7. Фосфаттар (фосфорит, моноцит, аппатит),

8. Силикаттар (оливин, гранат, берилл).

Минералдардың жаралу тегін генезис (туу, жаралуы, тегі) деп айтады.

Пайда болу жолына қарай минералдар екі үлкен топқа бөлінеді: эндогендік («эндос» ішкі) және

экзогендік (сыртқы).

Минералдардың ____________морфологиясы.

Минералдық агрегаттар ішіндегі ең көп тараған түрлері:

Түйіршікті агрегаттар минералдардың ұсақ түйершіктерінің бір-біріне қосылып, бірігіп өсуі.

Кристаллдық түйіршіктердің азды көпті жетілген пішіндерінің ерекшеліріне қарай әр түрлі

агрегаттық пішіндер қалыптасады: а) изометриялық түйіршіктен құралған агрегаттар,

б) жапырақ пішіндері немесе қабыршықтан құралған агреғаттар,

в) ине агрегаттар.

Друзалар азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табанға бір шетімен қадалып, қатар өсіп

жетулуімен сипатталады.

Қосақтар белгілі бір зандылықпен бірігіп, қосақтала өскен, кемінде екі кристалддан құралған

агрегаттар.

Дөңгелек пішіні агрегаттардың қатарына секрециялар, конкрециялар және оолиттер жатады.

Секрециялар тау жыныстарының дөңгелек пішінді қуыстарында минералдық заттардан құралады.

Конкрециялар белгілі бір кристаллизациялық орталықтан оның шетіне қарай өсіп минералдық

заттармен толып, дөңгелек пішіні болып құралады.

Оолиттер дөңгелек пішінді конркрециялық құрылысы айкын байқалатын ұсақ (10 мм-ге дейін)

дене түрінде кездеседі.

Сауыстанған агрегаттар үлкенді кішілі үнгерлер мен қуыстарда ыстық су ерітінділерінен,

олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристаллдануы нәтижесінде

құралады.

Топырак тектес және тығыз агрегаттар – экзогендік әрекеттерге байланысты құралады.

Дендриттер үгүлү процестеріне байланысты, тау жыныстары жарықшақтарының тік

қабырғалырының ішкі бет жақтарын түгелдей жуып, өзіндік жұқа қабық құрайтын немесе әр түрлі

құбылмалы бояулар түрінде кездесетін агрегаттар.

Минералдардың физикалық қасиеттері.

Әрбір минералдар өзіндік физикалық қасиеттерімен сипатталады.

Түсі. Минералдар химиялық құрамына, құрылыс ерекшеліктеріне және қоспаларына қарай әр

түрлі бояуларға боялады

Сызылу түсі (дағы) ұнтақталған күйдегі түсі.

Жылтырлығы. Минералдардың жылтырлығы олардың жарық сәулесін жұту, сындыру немесе

шағылыстыру қабілеттеріне қарай анықталады.

Ол металды және бейметалды болып бөлінеді. Металды жыртырлық мөлдір емес минералдарға

тән(перид, галенит) Бейметалға алмасты, шыны, майлы, метілік жатады.

Мөлдірлігі минералдардың жарық өткізгіштік қасиетін айтады.

Сынғыштығы минерлдардың қаттылығымен байланысты.

Жымдастығы. Минералдардың белгілі бір бағытта параллель жақтар құрап, жекеленген жұқа

қабаттарға бөлшектеніп жіктелу қасиеті.

Ол 4 бөлінет:

А) Өте жетілген жымдастық (слюдаларға тән),

Б) Жетілген жымдастық

В) Анық (орташа) жымдастық соққан кезінде сынықтар жартылай жымдастылық

жазықтығымен шектелген сыныдуң қисық беттеріне ие болады.

Г) Омырылымды жамдастық.

Қаттылығы. Сыртқы күштердің механикалық әсеріне минералдардың қарсыласу дәрежесі.

Моостың қаттылық шкаласы

Аты Формуласы Қаттылығы

Тальк Mg3(OH)2[Si4 O 10] 1

Гипс CaSO4*2H2O 2

Кальцит CaCO3 3

Флюорит CaF2 4

Апатит Ca5(F, Cl) ( PO4 )3 5

Ортоклаз K [Al Si3O8] 6

Кварц SiO2 7

Топаз Al2 (F, OH)2 [SiO4] 8

Корунд Al2O3 9

Алмаз C 10

Минералдардың қатталығы:

А) жұмсақ минералдар тырнақпен өте сызылат (тальк, гипс, графит)

Б) Қаттылығы орташа (ангитрит, кальцит) шыныға сызық түсіре алмайды, ал тырнақпен

сызылмайды

В) Қатты минералдар (кварц, дала шпаты) шыныға сызық қалтырады, кварцта сызық қалтыра

алмайды.

Г) Өте қатты минералдар (топаз, корунд, алмас) кварц бетіне сызық қалтырады.

Өзге қасиеттерәне магниттілік, радиактивтілік және исі, дәмін де атап кетуге болады.

Магниттілігін анықтау үшін минералды компастың бүйірінен 2-5 мм қашықтықтағы тіліне

апару керек.

Радиоактивті минералдар әдетте радиоактивті құлау өнімдерінің араластырушы минералдың

кристаллдық торына әсер етуінің нәтижесінде пайда болатын сары-қоңыр ореолмен

қоршалады. Мұндай ореол әсіресе далалық шпаттарда анық көрінеді.

Жер қыртысын құрайтын негізгі денелер тау жыныстары болып саналады.

Тау жыныстары дегеніміз табиғи жағдайда, әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде жер

қыртысында құралған бір тектес минералдық агрегаттардың парагенетикалық (бірге жаратылу)

тұрақты ассоциациясы (бірге кездесуі).

Бір минералдан пайда болған таужыныстар мономинералды .25 13.8 reдеп аталады, ал екі немесе одан да

көп минералдардан пайда болса полиминералды деп аталады.

Жыныстың құрылысын оның құрылымы (структурасы) мен түзілімі (текстурасы)

анықтайды.

Құрылымы деп тау жынысының кристалдану құрамында минералдық түйіршіктердің абсолюттік

және салыстырмалы мөлшерін, олардың піншін, ішкі құрылысының өзгешілігін айтады.

Түзілім ұғымына тау жынысы бөлшектерінің кеңістікті өзара толтыру, онда орналасу жайын

көрсететін ұйғарым кіреді.

Тау жыныстарының түзілуіне әкеліп соғатын геологиялық әрекеттерді петрогенездік процестер

деп атайды:

Магмалық жыныстардың түзілуі жер қойнаунан жоғары көтерілген, құрамы силикаттық

балқымалардың, табиғи жағдайда суынып, кристаллдық денелер түрінде қатаят.

№4 Сабақ

Тақырып: Жер қыртысының даму тарихы.

Геохронологиялық ( стратиграфиялық ) шкала

ЭОН(ЭОНО тема)

Эра- заман

( эра – тема топ)

Период- дәуір

( система жүйе)

Эпоха- кезең ( бөлім)

Абсолюттік уақыт шкаласы мен жыл

Геокартадағы түсі

1 2 3 4 5 6

Фанерозой

Кайназой

KZ

Төрттік, Q

Неоген , N

Палеоген , f

Голоцин

Плейстоцен

Плиоцен ( соңғы) миоцен ( алғашқы)

Олицоген ( соңғы) эоцен( орташа) палеоцен ( алғашқы)

1, 5- 2

24- 26

41

65- 67

Ашық сары

Сары

Қызғылт сары

Мезозой

MZ

Бор , К

Юра , J

Триас , Т

Соңғы ( жоғарғы) алғашқы ( төменгі)

Соңғы ( жоғарғы) алғашқы (төменгі)

Соңғы ( жоғарғы) орта алғашқы ( төменгі)

70

55- 60

195

40- 45

230- 240

Жасыл

Көк

Күлгін

Полеозой

PZ

Пермь, Р

Таскөмір, С

Соңғы ( жоғарғы) алғашқы (төменгі)

Соңғы ( жоғарғы) орта алғашқы ( төменгі)

40- 45

285

75

360

Сары- қоңыр

Сұр

1 2 3 4 5 6

Девон, D

Симур, S

Ордовик , О

Кембрий , Э

Соңғы ( жоғарғы) орта алғашқы ( төменгі)

Соңғы ( жоғарғы) алғашқы (төменгі)

Соңғы ( жоғарғы) орта алғашқы ( төменгі)

Соңғы ( жоғарғы) орта алғашқы ( төменгі)

50

410

30

440

50- 60

500

70- 90

570

Қоңыр (қалампыр түс)

Сұр – жасыл

Шыны

Жасыл

Көк- жасыл

Криптозой

Протерозой, Р R

Венд ,V

Диорит, R

Соңғы ( жоғарғы)

Алғашқы ( төменгі)

110

970

950

2600

Қызыл - күрең

Архей

АR

Соңғы ( жоғарғы)

Алғашқы ( төменгі)

1900

4500

Қызғылт- күлгін

Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері

Жердің жасын және оның даму тарихында болып өткен геологиялық ірі оқиғалардың болғаг уақытын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік жыл есептеу( геохронология) әдістерін пайдаланады. Көп жағдайда жасырақ , ескірек және бір мезгілде немесе жасы бірдей деген ұғымдар жиі қолданылады.

Стратиграфиялық әдіс- шөгінді тау жыныстарын құрйтын қабаттардың өзара орналасу тәртібін зерттеуге негізделген. Шөгінді қабат неғұрлым төмен орналасса, оның жасы соғұрлым ескі, ал жоғарғы қабатты құрайтын тау жыныстары төменгі қабаттармен салыстырғанда жасырақ деп саналады.

Минералогия- петрографиялық әдіс бір – біріне жақын орналасқан тау жыныстарының минералдық құрамының ұқсастығын зерттеуге негізделген. Бұл әдіс әсіресе кембрийге дейін түзілген жыныстарды зерттеуге кеңінен қолданылады.

Биостратиграфиялық- палеонтологиялық әдіс- тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтаудағы ең негізгі әдіс болып табылады. Бұл әдіс ерте кезеңде өмір сүрген жәндіктер мен өсімдіктер дүниесінің сақталған қазба – қалдықтарын зерттеуге негізделген.

Стратиграфиялық шкала- белгілі бір уақыт аралығында рет- ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын, ал оған сәйкес келетін геохронологиялық шкала уақыт мезгілін көрсетеді.

Эонотемалар- бірнеше эраларды қамтитын ең ірі стратиграфиялық топтардан тұрады.

Қазіргі кезде жердің тарихы екі эонотемаға ажыратылады:

  1. Фанерозойлық ( грекше « фанерос» - айқын, « зоэ» - өмір)- палеозой, мезазой және кайназой топтарын біріктіреді.

  2. Криптозойлық ( грекше « криптос» - жасырын, құпия, « зоэ» - өмір)- протерозой, және архей топтарын біріктіреді.

Абсолюттік геохронология – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, сонымен бірге жердің тарихындағы геологиялық ірі оқиғалардың болған уақыты және ұзақтығы оның құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің ыдырау заттарын зерттеу арқылы анықталады.

№5 Сабақ

Тақырып: Геологиялық үрдістердің жалпы сипаттамасы. Үгілу. Желдің геологиялық әрекеті.

1. Геологиялық үрдістер туралы жалпы мәліметтер.

Әлемінде болып жатқан барлық құбылыстар мен процесстер өзара тығыз байланыста. Жердің

беткейіне ғарыштан күн радиация, метеориттік заттар түрінде тиеді.

Жердің қабықтарында да тығыз байланысы бар. Мысалы, ауа массалары қозғалу нәтижесінде

гидросфера қабатында су қозғалады (толқындар пайда болуы), құрлықта тау жыныстар бұзылысқа

ұшырайды.

Үстінгі мантияның отты сұйық күйдегі заты жер қыртысына еніп элемнттердің алмасуына әсер

тигізеді.

Жердің әр қабығы басқа қабықтардың сүруіне және тіршілікетуіне әсеретеді. Биосфера

атмосфераға оттегі шығарады, гидросфера су буын.

Атмосфера органикалық әлемін және жердің гидросферасын Күннің қатты сәулелерінен

қорғайды, жер беткейінен су буын ұстап оны атмосфера тұнбаларды ретінде жерге қайта

қайтарады.

Органикалық әлемінің қалыптасуына ауа және су қыбықтары көмек етеді.

Жердің геосфераларының өзара тығыз байланыста болуымен келесі процесстерді көрінеді:

тау жыныстардың бұзылуымен және шөгінділер пайда болуымен, жер қойнауынан магманың

атқылауы және Жердің беткейінде жиналған материалдың терңдікке түсуі.

Осы процесстер соңында Жердің түрін өзгертеді және жер қыртысында жаңа қабаттар

пайда болуына негізделеді.

Жер қыртыстың дамуына және қалыптасуына әсер тигізетін табиғи процесстерді геологиялық

деп атайды.

Осы процесстерге үгілу, өзен, теңіз, көлдердің әрекеті, жерсілкінісі, вулканизм және т.б. жатады.

Геологиялық процесстер эндогенді (ішкі) және экзогенді (сыртқы) процесстерге бөлінеді.

Экзогенді геологиялық процесстер жер қыртыстың Жердың сыртқы геосфераларымен байланыста

болады. Экзогенді процесстер құрлықтың жыныстарына әсер етіп оларды бұзады. Бұзұда жел, су,

мұз және басқа факторлар әсер тигізеді. Жыл сайын бұзушылықтың нәтижесінде құрлық 0,09 мм.

төмен түседі, немесе 9 см. мыңжылдықта.

Эндогенді геологиялық процесстерге жер қыртыстың қозғалуы, тектоника, жерсілкінісі,

магматизм, вулканизм және метаморфизм жатады.

Метаморфизм бұрын пайда болған тау жыныстарға жоғары қысым, температура, активті заттар

арқылы оларды өзгеріске ұшыратады (қайта кристаллданады, қатаяды) және жаңадан пайда

болған метаморфты жыныстарға айналады.

Эндогенді және экзогенді процесстер диалектикалық материализмдің негізгі

заңдылықтардың көрінілуінің мысалы (үлгісі) – қарамақарсылыстардың күресі, біріншілер жер

беткейінде бедерде көтерілістерді құрайды, ал екіншілер оларға қара қарсы бұзады. Жер беткейі

тегістеле боса (сөнсе) экзогенді процесстер сөнеді.

Геологиялық процесстердің әсерінің жылдамдығы мен масштабы уақыт пен кеңістікете периодты

өзгеріп тұрады.

2. Тау жыныстарын үгілуі.

Физикалық үгілу.

Физикалық үгілудің негізгі факторлары: Күн сәулесі (инсоляция), соған байланысты

температураның тәуліктік, мауысымдық өзгеруі, су ылғалының механикалық әсері.

Температура көтерілген кезде тау жыныстарын құрайтын минералдардың көлемі ұлғаяды

да температура төмен түскенде олар қысылып, көлемі кішірейеді.

Әсіресе, әр минералдың көлемдік және ұзындық ұлғаю коэффициеттері әртүрлі болуының

себебінен көп компонентті тау жыныстары (мысалы: гранит, габбро, гнейс) тез және жеттік

бұзылады. Ақырында минералдың өзара ұстасуы кеміп, жыныс жарықшақтанып, кесектерге

бөлінеді. Жыныстардың бұзылуына оның түсі мен мөлшері де себепкер болады. Қара түсті

минералдар күн сәулесінен тез қызады, соған байланысты күрен жыныстар және ірі кристаллды

жыныстар тез бұзылады.

Механикалық бұзылу агенттердің механикалық әсерінен болады. Әсерісе ылғалдың әсері күшті.

Су тамшылары жыныс жарықшақтары мен кеуегіне жиналып, қатқан шақта оның көлемі он

проценттей өседі да тасты сына ұрғандай жарып жібереді.

Сол сияқты тау жыныстарының жарылып, сынуына, үгілуіне ағаштардың тамыр жүйелері мен үн

қазушы жануарлар себепкер болады. Ағаш тамыры өскен сайын тасты сынадай жарып,

жолындағы кесектерді ығыстырып отырады. Құмырсқалардың, жаңбыр құртарының кейбір

насекомдардың, құстардың (мысалы: су жағалауындағы торғай тұқымдастар), кеміргіштер

тұтқымы (суыр) жыныстарды құыстап, үңгілеу әрекеті әркімге босын жақсы таныс.

Физикалық үгілудің жер бетінде қойтас, қырлы не жұмыр кесектер, ұсақ үгінділер, қала берсе

құмдар жиынтығы түзіледі.

Химиялық үгілу.

Химиялық үгілудің басты агенттері су, оттек, көмір қышқылды газ, органикалық

қышқылдар.

Бұл агенттер алдымен гумидті тропиктік, субтропиктік белдеулерде жетек, оның үстіне химиялық

өзгерістерге дем беруші температура да жоғары.

Химиялық үгілуде гидратация (сулану), еру, гидролиз реакциялары жүреді.

Тоттығу процесстері әсіресе шала тотықты темір, марганец т.б. элементтерге қанық минералдар

арасында толық жүреді де, олар тотықтарға, сулы тотықтарға, сульфатарға айналады.

Мысалы, сульфидттердің өзгеруін пирит арқылы көрейік:

FeS2+nH2O+nO2 Fe2(SO4)3 Fe2 O3* nH2O+H2SO4

Гидротация реакцисында минералға су молекуласы қосылып, оның көлемі ұлғаяды да жыныс

арасын бұзады.

Мысалы, ангидрит гипске көшеді:

CaSO4+2H2O CaSO4*2H2O

Еру: су мен көмір қышқылды газдың әсерінен галогенді тұздар, сульфаттар, әктәстар еріп кетеді.

Олардың еру қабілеті көрсетілген реттей. Жер үстіндегі және жер асты суларының еріту

нәтижесінен аталмыш жыныстар қөабаттарының үстінде, арасында карст процесстері өрбіп, апан,

шұңқыр, әжімдер, үңгірлер пайда болады.

Гидролиз: күрделі гидролиз процессінің әсерінен минералдар ыдырап, кейбір элементтер

ысырылады да, олардың орнына гидроксилдер тобы кіреді. Гидролизден минералдардың алғашқы

кристалдық құрылымы бұзылып, жаңадан пайда болған гипергендік минералдар түзіледі. Үлгі

ретінде алюмосиликаттарға бай (гранит, гнейс) жыныстарындағы дала шпаттарының ыдарауының

тәсілін көрсетуге болады:

Мысалы,

K, Na(AlSi3O8)+H2O+CO2+O2 (K, Na)HCO3+Al4(Si4O10)(OH)8+ SiO2*nH2O

ерітінді каолинит ақық

Органогенді үгілу.

Тау жыныстарында биохимиялық әсер олардың тас бетіне алғашқы микроорганизмдер – қына мен

мүктер қоныстанғанда–ақ басталады да олар жайланған жерде шұңқырлар пайда болады. Олар

шіріп біткенде шұңқырында биомасса қалдықтары жиналып, жоғары сатылы өсімдіктер мен

жәндіктердің жайылуына жағдай жасайды.

Кейінгілер жыныстан қосымша P, S, Ca, Mg, Na, Sr, В керегінде жарамды химиялық

элементтерді сорып алып, тасты бұзады.

Биогендік тозуға организмдер түршілігіне байланысты бөлініп шығатын оттек (фотосинтез

арқылы), органикалық қышқылдар мен көмір қышқылды газы едәуір себепкер болады.

Органикалық дүниенің жыныс массасын бұзуын жеделтету климат белдеулерінің өсімдік

топтарының күйіне бағынышты.

Үгілу қыртысы.

Угілу-тозудың барысында пайда болған жыныстар тобының бір түрлері орнынан азды-көпті

жылжып, ауысуы мүмкін. Көпшілігі сол пайда болған жерінде аумай-көшпей сақталады да

олардың жиынтығын элювий деп атайды.

Ол үгілу қыртысын құрайды. Кейінгінің негізгі өзгешілігі – ол түгелдей бастапқы жыныстың

бұзылған қалдықтарынан түзіледі. Үгілу қыртысының құрамы мен қалындығы әр түрлі

факторларға байланысты. Алдымен жоғары температура мен мол ылғал, беті жайпақ, жазық бедер

қолайлы. Одан соң өсімдіктердің қалың өсуі, көп минералды магмалық және жыныстардың тозу-

үгілу мерзімі ұзақ болуы шартты.

Қабықтың (қыртысытың) табанында түпкі жыныстрдың уатылған кесектері орналасады да ол

бірте-бірте әртүрлі балшықтар қыртысына көшеді. Одан жоғары темірдің сулы тотықтарымен

тарғылданған каолинит горизонты орналасады. Әбден бұзылған үстінгі беті алюминий мен

темірдің, кейде кремнийдің сулы тотықтарынан құралған кірпіштей қызыл өңді, өзі қатты

қабаттан тұрады. Осындай бұзылу қабығын латериттік (латынша латер кірпіш) қабық деп атайды.

Бұзылу қабығы бокситтің, каолиниттің, никель, кобальт, темір тотықтарының кені. Оларға

қосымша көптеген сирек металдардың ерімейтін (мысалы, қалайлытас, титан минералдардың)

қоры.

Геологиялық ерте дәуірлерде тозу қабығы қазіргі кезден гөрі күшті және аумақты тараған

көрінеді.

№6 Сабақ