- •1. Жердің геофизикалық сипаттамасы
- •2. Жердің физикалық қасиеттері.
- •3. Жердің құрылысы (ішкі қабаттар)
- •4. Жердің сыртқы қабаттары
- •1. Жер қыртысының құрылысы.
- •2. Жер қыртысының химиялық құрамы.
- •Тақырып: Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті.
- •Тақырып: Жер асты суларының геологиялық әрекеті.
- •2. Мұздықтардың пайда болуы және олардың режімі.
- •3. Қар мен мұздың бұзышылық әрекеті.
- •Тақырып: Мұздықтардың геологиялық әрекеті.
- •4. Мұздықтардың тасымалдау әрекеті.
- •6. Көп жылдық мұздықтар.
- •Тақырып: Теңіздің геологиялық әрекеті. Көлдер мен батпақты көлдердің геологиялық әрекеті.
- •2. Әлемдік мұхитың түбінің бедері.
- •3. Теңіздердің организмдердің әлемі және биономикалық зоналары.
- •4. Теңіздің тасмалдау жұмысы.
- •5. Теңіздің бұзу әрекеттері.
- •6. Мұхит-теңіздердің шөгінділері.
- •Тақырып: Эндотектік геологиялық үрдістер . Магмалық үрдістер.
- •2. Магматизм, магмалық денелер.
- •3. Вулкандың аппартының құрылысы:
- •Тақырып: Жанартаулардың құрылысы. Жанартаулық әрекеттің өнімдері. Жанартаулардың жарықшақтық түрлері
- •3. Вулкандың аппартының құрылысы:
- •4. Жанартаулардың жіктелуі.
- •5. Атқылау фазалары және жанартаулардың түрлері.
- •6. Жанартау атқылау өнімдері.
- •Тақырып: Жер қыртысының қозғалысы.
- •2. Тербелмелі қозғалыстар.
- •3. Тербелмелі қозғалыстарды зерттейтін әдістер.
- •Тақырып: Жер сілкіністері туралы түсінік.
- •2. Жер сілкінудің себептері және жіктелуі.
- •3. Тектоникалық жер сілкінудің сейсмикалық ошағының құрылысы.
- •4. Жер сілкінудің географиалық таралу.
- •Тақырып: Жер қыртысының тектоникалық бұзылулары.
- •1. Тау құбылнамасының құрылысы
- •2. Өлшеу әдістері
- •4. Құлау бұрышты өлшеу
- •5. Тектоникалық бұзылымдардың мағлуматы, олардың жіктеленуі.
- •Тақырып: Метаморфизм ұғымы, оның түрлері.
- •Тақырып: Адамның геологиялық және технотекті қызметі мен қоршаған ортаны қорғау.
- •Тақырып: 2 Бөлім. Геоморфология жәңе төрттік геология негіздері. Геоморфология жәңе төрттік геологияның мазмұны.
- •Тақырып: Құрлық бедері дамуының және құрлықтық түзілімдер қалыптасуының негізгі заңдылықтары.
- •Тақырып: Эндотектік бедертүзуші үрдістермен себептелген бедер пішіндері.
- •Тақырып: Жанартаулы және жанартаулы – тектоникалық бедер пішіндері.
- •Тақырып: Экзотектік бедертүзуші үрдістермен себептелген бедер пішіндері.
- •Тақырып: Мұздықтың, эолдық, деформациялық, карсттың және технотектік бедер пішіндер.
- •3. Аккумулятивті пішіндер.
- •Тақырып: Геоморфологиялық ландшафттардың басты түрлері.
- •Тақырып: Геоморфологиялық зерттеу әдістері мен төрттік геологияның зерттеу әдістері.
- •Тақырып: Төрттік шөгінділерді стратиграфиялық бөлшектеудің ұстанымдары мен үлгілері. Геоморфологиялық картографиялау.
Тақырып: Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті.
Ағынды сулардың геологиялық әрекеті.
Беткі суға атмосфералық жауын-шашыннан бастап ірі өзен ағыстарына шейін жатады.
Олардың құрлық бетіндегі денудациялық жұмысы алуан түрлі. Сол себептен ағын суды жер
бейнесінің мүсіншісі дейміз. Беткі су жер бедерін бұзады да оны үнемі аласартып отырады. Ағын
судың жұмысы оның келемі мен жылдамдығына тікелей байланысты. Ол жұмыс судың шаюынан,
кеміріп- жыруынан, шайындыны төмен тасымалдауынан, ақыр аяғында оны жинап-үюден
құралады. Осының барлығын біріктіріп ф л ю в и а л д ы қ (латынша «флювио» — ағын, тасқын)
процестер деп атайды.
- Беткейдің көлкіме ағыны.
Жауын-шашын, қар еруі кезінде көлкіген су күші мардымсыз, сонда да сорғалап аққан су үгілу-
тозу кезінде пайда болған майда үгіндіні беткейден төмен ығыстырып, шайып-жуады. Соны а л а
ң- д ы қ ш а ю дейді, шайылған жумасы тау-төбенің бектері мен етегінде жиналады да оны
д ел юв и й (латынша «делюо» — шаямын) деп атайды ( сурет).
Делювийдің калыптасуы
I — беткейді шаюдан мыжылған беттің сызыгы, 2 — шайылған түс.
3 — делювий
Делювий шөгінділер етекті жамшыдай (шлейф) көмкереді. Оның ең қалың жері де осы етекте
болады. Тегістіктен шаю салдарынан баурайдың тіктігі біртіндеп еңкіштеніп, кейде ойысталып
кетеді. Делювий үйіндісінің жоғарғы басында құм, қала берсе түйіршік, малта жиыны болса,
төменгі етегінде майда сазды, құмайт жыныстардан түзіледі. Сол сияқты жазық далаларда да ұсақ
үгінділер орын алады. Оған далалы елкенің шөбі селдір болуының да әсері бар. Лайлы су
сорғалап, тік етектегі ірі қорымдар кесектерінің арасын бітейді. Бұдан көретініміз, делювий
шөгінділері қат-қабатка жіктелмейтін біртұтас, жұмырланбаған, түйіршіктерінің өлшеміне қарай
сұрыпталмаған, арасында жануар, өсімдік қалдықтары жоқ жыныс үйіндісінің құрамынан тұрады.
- Түрақсыз ағынның әрекеті.
Біркелкі тегістікті шаю жер беті жазық болғанда ғана орын алады. Әдетте жер үстінде табиғи
жолмен немесе адам әрекетінен жарал- ған әр түрлі шұңқыр, ор-жылғалар жиі кездеседі. Оларға
куйған су ағысы күшейіп, бетті ойып, жыртып әкетеді. Осы әрекетті э р о з и я (латынша «эродо»
— жырту, ке- міру, сою) дейді. Соның салдарынан жыралар туады. Басында пайда болған
кішігірім ойыстарға жауын-шашын жинала келе күшейіп, ойыстың беті мен шетін орып кетеді.
Жыра өз бойынан төменге қарай да, ең басынан да өсе бастайды. Ол шақта жыраның бойлық
қимасы өте тік, түбі де ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да түпкі эрозия күшті бойлайды.
Келесі күшті жауын немесе қар күрт еріген кезде ағын жыраның жар басын жоғары қарай әрі
жырып-сойып кете барады. Сөйтіп жыл сайын жыруы су айырыққа қарай өсе түседі. Жыраның
осылайша ұлғаю проңесін к е р і ( р е г р е с с и в т і к ) эрозия дейді. Жыралар жан-жағына да
тармақтана келе көп ау-мақты жыртып өтеді.
Жыралау эрозиясының қарқыны көп жағдайға — климатқа, жер бедеріне, жердің геологиялық
құрылысына, өсімдік жамылғының қою, селдірлігіне байланысты. Кейде адамның шаруашылық
әрекетіңен де, мысалы, егіндікті дұрыс жыртпау, туады.
Жер беті жұмсақ жыныстардан түзілген аймақтарда сай-салалар сілемдері тез өседі.
Жол-жөнекей алапат тасқын дөңбек, малта, қиыршық тастарды, құм-лайды қоса ағызып,
жолындағының барлығын күйретеді, жайпайды. Тасқьш тау етегіне жеткен кезде оның ағыс
жылдамдығы кенет басылады да ағын көптеген тарамдарға бөлінеді. Содан күші шұғыл кеміген
тасқын ағызып әкелген жыныс бөлшектерін бөктерге жайып салып шөктіреді. Осы жыныстар
жиынтығын ыс ы р ы н д ы к о н у с дейді. Оның тау жақ үшкір бұрыштарында ірі дөңбек, шала
жүмырланған малталар, кесектер жиналады. Етектен алыстаған сайын құм, құмайттар шөгеді.
Ысырынды конустың сыртқы шегін шаң-тозаңнан түзілген лёсс, лёсс тұқымдас тунбалар алады.
Шөгінділердің осы түрлерін ғалым А. П. Павлов пролювий (латыпща «пролюо» — жуин-шаю)
деп атады. Сол себептен алдыңғы майда түйірлі шөгінді келесі зор тасқынның ірі үгінділерімен
қөміледі. Керісінше, одан кейінгі мардымсыз тасқындылардың бетін ұсақ түйірлі келесі
шөгінділер жабады. Сейтіп, осылайша кездескен жағдайдан өте күрделі кабаттасу кұралады.
- Өзеннің геологиялық жұмысы.
Өзен суы жер бетіндегі және жер астындағы сулардан құралады. Өзеннің суы жыл маусымына
байланысты сабасы жоғары немесе төмен болады. Жазғытұрым қар ерігенде өзендер жағасынан
шығып, Қазақстан жерінде бір-екі айда өзен суының 70—80 проценті ағып өтеді. Жаз аяғында
сабасы ең төменге түсіп, қайырланып, жеке қарасуларға бөлшектеніп қалады. Биік таулы қар (мұз)
суымен қорланатын өзендердің биік сабасы керісінше шілде кезінде болады.
Сабасы толған кезде су көлемі 5—20 есе өседі, ағыс жылдамдығы су деңгейі төмен кезде
жазықтардың ірі өзендерінде секендіне 1 —1,5 м (сағатына 3—5 км), таулы өлкелерде — 3—5 м
(сағатына 15—45 км) шамасында. Өзен арнасының ең терең, жерінде ағыс катты болады да,
жағалау және түп беттерінде судың сүйкеліп қақтығысуынан ағыс баяулайды. Өзеннің бойында да
оның ылдиы езгеріп, қайраң, апан тұстарьнда ағыс жылдамдығы кемиді. Өзен сағасында су
ауытқып, теңселіп, құйы н ш а ( т у р б у л е н т т і ) ағады. Соның салдарынан су ирелеңдеп, оның
барлық массасын түбінен бетіне дейін алмастырады, үгінділерді көтеріп, сүйреп, сыпырып
отырады.
Өзен суының күшін оның энергиясы (т і р і к ү ш і) дейді. Ол судың массасы (т) мен ағысының
жылдамдығы (У ) тікелей байланысты: К = ^ү-. Неғұрлым осы екі сан артық болса, соғұрлым
өзеннің жұмысы да күшті. Қейінгісі:
1) эрозиядан (жырып-кеміру),
2) эрозия мен үгілуден пайда болған және еріген заттарды тасымалдаудан,
3) аккумуляциядан (шөгуден) құралады.
Түпкі эрозия. Өзен аңғарының бас жағында тереңдік эрозия басым болады. Тасқын тау
жыныстарын бұзып-жарып, өзінің құятын көл немесе теңіз деңгейіне тепетеңдік б о й л а у
қ и м а с ы н жасайды.
Содан осы деңгейді өзеннің э р о з и я б а з и с і деп атайды. Өзеннің бастапқы (жас) кезінде
оның аңғары кері эрозия арқылы эрозия базисінен жоғары қарай қалыптасады.
Әдетте өзен аңғарының бойы үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде эрозия тереңдеп және
жоғарғы су айырық бетке қарай жылжиды. Өзеннің орта шетінде ағын энергиясы көтерген
үгіндіні тасымалдауға жұмсалады. Өзеннің төменгі тұсында аккумуляция басым болады.
Бүйірлік эрозия. Өзеннің бойлау қимасы жатықталған сайын түпкі эрозия біртіндеп
баяулайды да бүйір эрозия күшіне кіреді. Өзен арнасының бойында бойлау ағыстан көлденең
бағытты ағыстар туады. Олар әуелі су түбіне жетеді де жағаға қарай ұрынады. Содан су тубі
шайылып, үгінді жағаға соғылады. Оның бір шамасы жаға бойында шөгеді де арна жиегінде
қайраңдар түзеді. Өзен суы қайраң жиегіне соқтығып, ағыс жылдамдығы баяулайды да, алдынан
кездесетін кедергіні «сезгендей» олай-бұлай бұлаңдап ирелеңдей бастайды. Сөйтіп, арна өз
жағасын кеміре береді.
Тасымалдау (транснортировка). Өзен ағыны жол-жөнекей бузылған жыныстар түйіршіктерін
төмен тасымалдайды. Бұл құбылыс үш түрлі болады: 1) су түбінен сүйретіп, сыру; 2) суда
қалықтаған лай; 3) судағы ерітінді түрінде. Жыл сайын барлық өзендер арқылы 1 млн. тонна
үгінді сырылып, қалықтау жолымен 12,7 млн. тон- на, ерітінді ретінде 3,6 млн. тонна
тасымалдайды. Түбінен сырылған және оған ерген лайды өзеннің қ а т т ы а ғ ы н ы деп атайды.
Бүл сан ете аумақты. Мысалы, Амудария өзенінің қатты ағыны жылына 570 млн. тон- на, Еділдікі
— 43 млн. тонна лай ағызады. Өзен түбінен суйретілген кесек-түйіршіктер диірмен тасындағыдай
түбін тағы да жыртып, кеміріп, түпкі эрозияны күшейте түседі. Олардың өзі де сынып, қажалып,
жұмырланып, малта тасқа, жұмыр қиыршыққа, құмға айналады. Түптен ысырылып
тасылмалданатын кесектердің массасы ағын жылдамдығының алтыншы дәрежесіне тең.
Сондықтан да кесектердің көлемі тау өзендері мен жазык өзендерінде әртүрлі. Деңбек тасты
тасымалдау үшін ағыс жылдамдығы 4,87 м/с, малта үшін — 1,62 м/с, ірі құм үшін — 0,21 м/с-ге
жетуі қажет. Тау өзендерінің аңғарында шөгінділері көбінесе малта—кейде дөңбектастардан
тұрады. Жазықтағы өзен аңғарында құм жинағы басым келеді.
Аккумуляция (шөгінді). Өзен ағынының бастапқы эрозиясы басым сатысында-ақ оның
аңғарының кейбір тұстарында үгінділер шөге бастайды. Тасқын кезінде су молайып, ағын өскен
шақтарда үгінділер қайтадан ысырылып, төмен кешеді. Өзеннің бойлау қимасы жатықталып,
аңғары кеңи түскен кезде оның арна жиектерінде енді аумай-көшпей орнында қалатын шегінділер
жиналады. Кейінгілері әуелі аңғардың теменгі тұсында шоғырланады да өзеннің бойлау қимасы
тегістелген сайын орта шенінде де үйіледі.
Өзен аңғарында үйілген ағын шәгінділерінің жинағын а л л ю в и а л д ы қ ш ө г і н д і л е р
немесе қысқаша аллювий (латынша «аллювио» — үйінді, салынды) деп атайды. Олар ірілі-уақты,
әр түрлі іріктеліп, жұмырланған кесек жыныстардан тұрады.
Өзен аңғарлары. Өзен аңғарларының даму жолында оның морфологиясына сай бірнеше және
бірізді сатыларын байқауға болады. Бірінші сатысы түпкі эрозия басым кезінде болады да оны ж а
с ш а ғ ы деп атайды. Ол кезде ариа бойында қайраң, табалдырық, сатылар, сарқырамалары бар тік
таулы аймақтарда өтеді. Бұл тұста ағыс күшті болған соң терең аңғарлар түзіледі. Көлденең
қимасының пішініне қарай олар бірнеше түрге бөлінеді (сурет). Ш а т т а р (қ а п ш а ғ а йл а р) —
қысталаң терең, тік жақ бетті аңғарлар. Қ а н ь о н д а р деп терең, тік бетті, келденең қимасы
латыпның V әрпіне ұқсас шатқалдарды айтады. Қаттылығы, беріктігі әр түрлі, оның үстіне жазық
бағытта қабаттасқан жыныстарды су сойып өткен жағдайда ондай аңғарлардың бет жағы сатыша
кемерленіп жаралады: денудаңиядан беттері тегістелген қатты жыныстар қабаттарының
беттерінде террасаға ұқсас жазық алаңшықтар пайда болады да кемерінде тік жарлар қүрайды.
Өзен аңғарларынын көлденен кималары а,—шатқал, б — V пішінді, в-U пішіиді, г — жәшік
пішінді
Кейінгі сатыда аңғарда бүйірлік эрозия күшейе түседі ағыс бір беттен екінші бетке
аунақшып, өзен ирелеңдей түседі. Содан келіп өзен о й д ы м д а р ы ( м е а н д р а л а р ы) пайда
болады.
Өзен кобыларынын. біртіндеп ығысуыныц ыкліам- сызбасы (а, б)
А — бастапқы сатысы кезекті сатыларда біртіндеп ығысуы, Б —
ойдымнық түзілуі
Өзен аңғарының даму жолы және циклдігі.
Жоғарында өзен аңғарының дамуының екі сатысы көрсетілді. Алдыңғы
жас сатысында түпкі эрозия басым, аңғар тар, тік бетті болды. Кейінгі
толысқан сатысында өзен жайылмасы кеңейіп, оның көлденең қимасы
жәшік пішіндес еді. Өзеннің эрозия базисі (теңіз, көл деңгейі) көтерілген
немесе төмен құлдыраған шақта аңгар қайтадан жаңғырады да қайтадан
табанын сойып, кеңи бастайды. Эрозия базисының өзгеруі жердің ішкі
тектоникалық қозғалыстарына байланысты. Кейінгілер баяу болған кездерде бедер жазықтанып,
аллювий шөгеді. Құрлық жоғары өрлесе немесе эрозия базисы ылдиласа соған бейімделіп, өзен
қайтадан аңғарын жарып, жаңа бойлау қимасын түзе бастайды. Ол тепетеңдік сызыққа жеткен соң
қайтадан бүйір эрозия жанданып, аллювий жиналады. Осыдан келіп, гипсометрлік темен бетте
жаңа жайылма түзіледі; бұрынғы жайылма кемерден биік жазық алаң құрады. Осы циклдер
бірнеше рет жаңарып тұрса, әрретте саты-саты кемерленген жазық алаңдар пайда болады да,
оларды аңғар т е р р а с а л а р ы дейді. Әр кезең ағынның өз табанын сойып, жыртуынан
басталып, жаңа табан түзуімен аяқталады. Сөйтіп, аяғында аңғар көп кемерлермен бәлінген
террасалардан құралады. Ең биік терраса — ең көнесі, төменгісі — ең жасы. Оларды төменнен
жоғары қарай жайылмадан I, II, III, IV, тт. террасалар деп нөмірлейді.
Өзен террасалары
Р — қазіргі арнасы, П — жайылма, I, II — бірінші және екінші террасалары, 1 — тылдық
қаптырма көктеуі, 2—терраса алаққайы, 3 — кемердіқ қабағы, 4 — кемер; 1 — аллювий, 2 —
түпкі жыныстар.
Әр терраса мынандай бөлімдерден құралады: жазық алаңқай, оның кемері, кемердің жоғарғы
қабағы (бровка), келесі жоғарғы кемермен алаңның тылдық қабысу сызығы (тыловая закраина).
Әрбір кемер мен одан төменгі алаң эрозияның бір цикліне сай болады. Террасаның аллювий
шөгінділерінің табаны түпкі тау жыныстарынан тұрады да оларды тұғыр (цоколь) деп атайды.
Тұғырының деңгейі мен аллювийдің қалыңдығына байланысты террасалар үш типке бөлінеді:
эрозиялық немесе скульптуралық (А), аккумулятивтік (Б), тұғырлық немесе эрозия-
аккумулятивтік аралас.
Өзен террасаларының типтері
Террасалар: А — эрозиялық, Б — аккумулятивтік, В — тұғырлық (цоколдық). 1 — аллювий, 2 —
түпкі тау жыныстары
Атырау.
Теңізге құйған кезде ағысы кенеттен баяулайды да ағызып жеткізген лай-құмы теңіздің түбені
шөгеді. Содан соң су астыңғы ысырынды конусты түзеді. Ол ұлғая келіп қайырланып, су бетіне
шығады. Оның порымы сүйір бұрышы өзен жақта орналасқан ұшбырыш, яғни гректің дельта әріп
пішіндес болады. Құйған теңізі тайыз, ағынсыз шалқу-қайту шамасы аз болса жағалау тұсы
арнадан шөккен шөгіндіге толадыда ағынға бөгет болады. Сонда ағын өзіне жол іздеп көптеген
сулаттарға бөлінеді. Тарамдалған арналар арасында жалпақ құм аралдар қалады. Осының бәрін
жинастастырып атырау (дельта ) дейді. Арна тараптары өздері тасымалдаған шөгінділерге көміліп
тайыздалады, жеке-жеке шалшық батпақтарға айналып кұрыйды. Әр жазғытұрымғы тасқын
кезінде атырау пішінін өзгертіп, кеңиді, өрлей, теңізге қарай өсе түседі. Ақырында өзен сағасында
кең жаздық пайда болады.
Атыраудың аумағы әр түрлі. Хуанхэ мен Яньцзы өзендерінінң сағасы бірігіп кетіп, атырауының
ұзындығы 1000 км, танындағы ені 300-400 км жетеді. Лена өзенінің атырауы-28 000 км2, Еділдің
атырауы -19000 км2 шамасында. Атыраудың теңізге және екі бүйіріне қарай өсіуі жылдамдығы да
әр түрлі. Еділ өзенінің атырауы бөгеттер салынбай тұрғанда жылына 170 метрге өсетін.
Ағыстың эрозия базисі болғандықтан атырау шөгінділері көбінесе майда құмнан, құмайтан
тұрады. Көл батпақтарында олар өсімдіктер қалдығына байып, кейде шымтезектер пайда болады.
Олар теңіз шалқыған кезде оның шөгінділерімен қабаттаса, жанаса кездеседі. Кейде атырау
құмдарын жел көтеріп, бетінде эол жиынтықтары да түзіледі. Теңіз түбінде құмды жыныстармен
бірге өзен ертіндісімен темір, алюминий, марганецтің каллиодтары шөгеді. Қосылған ащы теңіз
суының әсерінен олар тез коагуляцияланады( латынша: ұю).
Эстуарий (латынша теңізге көмілген жағалау, қолтық) деп өзен сағасын бойлап кірген
шығанақтарды атайды. Олар теңіз суынын оның жағада шалқуынан пайда болады. Теңіз
шалқыған кезде суы арнаны бойлап, алысқа ұмтылады да қайтқан кезде суымен қоса күшті
ағыстап теңізге ағады. Сонда ағынмен бірге көшкен құм-лайды теңіздің жағалау ағысы қағып
әкетеді. Теңіз деңгейі көтерілсе немесе саға арнасы төмен құлдиласа алса да оны теңіз басады-
эстурарий түзеледі. Осылайша жері төмен түскеннен Обь пен Енисай сағалары (оларды жергілікті
тұрғындар «жырық» -губа дейді) жаралған. Енисай өзенінің арнасы Қара теңіздің түбінде 100м
тереңге шейін созылуы осығанда дәлел. Қара, Азов теңізінің жағалауындағы Днепр, Дон, Бук
өзендерінің теңіз суы толған осындай қолтықтарын лиман (грекше «лимнэ» -шығынақ) деп
атайды. Лимандар бойынында шайындыдан құм құлтылар түзіліп, олар өзен суының ағысына
тосқауыл болады.
Өзен жүйелерінің дамуы және су айыруының ауысуы.
Өзендер жүйесі ең басты өзенге және оның көптеген салаларына бөлінеді. Өзеннің барлық
тармақтары тараған өлкені оның су жинайтын бассейн деп атайды. Әр өзен жүйесі басқысынан су
айырық жота арқылы бөлінеді де екі және қарама қарсы екі жаққа ағады. Мысалы, Сарыарқа
осындай су айырық. Өзендерінің бір жүйелері теріскей жаққа – Обь - Ертіс бассейндеріне қарай,
екіншілері оңтүстік бетке ағып, Арал – Балқаш бассейіне құяды. Өзеннің регрессивтік
эрозиясының қарқынына байланысты айырығының орны қашанда жылжып отырады. Оған
қосымша себеп – екі айырық бетінің құлау жазықтығының айырмашылығы, өзен ағынының
мөлшері, эрозия базисінің төмен жоғарылығы. Көлбеуі тіктеу және базисы төменрек өзеннің басқа
беттегіден эрозиясы қарқыны артық болады да су айырық кейінгі жаққа ауысады. Сонда эрозиясы
күшті өзен суы айырықты тіліп өтіп, қарсы беттегі өзеннің басын не бір тармағын өзіне
жалғастырып әкетеді. Осы жайды ө з е н н і ң і л і п әкетуі дейді.
Өзен салалары аймағының климаты және жерінің жоғары көтерілуі тұрақты болса барлық
денудациялық әрекеттер салдарынан су айырықтар мүжіліп, олар жазықтанып, өзен аңғарлары
кеңиді. Ақыр соңында бұраынғы тау жота орнында оның жазықталған, шөккен нардай көсілген
жұрнағы қалады. Осындай аймақты п е н е п л е н (жазық дерлік) н е
д е н у д а ц и я л ы қ ж а з ы қ деп атайды оны жалпылай теп – тегіс деуге болмайды. Жазық
бетінде әр жерден денудацияға төтеп беретін берік тау жыныстарынан тұратын төбе, шоқылар
көрінеді. Қырқа, төбе жоталары арасында кең науалы өзен аңғарлары шөгінділерге толады.
Пенеплен үлгісі ретінде өзіміздің Сарыарқаны атаған абзал.
35
Өзен әсеріне байланысты қазына байлықтар.
Өзен шөгінділері арасында ерекше шашыранды кен шоғырлары кездеседі. Өзен өз жолында әр
түрлі жыныстар жүйелерін жырып өтеді де олардың арасысындағы кен минералдарын да шайып
ағызады. Ағыс бойында үгінділер меншікті салмағына қарай іріктеледі: жеңіл минералдар төмен
қарай әрі шайылады, ауырлары жол – жөнекей шұңқыр, жарықшақ, қайран, бұта, арна иірілімі
секілді кедергі кездескен жерде шөге бастайды. Осылайша алтынның, платинаның, алмастың
қалайытастың шоғырлары түзіледі, оларды қ о р ы м д ы к е н д е р деп атайды. Олар қазіргі
аллювий шөгінділерінде де, көне геологиялық жыныстар арасында да кездеседі.
Көне аллювий – атыраулық шөгінділермен қабаттасып қоңыр көмір жаралады. Мысалы, Мәскеу
түбінің кеніші. Құмы жақсы шайылып, қоқыстантаза болуы себепті өзен – атырау шөгінділерін
мұнай – газдар да толтырады. Мысалы, Апшерон түбегінің мұнайы плиоцин дәуіріндегі көне Еділ
өзені сағасының шөгінділерініде шоғырланған. Ол кезде Еділ сағасы Апшерон тұсында
орналасқан.
Аллювиалдық, атыраулық жазықтар ауыл шаруашылығына де қолайлы. Жайылма мен террасалар
топырағы құнарлы болады, су болса қасында ағып жатыр. Сондықтан егінжайлар осындай
жерлерде жаратылады, мекен тұрғындар да террасалар алаңында салынады.
Аллювийдің малтастары, қиыршық, құмдары құрылыста кең пайдаланылады.
№7 Сабақ
