Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_na_gosudarstvennyi_ekzamen_po_istorii_ka...docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

7. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

Б.з.б. II мыңжылдықта Еуразияның далалық аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Адамзаттың алғаш игерген металы-қола (мыс пен қалайының қорытпасы). Металдан жасалған еңбек құралдары тас еңбек құралдары ығыстырған кезең-қола дәуірі (б.з.б. 2-1 мың ж.)

Қола дуірінің кезеңдері:

Ерте қола дәуірі (федоров кезеңі)- б.з.б. XVIII-XV ғасырларОрта қола дәуірі (алакөл кезеңі)- б.з.б. XV-XIII ғасырлар.Кейінгі қола дәуірі (замарев кезеңі)- б.з.б. XIII-VIII ғасырлар.Ерекшеліктері:Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілу(қола металургиясы).Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі – бақташылық мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.Рулық қатынстар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономиялық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті.Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- андронов мәдениеті деген атау болды(1914ж. археолог Б.В. Андриновтың қазба жұмысы(А.Я.Тугаринов)). 1927ж. - археолог М.П.Грязнов андронов мәдениетінің ескерткіштері Батыс Қазақстаннан тапты. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғапымдар – Ә.Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, А.М.Оразбаев. Қола дәуірі ескерткіштері табылған аймақ: Минусиск-Орал таулары-Батыс Сібір жазығы-Памир таулары. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы- Орталық Қазақстан. Бұл өңірдің 30- дан астам елді мекен, 150-дей қабір (қорымдар) қазып зерттелді.Солтүстік және Батыс Қазақстанда 150-ден аса қоныс пен 200-ге жуық қорым табылды. Ең ежелгі қала- Арқайым қаласы(Қостанай мен Челябі облыстарының шекарасы).Мәдениеті: Б.з.б. 3 мың ж. соңында Қазақстанның таулы және далалы аудандарада егіншілік пайда болды.Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді. Егіншілікпен қатар мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Андроновтың тайпалар қос өркешті бактриан тайпалар қос өокешті бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған, ал Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюдыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылды.Б.з.б. I мың ж. басында андроновтықтар аралас шаруашылықпен айналысып, егін егіп, мал өсірген. Олар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірбиесін енгізді. Үй маңындағы жайылымдар жарамсыз болып қалған кезде бақташылар жаңа жайылымдарға көшіп отыпды. Бұл-мал өсірудің жайлаулық тәсілі (жартылай көшпелі). Ерлер жайылымдарға кетіп, мекендеріне күз соңына таман оралған. Әйелдер мен балалар егіншілікпен айналысып, тұрақты мекендерде қалды.Кейінгі қола дәуірінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың жаңа түрі- көшпелі мал шаруашылығы шығы бастады. Андронов тайпаларында жеке меншіктің пайда болуына мал шаруашылығына көшу ықпал етті.Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілінде қыш ыдыстар жасаған. Таспалық әдіс.Қплыпқа салып пішіндеу әдісі(б.з.б. XVII-XVIғ.ғ.).Андроновтықтардың баспанасы – жертөле және жартылай жер бетіндегі үйлер. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын есебінде ағаш, бұта, тезек жаққан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден құралған. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген. Ежелгі андроновтық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болды. Еңбек құралдары : тесе, тас кетпен, келі, келсап, (ерте қола дәуірі), орақ, шалғы (кейінгі қола дәуірі) Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда пайда болған жаңа мәдениет- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліг.Андронов дәстүрі сақталған.Жаңа элементтер енгізілген(мазарлардың айрықша типі және өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты – мәйітті шалқасынан жатқызу). Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ал мәйітті шығарарда ошақты айналдырылған.

8. Қазақ хандығының 15-18ғ басындағы ішкі және сыртқы жағдайы.XVI ғасырда Қазақ хандығы Қасым ханның тұсында (1511-1521) ең жоғарғы қуаттылығына жетті. Ішкі жағдайымыз тынышталып, қазақ рулары Қасым ханға қосыла бастады. Сыртқы жағдайымыз біршама алаңдарлықтай еді. Территориясы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі. Негізгі мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды өзіне қарату.Қасым ханның соғыс жорықтары:1510 – М. Шайбани Сығанаққа шабуыл жасап жеңіліс тапты, Самарқанға қашты.1510 – Шайбани Мерв түбінде ирандықтардан қаза тапты.1513 – Қасым хан Сайрамды алды.1513 – Ташкент билеушісі Сүйінішке Қаттабекпен бірігіп соғыс ашты.Ташкент түбінде Қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді. 1514 жылы Моғолстан ханы Сұлтан Саид Шығыс Түркістанға кеткен соң, Жетісу Қазақ хандығына өтті.Қазақ саны 1 млн.-ға жетті.Алғаш орыс мемлекетімен (Василий ІІІ. 1505-1513) дип. Қатынас орнатты.«Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағы болды. Заң 5 бөлімнен тұрды (мал-мүлікке б/ты, қылмыс, әскери қызмет, елшілік,дәстүрлерді өткізу туралы) .Қасым ханның билігінің соғында тыныштық заман орнады. Сауран қаласы сауда орталығына айналды. 1521 жыл – Қасым хан Сарайшықта қайтыс болды.Қасым ханның өлімінен кейін Қазақ хандығында тартыстар пайда болып, хандық әлсіреп қалды. Қасымның мұрагері Мамаш тартыс барысында қаза тауып, Тақыр (1523 - 1533) хан болды. Ол қырғыздармен одақтасып, 1524 жылы Моғолстанға қарсы соғысты. Тақырдың дипломатиялық, әскери таланты болмады. Хан Ноғайлардан жеңілді, Сыр қалаларын қайтарып ала алмады. Тақырдан кейін Бұйдаш хан болды (1533 - 1534) Оның тұсында да тартыстар тоқтамады. Нәтижесінде, өзбектер мен Моғолстан бірігіп Жетісуды жаулап алды.Осы тартыстардан елді құтқарып, жағдайды қалып қа келтірген Хақназар хан (1538- 1580) болды. Негізгі мақсаты: Қасым хан тұсындағы иеліктерді қалпына келтіру. Территориясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы . Хақназар тұсында ноғайлар Қазақ хандығына кірді. Хақназарды «қазақтар мен қырғыздар ханы» деп атайды.1560 – моғолдар қазақ-қырғыз одағын жеңді. Соның нәтижесінде, ойраттар шабуылы әсерінде Жетісу жері қазақтардан алына берді.Башқұрт деректерінде Хақназарға башқұрттардың да бағынғаны айтылады.Хақназар тұсында Орыстармен саяси және сауда қатынасы дамыды (1569 ж. Семен Мальцев; 1573 ж. Чебуков).1563 жылдан Сібір хандығын билеген Көшім хан Қазақтармен дұшпан болды1573 ж. Орыс елшісі Чебуков Көшімнің бұйрығымен өлтірілді.Жағдайдың ауырлығы Хақназарды одақтас іздеуге итермеледі. ІІ Абдаллах пен Хақназар одақтас болды. Хақназар Баба сұлтан мен Абдаллах арасында бірде бірін, бірде екіншісін қолдап, айла жүргізді. Нәтижесінде:Абдаллах Сыр қалаларын қазақтарға берді.Баба сұлтан сойырғал ретінде Йассы мен Сауранды берді.Хақназар хан Баба сұлтанның тыңшысының қолынан 1580 жылы қаза тапты. Хақназар ханның саясатының маңызы:Хандық аумағы кеңейді.Дербес мемлекет ретінде танымал болды.Хан билігі күшейдіІшкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақты болуы.Хақназардан кейін оның немере інісі Шығай (1580 - 1582) хан болды. Шығайдан кейін оның баласы Тәуекел (1582-1598) елді биледі. Бұл кезде Сыр бойындағы Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалалары ІІ Абдаллахтың иелігінде болды. 1586 – Тәуекел Түркістанды алып, Ташкентке қауіп төндірді.1586-1594 – Тәуекел хандық үшін Хақназар ұрпақтарымен күресті.1594 – Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді. 1595 – Мәскеуден Степанов бастаған елшілік келеді.XVI ғ. Ойраттар қазақ әскерінен жеңіліп, тәуелділікке түседі. Тәуекел хан өзін қазақ пен қалмақтың ханы деп санады.1598 жыл – Абдаллах өлімінен кейін Орта Азияға жаңа соғыс бастады. Тәуекел хан Бұқар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды. XVI ғасырда Қазақ хандығы өзінің сыртқы саясатында біршама жетістіктерге жетіп, белгілі бола бастады. Ішкі жағдайы да біршама тұрақты болатын.

9.Ұлтаралық келісіммен саяси тұрақтылықты сақтаудағы саяси бағыт. Қазақстан халықтарының ассамблеясы.Мемлекет ұлттық саясатты жүргізу үстінде ел тұрғындарының этникалық құрамы мен оның қалыптасу барысын жан-жақты ескереді. Қазақстан ұлтаралық келісімді мейілінше ұқыпты сақтап келеді. Қазақстан Республикасы Предизентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елде қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультациялық-кеңесші орган ретінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісім институты деп аталуы тегін емес. Ол өзгеше достық көпірі, халықтар мәдениетінің гүл шоғыры. Ассамблеяның мақсаты – республикадагы оқиғалар мен саяси жағдай туралы болжамдарға баға бере отырып, қоғамды нығайтуды қамтамасыз ететін нақты кеңестер әзірлеу, сондай-ақ тегіне, ұлтына, әлеуметтік тобына, діни нанымдар мен сенімдеріне қарамай Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандығын сақтауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне көмек көрсету. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметіне мәдени-ағарту (ұлттық иәдениеттерді, тілдерді,салт-дәстүрлерді жаңғырту және насихаттау); тәрбие (қазақстандық және ұлттық патриотизмді қалыптастыру ); ынтымақтастық (этносаралық қатынастарды зерттеу негізінде ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайту); консультативтік-кеңесшілік (Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлт өкілдері арасындағы достық қатынастарды қалыптастыруға ықпал ететін мемлекеттік саясатты іске асыруға байланысты кеңестер мен ұсыныстар әзірлеу) жұмыстарын жатқызуға болады. Ұлтаралық келісім институтын құру туралы идеяны Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев алғаш рет 1992 жылы республика тәуелсіздігінің бір жылдығына арналған халықтарының 1-форумында ұсынды. Қазақстан халықтарының Асамблеясы ел Президентінің жалпы мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі:еуразиялық интеграцияны(бірігуді) дамыту, қоғамды демократияландыру және жаңа азаматтық теңдікті қалыптастыру идеяларын қолдап келеді. Үкімет ұйымдары мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірлесіп атқарған қыруар жұмыстарының нәтижесинде республикадағы этносаралық қатынастар, тұтас қарастырғанда тұрақты да қолайлы даму сипатын алып отыр. Тұрғындардың барлық этникалық топтары этникалық қарым-қатынастардың көпұлтты ұжымда жұмыс атқару, басқа ұлт өкілдерімен достық сыйластықта болу, халықаралық ынтымақ сияқты формаларына жоғары ымыпраластық тпен ықыластарын танытып келеді. Ұлттық-мәдени орталықтарда жыл сайын Наурыз, Құрбан айт, Масленница мен Рождество сияқты, т.б ұлттық және діни мерекелерді тойлау дәстүрге айналды. Бұл мейрамдардың жастарды көркеи және қолданбалы өнер, фольклорлық мәдениет қазбаларына бауыр бастыру, олардың халықтың салт-дәстүріне деген суйіспеншілігін ояту ісінде баға жетпес тәрбие құралы сөзсіз. Бұл жұмыстар республика орта оқу орындарының оқу бағдарламаларында одан әрі бекітіле түседі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы баларларға тәрбие беру жаңа тұжырымдамасына сәйкес арнаулы қосымша пәндер мен «Өнер және этика», «Халық салт-дәстүрлері», «Ұлттық мәдениет тарихы» факультативтер енгізілді. Қазақстан қоғамындағы демократиялық қайта құрулар этникалық азшылық тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының санын ұлғайта түсті. Мемлекеттік қолдау көрсетудің нәтижесінде көптеген тілдерде газет-журналдар шыгарылып, эфирден, радио мен теледидар хабарлары беріледі. Ұлттық театрлар мен басқа да шыгармашылық ұжымдар достық пен иынтымақтастықты нығайтудың жоғары гуманистік мақсаттарына мқызмет етеді. Республикада Қазақстан халықтарының фестивальдары, жексембілік мектептер шәкірттерінің мемлекеттік және ана тілін білу деңгейін анықтайтын бақылау-байқаулары, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарлар, этномәдениет дамуының көкейтесті мәселелеріне арналған «дөңгелек столдар» жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Ассамблеяның халықаралық байланыстары бірқалыпты дамып келеді. Ұлттық- мәдени орталықтардың тарихи отандары мен байланысы нығая түсті. Этностардың мәдени өмірі күннен-күнге байып, ұлттық- мәдени орталықтардың ұтымды ұсыныстары мемлекеттік құрылымдар тарапынан барлық жерде қолдау көріп тұр.

10.Сақ- сармат дәуірі: жазба деректері және археологиялық есскерткіштері.Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2-ге бөлінеді:

  1. Ерте сақ кезеңі - б.з.б. VIII-VI ғасырлар.

  2. Соңғы сақ кезеңі – б.з.б. V-III ғасырлар.Б.з.б. I мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – сақтар. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары болды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі:Гректер – азиялық скифтер;Парсылар – құдыретті еркектер;Ирандықтар – жүйрік атты турлар.

Сақ тайпаларының негізгі үш тобы:Парадария (теңіздің арғы жағындағы сақтар).Мекені: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы.тиграхауда (шошоқ бөрікті сақтар). Мекені: Сырдырияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу.Хаумаварга (хаома сусынын дайындайтын сақтар). Мекені: Мургап аңғары.Б.з.б. VII-IV ғасырлар – сақ тайпалар одағы құрылды. Сақ қоғамының сипаты-әскери-демократиялық.3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:

  1. Жауынгерлер-қызыл түс.

  2. Абыздар-ақ түс.

  3. Қауым мүшелері-сары және көк түс.Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан сайлады. Мейрамдарда садақ атып сыналған садақшылардың ең мергені тайпаны басқару құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының билеушісі – патша.Сонымен бірге сақ патшасы- Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;Малшылардың үйретуші ұстазы;Құдайлардың қалаулысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші.Қоғамдағы маңызды мәселелер халық жиналысында талқыланып, оған әйелдер де қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге белсене араласып, ерлермен бірге соғысу құқығына ие болды.Малға жекеменшік пайда болып, мүлік теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді.Бұл кезең алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезі. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің қарсаңында тұрды. Грек тарихшысы Геродот (б.з.б. Vғ.40ж-30ж. жазылған «Тарих» еңбегі) және Полиен деректері:Б.з.б. VI ғасырда сақ-массагеттердің паишайымы Томиристің және оның ұлы Спаргапистің парсы патшасы Кирмен соғысы (б.з.б. 529ж).Б.з.б. 519-518 жылдары парсы патшасы I Дарийдің тиграхауда сақтарымен соғысы.Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы.Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан партизандық соғыс жүргізген сақ көсемі Спитамен ерлігі.Сақтар парсы әскерлерімен қосылып Египетте,Грецияда соғысты. Фермопиль және Платея шайқастарында батырлықтың үлгісін көрсетті. Сырдария жағасында Македонский бұйрығымен Александрия Эсхата қаласы салынды.Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.б. III ғасырда селевкидтер көтерілісі нәтижесінде қиратылды.Мәдениеті. Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады. Б.з.б. І мыңж. Еуразия далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке өткізіліп тұрған. Ұ.Ж.Жолының жеке бөліктерінің бағыты: Лазурит жолы. Памир-Иран мен Месопотамия. Нефрит жолы. Қашғария- Қытай. Үшінші дала жолы. Хуанхэ өзені-Алтай-Қаратеңіз жағалауындағы дала-грек, этростар елі (Б.з.б І мыңж ортасы). Ал шығыс Қазақстан мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан.Б.з.б. ҮІІғ- Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның Оңт. Скифтік – Сібірлік «аңдық стиль» деп аталған өнер пайда болды. Аңдық стиль өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезінде танысқан. Осы жерде алғаш рет «Өмір ағашы» атанған арыстан бейнесі тараған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі есік қорымынан табылған патшаның бас киімінде бейнелеген. Бұлар-күн, қанатты тқрт ат және төрт алтын жебе суреті. Бұл Құдайдың үш әлемгебилік жүргізуінің ерекше белгісі болып саналған. Сақ патшасы күн бейнелі Құдай дәрәжесінде көрсетілген.СарматтарБ.з.б ХIII ғасыр Б.з 5 ғасыр сарматтар қазақстанның бтыс аумағын мекендеген. Савромат сарматтар орталық азия мен қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпа . бұл тайпалар жөнінде грек , рим тарихшылары жазып кеткен б.з.б 8 ғ сарматтарды тарихи деректерде савроматтар деп атаған бзб 3ғ сарматар кушейіп басқа тайпаларға устемдігін жургізе бастаған .Археологиялық ескерткіштерінің ерекшеліктері.Бесоба қорымы : 1. Абыз әйелдер жерленген оба табылды.2. Екі абыз әйелдің бастары оң. Батысқа қаратылып шалқасынан жатқызылған.3. Қасқыр бейнесі бар уш аяқты қурбандық тақта , алтын сырғалар , қол айна, моншақтар табылды.Сынтас қорымы: 1. Уш савромат жерленген.2. қасқыр мусіні, киік, таутеке бастары бейнеленген суйек қасықтар табылды .Аралтөбе ескерткіші:1. Қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен әйелі қатар жерленген.2. Басын оң. Қаратып шалқасынан жатқызған.Басын оң. Қаратып шалқасынан жатқызған.3. Көсемнің қару жарағы , екі аты комілген.Бәйте, Терең ескерткәштері:1. Ас беру,мінажат жасайтын ғибадатханалар табылды. 2. Отыз қырыққа жуық адам бейнесңне келетін дінгек тастар табылды.Батыс қазақстан савромататрының ескерткіштері:

Обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған.

  1. Қабірлер әр пішінді болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]