Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_na_gosudarstvennyi_ekzamen_po_istorii_ka...docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

16.Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбала ескерткіштері. Антикалық, қытай, ежелгі парсы.

Айталық, осыған қатысты келесі бір дереккөздерінің топтамасы 2005 жылы баспадан шыққан «Антикалық және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы дала: материалдар жинағы» деп аталынады. Жинақта Еуразия далаларындағы халықтар мен олардың көршілері жайлы артында баға жетпес мұра қалдырған көне эллиндік, римдік және византиялық 150-дей авторлардың (тарихшы, географ, этнограф, жазушы, филолог, т.б.) 500-ден астам шығармаларынан үзінділер берілген [15]. Әрбір автордың шағын ғұмырнамасы, шығармасының маңызы көрсетіліп, дереккөздері ішінара талдаудан өткен. Жинаққа енген шығармалардың хронологиялық ауқымы б.з.б. ХІІ ғасыр мен б.з. ХV ғасыры аралығын қамтиды. Мұның өзі ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын батыс дереккөздері арқылы танып білудің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, таным көкжиектерін одан сайын арттыра түседі. Сол себепті де біз осы зерттеу жұмысымызда жазбаша дереккөздеріне терең талдау жүргізбей-ақ, аталмыш еңбекке сілтеме жасаумен ғана шектеліп отырмыз. Әйтсе де кейбір дереккөздерінен алынған мәтіндерге ерекше тоқталып кетуге болады. Мәселен, осы жинақтағы Анахарсис пен Токсарис ерекше қызығушылық туғызады. Қазіргі таңда мамандарға Анахарсис есімі кеңінен мәлім. Бірақ, Анахарсистен де бұрын өмір сүрген, Элладаға одан сәл-пәл ертеректе келген скиф Токсарис (Тоқсары?) жайында тіптен сөз қозғалмайды десе де болады. Оның өмірлік таным-түсінігін, көзқарастар жүйесін зерделеу ілкі замандардағы ілім-білімді, ақыл-ойды, аңыз-әпсаналарды қайта жаңғыртуға, осы рухани дүниелерді толымды түрде пайымдауға жол ашары анық деген ойдамыз.Жалпы алғанда, скиф Тоқсары жайлы мейлінше толымды мәліметтер қалдырған эллин риторы, софист әрі сатирик Лукиан (б.з. 120/125-190 жылдар) болып табылады. Лукиан Самосатта кедей сириялықтың отбасында дүниеге келген, грек тілін меңгеріп, Антиохияда сот шешені болып қызмет істеген. Кіші Азия, Грекия, Македония, Италия, Галлия жерлерін аралаған. Бірқатар шығармалар жазып қалдырған. Бізге Лукианның 82 шығармасының жеткен. Олардың оны мамандардың пікірінше Лукаианның стиліне келе қоймайды. Қалай болғанда да Лукианның бірқатар шығармаларынан көне скифтерге қатысты көптеген этнографиялық мағлұматтар алуға болады. Лукиан шығармаларының көпшілігі тарихи шындыққа жақын келеді. Еңбектері сонысымен де құнды. Біз үшін әсіресе Токсарис жайлы қалдырған жазбалары құнды екендігін айта кеткен абзал. Оның «Диалогтар» атты еңбегінде келтірілген мағлұматтар бойынша: Тоқсары еліне қайтпай, Афинада өлген. Оған афиналықтар жат жерлік дәрігер ретінде құрбандық шалып тұрған. Тіпті оны фракиялық адамдарды емдеу құдайы Асклепия ұрпақтарымен қатар қойған. Анахарсис Афинаға келгенде қарт Токсариспен танысқан. Онымен әңгімелескен. Анахарсис өзіне Токсаристің ұстаз болуын, афиналықтар елі мен жерін көрсетуін сұраған.Самосаттық Лукианның «Токсарис, немесе Достық» атты еңбегі екі өркениет өкілінің, яғни грек Мнесипп пен скиф Токсарис арасындағы сұхбат ретінде өрбітілген. Орыс тіліне бұл еңбекті П.И. Прозоров аударған. Онда басқа грек-рим авторларынан кездесе бермейтін көптеген тарихи-этнологиялық, лингвистикалық, т.б. жайттарды көптеп аңғаруға болады. Екі өркениет өкілі құдайлар, әдет-ғұрыптар, жосын-жоралғылар, т.б. туралы біршама сұхбаттасқаннан кейін достыққа қатысты бір-біріне бес әңгімеден айтып беруге көшеді. Сонда Токсарис скифтердің досы үшін жанын да беруге даяр екендігін нақты көрсететін әңгімелерді баяндап береді. Солардың бірінде скифтердің екі жігіті арасындағы достық баяндалынады, онда тұтқынға түсіп қалған досы үшін жауға құн ретінде жігіттің бірі өзінің көздерін береді [15, с. 322-324]. Дәл осы әңгіме желісі қазақ халқы арасындағы «Екі дос» аңыз-әфсанасында да өрбітіледі. Осы айтылған оқиға ғасырлар қойнауынан жетіп, қазақтар арасында да сақталғандығын жалпыға білім беретін 4-сыныпқа арналған «Ана тілі» атты мектеп оқулығынан нақты көруге болады. Аңызды қайдан тапқандығын, қалайша мектеп оқулығына енгізгендігін болашақта оның авторлары (С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Б. Қабатаева) кеңірек баяндап бере жатар.Салыстыра қарап отырсақ, екі аңыздың да түпкі мәні бір, оқиға желісі ортақ. Скиф аңызын баяндаған Токсарис әңгімесінде оқиға кейіпкерлерінің скиф екендігі, кейіпкерлер есімдері, бір-біріне қарсы тұрған тараптардың скифтер мен савроматтер екендігі нақты көрсетілген. Ол екі достың оқиғадан кейінгі өмірін де азды-кемді сипаттап өтеді. Сөйтіп, Токсарис ертедегі көшпенділер өмірінде досқа деген адалдықты, өмірлік ұстанымды дәлме-дәл жеткізе білген. Шындығына келгенде, скиф үшін досын сатып кету өліммен бірдей болған, скиф қауымы ондай күнә жасаған адамды ешқашан кешірмеген. Былайша айтқанда, досқа деген адалдық скиф өмірінің мәні болған. Қазақ аңызында савромат пен скиф этнонимдері, кейіпкерлер есімдері, т.б. кейбір детальдар ұмытылған. Есесіне қазақ батырлары, сарбаздары басты кейіпкерлер ретінде танылып, ізгі достық идеясы сақталғандығы байқалады.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер Ежелгі жазба ескерткіштері. І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші. Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер. Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері. Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде. Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы». Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде. Сыма Цянның «Тарихи жазбалары»; «Ерте Хань тарихы» Бань Гу; саяхатшылардың жазбалары (Чжань Цянь); «Хань династиясының ескі тарихы», «Хань династиясының жаңа тарихы». Чань Чунь, Елюй Чуцай т.б. саяхатшылардың жазбалары. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы. Ежелгі иран жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік жазба ескерткіштері. Ежелгі түрік ескерткіштерінің спецификасы. Ежелгі түрік ескерткіштерін дешифровкалау тарихы. Кошо-Цайдам стеллалары - Күлтегін (732 ж.), Білге-қаған (735 ж.), Тоныкөктің (716 ж.) атына қойылған ескерткіштер. Орхон тобының ескерткіштері - Селенгі тасы (VIII ғ. ортасы), Терхин стелласы (756 ж.). Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері, Жетісудағы Батыс-түрік қағанатының ескерткіштері. Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректер кешеніндегі ежелгі түрік жазба ескерткіштерінің алатын орны мен атқаратын ролі. Сақтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты мәліметтер. Грек - рим (антик) (Геродот, Страбон, Ксенофонт, Марцеллин, Птоломей. Ахаменидтік т.б.) (ежелгі парсы) сына жазбалар. "Авеста". Парсы деректері бойынша сақ территориялары: Тиграхауда, Хаомаварга, Парадария, Даха. Антикалық дерекетердегі скифтердің этникалық топтары. Герадот скиф халқының шығуы жайлы. Археологиялық ескерткіштер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]