- •2.Ақпаратты қорғау программалық құралдарына түсінік беріңіз
- •3.Компьютерлік желілерде деректердің қауіпсіздігіне қауып-қатерлерді көрсетіңіз.
- •4.Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау тәсілдерін түсіндіріңіз.
- •6.Ақпаратты қорғау криптографиялық принциптері
- •7. Шифрлеу әдістердің түрлері. Шифрлеуші кестелерді қарастырыңыз
- •10. Ақпаратты-есептеуіш желілерде қауіпсіздік қызметтерін жазыңыз.
- •11.Компьютерлік желілерде деректер қауіпсіздігінің негізгі механизмдерін көрсетіңіз
- •12.Бөгеуге тұрақты (коррекциялау) кодтаулардың топтамасын қарастырыңыз.
- •13.Виртуалды желілердің қызметтері
- •17.Ақпараттық-есептеуіш желілерде деректерді қорғау мақсаттары.
- •18.Бөгеуге тұрақты Хэмминг әдісінің этаптары
- •25.Цезарьдіңаффиндікорынауыстырушифрлеушіжүйесі
- •27.Ашық жүйе эталондық модельдің деңгейлері
- •28. Қарапайым алмастырудың шифрі. Цезардің шифрлау жүйесі
- •29.Кездейсоқ сандардың криптографиялық генераторлары
- •30. Криптографиялық хэш-функция
12.Бөгеуге тұрақты (коррекциялау) кодтаулардың топтамасын қарастырыңыз.
Бөгеуге тұрақты кодтау(коррекциялау) – белгілі бір мөлшерде бұрмаланып кодталған бит кезінде бастапқы бұрмаланбаған сигналды алуға мүмкіндік беретін кодтау. Бұл қосымша битті жіберу арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін, яғни бөгеуге тұрақты сигнал бастапқы сигналдан әрқашан ұзын болады.
Бөгеуге тұрақты кодтау белгілі және көп қолданысқа ие болған түрлері – Хэмминг коды, Рид-Соломон коды.
Қателерді түзеу үшін коррекциялаушы кодтар қолданылады.Қазіргі уақытта дейін бір-бірінен негізі, ұзындығы, құрылымының артықтығы(избыточность), функционалды бағыты, энергетикалық эффективтілігі, корреляциялық қасиеттері, кодтау мен декодтауының алгоритімі және жиілік спектрінің формасы бойынша ерекшеленетін көптеген бөгеуге тұрақты кодтар ойлап табылды.
13.Виртуалды желілердің қызметтері
Виртуальды жеке желі (VPN ағылш. Virtual Private Network) — жалпы қолданыста бар желі базасыңда құрылатын корпоративті желі (PSIN, ISDN) және негізгі желіге ұқсас қызмет түрлерін (қоңырауды қайта адрестеу, мәтіңдік пошта) көрсетеді. VPN-нің негізгі ерекшеліктері: мөліметтерді жоғары деңгейде қорғау және қысқартылган нөмір терудің көмегі арқылы оперативті қосылуды қамтамасыз ететін өзіндік нөмірлеу жобасы.
Виртуалды жеке желі (VPN) - бірінші кезекте Интернет секілді желілерді қоғамдық коммуникациялық құрылымдарды алыс қашықтықта (әсіресе жеке географиялық құрылымдарды) байланыстыратын жеке желі. Бұл желілер мәліметті шифрлеу сияқты тунельдік протоколдар және қауіпсіздік шаралары арқылы жеке желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселен, VPN бас кеңселердің бөлімшелерін желіге қосылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ VPN әртекті бірақ бір типті, мысалы IPv6 желісін IPv4 желісі арқылы, байланыстыруы мүмкін.
Жалпы VPN-дердің екі түрі бар: қашықтан басқарылатын VPN және сайт-сайт VPN. Қашықтан басқарылатын VPN жеке қолданушыларға қашықтан басқарылатын желіге қосылуға мүмкіндік береді, мысалы өзінің компаниясының интражелісіне қосылу роумингі. Сайт-сайт VPN бірнеше қолданушының байланысуын қарастырады, мәселен, филиалдардың компания желісіне қосылуы. Виртуалды желілер әрине шығындарды азайтады, себебі қауіпсіздікті күшейте отырып, қолданыстағы құрылымдарды пайдалана отырып, жалға алынатын желілерге деген сұранысты азайтады.
Ереже бойынша, VPN желідегі бөтен тұлғалар арасында жеке мәліметтердің жайылып кетпеуін қадағалау мақсатымен, қашықтан қолданушылардан тіркелу және шифрлеу әдістерін қолдануды талап етіледі.
Виртуалды жеке желілердің көмегімен қолданушылар, файлдар, принтерлер, мәліметтер базасы және желі ішіндегі қауіпсіз веб-сайттар сияқты қашықтан басқарылатын ресурстарды пайдалану сияқты желілердің көптеген фунцияларына қол жеткізе алады. VPN қашықтан қолданушылар орталық желіге нүкте-нүкте сілтеме арқылы тікелей байланысқандығына таңданыстарын жасырмайды.
Виртуалды жеке желі - VPN» жіберілетін деректердің толықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірыңғай корпоративтік желіге аумақтық-қашықтағы нысандардың немесе жергілікті желілердің бірігуі болып табылады.
Бірыңғай корпоративтік желінің артықшылықтары
Тиімді
Деректерді жіберудің тіркелген желілермен салыстырғанда байланыс арнасын ұйымдастырудың төмен құны, желіні тартуға және пайдалануға шығындардың төмен деңгейі. Сымды байланыс желілері үшін шалғай аудандарда орналасқан нысандарды байланыспен қамтамасыз ету.
Қауіпсіз және сенімді
Желідегі ақпаратты қорғау, жоғары деңгейдегі сенімділік және сымсыз байланыс желілердің тұрақты қосылысы.
Ыңғайлы
Бірнеше желіні біріктірудің, желіге жаңа нысандарды қосудың, баптаулардың конфигурацияларын өзгертудің жеңілдігі және жылдамдығы. Қатынау орындарын жаңа орындарға жылдам ауыстыру және байланыс арналарын ұйымдастыруға қосымша шығынсыз.
LTE технологиясы бойынша қатынау жылдамдығы: 100 Мбит/с дейін - downlink және 50 Мб/с дейін - uplink .
14. Дейтаграммдық желі. Деректермен алмасқан кезде протоколдардың екі түрі болады: виртуалдық және дейтаграмдық. Көрсетілген протоколдарға сәйкес виртуалды және дейтаграмды желілер деп бөлу қабылданған. Біріншіден – абоненттер арасында ақпаратты жіберу виртуалды арна бойынша ұйымдастырылады және үш этаптан тұрады: виртуалды арнаны құру немесе орнату, жіберу, виртуалды арнаны жою немесе үзу. Бұдан кейін хабар блоктарға бөлінеді, яғни хабар ретімен жіберіледі. Дейтаграммдық желілерді қарапайым почталық қызметтердің аналогы ретінде қарастыруға болады.
Дейтаграммдық желіде әрбір жіберілетін пакет почталық адрес сияқты иерархиялық құрылысы бар қабылдаушының адресі туралы ақпарат болады. Пакетті қабылдаған сайын коммутатор адрес фрагментін анализдейді және пакетті тиесілі байланыс каналына жібереді. Дәлірек айтқанда, коммутатор соңғы адрестерін немесе олардың фрагменттерін байланыс каналымен байланыстыратын маршрутизация таблицасымен толық болады. Келген ақпаратты санап алғаннан кейін маршрутизация таблицасының индексі ретінде қолданылатын адрестерді бөлу басталады.
Дейтаграммдық желілер виртуалды каналдармен салыстырғанда өздерінің коммутаторындағы сол кездегі байланыстың күйі туралы ақпаратты қолданбайды.
15.Ақпаратты алмасу протоколдарына сай желілердің түрлері Деректермен алмасқан кезде протоколдардың екі түрі болады: виртуалдық және дейтаграмдық. Көрсетілген протоколдарға сәйкес виртуалды және дейтаграмды желілер деп бөлу қабылданған. Біріншіден – абоненттер арасында ақпаратты жіберу виртуалды арна бойынша ұйымдастырылады және үш этаптан тұрады: виртуалды арнаны құру немесе орнату, жіберу, виртуалды арнаны жою немесе үзу. Бұдан кейін хабар блоктарға бөлінеді, яғни хабар ретімен жіберіледі. Ал дейтаграмдық жүйеде хабар блоктары жіберушіден қабылдаушыға тәуелсіз түрде жіберіледі, жалпы жағдайда, әртүрлі маршруттармен және блоктарды жеткізу хабар жіберу ретімен баруы міндетті емес. Көрініп тұрғандай, виртуалды желіде міндетті түрде хабар бірінен кейін бірі кетуі керек, мысалға телефондық байланыс, ал дейтаграмдық жүйеге мысалы почта.
Ашық жүйенің жеті деңгейі бар:
Физикалық деңгей;
Каналдық деңгей;
Желілік деңгей;
Транспорттық деңгей;
Сеанстық деңгей;
Өкілдік деңгей;
Қолданбалы деңгей.
Осы деңгейлерге байланысты қауіпсіздік қызметі әртүрлі болады.
Ақпарат алмасудың ақпаратты есептеуіш желілері қауіпсіздік қызметінің ерекшеліктерін және құрамындағы бірнеше айырмашылықтарын анықтайды. Қазіргі таңда стандарттау халықаралық ұйымының келесідей қауіпсіздік қызметтері анықталған:
Аутентификация
Тұтастықты қамту
Деректерді құпияландыру
Қолжетімділікті басқару
Істен шығудан қорғау
16.Ақпаратты қорғау формалды құралдарының жалпы сипаттамасы.Ақпаратты қорғаудың әдістері үлкен 2 топқа бөлінеді, олар: формальді және формальді емес болып. Формальді деп,адамның көмегінсіз, бұрын орнатып қойған процедуралардың көмегімен өзінің функциясын атқара алатын ақпаратты қорғау түрін айтамыз. Формальді ақпаратты қорғау әдістеріне техникалық және программалық әдістер жатады.
Техникалық ақпаратты қорғау әдістеріне ақпаратты қорғауға арналған барлық құрылғылар жатады.Өз кезегінде техникалық ақпаратты қорғау әдістерін 2-ге бөліп қарастыруға болады, олар: физикалық және аппаратты,
Программалы ақпаратты қорғау әдістері дегеніміз программамен қамтамасыз етуші ИВС ның құрамында функциаланатындарды атаймыз.
Физикалық ақпаратты қорғау әдістері келесі функцияларды атқарады:
Физические средства защиты выполняют следующие основные функции [5]:
аумақты және ғимараттарды қорғайды;
Ішкі бөлмелерді қорғайды;
құрылғыларды қорғайды және оларды күзетеді;
қорғалатын зонада контроль жасайды;
сәулеленуді жою;
Біреу аңдып немесе тыңдап тұрса кедергі жасайды;
өрттен қорғайды;
Бұзушының әрекетін жою.
Аппараты ақпаратты қорғау әдістері келесі топтарға бөлуге болады, қолданылатын аппараттың түріне байланысты:
o Процессорды қорғау әдісі;
o Жадыны қорғау әдісі;
o Терминалды қорғау әдісі;
o Енгізу – шығару құрылғысын қорғау әдісі;
o Байланыс каналдарын қорғау әдісі;
Программалы қорғау әдістері:
Программалы деп ақпаратты қорғау әдісі аталады, себебі заттың программамен қамтамасыз ету құрамын функциялайтын және ақпаратты қорғау механизмін функциялайды.
