Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
металл констр.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

4.2. Көлденең рамаға жүктемелерді жинау

Цехтың көлденең рамасына бірнеше жүктемелер әсер етеді. Олардың біреуі тұрақты, басқалары – уақытша (ұзақ, қысқа уақытты немесе ерекше). Берілген тапсырманың мәліметтеріне сәйкес көлденең рамаға әсер ететін барлық жүктемелерді атап өту қажет. Жүктемелер мағынасы көлденең рама үшін бөлек есептелінуі керек, оларды әсер ету ұзақтығына байланысты әр түрлі этаптарға қатысы жоқ (мысалы, төбежабынның өз салмағы және оның үстінде жатқан қар салмағы) көтергіш конструкцияларды бөлу қажет.

4.2.1. Төбежабынның өз массасының жүктемесі

Тұрақты жүктеме қабылданған конструктивті шешімге және төбежабын түріне байланысты қабылданады. Төбежабын жеңіл және ауыр, жылытылатын және жылытылмайтын болуы мүмкін. Ауыр төбежабындар төсем ретінде өлшемі 1,5х6, 3х6 немесе 1,5х12, 3х12м болатын темірбетон плиталарды қолдану арқылы орындалады.

Жеңіл төбежабындар болат немесе өтпелі (торкөзді) сырғауылда орналастырылады, немесе сырғауылсыз болат немесе болатты-алюминді панельдер қолдануымен. Жеңіл төбежабын төсемі ретінде болатты пішінделген иректі немесе жазық беттер немесе күштірек пішінделген иректі асбестцементті беттер қолданылады [1] 309-312б..

Өз белгілеулеріне сәйкес қоршау конструкциялар жүйесінде жылытылған төбежабындар мыналардан тұрады: сырғауылдар немесе итарқалы фермаларды тірелетін төсемнің көтергіш элементтерінен; жылуоқшаулағыш қабаттың астында орналасқан буоқшаулағыш; жылуоқшаулағыш қабат; жылытқыштың үстінен төселетін тегістеуші цементті-құмды ерітінді қабаты; гидрооқшаулағыш қабат; қорғаныш қабаты.

Курстық жобаны жасаған кезде төбежабындағы жылуоқшаулағыш қабаттың қалыңдығы жылытехникалық есептеусіз 4.1 кестесі бойынша сыртқы ауаның есептік қысқы температурасына байланысты қабылданады. Есептік қысқы температураның мағынасы 5 карта бойынша қабылданады.

4.1 кесте

Жылытқыш қабаттың қалыңдығы (мм)

Жылытқыштардың аталуы және тығыздығы

Сыртқы ауаның есептік қысқы температурасы (С0)

-10

-20

-30

-40

Керамзит Р=5кН/м3

100

200

300

-

Керамзит Р=3кН/м3

80

160

240

300

Перлит Р=2,5кН/м3

40

80

120

160

Пенобетон Р=4,0кН/м3

70

150

220

280

Минераловатты плиталар Р=2кН/м3

40

80

120

150

минопорлар

Р=0,7кН/м3

30

50

80

120

пенопластирол

Р=0,5кН/м3

30

50

80

120

Жабын конструкцияларына, төсем түріне, құрылыс ауданына (қар жүктемесінің өлшемі және басқа факторлар) бағынышты 1м2 төбежабынның меншікті салмағы 4.2 кестесіне қарап алынады.

кН/м2 элементтердің меншікті салмағы.

4.2 кесте

Төбежабын элементтерінің атаулары

Қар төсемінің салмағы (кН/м2)

0,50

0,70

1,00

1,50

2,00

2,50

1

2

3

4

5

6

7

Құрама т/б қабырғалы плиталар 3х6 м

1,60

1,60

1,60

1,70

1,70

1,70

Сондай, өлшемі 3х12 м

2,0

2,0

2,0

2,0

2,0

2,0

Ферма адымы 6м бірыңғай болат сырғауылдар

0,6

0,08

0,1

0,12

0,12

0,16

Ферма адымы 12 м торкөзді болат сырғауылдар

0,11

0,14

0,16

0,19

0,22

0,25

Итарқалы фермалар L=24,0м

0,18

0,20

0,22

0,24

0,26

0,28

Сондай, аралығы L=30,0м

0,22

0,25

0,28

0,30

0,31

0,35

Сондай, аралығы L=36,0 м

0,26

0,30

0,34

0,38

0,42

0,45

Сондай, аралығы L=42.0 м

0,30

0,35

0,40

0,46

0,54

0,58

Болат панельдер 3х12 көтергіш элементтер

0,20

0,25

0,30

0,35

0,40

0,45

Болаталюминді панельдер (3х12)

0,12

0,14

0,16

0,18

0,20

0,22

Ферма адымы 6м ғимарат шатырының байланыстары

0,06

0,06

0,06

0,08

0,08

0,08

12,0м

0,1

0,1

0,1

0,12

0,12

0,12

Малтатасты қорғаныс

0,3

0,3

0,3

0,4

0,4

0,4

h=10мм ұсатылған малтатасты битум мастикасынан қорғаныш қабаты

0,21

0,21

0,21

0,21

0,21

0,21

Гидрооқшаулағыш кілем: 3 қабатты

0,12

0,12

0,12

0,12

0,12

0,12

4 қабатты

0,16

0,16

0,16

0,16

0,16

0,16

Асфальтты стяжка h=20 мм р=18кН/м3

0,36

0,36

0,36

0,36

0,36

0,36

Болат пішінделген төсем, мм t=1.0

0,15

0,16

0,18

0,19

0,20

0,21

T=0.8

0,12

0,12

0,14

0,15

0,16

0,17

T=0.6

0,09

0,09

0,10

0,11

0,12

0,13

Асбестцементті ирек табақтар

0,2

0,4

0,6

0,8

1,0

1,2

АКЭ асбестцементті қаңқадағы плиталар өлшемі 1,5х3,0

0,56

0,58

0,60

0,62

0,64

0,66

Подстропильные фермы

0,05

0,07

0,09

0,12

0,14

0,16

Фонарлар (қаңқа салмағы)

0,08

0,08

0,09

0,1

0,11

0,12

Бортты қабырғаның салмағы және әйнектеу (жалюздер)

2,0

2,0

2,0

2,0

2,0

2,0

Тұрақты жүктеменің көлденең рамаға түсетін жүктеменің есептелуі кестелік формада шығарылады [1] 12.5 (300б.) және 13.1 кестелер (320б.).

Төбежабынның әр қабатына (элементіне) түсетін жүктеменің сенімділік коэффициенті II кестесіне сәйкес қабылданады.

Төбежабынның меншікті салмағынан рама беларқасына түсетін жүктеме мына формула бойынша анықталады:

Мұнда В – көлденең раманың жазық есепті схемасына арналған есепті блок беларқаның жүктік ауданының ені [1] 284-285б..

- байланыс формасының меншікті салмағын қоса алғандағы 1м2 төбежабынға түсетін тұрақты жүктеменің нормативті мәне, 4.1., 4.2 кестесі бойынша;

ni – жүктеме бойынша сенімділік коэффициенті, металл конструкцияның меншікті массасына – ni=1.05;

асбестцементті иректі беттер, төбежабынның темірбетон плиталары n1=1.1; малтатасты қорғаныш, қорғаныш қабаттары, асфальтты стяжка, жылытқыштар - n1=1.2.

Тұрақты жүктемеден алынған мәндер (4.1.формуласы бойынша) сонымен бірге арнайы бланктің сәйкес жолында ЭЕМ-де есептеу үшін қолданылады, қосымшаны қараңыз.