- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
- •Жобалаудың мақсаты мен міндеттері.
- •1.1. Курстық жұмысының мазмұны
- •1.2. Курстық жұмысының жоспары
- •2. Жобалау көлемінің қысқаша түсініктемесі
- •3. Курстық жұмысының және есепті түсініктеменің орындалу әдістемесі
- •3.1. Өндірістік ғимараттың болат қаңқасын құрастыру
- •3.1.1. Ғимарат көлденең рамасының конструктивті схемасын құрастыру (компоновкалау)
- •3.2. Байланыс жүйесін құрастыру
- •3.3. Графикалық бөлімнің орындалуы
- •4. Мк кезеңінің жұмысшы жобасы
- •4.1. Көлденең раманың статикалық есебі.
- •4.1.1. Есептік схеманы таңдау
- •4.2. Көлденең рамаға жүктемелерді жинау
- •4.2.1. Төбежабынның өз массасының жүктемесі
- •4.2.2. Қар жүктемесі
- •4.2.3. Жел жүктемесі
- •4.2.4. Крандық жүктеме
- •4.3. Көлденең раманың статикалық есебінің ерекшеліктері
- •4.3.1. Рама элементтеріндегі есептік күштерді анықтау
- •4.4. Колонна есебі және конструкциялау
- •4.4.1. Қималар компоновкасы
- •4.5. Итарқалы ферманың есебі және конструкциялануы.
- •4.6. Кранасты арқалығын жобалау
- •5. Мк и мкб жобаларын орындау
- •6. Әдебиет
- •1. Жобалаудың мақсаты мен міндеттері
4.2.4. Крандық жүктеме
Бұл жүктеме кез келген жұмыс режиміндегі екі жақындатылған кран арқылы анықталады. Вертикальды крандық жүктеме кранасты арқалығына кран дөңгелектерінен Рмакс (кран арбасы жақындатылған жақта) және Рмин (қарама-қарсы жақта) алдын ала дайындалған күштер түрінде беріледі (11-сурет) ([12]186б.6.7-кесте (3,4)).
а б
11-сурет. Крандық моменттер (а-арба сол жақтан; б-арба оң жақтан)
Рмакс көпір крандарына арналған ГОСТ-та (10) және 1 қосымшада көрсетіледі, ал Рмин (4.6) формуласы бойынша анықталады:
Рмин=(Gкр+Gт+Q)/n0 - Рмакс (4.6)
Мұнда, n0 – бір жағындағы кран көпірінің дөңгелегінің саны;
Gкр – кран массасы (арбасыз);
Gт – арба массасы.
Арба жақындатылған колоннаға вертикальды қысым Дмакс және қарама-қарсы колоннаға Дмин колоннаға ыңғайсыз орналастырылған екі жақындатылған крандар арқылы анықталады (12-сурет) ([1]288б.12.6-сурет).
12-сурет. Көпірлік краннан рамаға түсетін жуктемені анықтауға.
Дмакс(мин) есептік мәні мына формула бойынша анықталады:
(4.7)
Мұнда, nc – крандық жүктемелердің сәйкестік коэффициенті, крандар санына және жұмыс істеу режиміне байланысты қабылданады (1,4), вертикальды және горизонтальды жүктемелер тек қана бір краннан болғанда nc=1.0, вертикальды және горизонтальды жүктемелер жеңіл және орташа жұмыс режиміндегі екі краннан болса nc=0.85.
n=1.1 – жүктемеге сенімділік коэффициенті;
-
орташа тіректегі қосылған кранасты
арқалығының Д реакциясының әсер сызығының
ординаталар суммасы (12-суретін қараңыз);
Gn.б. - кранасты конструкцияның меншікті массасы. Ориентировочно, кранасты арқалығының аралығына байланысты (6...30м) 1м кранасты конструкциясының салмағы кран жүк көтергіштігі 5…, 15…, 20….50; және 50-ден көп болғанда сәйкесінше 2-6; 6-12 кН/м болып қабылдануы мүмкін.
В2 және К өлшемдері 1 қосымшада [1] 530б. келтірілген.
Дмакс және Дмин қысымдары екр эксцентриицитетімен колоннаның кранасты бөліктері қиылысының ауырлық центріне қатысты анықталады (12-сурет).
hН биіктігінде колоннаға
Ммакс(мин)=Дмакс(мин)*екр (4.8)
тең иілетін момент беріледі.
Есепте көлденең раманың М кран моментімен және Д вертикальды қысымымен жүктелуінің 2 схемасы көрсетіледі (12-сурет).
Вертикальды қысымнан басқа көлденең рамаға нормативті мәні формула бойынша анықталатын кран арбасының көлденең (цехке қатысты) тежелуінің горизонтальды күші әсер етеді:
(4.9.)
Мұндағы, f - арбаның тежелуі кезіндегі үйкеліс коэффициенті, 0,1-ге тең жүктің иілгіш ілмесі кезінде;
n01/n1 – тежегіш дөңгелектер санының арбаның жалпы дөңгелектер санына қатынасы, әдетте n01/n1 =0,5.
Көлденең тежелу күші ғимарат қаңқасына бір жағымен (сол немесе оң) кран көпірі дөңгелектерімен беріледі және ғимараттың іш жағына немесе сырт жағына бағытталуы мүмкін.
Осыны есептей отырып, бір дөңгелектің кранасты арқалығына горизонтальды қысымы мынаған тең:
Тк=ТnonН/n0 (4.10)
Мұнда, n0 – кранның бір жағындағы дөңгелектер саны.
Рамаға сол немесе оң колоннаға екі жақындатылған краннан берілетін тежеуші күштің есептік мәні мынаған тең:
(4.11)
Мұнда,
-
(4.7) формуласындағы өлшемдер.
Тмакс күші колоннаға кранасты арқалығының жоғарғы белдеу деңгейінде қойылады.
Есепте көлденең раманың Тмакс күшімен жүктелудің екі схемасы ескеріледі, (4 и 4* схемалары, 13-сурет) ([12]187б.6.7-кесте (5,6)). Тмакс күшінің бағыты цехтың ішіне немесе сыртына екені ± белгілерінің (4.6 кестесін қараңыз) есебі нәтижесінен простановкамен ескеріледі.
а б
13-сурет. Крандардың көлденең тежелуі (а-күш сол бағанада; б-күш оң бағанада).
Осылайша, көлденең раманың тұрақты және уақытша жүктемелермен жүктелудің 8 схемасы бар (14-сурет) ([12]186б.6.7-кесте (1,2)).
а б
14-сурет. а-беларқадағы тұрақты жүктеме; б-беларқадағы уақытша (қар) жүктемесі.
