Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бақылау-өлшегіш 2014 каз-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
379 Кб
Скачать
☆

Аспирациялық биопсия

Қадам№

Қадамдарды бағалау критерийлері

Бағалау балл жүйесінде

Әйелді гинекологиялық креслоға шығуын өтінеді. Алдын алы таза біррет қолданылатын жөргек төсеп алады.Ережеге сәйкес қолды жуғаннан кейін, екі қолға стерильді резина қолғап киеді.

Жатыр мойнын айнамен қарауға кіріседі. Ол үшін үлкен жыныс еріндерін сол қолдың саусақтарымен ашады,ал оң қолмен бүйірімен қасықтәрізді айнаны кіргізеді.Айнаны толық кіргізгеннен кейін бұрады және дұрыс қалыпқа орналастырады. Содан соң ережеге сай көтергішті енгізеді, жатыр мойнын жалаңаштайды.

Жатыр мойнынның алдыңғы ернеуін оқтық қысқыш алады. Цервикальді өзекті кеңейтпей жатыр зонд енгізіп, жатыр қуысының ұзындығын өлшейді.

Жатыр қуысына Браун шприцінің ұшын жатырдың түбіне дейін енгізіп, ішіндегі сұйықтықты сорады. Аспиратты затты әйнекке жұқалап жағады.

Содан соң оқтық қысқыш қасықтәрізді айнаны ақырындап шығарады, оны дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салады.

Қолғаптарды шешеді және утилизацияға арналған арнайы контейнерге салады. Қолды сабындап жуып, орамалмен сүртеді.

20,0

20,0

20,0

20,0

20,0

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

Этап бойынша жоғарғы балл 100 балл

Тақырып №7: Эндометрияның обыралды ауруларының заманауи емдеу әдістері

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. эндометридің патологиясының клиникалық зерттеу әдістері беріңіз.

  2. гистероскопияға анықтама беріңіз,эндометридің рак алды ауруларының диагностикасындағы маңызы.

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған ситуациялық есептер:

Есеп №1

47 жасар С., деген әйел жедел гинекология бөліміне көп көлемді 15 күн бойы жалғасып жатқан жатырлық қанкетумен түсті.

Ауру анамнезі: соңғы 2 жыл көлемінде етеккірі ұзақ тқрақсыз көп мөлшерде 3-6 ай сайын кешігетін болған. 1 жыл бұрын көп қан кетуге байланысты стационарда жатыр қуысын қыру жұргізілген. Гистологиялық қорытынды- безді-кистозыды эндометрий гиперплазиясы. Емделмеген.

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 13 жастан , бірден тұрақталған, 3-4 күне өтеді, 28 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Жүктілігі-6, босану-2. Медаборт -4.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойны таза, қанды бөлінділер

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері қалыпты, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Жатыр қуысының фракционды қыру жүргізілді

Гистологиялық қорытынды – эндометридің атипиялық гиперплазиясы

Тапсырма:

    1. Дүрыс диагноз қойыңыз

    2. Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

    3. Емдеу тактикасын таңдаңыз.

Есеп №2

53 жасар С., деген әйел жедел гинекология бөліміне жатырлық қанкетумен түсті

Ауру анамнезі: 2 куннен бері ауру санайды, қанды бөліністер 2 жыл менопаузадан кейін басталған

Өмір анамнезі;соматикалық дені сау, Етеккірі 14 жастан , бірден тұрақталған, 5 күне өтеді, 28 күн сайын қайталанады, ауыру сезімсіз. Соңғы етеккірі 2 жылбұрын уақытында болған.Жыныстық өмірі 20 жастан, тұрмыста. Жүктілігі-1, босану-1. Медаборт -0. 35 жасында жатыр миомасы анықталған (6-7 апталық), 2жылдай диспансерлік есепте тқрған, кейін дәрігерге қаралмаған.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ.

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойны таза, қанды бөлінділер.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері 6-7 апталық жүктілікке сәйкес, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Тапсырма:

1) Дүрыс диагноз қойыңыз

  1. Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

  2. Емдеу тактикасын таңдаңыз.

Есеп №3

32 жасар Н., деген әйел жедел гинекология бөліміне жолдамамаен келіп түсті. Түскендегі шағымдары: ішінің төменгі жағында және бел аймағындағы тұрақты сыздайтын ауру сезімі, етеккір алдында 4-5 күн бұрын емшек бездерінің қатаюы, көп мөлшерде және ұзақ етеккір, бас айналу, іш қату.

Ауру анамнезі: өзін 1 ыл көлемінде ауру сезінеді, жергілікті гинеколгоқа қарал,анда көлемі 6-7 апталық жүктілік мерзіміне сай жатыр миомасы анықталған, ем қабылдамаған.

Өмір анамнезі:анасының екінші баласы, мерзімі жетіп туылған. 1 жыл бұрын науқаста инфекцилық ринит, квинке ісінуі болған. Етеккірі 12 жастан , бірден тұрақталған, 5-6 күне өтеді, 28 күн сайын қайталанады, ауыру сезімді. 31 жасынан етеккір бұзылысы гиперполименоррея типті. Жыныстық өмірі 27 жастан. 5 жыл бойы сақтанбаған және жүкті болмаған.

Объективтік тексеру: Ішкі мүшелер жағынан паталогиялар жоқ. Бойы 165 см, салмағы

64 кг

Гинекологиялық статусы:

Қарауы: сыртқы жыныс мүшелерінің дамуы дұрыс. Түктену әйел типті.

АҚ: жатыр мойны таза, шырышты бөлінділер.

PV; жатыр мойны цилиндрлі пішінді, тығыз, сыртқы ернеу нүктелі,жабық. Жатырдың орналасуы дұрыс, мөлшері 7-8 апталық жүктілікке сәйкес, тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылары екі жағынанда анықталмайды, аймағы ауыру сезімсіз. Қынаптың күмбездері терең, ауыру сезімсіз.

Тапсырма:

  1. Дүрыс диагноз қойыңыз

  2. Дифференциалды диагностика жүгізіңіз

  3. Емдеу тактикасын таңдаңыз.

№1 Есептің жауабы

Негізгі симптомдары:

  • Көп мөлшерде жыныс жолдарынан қанды бөлінулер;

  • Етеккір 3-6 айға кешігіп, артынан қан ағу.

Қосымша зерттеу әдістері:

  • ЖҚА;

эритроциттер-3,2 х1012/л;

гемоглобин-100г/л;

лейкоциттер-8,2 х109/л;

ЭТЖ-13мм/сағ.

  • ЖЗА;

Мөлшері-100,0мл;

Түсі ашық сары;

меншікті салмағы -1016;

белок-авс;

лейкоциттер: көру аймағында 0-1;

  • Коагулограмма.

Протромбинді индекс-86%

А фибриногені-3,0г/л;

В фибриногені- теріс;

Этанолды тест-теріс;

Қанның ұю уақыты- 5 мин.

Зерттеу әдістерінің интерпретациясы:

  • ЖҚА- эритроциттердің, гемоглобиннің төмендеуі;

  • Коагулограмма-қалыпты;

  • ЖЗА –патология жоқ.

Салыстырмалы диагностикасы;

  • Жатыр миомасы;

  • Эндометрия рагы.

Қортынды диагнозы; Климактериялық кезеңде дисфункционалды жатырдан қан ағу. Эндометрияның рак алдысы.

Емі: Оперативті, жатырды қосалқыларымен экстерпация жасау.

№2 Есептің жауабы

Негізгі симптомдары:

  • Жыныс жолдарынан қанды бөліністер;

  • 2 жыл менопауза.

Қосымша зерттеу әдістері:

  • ҚЖА:

эритроциттер-3,6 х1012/л;

Нв-115г/л;

лейкоциттер-6,0 х109/л;

ЭТЖ-12мм/с.

  • Цервикалды канал мен жатыр қуысын жекедиагностикалқ қыру:Жатыр қуысы кедір бұдыр, қырынды орташа. Цервикалды канал ерекшеліксіз, қырынды аз мөлшерде.

  • Қырындыны гисталогиялық зерттеу:Атипиялық эндометрияның гиперплазиясы

Зерттеу әдістерінің интерпретациясы:

  • ЖҚА- патология жоқ;

  • Қырындының гистологиялық нәтижесі- атипиялық

гиперплазия (эндометрияның рак алды);

  • Цервикалды канал мен жатыр қуысын жеке

қыру нәтижесі- жатыр қуысы кедр-бұдр, қырынды орташа.

Салыстырмалы диагностикасы;

- эндометрияның рагы;

- қан ауруы (тромбоцитопения).

Қортынды диагнозы; Жатыр миомасы.Эндометрияның рак алды.

Емдеу: Оперативті –жатырдың қосалқылары мен экстерпациясы.

№3 Есептің жауабы

Негізгі симптомдары:

  • Іштің төменгі жағының ауру сезімі;

  • Сүт бездерінің қатаюы;

  • гиперполименорея;

  • біріншілік бедеулік.

Қосымша зерттеу әдістері:

  • жалпы қан анализі;

эритроциттер-3,1 х1012/л;

Нв-110г/л;

Нт-34%

лейкоциттер-7,2х109/л;

тромбоциттер – 270х109/л;

ЭТЖ-3мм\сағ;

  • кіші жамбас мүшелерінің УДЗ;

Жатыр өлшемдері 8,2-5,2-6,0 см ,миометрияның арасында екі түйін анықталады. Эндометрияның қалыңдығы 0,7см. Жатыр қуысында жоғары эхогенді құрылым анықталады, құрылысы біртекті, өлшемі 1,5 см, көптеген нүктелі эхогенативті қуыстар. Аналық бездер: Оң 2,1-1,6-1,8 см, сол 3,7-2,2-2,9 см. Қорытындысы: жатыр миомасы, эндометрияның гиперплазиялық үрдісі

  • жатыр қуысын диагностикалық қыру және оның қырындысын гистологиялық зерттеу: Жатырды диагностикалық қыру : жатыр қабырғалары тегіс.Қырындыны гисталогиялық зерттеу: безді полип

Зерттеу әдістерінің интерпретациясы:

  • қан анализінде- орташа анемия;

  • кіші жамбас мүшелерінің УДЗ- жатыр миомасы

және эндометрияның гиперпластикалық процесі;

  • қырындының гистологиялық қортындысы –

безді полип.

Салыстырмалы диагностикасы;

- жатыр денесінің эндометриозы;

-эндометрия рагы.

Қортынды диагнозы:Жатыр миомасы. Етеккіралды синдромы. Біріншілік бедеулік. Эндометрийдің гиперпластикалық процессі.

ЕМІ: Гестагендермен гормоналдық терапия

Тақырып №7: Эндометрияның обыралды ауруларының заманауи емдеу әдістері

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тестілер:

1. Эндометрий гиперплазиясы мен рагының болуын дәлелдей алмайды:

  1. жатыр қуысынана алынған аспират бойынша

  2. гистеросальпингография бойынша

  3. гистероскоп арқылы

  4. жатыр қуысын бөлек диагностикалық қыру арқылы

  5. лапароскоп арқылы

  1. Эндометрий ракалды процесінің емінде көрсетілмеген, егер:

  1. Эндометрий рак алды ауруының заталмасудың бұзылыстары бар эндокриндік аурулрмен қатар келген жағдайда

  2. жатыр миомасы мен атипиялық гиперплазия болған жағдайда

  3. гомондық терапияның әсерсіздігі

  4. менопауза кезіндегі эндометридің атипиялық гиперплазиясы

  5. эндометридің безді полипі

  1. Атипиялық эндометрий емінде қолданылмайды:

  1. КОК-тар

  2. дифереллин

  3. золадекс

  4. доназол

  5. депо-провера

  1. 50 жасар науқастың эндометриден алынған қырындысын гистологиялық тексергенде анықталды: эндометридің атипиялық гиперплазиясы. Осы патология кезінде төменде аталған препараттардың қайсысы гормонды терапия мақсатында қоладынлады?

  1. синтетикалық прогестиндер

  2. эстрогендер

  3. КОК-тар

  4. гестагендер

  5. агонистер ГнРГ

  1. Оперативті емге көрсетілмеген (гистерэктомияға):

  1. Репродуктивті жастағы безді-кистозды эндромтерий гиперплазиясы

  2. Менопаузадағы қайталамалы эндромтерий гиперплазиясы

  3. Метаболикалық бұзылыстары бар әйелдердегі қайталамалы эндромтерий гиперплазиясы

  4. Эндометрий гиперплазиясының жатыр миомасымен қосарлануы

  5. Эндометрий гиперплазиясының аденомиозбен қосарлануы

  1. Перименопаузадағы эндометрийдің гиперпластикалық процессі кезінде альтернативті гистерэктомия немен сипатталады?

  1. химиотерапия

  2. сәулелі терапия

  3. эндометрий абляциясы

  4. криотерапия

  5. жатырға йод енгізу

  1. Эндометрий рак алды ауруында ең эффективті препарат:

  1. синтетикалық прогестин

  2. эстроген

  3. кортикостероид

  4. гестаген

  5. андроген

  1. Эндометрий рак алды ауруында хирургиялық емге көрсеткіш болып табылмайды:

  1. Эндометрий рак алды ауруының заталмасулық және эндокриндік аурулармен қосарлануы

  2. атипиялық гиперплазиясының жатыр миомасымен қосарлануы

  3. гомондық терапияның әсерсіздігі

  4. менопауза кезіндегі эндометридің атипиялық гиперплазиясы

  5. менопауза кезіндегі эндометридің атрофиясы

  1. Антигонадотропиндер тобының препараты:

  1. даназол

  2. норколут

  3. 17-ОПК

  4. залодекс

  5. диферелин

  1. Гонадотропин-рилизинг-гормонының агонистер тобына жататын препарат:

  1. даназол

  2. норколут

  3. 17-ОПК

  4. залодекс

  5. диферелин

Жауаптар:

1-Д 6-В

2-Д 7-Г

3-А 8-Д

4-Д 9-А

5-А 10-Д

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. эндометрий рак алды процесстерінің қандай емдеу әдістерін білесіз?

  2. эндометрий рак алды процесстерінің емі неге байланысты?

  3. Емдей принципә неге негізделеді?

  4. Репродуктивті жастағы қайталамалы эндромтерий гиперплазиясының емі.

  5. Пре- және перименопаузадағы қайталамалы эндромтерий гиперплазиясының емі

  6. постменопаузадағы қайталамалы эндромтерий гиперплазиясының емі?

  7. қайталамалы эндрометерий гиперплазиясының емінде қолданылатын гормондық преператтар

  8. гестагендер. Фармакодинамикасы. Препараттыры. Қабылдау режимі. Жасқа байланысты емнің ұзақтығы?

  9. Гн-РГ агонистері, Фармакодинамикасы. Препараттыры. Қабылдау режимі. Жасқа байланысты емнің ұзақтығы

  10. Антигонадотропины. Фармакодинамикасы. Препараттыры. Қабылдау режимі. Жасқа байланысты емнің ұзақтығы

  11. Эндометрий рак алды процессі кезңнде оперативтік емге көрсеткіш

  12. Оперативті емнің жаңа заманғы хирургиялық әдісі?

  13. Гистерорезектоскопияның қандай артықшылықтары бар?

  14. Гистерорезектоскопия кезіндегі эндомтерий абляциясы дегеніміз не?

  15. Эндомтерий абляциясына көрсеткіштер. Жүргізу техникасы.

Игерілген білім деңгейін тексеруге арналған ситуациялық есептер:

Есеп №1

Р., есімді еауқас 50 жаста, амбулаторлық емге әйклдер консультациясына келді. Анамнезінде өанкетуге байланысты 4 рет жатыр қуысын қыруболған, соңғысы – 1 ай бұрын. Эндометриден алынған барлық қырындылардың гистологиялық қорытындылары – эндометридің безді-кистозды гиперплазиясы. Алдындағы болған жатыр қуысын қырғаннан кейін науқыас дәрігерге қаралмаған. Стационарда оперативті ем ұсынылды, бірақ науқас бас тартты. Соматикалық дені сау.

Дұрыс диагноз қойыңыз

Келесі тактиканы таңдаңыз

Есеп №2

45 жасар науқас жедел гинекология бөліміне көп көлемді 8 күн бойы жалғасып жатқан жатырлық қанкетумен түсті. Қанкету етеккірдің келетін күні басталған. Объесктивті: терісіжәне шырышты қабаттары бозғылт. Пульс 88 уд.в мин. АД 100/60 мм рт. Ст. Гинекологиялық тексеру кезінде жатыр кқлемі 8 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес екендігі анықталды, жатыр қосалқылары анталмайды. Диагноз қйылды: жатыр миомасы, менорагия. Жатыр қуысын қыру жұргізілді, көп мөлшерде қырынды алынды жіне субмукозды тұйін анықталды. Жатыр қуысы қырындысының гистологиялық қорытындысы – эндометридіңатипиялық гиперплазиясы.

Дұрыс диагноз қойыңыз

Емдеу тактикаңыз

№1 есептің жауабы:

1. Диагноз: эндометридің қайталамалы безді-кистозды гиперплазиясы

2. Гистерорезектоскопияның көмегімен эндометрий абляциясын жасау

№2 есептің жауабы:

1. Диагноз: жатыр миомасы, субмукозды формасы. Эндометридің ракалды ауруы

2. Жатыр қосалқылырынсыз жатыр экстирпациясын жасау.

Тақырып №8: Жатыр денесі обырының алдын алу әдістері

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған ситуациялық есептер:

Есеп №1

Р., есімді науқас 53 жаста жедел гинекология бөліміне көп көлемді 2 жыл менопаузадан кейін басталған жатырлық қанкетумен түсті. Анамнезінде - етеккірі 11 жастан, тқрақты болған ,45 жасқа дейін жалғасқан. 45 жастан бастап етеккір циклы бұзылған. 1,5-2 ай етеккір жоғалып, қанкетемен жалғасқан. Нәтижесінде 3 рет жатыр қуысын қыру жүргізілген. Эндометриден алынған барлық қырындылардың гистологиялық қорытындылары – эндометридің безді-кистозды гиперплазиясы,

соңғысы – 2 жыл бұрын. Тұрмыста 28 жастан. Жүктілік болмаған. Объесктивті: бойы – 155 см, салмағы 82 кг. терісіжәне шырышты қабаттары бозғылт. Пульс 88 уд.в мин. АД 160/100 мм рт. Ст. Гинекологиялық статус: жатыр мойны таза, жатыр көлемі үлкейген, жатыр қосалқылары анықталмайды.

Дұрыс диагноз қойыңыз

Жүргізу тактикаңыз

Есеп №2

УЗИ-де белгілі болғандай эндометрий полипіне байланысты жатыр қуысын және эндоцервиксті қыру жүргізілді. Полип алынды және көп мөлшерде қырынды алынды. Эндомтерий қырындысының гистологиялық қорытындысы – эндометридің безді полипі. Әйел 40 жаста. Шағымдары жоқ, соматикалық дені сау. Етеккір циклы бұзылмаған. Гинекологиялық статусы жағынан ешқандай ауытқулар жоқ.

Дұрыс диагноз қойыңыз

Емдеу тактикаңыз

№1 есептің жауабы:

  1. Диагноз: қайталамалы безді-кистозды эндометрий гиперплазиясы. Эндометрий рагына кұдіктену?

  2. Жатыр қуысына диагностикалық қыру жүргізу, гистологиялық тексерумен бірге.

№2 есептің жауабы

  1. Диагноз: эндометрийдің безді полипі.

  2. Гомонды терапия тағайындау – етеккір циыклының 2 фазасында дюфастон по

1 татх2 рет 6ай көлемінде ішу

Сұрақтар:

      1. Қандай етеккірлі-менструалды бұзылыстар эндометрияның обырына алып келеді?

      2. Эндометрий обырына алып келетін қауіп-қатер тобына қандай әйелдер кіреді?

      3. Эндометрияның обырына алып келетін қандай гинекологиялық ауруларды білесіз?

      4. Аналық бездің қандай ісіктері менопаузалды кезеңде эндометрий обырына алып келеді?

      5. Эндометрийдің обыралды үрдістері қандай жиілікте обырға айналады?

      6. Қандай экстрагениталды аурулардың қосындысы жиі эндометрий обырына алып келеді?

      7. Эндометрий обырының біріншілік профилактика әдістерін атаңыз

      8. Эндометрий обырының екіншілік профилактика әдістерін атаңыз